Ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізу тәртібі
Балдың сапасын анықтау үшін Ветеринариялық-санитариялық зертхана келесі көрсеткіштер бойынша зерттеулер жасайды:
- органолептикалық белгілері (түсі, хош иісі, дәмі, консистенциясы және кристаллдануы);
- судың массалық үлесі;
- оксиметилфурфуролдың (ОМФ) болуы;
- диастаздық (амилаздық) белсенділігі;
- гүл тозаңын анықтау;
- жалпы қышқылдығы;
- жеңілдетілген қанттың массалық үлесі;
- сахарозаның болуы (көрсеткіштер бойынша);
- механикалық қоспалардың болуы (көрсеткіштер бойынша);
- радиоактивті заттардың болуы.
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша табиғи бал 40 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сай болуы керек.
40 кесте – Балдың сипаттамасы
Көрсеткіштер | Балдың сипаттамасы | |
Гүлді | Шірелі | |
Түсі | Ақтан сұр түске дейін. Қара құмық, жоңышқалы және каштандыларды қоспағанда, басқалары ашық сарынға ие болып келеді | Ашық сарыдан қоңыр қызылға дейін |
Хош иісі | Ботаникалық шығуына сәйкес табиғи, өзге иіссіз, әлсізден күшейе түсетін жағымды иіс | Әлсіз байқалады |
Дәмі | Тәтті, қышқылдық пен ауыз қуырарлық дәмдер қатар жүреді, жағымды, өзгеше дәмсіз. Каштанды және темекілілерге ащы дәм тән болады | Тәтті, аса жағымды емес, кейде ащылау дәмі бар |
Консистенциясы | Шәрбат тәрізді, кристаллдану процессінде созылмалы, қазан, қараша айларынан кейін тығыз болады. Қыртысталуға рұқсат етілмейді. | |
Кристаллдануы | Ұсақ түйірліден ірі түйірліге дейін |
Балдың физикалық-химиялық көрсеткіштері 41 кестеде көрсетілген Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай болуы керек.
41 кесте - Балдың физикалық-химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Табиғи балға арналған нормалар | |
Гүлді | Шірелі | |
Судың массалық үлесі, пайызбен, аспауы керек Мақталы | ||
Диатаздық саны (сусыз заттарға) Готе бірлігі, кем болмауы керек Ақа акациялы, жөкелі, күнбағысты, мақталы | ||
Жалпы қышқылдығы, қалыпты градустар (миллиэквиваленттер) | 1-4 | 1-4 |
Жеңілдетілген қанттың массалық үлесі (сусыз заттарға), пайызбен, кем болмауы керек Ақ акациялы Мақталы | ||
Сахарозаның массалық үлесі (сусыз заттарға), пайызбен, аспауы керек Ақ акациялы Мақталы | ||
Гүл тозаңы | 10 көру алабының 7-де 3-5-тен кем болмауы керек | |
Механикалық қоспалар | Рұқсат етілмейді | Рұқсат етілмейді |
Оксиметилфурфуролға сапалы реакциясы | Теріс |
Күмәнді көрсеткіш алынған жағдайда (органолептикасы жеткілікті байқалмаған, ферменттік белсенділігі төмен, жалпы қышқылдықтың 1ден кем немесе 4тен артық және жеңілдетілген қанттың ауытқуы) сахароза мен басқа да қоспаларға қосымша сапалық зерттеулер жүргізіледі.
Антибиотиктер мен аралардың жұқпалы ауру қоздырғыштарын анықтау қажеттілігі кезінде сынамаларды ветеринарлық зертханаға жібереді.
Кірезді балды сараптау барысында органолептикалық көрсеткіштері, ашық және жапсырылған кәрездердің қатынасы, қантты балдың, ашу белгілерінің болуы, кәрезде өсіп жатқан аралардың болуы (анықталған жағдайда оларды жояды) анықталады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптамаға келіп түскен бал сынамалары мен оларды зерттеу нәтижелері белгіленген формадағы журналда тіркеледі.
Балы бар ыдыста Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізілгені туралы растайтын: сапалы бал үшін – ақ түсті, шірелі және сапасы төмен бал үшін – көк түсті заттаңбасы болуы керек. Заттаңба формасы төменде келтірілген.
Заттаңба формасы
Ветсансараптама зертханасы
___________________________________ базарында
Қожайынның (сатушының) тегі___________________
Өнімнің атауы ________________________________
Орындар саны ________________________________
Сараптама № _________________________________
САТУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ
20____ жыл «___»_____________ сағат ___________
Қолы
Бір күн ішінде сатылмаған және сақтауға тапсырылмаған бал қайта сараптауға жатады.
Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпеген және сатуға рұқсаты болмаған балдың сатылуына тыйым етіледі.
Сатуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болатын келесі жағдайлар:
- ыдыстың санитарлық талаптарға сай болмауы;
- органолептикалық көрсеткіштердің сай болмайы;
- судың массалық үлесінің артуы;
- диастаздық белсенділігінің белгіленген мөлшерден төмендігі;
- жеңілдетілген қанттың массалық үлесі;
- ашу белгілері;
- механикалық қоспалары;
- барлық түрінің бұрмалануы;
- антибиотиктердің қатысуы;
- радиоактивтігі (уақытша рұқсат етілген деңгейден жоғарылығы);
- көлемі кіші ыдысқа салынған немесе целлофанмен қапталған таяқша түріндегі кәрезді бал.
Бракқа шығарылған (бұрмаланған) бал денатурациялауға жатады.