Дәріс 10. Ішінара бақылаулар түрлері

Механикалық сұрыптауда жалпы жиынтықтан бірліктер онда анықталған орналасуынан бірдей аралықтары арқылы (алфавит бойынша, кеңістікте, уақыт бойынша көріну тізбегі) іріктеледі.

Механикалық іріктеуді ұйымдастыруда екі мәселе туады:

· арасындағы арақашықтық);

· есепті бастайтын бірлікті таңдау.

«Есептеу қадамы» жалпы жиынтықтың санын сұрыптау жиынтығының санына бөлу жолымен анықталады: .

Құрама сұрыптауда сұрыптаудың бірнеше тәсілін пайдаланады. Мысалы, сериялы және кездейсоқ сұрыптауларды құрап қарастыруға болады. Бұл жағдайда, жалпы жиынтықты серияларға (топтарға) бөліп және керек болған сериялар санын таңдап алып, сериядағы бірліктердің кездейсоқ сұрыптауын жүргізеді. Мұндай құрама сұрыптау қайталанатын (топтар және бірліктер үшін) және қайталанбайтын болуы мүмкін.

Көпсатылы сұрыптауда жалпы жиынтықтан әуелі бірліктердің күрделенген топтарын, одан кейін көлемі бойынша кішілерін қашан бақылауға түсетін бөлек бірліктер немесе топтар таңдалынып алынғанша жүргізіледі. Сұрыптау екісатылы болуы мүмкін: жалпы жиынтық топтарға бөлініп, топтарды іріктеу жүргізіледі, ал содан кейін топ ішінде бақылаудың бірліктері іріктеледі. Әр сатыда іріктеу кездейсоқ ретпен жүргізілуі мүмкін.

Барлық топтарды қамтитын іріктеу жүргізілетін типтік іріктеуден айырмашылығы, көпсатылы іріктеуде топтардың өзі іріктеуден өтеді, демек олардың барлығы сұрыптауға түсе алмайды.

Көпфазалы сұрыптау дегеніміз бір мәліметтері барлық бірліктерден жиналып, сосын тағы да кеңейтілген бағдарлама бойынша зерттелетін кейбір бірліктер іріктелетін ішінара жиынтығы құралатын сұрыптау. Көпфазалы сұрыптау қателігін есептеу әр фаза үшін бөлек жүргізіледі.

Кезеңдік бақылау әдісі жұмыс уақытының шығын құрылымдарын, жабдықтардың пайдалану мінездемелерін алу үшін қолданылады. Әдістің мазмұны алдын-ала белгіленген немесе кездейсоқ таңдалған уақыт кезеңіндегі бақыланатын бірліктердің жағдайын периодты түрде тіркеуден тұрады. Бұл кезде алдын-ала процестің мүмкін болған барлық жағдайларының немесе уақыт шығынының түрлерінің тізімі жасалады. Бақылау аяқталғаннан кейін зерттеуші әр жағдай немесе түрлері бойынша бақылаудың жалпы санындағы уақыт шығынының бағалар үлесін санайды; мұнда берілген жұмыс түріне жұмсалған уақыт үлесі бақылаудың жалпы санындағы жұмыстың орындалу барысындағы кезеңдердің үлесінің жәрдемінде бағалануы мүмкін деп есептелінеді.

Дисперсиялық талдау бір немесе бірнеше факторлық белгілердің нәтижелік белгіге ықпалын зерттейтін әдістердің бірі болып табылады. Факторлардың санына байланысты дисперсиялық талдау бірфакторлы және көпфакторлы болып бөлінеді. Төменде бірфакторлы кешен үшін дисперсиялық талдаудың қолданылуы қарастырылған.

Дисперсиялық талдау негізінде зерттелінуші белгінің жалпы вариациясын оның пайда болу көздерін екі түрлі вариацияға бөлу жатады:

· фактор-белгінің өзгеруіне негізделген жүйелік вариация;

· әр түрлі, кездейсоқ, берілген жағдай факторларына байланысты емес қалдық (кездейсоқ) вариация.

Бұл вариацияларды айыру үшін бақыланған бірліктердің барлық жиынтығын факторлы белгісі бойынша топтарға (кластарға) бөледі және топтар бойынша нәтижелік белгінің орташаларын есептейді.

Топтық орташалар

жалпы орташалар

бұл жердегі топтағы белгінің жеке мәндері;

ni – топқа енетін бірліктер саны;

n – бақылаулардың жалпы саны.

Егер топтық орташаларды салыстыру олардың деңгейінде нақты айырмашылықтар көрсететін болса, онда бұл айырмашылықтардың маңызды екенін және олар фактор-белгінің ықпалымен болғанын анықтау қажет.

Бұл сұраққа жауап алу үшін дисперсияның екі көрсеткішін анықтайды:

1) жалпы орташаның төңірегінде топтық орташалардың тұрақсыздығы көрсеткіші (топаралық дисперсия);

2) қалдық, топішілік дисперсия. Алынған көрсеткіштерді салыстырып, нақты дисперсиялық қатынас алады:

Дисперсиялық талдауда топаралық және топішілік дисперсияларын ауытқулардың квадраттарының қосындысын еркіндік дәрежесінің санына бөлу жолымен анықтайды.

бұл жердегі ni – топтағы бірліктер саны;

К1 = m – 1;

m - топтық орташалар саны.

бұл жердегі К2 = n – m.

Р.Фишердің Ғ-бөлістіру кестесі бойынша (5-қосымша) нақты маңыздылық деңгей (немесе сенімділік ықтималдық) және еркіндік дәрежесінің саны (К1 және К2) үшін кестелік дисперсиялық қатынастар (Ғкесте) анықталады.

Егер Ғесеп > Ғкесте болса, онда фактор-белгінің ықпалы туралы болжам орындалады деп есептелінеді.

Наши рекомендации