CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница

1.3.2. ДЕНТИН ҚҰРЫЛЫМЫ

Тістің негізгі құрамы дентиннен тұрады. Сауыт бөлігіндегі дентин кіреукемен, ал түбір бөлігіндегі дентин цементпен жабылған. Дентиннің 70% дан көбі бейорганикалық заттардан тұрады. Дентиннің негізгі заттары диаметрі 1–5 мкм болатын дентин түтікшелеріне енген. ( 1.6- сурет). Тіс ұлпасынан түтікшелер кіреуке және цементке қарай шеңберленген бағытпен жүреді. Дентин түтікшелерінің диаметрі орталықтан шетке қарай кішірейеді. Қалыпты жағдайда олардың саңылауы одонтобласт өсінділерімен толыққан. Дентиннің негізгі заттары құрамында коллаген талшықтары болады. Тіс тіндерінің қалыптасуы кезінде пайда болған дентин біріншілік дентин деп аталады. Ұлпа маңындағы дентин — ішкі, яғни дентин қабатының ең қалың қабаты. Онда коллаген талшықтары негізінен тангенциалды орналасқан және олар Эбнер талшықтары деп аталады.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

а б

1.6.-Сурет.Дентин түтікшелері: а — тігінен кесінді; б — көлденең кесінді;

Гидроксиапатиттің кристалдары дентинде оптикалық микроскоппен көрінетін глобул түрінде жиналады. Глобулдар әртүрлі көлемде болады: сауыт бөлігінде ірілеу, ал түбір аймағында ұсақтау болады. Глобулдер арасында минералданбаған дентин аймағы – интерглобулярлы дентин орналасады. Оның глобулярлы дентиннен айырмашылығы кальций тұздары болмайды. Интерглобулярлы дентин аймағында дентин түтікшелері өз бағытын өзгертпестен үзілмей жүріп отырады. Тіс түбірі аймағында ― дентин-цемент байланысы маңында интерглобулярлы дентин өте ұсақ тығыз орналасып, күңгірт жолақты дәнді Томс қабатын құрайды. Одонтобласт қабатына жататын ұлпа маңындағы дентиннің жартысы предентин деп аталады. Предентин қатаймаған немесе толық минералданбаған, оның қалыңдығы 10-50 мкм. Предентин құрамында дентин түтікшелеріне перпендикулярлы бағытталған коллаген талшықтары болады. Предентин адам өмірінің барлық уақытында түзіледі. Жаңа қабаттардың пайда болуына қарай ескі қабаты минералданады. Предентиннің тұрақты қабаттану нәтижесінде тіс қуысы біртіндеп тарыла бастайды.

Тіс шыққаннан кейін пайда болған дентин екіншілік[w23] дентин деп аталады. Екіншілік дентин құрылымының аздап дұрысталуымен, дентин түтікшелері бағытының реттілігімен және олардың қалыпты жағдайға қарағанда тарлау , саны жағынан аз болып келетіндігімен ерекшеленеді.

Тісжегі кезінде, тістің қатты тіндерін егеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің тітіркенуі жаңадан дентиннің түзілуіне әсер етеді. Оны екіншілік (үшіншілік) орынбасушы дентин деп жүйелейді. Бұл дентин әртүрлі құрылымды болады. Онда дентин түтікшесі бар немесе толығымен жоқ аймақтар да кездеседі, сонымен қатар бейберекет тәртіпсіз орналасқан коллаген талшықтары да кездеседі. Міне сондықтан осындай дентинді иррегулярлы, немесе дұрыс құрылымнан айырылған дентин деп те атайды. Баяу дамыған тісжегіде, тісті одонто егеуде, тістің қатты тіндерінің қажалуында одонтобластар өсіндісінің төмендеуі нәтижесінде интерглобулярлы дентиннің минералдануы мүмкін.

Осы кезде дентиннің минералданған қабаты түзіледі. Егер сәуле түсіріп қарайтын болса ол ақшыл, мөлдір түстес болып көрінеді. Мұндай дентин мөлдір немесе тығыздалған дентин деп аталады. Тісжегіде, тістің қатты тіндерінің тез қажалуында және тістерді егеп тазалау кезінде одонтобласттардың бір бөлігінің жойылуы және ұлпаға жақын орналасқан дентин түтікшелерінің ретсіз орналасқан дентинмен алмасуы мүмкін.

Түтікше ішіндегілер ыдырауға ұшырайды. Мұндай түтікшелер сәулемен қарағанда қара болып көрінеді және ол өлі жол деп аталады. Дентиннің осы аймағындағы сезімталдық төмендейді.

