Электр құралдарын сөндіру

Жөнделінетін электр құралдарында барлық жағымен кернеу келетін жерлер сөндірлуі керек.

1000 В жоғары жүйелерде электр жүйесін көрінетіндей сөндіруден басқа, ажыратқыштарды да сөндіру керек.

1000 В дейінгі жүйелерде жабық аппараттармен сөндіріп қана қоймай сақтандырғыштардағы балқымалы қоспаларды алып немесе қоректендіру сымдарының шықпасын алып тастау керек.

Сөндіргіштер кездейсоқ іске қосылып кетпес үшін, олардың жетегі механикалық тимектермен бекіттеледі.

Алыстан қосу жетектерінде балқыма қоспалар электр магнитті қосу жүйесінен алынады.

Жұмыс істеу үшін, тек қана жұмыс істелінетін ток жүретін бөліктер ғана емес, егер ара қашықтық 15 кВ дейін 0,7 м 15-тен 35 кВ-та 1 м, 35-110 кВ 2,5 м болса, егер кернеу 220 кВ болса көршілес ток жүретін бөліктер де сөндіріледі. Кернеуі түсірілмеген ток жүретін бөлшектер, уақытша қоршаумен қоршаланады. 1000 В дейінгі электр қондырғыларда ток жүретін бөліктерге тасымалы жерлендіру қоймай, кернеу беріп қалатын жағдайда қосымша шара қолдынылатын, коммутациялық аппараттардың тұйықталу түйіспелеріне оқшаулайтын төстемелер (текстолит, гетинакс қою) жетекті құлыпқа жабу, қоректендіру сымдарын алып тастау жұмыстарын істеуге болады.

«Қоспандар-адамдар жұмыс істеп жатыр» деген тиым салу плакаттары сөндіргіш пен ажыратқыш тұтқасына, алыстан басқару кілттеріне ілінеді.

Егер де қосалқы станциядан шығатын жүйе жөнделіп жатса, жүйе ажыратқышының жетегіне сөндірілгеннен кейін «қоспанда – жүйеде» деген плакат ілінеді. 1000 В одан жоғары кернеулі қондырғының тоқтан ажыратылмаған бөлігі қоршауына «Тоқта-кернеу» атты ескерту плакаты ілінеді. Бұл кезде кернеу астындағы тоқ жүретін бөлікпен уақытша арасындағы арақашықтық: 15 кВ дейінге кернеуде 0,35 м; 0,6 м -15-те 35 кВ-қа дейін; 1,5 м-35 кВ-тан 110 кВ-қа дейін; номиналды 220 кВ-та - 2,5 м-ден кем болмауы керек.

Егер жұмыс ашық болу құрылғысында, жоғарыда болса конструкция көтерілу жерінде «осы жерден шық» деген белгілеу плакаты қажет.

1000 В дейін қондырғыларда жерлендіргіш тұйықтауыштарды алу, салу диэлектриктік қолғапта орындалуға болады.

Йымдастыру шаралары

Ұйымдастыру шараларына жұмыстың электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысты нарядпен жарлық жұмыс істеуге дайындау нарядта бригаданы жұмысқа кіргізуді көрсету, жұмыс кезінде қадағалау, жұмыстағы үзілістерді басқа жұмыс орнына ауысу, жұмыс бітуін бекіту.

Наряд бойынша жұмыс істеу жөнделетін электр қондырғыдан кернеуді толығымен не бөлектеп алу кернеу астында тұрған бөліктерге жақын тұрған құралдардың кернеуін түсірмеу арқылы жүргізіледі. Наряд дегеніміз-белгілі бекіттелген формада бекітілген, жұмыс орнын, жұмыстың басталу, аяқтау кезін, оның қауіпсіз жүргізу жағдайларын бригада құрамын, қауіпсіздікке жауапты адамды көрсететін жазба түріндегі тапсырма.

Кейбір жұмыстар жарлық түрінде жүреді.

Электр қондырғыларда жұмыс істетуге наряд беру кәсіпорының электротехникалық қызметкерлеріне беруге құқы бар. (Электрцех бастығы, пайдалану қызмет бастығы, мастер). Бұл адамдар наряд беру үшін, кәсіпорынның бас энергетигі, бас механигі арнайы бекіткен арнайы жаршықпен жүреді. Бұл адамдардың қауіпсіздік техникасынан V мамандырылған топ, ал 1000 В дейінгі құрылғыларда - IV топтан кем болмауы керек.

Электр қондырғыларда наряд не жарлық берген адам берілгін жұмысты орындауға, оның қауіпсіздігіне жауап береді сонымен қатар жауапты басшының жұмыс өндіруші, бақылаушының мамандығының жеткіліктігіне жауап береді.

Жауапты басшы (тобын) қауіпті жұмыстар орындаған кезде, бригада құрамы санына, құрамға кірген жұмыскерлердің мамандығы келетініне жауапты. Жауапты басшы жұмыс орнының дұрыс дайындалғанына, қауіпсіздік шараларының жеткіліктігіне жауапты электр қондырғыларда қарапайым сүлбелерде. Кернеу түсіріп, не бөлектей түсіру, тоқ жүретін бөлшектерден қашық жерде кернеу түсіру үшін, 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларда жұмыс істеу үшін жауапты басшы тағайындау қажет емес.

