Сапаны анықтау әдістері

Әрбір іріктелген қапталған бірлік таңдауына әр түрлі орындардан жемістің 10 пайызынан кем болмайтындай етіп нүктелік сынамалар іріктеледі. Нүктелік сынамаларды біріктіріп, біріккен санаманы құрайды.

Жемістің сыртқы көрінісін, піскендігін, ішінің зиянкестермен зақымдалғанын және жараланғанын органолептикалық зерттеу арқылы анықтайды.

Жеміс ішінің зиянкестермен зақымдалғанын анықтау үшін әр түрлі орындардан 10 %-дан кем болмайтын жемістерді алып, кесіп көреді. Біріккен сынаманы зерттеу барысында қажет болған жағдайда біріккен сынаманың барлығын да кесіп көреді.

Механика салдарынан қысылған жемістерді өлшеу арқылы анықтайды. Біріккен сынаманы зерттеу нәтижелерін пайызбен көрсетеді. Нәтижені бүкіл партияға тиесілі деп есептейді. Іріктелген таңдауды келесі зерттелетін партияға қосады.

Қаптамада зақымдалған қаралылар мен шабдалылар сапасын жеке зерттеп, нәтижелерін тек осы қаптамаларға тиесілі деп есептейді.

Бірінші сортты қаралылардың партиясында:

Әзірлеу орындарында зиянкестермен зақымдалғандарын қоспағанда, сапасы бойынша екінші тауарлық сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан көп болмауы керек.

Әзірлеу орындарында зиянкестермен зақымдалғандарын қоспағанда, сапасы бойынша басқа тауарлық сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан көп болмауы керек: пісуі бойынша бірінші сорттың талаптарына сәйкес келмейтін, бірақ балғын күйінде және өңдеу үшін пайдалануға жарамды жемістер саны 5 %-дан аспауы керек. Бірінші сортты партияда аздап механикалық зақымдалған жемістер саны нормадан аспауы керек.

Егер бірінші сорттың партиясында мүмкін болған ауытқулар көрсетілген нормадан асып түсетін болса, онда бүкіл партияны екінші сортқа ауыстырады.

Қаралы немесе ірі жемісті алшаның екінші сортты партиясында:

Әзірлеу орындарында зиянкестермен зақымдалғандарын қоспағанда, сапасы бойынша екінші сорттың талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттауға, балғын күйде жеуге және өндірістік өңдеуге жарамсыз жемістердің мөлшері 10 %-дан аспауы керек.

Екінші сортты партияда аздап механикалық зақымдалған жемістер саны нормадан аспауы керек.

Егер екінші сорттың партиясында мүмкін болған ауытқулар көрсетілген нормадан асып түсетін болса, онда бүкіл партияны стандарт.талаптарына сай емес деп есептейді.

Жоғарғы сортты шабдалылардың партиясында:

Әзірлеу орындарында - сапасы бойынша бірінші сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан аспауы керек.

Әзірлеу орындарында - сапасы бойынша бірінші сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан аспауы керек: пісуі бойынша жоғарғы сорттың талаптарына сай келмейтін жемістер мөлшері 5 %-дан аспауы керек.

Егер жоғарғы сорттың партиясында мүмкін болған ауытқулар көрсетілген нормадан асып түсетін болса, онда бүкіл партияны бірінші сортқа ауыстырады.

Тағайындау орндарында 1 пайызға дейінгі жемістің мөлшері шабылып, бірақ сыртқы кейпін бұзбайтындай болып, сабақтары зақымдалған болса, онда ол жемісті басқа басқа сортқа ауыстыруға негіз болып табылмайды.

Бірінші сортты шабдалылардың партиясында:

Әзірлеу орындарында - сабақтары зақымдалған жемістерді қоспағанда, сапасы бойынша екінші сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан аспауы керек.

Әзірлеу орындарында - сабақтары зақымдалған жемістерді қоспағанда, сапасы бойынша екінші сортқа жататын жемістер мөлшері 10 %-дан аспауы керек: пісуі бойынша бірінші сорттың талаптарына сай келмейтін жемістер мөлшері 5 %-дан аспауы керек.

Егер бірінші сорттың партиясында мүмкін болған ауытқулар көрсетілген нормадан асып түсетін болса, онда бүкіл партияны екінші сортқа ауыстырады.

Екінші сортты шабдалылардың партиясында:

Әзірлеу орындарында - сабақтары зақымдалған, бірақ транспорттауға, балғын күйде және өндірістік өңдеу үшін пайдалануға жарамды жемістерді қоспағанда, сапасы бойынша екінші сорттың талаптарына сай келмейтін жемістер мөлшері 10 %-дан аспауы керек.

Әзірлеу орындарында - сапасы және пісуі бойынша екінші сорттың талаптарына сай келмейтін жемістер мөлшері 15 %-дан аспауы керек.

Егер тағайындау және әзірлеу орындарында екінші сорттың партиясында мүмкін болған ауытқулар көрсетілген нормадан асып түсетін болса, онда бүкіл партия стандарт талаптарына сай емес деп есептелінеді.

Наши рекомендации