1.3.3. ЦЕМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Цементтүбір дентинін толықтай жауып жатқан тығыз, қатайған тіс тіні болып табылады. Цементтің қалыңдығы тістің мойын бөлігінде 20-50 мкм болса, ал түбір ұшына қарай бағытында цемент қабаты қалыңдап 1500 мкм құрайды. 60% жағдайда цемент кіреукемен қабаттасады, ал 30% кіреукемен түйісе орналасса, 10% жағдайда цемент және кіреуке жиегінде ашық дентин аймағы қалады. Кіреуке-цемент байланысы әр тістер тобында және бір тістің әр беткейінде бірдей емес. Цемент өзінің құрылымы және химиялық құрамы жағынан дөрекі талшықты сүйекке ұқсас келеді, бірақ

сүйектен айырмашылығы ― қан тамырлары болмайды.

Цементтің бейорганикалық бөлігінің 50–60% гидроксиапатиттің кристалдарынан тұрса; ал органикалық бөлігі негізінен I типтегі коллагеннен тұрады. Цементтің сүйектен айырмашылығы ― сүйекте қалыпты жағдайда сорылу үдерісімен қатар жұқа сүйек тінінің қалыптасуы жүреді, ал цементте сорылу үдерісі жүрмейді.

Цемент коллагені периодонттағы цементобластардан және фибробластардан құрылады және ол жалғыз пайда болу көзі болып табылады. Цементобластар ішкі коллаген талшықтарын, ал фибробластар сыртқы коллаген талшықтарын түзейді. Ішкі диаметрі кіші талшықтар ― цементтің өзіндік талшықтары цементтің беткейімен қатар жүріп отырады. Сыртқы талшықтардың диаметрі үлкен, периодонтта қалыптасып, шарпеев талшықтары түрінде цементке еніп, оның беткейіне тік бұрышта жүреді. Бұл талшықтар тістің альвеолада мықты тұруын қамтамасыз етеді.

Жасушасыз немесе біріншілік және жасушалық-екіншілік цемент болып бөлінеді. ( 1.7-сурет).

Жасушасыз цементте жасуша болмайды. Ол жұқа қабатпен тістің мойын бөлігін және түбірдің бүйір беткейін жабады.

Онық қалыңдығы 30–50 мкм құрайды. Жасушалық цемент түбірдің түбір арасында және түбірдің ұшы бөлігінде орналасады және саны жағынан өте көп жасушалы өсінділері бар цементоциттерден тұрады. Цементоцит цементте және цементобласт қалыңдығы арасында цемент беткейінде орналасады. Жасушалық цемент жасушасыз цемент қабатында немесе тікелей дентинде де орналасуы мүмкін.

Жасушасыз цементке қарағанда жасушалық цемент тез түзіледі және цементобластар цементоциттерге ауысып отырады. Цеменнтоциттер – бұл ірі ядролы және көптеген тармақталған өсінідісі бар жасушалар. Терең қабаттарда цементоциттер тез өліп, өзінен кейін ұяшықтар қалдырады. Периодонтқа жақын қабаттарда бұл жасушалар жақсы қызмет етеді және цементобластармен ұқсастығы бар. Цементобластар цементтің пайда болуын қамтамасыз ететін белсенді жасушалар болып саналады. Цементтердің көп түзілуі гиперцементозға алып келеді.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

Рис. 1.7.Тіс цементі : 1 — жасушасыз цемент; 2 — жасушалы цемент; 3 — Дәнді Томс қабаты; 4 — дентин

11.4. ТІСТЕРДІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.4.1. КҮРЕК ТІСТЕР ТОБЫ

ОРТАЛЫҚ (МЕДИАЛДЫ) ЖОҒАРЫ ЖАҚ КҮРЕК ТІСТЕР ( 1.8-сурет)

Тіс сауыты Күрек тістер тобындағы ең ірісі. Сауыты ― жиегі тегіс, күрекке немесе қашауға ұқсас . Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады. Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды.
Тіс қуысы Тіс қуысы тістің сыртқы пішінін қайталайды және пішіні қысыңқы келген үш бағытта кесу қырына бағытталған үшбұрышты саңылауға ұқсайды. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Тіл жағынанан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе аздап сопақтау болады.
Тіс түбірі Тік, қырлары тегістелген төртбұрышты пішіндес. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады. Түбір өзегінің сағасы тарылған.
Нұсқалар 6% жағдайда түбір қисайған. Түбір өзегінің тармақтана түрленуі әр түрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы ықтимал.Түбір өзегі вестибульярлы немесе дисталды бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.8.- сурет.Үстіңгі жақтыңмедиалды күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай жақ беті; в — бүйір жақ беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденең кесінді;

