Транспорттау және сақтау

1 Орамжапырақты аталған транспорт түрінің тез бұзылатын жүктерді тасымалдау туралы қолданыстағы ережесіне сәйкес жабық транспорт құралдарының барлық түрлерінде (жабық вагондар, рефрижераторлар, автофургондар және т.б.) тасымалдауға болады. Орамжапырақты ашық автомобиль транспорттарында атмосфералық жауын - шашыннан және 0оС-тан төмен температурадын сақтай отырып, тасымалдауға рұқсат етіледі.

2 Көктемгі - жазғы іске асыруға арналған орамжапырақтарды ауа температурасы минустан 1оС-қа дейінгі және қатысты ауа ылғалдығы 90-95 пайыз болған жерлерде сақтауға болады.

Ақжелкен-аскөк сапасы бойынша 15 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

15 кесте - Ақжелкен – аскөктің сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Сипаттамасы мен нормасы
Сыртқы көрінісі Ақжелкеннің жапырақтары жас, таза, балғын, зақымдалмаған, тамырсыз немесе өрісті ақжелкен үшін ұсақ тамырларымен болады
Жапырақтардың ұзындығы, см, кем болмауы керек 12,0
Жапырақтардың массалық үлесі, пайызбен, аспауы керек: тамырынан түскендері, ұзындығы белгіленген өлшемнен (8 см-ден 12 см-ге дейін) кем емес, аздап сарғайған жапырақтары бар ақжелкендер     10,0   10,0   5,0
Арамшөптер қоспасының массалық үлесі, пайызбен, аспауы керек 0,8
Тамырларына жабысқан топырақтың массалық үлесі, пайызбен, аспауы керек 1,0

Сарымсақ сапасы бойынша 16 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.

16 кесте - Сарымсақтың сипаттамасы және нормасы

Көрсеткіш атауы Сипаттамасы мен нормасы
Сыртқы көрінісі Сарымсақтың баданалары піскен, қатты, сау, таза, тұтас, өсіп кетпеген, а/ш зиянкестерімен зақымдалмаған, пішіні және түсі бойынша ботаникалық сортқа типтес, құрғақ қабыршақтары бар; тілімденген сорттары үшін жиектелген құрғақ тілімінің ұзындығы 20 мм-ден аспауы керек; тілімденбеген сорттары үшін жиектелген құрғақ жапырақтарының ұзындығы 50 мм-ден аспаған, құрғақ қабыршақтарының қалдығымен немесе оларсыз болуы керек
Иісі мен дәмі Аталған ботаникалық сортқа сипаттас, бөгде иіссіз және өзгеше дәмсіз болуы керек
Аса көлденең диаметрі бойынша бадананың өлшемі, мм, кем болмауы керек
Белгіленген өлшемнен кем баданалардың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек 10,0
(көп тісті сарымсақтар үшін) 3-5 тісі түсіп қалған, аздап механикалық зақымдалған баданалардың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек 4,0   3,0
Баданаларға жабысқан топырақтың болуы, массадан пайызбен, аспауы керек 0,5

Басты жас пияз

Басты пияздың сыртқы көрінісі піскен, таза, сау, тұтас, өсіп кетпеген, ауылшаруышылық зиянкестерімен зақымдалмаған, қалпы және түсі жағынан ботаникалық сортқа типтес, сыртқы құрғақ қабыршақтарымен және ұзындығы 2-ден 5 см-ге дейін құрғатылған мойыншалары бар болуы керек.

Ені 2 мм-ден аспайтын, шырынды қабыршақты ашып тұратын құрғақ қабыршақтары ажыратылған, бір сыртқы құрғақ қабыршақтың ішінде болатын қосарланған, ұзындығы 1 см-ден аспайтын құрғақ түптері бар басты пияздарға рұқсат етіледі.

Иісі мен дәмі - аталған ботаникалық сортқа сәйкес бөгде иіссіз және өзгеше дәмсіз болуы керек.

Аса көлденең диаметр бойынша басты пияздың өлшемі сопақ қалыптылар үшін 3,0 см-ден кем болмауы керек.

Белгіленген өлшемнен кем, бірақ 1 см-ден артық болмайтын, жұмсағы бір шырынды қабыршақтан соңына дейін механикалық, сонымен қатар ауылшаруашылық зиянкестерімен зақымдалған басты пияздардың болуы жиынтықпен алғанда 5,0 %-дан аспауы керек.

Тиеу кезінде өсіп кеткен басты пияздардың болуы: ұзындығы 1 см-ден аспайтын сабағымен – 10,0 %-дан аспауы керек.

Баданаларға жабысқан топырақ 0,5 %-дан көп болмауы керек.

Абылдау ережелері

Пиязды партиялармен қабылдайды. Партия деп бір транспорт құралымен келіп түскен және төмендегі мәліметтерді көрсету арқылы оның сапасын куәлайтын белгілі нысандағы бір құжатпен ресімделген, бір түрдегі ыдыспен қапталған, өлшемдері бірдей пияздың бір ботаникалық сортының кез келген мөлшері есептеледі:

- құжаттың нөмірі және оның берілген күні;

- жіберушінің атауы;

- алушының атауы;

- ботаникалық сортты өнімнің атауы;

- партия нөмірі;

- осы стандартпен көзделген көрсеткіштер бойынша сапасын анықтау нәтижелері;

- қапталған бірліктер саны;

- таза салмағы және қабымен қоса алғандағы салмағы, кг;

- салынған, қапталған және тиелген күні;

- транспорт құралының түрі және нөмірі;

- улы химикаттармен өңделген күні және олардың атауы.

Сапаны анықтау әдісі

Сынаманы іріктеу әдісі

Жәшіктің немесе қаптың әр түрлі қабатынан (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) кем дегенде үш нүктелік сынама іріктеледі. Іріктеуге алынған нүктелік сынаманың жалпы салмағы іріктеудегі пияздың салмағынан 10 %-дан кем болмауы керек.

Іріктеуге алынған әрбір жәшік түбінің түрлі қабатынан пияздарды қолмен немесе өнімге зақым келтірмеу үшін арнайы пайдаланылатын құралмен босатып, кем дегенде үш нүктелік сынама іріктеледі. Әрбір сынаманың салмағы 3 кг-нан кем болмауы керек.

Анықтау өткізу

Біріккен сынаманы өлшеп, топырақтан және өзге қоспалардан қолмен тазартып, 5 см-ден асатын мойыншасының құрғақ бөлігін алып тастап, осы стандартта белгіленген көрсеткіштер бойынша фракцияларға сорттайды.

Әрбір фракцияның пияздарын, топырағын, қосапсын және алып тасталған құрғақ мойыншасын өлшеу керек.

Барлық өлшеулер 5 кг-нан аспайтын шамада өткізіледі.

Сыртқы көрінісін, иісін, дәмін, ауырған және зақымдалған пияздардың болуын органолептикалық, ал өлшемін сабағының ұзындығын өлшеу арқылы анықтайды.

Наши рекомендации