ІV. Жалпы обьективті мәліметтер
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра:№1 хирургиялық аурулар
АУРУ ТАРИХЫ
Науқастың аты-жөні:Еспаганбетов Алписхан Жаниязович
Клиникалық диагноз: Жедел калькулезды холецистит. Үлкен он екі елі ішектік емізікше ісігі. Механикалық сарғаю;
Орындаған: Қабдырешова А.Т
Топ: 401/Б/
Тексерген:Жумабаев М.Н
Ақтөбе 2016 жылы
І.Паспорттық бөлім
Науқастың аты-жөні: Еспаганбетов Алписхан Жаниязович
Туған жылы, жасы: 07.11.54 /62 жас/
Жынысы: ер
Ұлты: қазақ
Білімі:ортабілім
Мамандығы, қызмет бабы:тракторист
Жұмыс орны: СТУ- тракторист
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Женгелгин ауылы
Ауруханаға түскен күні және сағаты:23.09.16; 19:50-20:10
Клиникаға жеткізілуі: өздігінен
Диагноздар:
1. Жолдама берген емдеу мекеменің диагнозы:Жедел калькулезды холецистит
2. Емханаға түскен уақыттағы алғашқы диагноз:Жедел холецистопанкреатит. Механикалық сарғаю.
3. Клиникалық диагнозы:
а/негізгі ауру:үлкен он екі елі ішектік емізікше ісігі; механикалық сарғаю;
б/ілеспе ауру:артериалды гипертензия 2 сатысы/риск 2/
с/асқыну /негізгі ауру, операцияға байланысты/:жоқ
Операцияның аты:Лапаратомия /холецистоэктомия/ күні:27.09.16сағаты:10:50-12:25
Жансыздандыру тәсілі:интубациялық
Қан тобы:В/ІІІ/ тобы
ІІ. Клиникаға түскен кездегі науқастың шағымдары
Негізгі шағымдары: Оң жақ қабырға асты және іштің жоғарғы аймағының ауырсынуы, жүрек айну, ұзақ мерізімді құсу, ауыздың құрғауы, тері мен склераның сарғаюы, зәрдің қараюы, ықылық
Қосымша шағымдары: мазасыздық, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, әлсіздік
ІІІ. Анамнез / сұрастыру/
Anamnesis morbi: Науқас бұрыннан бері өзін аурумын деп есептемейді. Шілде айынан бастап ,ауру сезімі біліне бастаған. Оң жақ қабырға асты аймағы ауырсынып тез басылып қалатын болған. Кейін оң жақ қабырға асты ауруына жоғарғы іш айағының ауырсынуы қосылған. Бұрынғыға қараңанда ауырсыну сезімі күштірек болған. Сонымен қатар тері мен склера сарғаюы, ықылық ату, зәрдәң қараюы қосылған. Науқас бұл көріністерін ештеңемен байланыстырмайды. Кейін 23 қыркүйек кешке оң жақ қабырға асты ауырсынуы шыдатпаған соң, өздігінен ЖМСК /БСМП/ қабылдау бөліміне келген. Хирургке қаралып, жалпы хирургия бөліміне жатқызылған.
Anamnesis vitae: 1954 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласы, Мұғалжар ауданы, Женгелгин ауылында дүниеге келген. Өсуі мен жетілуі жасына сай болған. Бала кезіндеондай көп ауырмаған. Орта мектепті бітірген, дене шынықтыру пәніне жақсы болған. Мектеп бітірген соң орта білімді училищеге оқуға түскен.Тракторист мамандығы бойынша оқуын аяқтаған. Әскерде болған. Спортпен кейін шұғылданбаған.Мамандығы бойынша ауылында жұмыс жасаған. Қазіргі кезде СТУ-да тракторист. Боткин ауруы, туберкулез, тері-венералогиялық ауруларымен ауырмаған. Операциялық жарақатттары жоқ.Әке-шешесінің дені сау болған, тұқымқуалаушылық аурулар балаларында болмаған. Дәрілерге аллергиялық реакциясы жоқ. Темекі шеккен және ішімдік ішкен. Қазір қойған. Өз отбасында жолдасы, үш баласы бар. Әлеуметтік жағдайы орташа. Бұған дейін ауруына байланысты қаралмаған, ешғандай ем қабылдамаған. Ұзақ уақыттан бері артериалды гипертензиямен ауырады. /Д/ тізімінде тұр. Екі жақты нейросенсорлық кереңдіктің 3 сатысымен ауырып, Батыс Қазақстан профпатологиялық бөлімшесінде стационарлық ем алған.
ІV. Жалпы обьективті мәліметтер
Аурудың жалпы көрінісі:
Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта
Төсектегі қалпы: мәжбүр қалыпта
Санасы: активті
Дене бітімі: астеник
Бет-келбеті: ашық-сары
Дене салмағы: 50кг
Бойы: 163 см
Қарау. Тері қабаты:
А) түсі-сарғайған
Б) созылғыштығы: серпімсіз
В) ылғалдылығы: азайған
Г) тері тазалығы: таза
Кілегей қабаты:
түсі: ақшыл-сары, кілегей қабаттары сарғайған.
Көзі: склерасы сарғайған
Тері асты май қабаты:
Қалпы: төмен
Май жиналған жері: іште
Фурункул, жара, бөртпе және басқа да тері аурулары анықталмады. Шаш өсуінің бұзылысы жоқ.Тыртық, ісік локализациясы анықталмады.
Лимфа түйіндерінің жағдайы. Лимфа түйіндері көлемі қалыпты. Консистенциясы- қалыпты. Ауырсыну сезімі байқалмады. Қозғалысы қалыпты. Жақ асты, шықшыт, шүйде, бұғана асты және үстіндегі, қолтық асты, шынтақ лимфа түйіндері пальпация кезінде қалыпты, ауырсынусыз.
Бұлшық ет жүйесі: Аяқ-қол бұлшық еттері даму деңгейі, күші қалыпты. Сипап қарау және қозғалыс кезінде ауырсынусыз.
Сүйек буын жүйесі: Аяқ-қол, жамбас, омыртқа, кеуде клеткасы, бас сүйегін зерттеу кезінде өзгеріссіз.
Мойын тексеру. Мойын мүшелерін қарау кезінде және сипағанда симметриялы, көлемі қалыпты, ауырсыну жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған. Тамырлар пульсациясы қалыпты.