ЖОҒАРЫ ЖАҚ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕР (1.9- СУРЕТ)

Тіс сауыты Пішіні бойынша орта күрек тістерге ұқсас, бірақ көлемі жағынан аздап кішілеу. Вестибулярлы бетіндегі сайлары нашар дамыған. Әйелдерде таңдай бетіндегі жиектік айдаршықтары жақсы дамыған. Таңдай төмпешіктерінің жиектік айдаршыққа қосылатын тұсы жақсы дамыған. Тұйық тесік тілдік төмпешіктің алдында орналасқан.
Тіс қуысы Көлемі жағынан кішілеу, сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооральді бағытта қуыстың тарылуы байқалады.
Нұсқалар Сауыт пішіні түрінің өзгеруі байқалады. Кейбір күрделеніп дамуы кезінде бүйір күрек тістің тістеу қыры үшкірленеді және көрші тістен көлемі көп кішілеу болады.
Тіс түбірі Конус тәріздес, медиодисталды бағытта өте қысыңқы келеді. Түбір ұшы үшкірлеу және оральді жаққа қарай ауытқыған. Көлденең кесіндіде түбірі сопақша пішінді.
Тіс түбірінің өзегі Сауыт қуысының түбір өзегіне ауысатын аймағында айқын шекара жоқ. Түбір өзегі көп жағдайда дисталды жаққа қарай иілген немесе ауытқыған. Түбірдің көлденең кесіндісінде өзек диаметрі вестибулооральді бағытта медиодисталды бағытқа қарағанда үлкен.
Нұсқалар Түбір ұшы дисталды және вестибулярлы жаққа қарай ауытқуы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.9.- Сурет.Үстіңгі жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — тігінен кесінді; е — көлденең кесінді;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ МЕДИАЛДЫ КҮРЕК ТІСІ ( 1.10- сурет)

Тіс сауыты Тістер тобындағы ең кіші тістер. Тіс сауыты тар қашауға ұқсас. Бүйірлік көрінісі [w24] толықтай сипатталмаған. Кіреуке біліктерінің беткейлік тік рельефі, тілдік төмпешіктері, жиектік айдаршығы тегістелген. Кесу қыры түзу.
Тіс қуысы Тіс қуысы қарсы жазықтықта орналасқан және пішіні үшбұрышты саңылау тәрізді, бірақ біртіндеп суқұйғыш тәрізді түбір өзегіне ауысады
Нұсқалар С ауыттың сопақша немесе трапеция пішінді нұсқалары кездеседі. Тістеу қыры төмпешіктерінің сандық және даму дәрежесі ауытқып тұрады.
Тіс түбірі Тік, медиодисталды бағытта қатты қысыңқы келеді. Түбірдің медиалды және дисталды бетінде сайлар болады. Түбір көлденең кесіндіде бүйір жағынан қысылған сопақ пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге бөлінеді де, түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы, тесігі біреу.
Нұсқалар Түбір өзектері кейде байланыспайды және түбір ұшында екі апикалды тесікті болуы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.10.-сурет.Астыңғы жақтың медиалды күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — көлденең кесінді; ж, з — тігінен кесіндіде түбір өзегінің құрылым нұсқалары;

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БҮЙІРЛІК КҮРЕК ТІСТЕРІ ( 1.11-сурет)

Тіс сауыты Пішіні жағынан ортаңғы күрек тістен [w25] өзгешелігі аз. Орта күрек тіске қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы беттерінде біліктері, жиектік айдаршағы және тілдік төмпешіктері орта күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Тістің мойын бөлігіне бағыттала біртіндеп тарылады да түбір өзегіне жалғасады.
Тіс түбірі Тік, жалғыз. Мезиодисталды бағытта аздап қысылған. Түбірдің дисталды бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең кесіндіде бүйірінене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.
Тіс түбірінің өзегі Негізінен өзегі біреу, медиодисталды бағытта қысылған.  
Нұсқалар Түбірдің орта бөлігінде өзек екіге айырылуы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.11.- сурет.Астыңғы жақтың бүйір күрек тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінідісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.2. СҮЙІР ТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ ( 1.12- сурет)

Тіс сауыты Ірі, көбіне көп бес бұрышты, пішіні найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің кеңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан.
Тіс қуысы Медиодисталды бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады.
Нұсқалар Сауыт пішіні кейде конус немесе трапеция тәріздес болып келеді.
Тіс түбірі Негізінен біреу, бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус тәріздес. Барлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір.
Тіс түбірінің өзегі Негзінен кең, жақсы өтетін бір өзек болады.
Нұсқалар Кейде түбірдің айыршықтануы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.12.- сурет.Үстіңгі жақтың сүйір тісі: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ СҮЙІР ТІСТЕРІ (1.13- сурет)

