Ре тұру кездегі жұмыс

Өре тұру – ұзақ эволюция үрдісінде қалыптасқан адам денесінің кәдімгі үйреншікті күйі.

Оны сипаттауда жалпы ауыртпалықтың ортасы және оның тіректік бетіне проекциясының үлкен м ағынасы мағынасы бар.

Ауытпалық орталықтан тіректік бетке түсірілген перпендикулярды ауыртпалық вертикаль деп атайды. Адам денесінің жалпы ауыртпалық ортасын (ЖАО) және оның бөліктерінің ауыртпалық орталарын ажырата білу қажет. Дененің әр бөлігінің ауыртпалық ортасы болады.

Дененің ЖАО әр буынның орталарынан алшақтау өткендіктен айналу моменті пайда болады (ауыртпалық күштің иық ұзындығына көбейтіндісі).

Әр бөліктің ауыртпалық ортасын біле отырып, ауыртпалық күштің әсер ететін иығының буындарға қатынасын анықтама айналу моментті есептеуге болады.

Адам денесінің жалпы салмағы және оның бөліктерінің салмақтарының қатынасы, %.

Бас 7 қолбасы 0,7

Дене 46,4 сан 12,2

Иық 2,4 балтыр 4,6

Білек 1,8 табан 1,4

Демек, дененің жалпы салмағы 70 кг кезде, табандық 0,98 кг тең болады.

Осыған орай, ЖАО адам ағзасы салмағының таралу көрееткіші болып, оның дене құрылысын сипаттайды. Неғұрлым ЖАО жоғары орналасса, солғұрлым дененің жоғарғы бөлігінің салмағы үлкен болады. Мысалы, гимнасттардың ЖАО желаяқтардікінен жоғары орналасады. Себебі, гимнасттардың қол бұлшық еттері, ал желаяқтардың аяқтарының бұлшықеттері жақсы дамыған.

Өре тұру жұмыстың ең ауыр түрлерінің бірі болып саналады. Денені тік ұстау үшін, бұлшықеттердің едәуір жұмысы қажет.

Тұрғанда энергия шығыны, жүргеннен көп жұмсалады.

Өре тұру – ауырлық ортасы жоғары орналасуы және тіректік беттің ауданының кішілігі мен байланысты тұрақсыз тепе-теңдік.

Адам денесін тепе-теңдіктен шығару үшін күшті ауыртпалық ортасы деңгейінде алға қарай салу қажет.

Оның көлемі, орта есеппен ерлерге 873Н, ал әйелдерге 63Н тең.Артқа құлату үшін ерлерге 41Н, ал әйелдерге 36Н кем емес күш қажет.

Тұру ауыр жұмыстардың біріне жататындықтан зерттеушілер баяғыдан бастап тұру кездегі табанның тірекке қысымын тарату сынақтары мен айналысты.

Адамға тиімді, ыңғайлы қалып және аяқ киім жасау үшін табанның қысымының тірекке таралуын білу керек. Ал оны білу үшін қысымды өлшейтін әдістерді қарастыру қажет.

Қазіргі кезде табанның тірекке және аяқ киім бөлшектеріне қысымын анықтау үшін тензометрия әдісін пайдаланыды. Тензоэффект құбылысы күш әсерінен өткізгіштік кедергісінің өзгеруінде негізделген. Табан тірек және аяқ киім бөлшектерінің арасындағы қысымды анықтау үшін датчиктерді қолданады. Датчикті табан мен тірек немесе аяқ киім бөлшектерінің арасына орналасатындықтан, оның кострукциясына қойылатын талаптардың бірі болып минимальды өлшемдер, әсіресе қалыңдық табылады. Табан және аяқ киім әрекеттестіктерін зерттеу үшін сым, сынаптық тензодатчиктер және ток өткізгіш резеңке негізінде жасалған қысым датчиктерін пайдалынады [5, 17].

Олардың схемалары 40 суретте көрсетілген.

Ре тұру кездегі жұмыс - student2.ru

Сурет 40. Қысым датчиктер конструкцияларының сұлбалары

Тұру кезде табанның қысымының тірекке таралуын зерттеу үшін паталогиялық ауытқуы жоқ табанның плантограммасын квадраттарға бөледі (44.а сурет). Жазық тіректің әр квадратына қысым датчігін орналастырады. Картограммадағы (42.6 сурет) қысым таралуы зерттеулері ең үлкен қысым өкше және тілерсек сүйектерінің бастарының астында байқалатынын көрсетті. Ең үлкен қысым өкшенің ортасына түсіп, шеттеріне қарай нөлге дейін төмендейді.

Өкшесіз аяқ киімде тұрғанда, В.Е, Горбачик мәліметтері бойынша, негізгі жүк (42-48%) аяқ киімнің өкшелік бөлігіне түседі деп табылады. Жүктің біраз бөлігі аяқ киімнің табанорта бөлігіне түседі (бір аяққа келетін адам денесінің салмағының 13%). Бұл, сыртқы күмбез облысындағы табанның аяқ киімге едәуір қысым ететінін айқындайды.

Адам, табанға салмақ түсірмей тұрган күйінде із жағынан алынған гипстік бедерден жасалған тіректе, тұрғанда қысым картограммасы өзгереді (41.в сурет). Табанның контурының шеткі нүктелерінен басқаларының бәрі жүк әсеріне түсетіні анық байқалады, Демек, аяқ киімде табанның із бетінің формасын қайталайтын төсек жасау тиімді болады.

Ре тұру кездегі жұмыс - student2.ru

Сурет 41. Табан қысымының тірекке таралуы

Т.С. Кочеткова және Ю.П. Зыбин табанның өкше облысының қысымының жазық, және табан ізінің формасын қайталайтын тіректерде таралуын зерттеген. Өкшелік бөлікте қысымдарды өлшегенде датчиктерді 42.а суретте көрсетілгендей етіп орналастырды. Эксперименттік нәтижелері бойынша графиктер салынды: 42.6 суретте – жазық тірек – I қисық сызық, 42.6 – табан ізінің формасын қайталайтын тіректе – 2-сызық. Екінші жағдайда қысым таралуы бірқалыпты болатынын байқалады.

Ре тұру кездегі жұмыс - student2.ru

а) б)

Сурет 42. Датчиктер орналасуы және

табан қысымының таралу сұлбалары

Табан өкшесін көтергенде, тірекке қысым таралуы біршама өзгереді. В.Е Горбачик жүргізген, ұлтарак, бетіне сәйкес датчикті аяқ киімдегі табанның із бетіндегі қысымының таралуын зерттеулер нәтижесінде өкше биіктігі 0 ден 60 мм дейін өскенде табанның алдыңғы бөлігіне түсетін жүк, (тұрған кезде) шамамен 10% өсетіні көрсетілген.

Наши рекомендации