Идеялық үйлестіру. Қазақтың қол өнерінің алуан түрлілігіне куәміз

Қазақтың қол өнерінің алуан түрлілігіне куәміз. Ата-бабаларымыз қол өнерінің қандай түрлерімен айналысса да, алдарына белгілі бір мақсат немесе тәрбиелік мәніне аса көңіл бөлген. Сол себепті , біздер, жастар өзіміздің өнер жолымызда ұлттық идеологиямызды паш ететін тақырыптарға көңіл қойуымыз қажет. Ата-бабамыздан келе жатырған кәсіпті, өнерді жалғастыра отырып, ұлттық нақыш,ой-өрісті кеңейте көрсетіп келер ұрпаққа жалғастыру – басты мақсат.

Мен «Ағашты көркемдеп өңдеу» мамандығында оқу барысында ағашты өңдеудің, ағаштан алуан түрлі көркем бұйымдар жасау технологияларын игеріп үйрендім.Осы кәсіптердің ішінде ерекше көңілім ауғаны – ағашты бедерлеп ою әдісі. Сол себепті дипломдық жұмысымды осы әдісті пайдалана отырып, жүзеге асыруды мақсат еттім.

Тақырыпты таңдау барысында, ұзақ іздендім.

Технологиялық құрастыру бөлімі

Ағаш өңдеу өнері

Ағаш өңдеу — Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден откізіп кәдеге жарату жолдары.

Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады.

Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады.

Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.

Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған.

Ағаш өңдеу жабдықтары

Ағаш өңдеу жабдықтары — ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған аспаптар. Оған: қоласпаптар — балта, ара, сүргі, қашау, бұрғы т.б.; қосалқы қоласпаптары — ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егу т.б.; механикаландыр ылғанаспаптар — электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электр фреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т.б.; механикаландырылған қосалқыаспаптар — электр және пневматикалық бұрауыш; өлшеу-белгілеуаспаптары — метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т.б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеу комбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелек ағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаш тілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; сызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т.б. қолданылады.

Ою – бұл ағашты көркемдеп өңдеудің бір түрі. Ою техникасын орындау орындаушыдан аса ұқыптылықты, кеңістік ойлауды, аспапты еркін меңгеруді және жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағаш оюдың көптеген түрлері бар. Оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: жазықтық-қуыстап ою немесе тереңдете ою, жазықтық-бедерлі, бедерлі, айшықты ою, мүсіндік немесе көлемдік ою және үй оюлары.

Қазақ халқының жазықтық, көлемді, өтпелі және әшекейлермен толықтырылатын ағаш оюлары бірегей және қайталанбас. Киіз үйдің есіктері, қаңқасының жоғарғы цилиндрлік бөлігі, уықтардың төменгі жағы, шаңырағы, сондай-ақ сандықтар, керуеттер, ыдыс-аяқ сақтауға арналған құрастырмалы кебежелер, саз аспаптары ағаш оюлармен әшекейленді. Ағаш ою - –ұл ағаш бұйымдарда орындалған бейне, сурет немесе өрнек. Ағаш ою монументті – әсемдік өнер түрлерінің бірі болып табылады және қоғамдық ғимараттар мен сәулет өнері құрылыстары интерьерлерін өңдеу мен әшекейлеу үшін қолданылады. Оюды әсемдік қолданбалы өнер бұйымдары: жиһазды, саз аспаптарды, әшекейлеу үшін де пайдаланады.

Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданады. Қандай да бір түрді таңдау әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты. Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланады. Жөке ағашы оңай және таза кесіледі. Қаттылығының төмендегінен жөкені жиһаз дайындауда пайдаланбайды, сондықтан оны қолдану тұрмыстық ұсақ бұйымдармен шектеледі.

Қандағаш та оңай кесіледі, формасын көп өзгертпейді, өңдеуге оңай көнеді және қызыл ағашқа ұқсас болады. Осының бәрі оны жұмыстардың барлық түрлері үшін жарамды етеді.