Тіс сауыты Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістерге қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген. Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооралды көлемі медиодисталдыға қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді.
Нұсқалар Сауыт пішіні күрек тістер пішініне немесе астыңғы жақ кіші азу тістер пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі Үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, бір түбірлі, медиодисталды бағытта қатты қысыңқы келеді. Апроксималды бетіндегі сайлары жақсы дамыған.
Тіс түбірінің өзегі Түбірі айырлануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі – вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойынынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.
Нұсқалар Кейде түбірдің айырлануы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru 1.13.- сурет.Астыңғы жақтың сүйір тістері: а — вестибулярлы беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесіндісі; е, ж — тігінен кесіндісі

1.4.3. КІШІ АЗУТІСТЕР ТОБЫ

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУТІСТЕРІ ( 1.14- сурет)

Тіс сауыты   Вестибулярлы бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу. Онда тігінен білік орналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды. Жанасу бетінің пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дисталды жанасу беті медиалды бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай бұрыш жасамай, таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік айдаршыққа дейін жететін, жақсы дамыған табиғи сызаттар (фиссура) орналасқан.
Тіс қуысы   Түбірі тіс мойынына жақын арада екіге бөлінсе, көп дәрежеде ұртық төмпешігі оральді жаққа қарай иіледі.
Нұсқалар   Сауыт пішіні күрек тістердің немесе астыңғы жақ бөлігіндегі кіші азутістердің пішініне ұқсас болуы мүмкін.
Тіс түбірі   Түбірі мезиодисталды бағытта қатты қысылған. Апроксималды бетінде тігінен сайлар бар. Көбіне түбірі екіге бөлінген.  
Тіс түбірінің өзегі Тісте екі түбір өзегі болады. Таңдай өзегі ұрттық өзекке қарағанда кең.
Нұсқалар   Көбіне түбір ұшы, орта және мойын бөлігінде аздап екіге айырылады.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.14-.сурет.Үстіңгі жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е — тігінен кесінді;

ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУТІСІ (1.15- сурет)

Тіс сауыты Бірінші кіші азутіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу.
Тіс қуысы Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азутіске ұқсас, бірақ төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс қуысының ең кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан.
Нұсқалар Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері әртүрлі болуы мүмкін.  
Тіс түбірі Көбіне түбірі біреу, ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус тәріздес. Түбірдің медиалды және дисталды беттерінде сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып, өзек сағаларын құрайды және кең өзекке айналып кетеді.
Нұсқалар Кейде түбір мойынынан төмен деңгейде екіге айырылады. Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.15.- сурет.Үстіңгі жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е — тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУТІСТЕРІ (1.16- сурет)

Тіс сауыты Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Тілдік беткейлер бір бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы дамыған.
Тіс қуысы Қуыстары медиодисталды бағытта қысылған. Пішіні сауыт пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық бейнеленбеген.
Нұсқалар Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. Барлық кіші азутістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып келеді.
Тіс түбірі Түбірі тік, алдыңғы-артқы бағытта аздап жалпайған. Медиалды және дисталды беттерінде түбірдің орта бөлігінде жақсы бейнеленген сайлар бар.
Тіс түбірінің өзегі Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес.
Нұсқалар Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады.

CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 2 страница - student2.ru

1.16-. сурет.Астыңғы жақтың бірінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е,ж — тігінен кесіндіде түбір өзектерінің құрылымының нұсқалары

АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУТІСТЕРІ (1.17- сурет)

Тіс сауыты Бірінші кішіазутіске қарағанда көлемі үлкен. Вестибулярлы және тілдік төмпешіктері жақсы бейнеленген және бір-бірінен сайлар арқылы бөлінген. Жанасу беттері дөңестеу. Жиектік айдаршығы жақсы бейнеленген.
Тіс қуысы Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Қуыс алдыңғы-артқы бағытта қысылғандықтан саңылау тәрізді пішіндес болып келеді.
Нұсқалар Үш төмпешігі болуы немесе одан да көп төмпешік болуы мүмкін. Көп төмпешікті болу кезінде ортаңғы сай әр төмпешікке қарай тарамдар жасайды.
Тіс түбірі Тік, конус пішіндес.
Тіс түбірінің өзегі Тіс қуысы суқұйғыш тәрізденіп, түбір өзегіне ауысады. Көп жағдайда алдыңғы-артқы бағытта қысылған түзу бір өзек болады.
Нұсқалар Түбір ұшының үштен бір бөлігінде өзек екіге айыршақтануы мүмкін.

Наши рекомендации