1000 В жоғары электр қондырғыларда жұмыс өндіруші не бақылаушының қауіпсіздік техникасынан IV, 1000 В дейін III топтан төмен болмауы керек, жұмыс орнын жұмысқа жіберушіден қабылдап алған соң, бригада жұмыскерлерінің қауіпсіздік шараларын дәл орындауына жауапты.

Наряд 2 данада жазылады, біреуі жұмыс өндірушіде, екіншісі берілген электр қондырғының қызметкерінде сақталады. Оперативті журналда жұмыстың басталуы, аяқталуы, наряд нөмірі көрсетіледі. Егер тұрақты кезекші қызметкер болмаса, екінші данасы наряд берген адамда қалады.

Жұмыс өндірушіге бір бригада, қосылыста жұмыс істеу үшін бір-ақ наряд беріледі.

Кернеу түсірілмейтін бір тектес жұмыстарға, егер олар бірінен кейін бірі істелсе де бір наряд жазылады. Берілген қосалқы станцияда не бөлу қондырғыларында кернеу түсірілген барлық жұмыстарға да бір наряд жазылады. Кернеу астындағы бір тектес жұмыстарға: электроөлшеуіш тістеуіштерімен жүктемені өлшеу, күш трансформаторы бактарынан сынауға май алу, май құю жатады.

Нарядтың жарау мезгілі 5 күннен артық емес. Егер жұмыс бірнеше күнге есептелсе, бригаданы күнделікті жұмысқа жіберу нарядтың «күнделікті жұмысқа жіберу, жұмыс біту уақыты, басқа жұмыс орнына ауыстыру» графасында жазылады.

Жөндеу бригадасын рұқсат дегеніміз - рұқсат етуші мен жұмыс өндіруші жұмыс орнының дұрыс дайындалғанын, бригада құрамын тексеру.

Одан кейін рұқсат етуші жұмыс орнын, көрсетіп салынған жерлендіргіштерді көрсетіп кернеу жоқтығын дәлелдейді, жұмыс орнынан жерлендірушілер көрінбесе - кернеу жоқтығын көрсеткішпен тексереді, ал 35 кВ, одан төменгі электр қондырғыларында тоқ жүретін бөліктерге тиісу арқылы. Сонымен қатар рұқсат етуші берілген электр қондырғының ерекшеліктері, қауіпсіз жұмыс туралы мәлімет жасап, нарядтың бір данасын жұмыс өндірушіге береді.

Жұмысты қауіпсіз істеуді бақылау жұмыс өндірушіге (не бақылаушыға) тапсырылып, ол жұмыс орнында бригадамен болуы қажет. Жұмыс орнында бір кісіге, оның ішінде жұмыс өндірушіге де қалуға болмайды.

Егер жұмыс өндірушіге кету керек болса, оның орнына жауапты басшы, наряд берген адам, немесе кезекші, орындаушы адам алмастыра алмаса, жұмыс өндіруші бригаданы электр қондырғы бөлмесінен шығарып, барлық есіктерді бекітіп жауып кетеді. Жөнделетін электр қондырғыда кернеу толығымен сөндірілсе, жұмыс өндіруші бригадамен бірге жұмыс істей алады. Егер жұмыс бөліктей түсірілген кернеу жүрсе, егер бригада мүшелері 6 адамнан аспаса, (жабық бөлу құрылғыларында) ал ашық бөлу құрылғыларында 10 адамнан аспаса бригада жұмысына араласа алады.

Бақылаушыға қандай жағдайда да бригада жұмысын қатысу рұқсат етілмейді, ол тек қана жұмыс істейтін адамдарды бақылап, олардың қауіпсіздік ережелерін бұзбауын қадағалайды. Түскі тамаққа үзіліс нарядта көрсетілмейді. Түскі үзіліс кезінде бригада толығымен шығарылып, бөлме жабылады. Наряд пен кілт жұмыс өндірушіде (бақлаушыда) қалады.

Жұмыс өндіруші, бақылаушының рұқсатынсыз бригада мүшелерінің бірде-біреуі жөнделетін электр қондырғы не ашық бөлу қондырғы бөлмесіне кіре алмайды.

Жұмыс күні соңында жұмыс бітпей қалса, жұмыс орны жиналып, қойылған жерлендірушілер, тасымал шарбақтар плакаттар өз орнында қалады бригадасын жұмыс орнына кіргізу, кезекші қызметкер жұмыс өндірушімен жұмыс орнын тексергеннен кейін рұқсат етіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік жағдайын сақтау тексеріліп нарядта, оперативті журналға жазылады. Бір нарядпен бірнеше жұмыс істегенде әр ауысым нарядта жазылады. Барлық жұмыс орны жұмыс басталғанға дейін дайындалып, жауапты қызметкер не жұмыс өндірушінен қабылдануы керек. Әрбір жаңа орынға рұқсат ететін электр қондырғының кезекші қызметкері.

Наряд бойынша жұмыс толығымен біткеннен кейін, жұмыс орны бригада мүшелерімен жиналады, жауапты басшы қарап, нарядқа жұмыс біткенін жазып қол қойып, кезекші қызметкерге тапсырады. Тасымал жерлендірушілерді, уақытша қоршауларды алып, тұрақты қоршаулар қойғаннан кейін нарядты жауапты адам қол қойып жабады.Қондырғына қосу, наряд жабылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Наши рекомендации