Ою үшін тамаша материал – қайың ағашы. Ол жөке мен қандағашқа қарағанда қаттырақ, кесілуі қиындау, бірақ ою сапасы жақсырақ болады. Қайың ағашы жақсы боялады және өңделеді Оның кемшіліктері – ылғалдылықты тез сіңіруі мен беруі, яғни тез кеуіп қалады, сондай-ақ шытынауға, формасын өзгертуге бейімділігі. Бұл оны көлемі үлкен бұйымдарда қолдануға мүмкіндік бермейді. Ұсақ бұйымдарды – ыдыс-аяқ, кәдесыйларды ою үшін көктерек пен терек ағашын пайдаланады.

Еменді көлемі ірі әсемдік ою жұмыстарына және оюлармен әшекейленетін жиһаз жасауда қолданады. Емен ағашы өте қаттылығы мен айырылуға бейімділігіне байланысты өте айшықты және әсем болып шығады.

Оюмен әшекейленетін ұсақ бұйымдар үшін ағаштың сирек тұқымдары: алма, шие ағашы және т.б. пайдаланылады. Ою үшін қылқан жапырақты тұқымдастардан қарағай, шырша, самырсынды қолданады. Қарағайдан ежелден қаптамалар, қақпалар, ернеулерге арналған әшекейлерді ойды.

Бұл ою ірі етіп жасалады, сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың қабаттарының тығыздығының әркелкілігі жұмысқа қиындық келтірмейді.

Шырша қараға йдан гөрі оңайырақ кесіледі, бірақ оның бұтақтары көп және өте қатты, сондықтан оны ою үшін сирек қолданады. Ою үшін сапасы жоғары ағашты қолдану қажет.

Ағаш ою құралдары және ою ережелері

Ал ендеше ағаштан жасалатын бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек - ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрғын үйін, ат - әбзелдерін, қол өнер бұйымдарын ою - өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған. Мысалы, сақтар кезінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншілермен сақтар ер - тұрман әбзелдерін көркемденген, ағаш бұйымдарын безендірген. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Өрнекті орындау сапасы пышақпен қашаудың өткірлігіне тікелей байланысты. Екінші тәсілі - өрнекті жұқалау тіліп салу. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып аламыз. Бұл тәсілдің ерекшелігі, өрнекті жұқалай тіліп, салу әдісі алынады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды. Өрнек – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеуге мынандай шаралар арқылы жүзеге асырылады.

- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

- бұйымның барлық бөліктеріне өрнектерді жоспарлау;

- өрнектерді кесу;

- бұйымдарды бояу, оған әр беру;

- боялған бұйымды лактау;

Ағаш ою құралдары және ою ережелері.

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар – қашау мен үшкір пышақ. Ең көп қолданылатын қашау түрлері 29 - суретте: үшкір пышақ (1), тік жүзді (2) және ойық жүзді (3) қашау құралдары және олардың ойған пышақ пен қашау іздері көрсетілген. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар.

Қарағай - ағаштардың ішіндегі ең "шешені, сөйлегіші" қарағай саналады. Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады. Шеберлер сан жылдаған тәжірбиенің нәтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып таба білген. Әдетте, халық шеберлері домбыра жасау үшін таудың теріскей беткейіне (қапталына) өскен қарағай дінінің солтүстік қараған жағындағы жартысын пайдаланады. Өйткені ағаш дінінің солтүстік бағыттағы жартысында шайыры аз, бұтақ өспейді, жылдық сақиналары жиі орналасады, сондықтан оның дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.

Үйеңкі - қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеуге де болады. Үйеңкі - музыка аспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш.

Емен - өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.

Қайың - сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемділігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады.

Терек - сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Теркеті зімпарамен өңдессе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.

Тал - иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Кебе келе қатайып кетеді, кепкен тал өте жеңіл болады, Домбыра құрап жасағанда талды домбыраның иін болып келетін жерлеріне қолданады. Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасауға жеміс ағаштары да пайдаланылады. Олар: алма, алмұрт, шие, жиде, алхоры, долана, өрік, т.б. Барлық жеміс ағаштарына тән қасиет: олар қатты, тығыз, жылтыр болып келеді.

Наши рекомендации