Мұнай өңдіруді арттыру әдістері.

Мұнай Өндіруді Қарқындыландыру Әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнаукдтқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді), мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар.

80. Мұнай және газ ұңғымаларын тасымалдау.

81. Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау кезендері мен міндеттері.

Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру
1. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындаудың мазмұны мен мәні
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары
Өндірісті техникалық дайындау – өндірісті ұйымдастыру, жаңа және пайдаланған техника мен технологияны әзірлеу мен жетілдіру, шығарылған өнім түрлерін модернизациялау, сондай-ақ жаңа өнімнің ассортиментін жобалау мен өзара байланыс шараларының кешені.
Өндірісті дайындау кезеңдері:
1) ғылыми-зерттеулік (өндірістің даму перспективалараын зерттеу);
2) жоба-конструкторлық (жаңа өнімді жобалау, оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау);
3) тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент – машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін сынау);
4) технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді енгізу).
Мұнайгаз саласында өндірісті дайындау түрлерін елесідей топтауға болады:
1. Материалдық дайындау – жаңа оьъекттерді іске асыру және оларды дәл кезде құруын қамтамасыз етумен, материалдардың ең үнемді түрлерін таңдаумен, материал-техникалық құралдардың және атқарылған жұмыстардың еңбексыйымдылығының шығын мөлшерін техника-экономикалық негіздеуімен тұжырымдалады.
2. Ұйымдастық дайындау - әртүрлі жұмыс инструкцияларын (нұсқауларын), регламенттерін, қауіпсіздік техника ережелерін құруын және бекітуін іске асырады.
3. Техникалық дайындауға кіретіндер:
• өндірілген мұнай, газ және конденсатты тасымалдауға дайындау;
• бұрғылау сапасын үздіксіз жоғарлату, бұрғылауда прогрессивті әдістер мен тәсілдерді қолдану;
• мұнай өндіруде қабаттардың мұнай бергіштігін жоғарлату үшін тиімді әдістерді енгізу;
• телемеханизация және автоматизация құралдарымен объекттерді қамтамасыз ету;
• еңбекті қоғау әне қауіпсіздік техника бойынша шараларын қамтамасыз ету.
4. Технологиялық дайындау технологиялық процесстерді жобалауын және іске асыруын қамтиды.
5. Құжаттық дайындау – алғашқа құжатқағаздарды қайта қарастыруын талап етеді. Олардың ішіне технологиялық карталар, операционды график бейнелер мен сұлбалар, машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелері мен инструкциялары кіреді.
6. Конструкторлық дайындау – машина мен тетіктердің алғашқы енгізілген клнструкцияларын жетілдіру, жаңа сапалы деңгейіне жеткізу жобалауымен тұжырымдалады.
Жалпы талабы – үлкен қуаты және шапшаңдылығымен, азайған габариттер және салмағымен, жоғарылатқан техникалық параметрлермен, автоматтандырылған және бақылау элементтерімен қамтылған конструкцияларды әзірлеу болып табылады.

Наши рекомендации