Ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 3 страница

Амальгаманда жылу өткізгіштік өте жоғары. Жоғарыда аталған зиянды факторлардың әсерін төмендету үшін аралық төсемдерді қолданады. Бүгінгі таңда стоматологияда барлық аралық төсемдерді базалық және жұқа қабатты аралық төсемдер деп екіге бөледі.

Базалық аралық төсемдерді тұрақты пломбаның негізі ретінде қалыңдығы 1 мм және одан қалыңдықта төсем ретінде қолданады. Бұндай төсемдер тісжегі қуысының геометриясын қайталауы керек және ұлпаны температуралық, химиялық тітіркендіргіштерден қорғай отырып, кіреуке дентин шекарасына дейін қойылады. Олар тұрақты материалдардың қолданылуын кәдімгідей үнемдейді. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында, әсіресе эстетика жағын еске алатын болсақ, төсем ретінде жартылай жылтыр түсті әмбебап материал немесе дентинге ұқсас материал қолдану дұрыс болады.

Базалық төсемдер ретінде минералды және полимерлі цементтер, ал соңғы жылдары компомерлер мен композиттерді кеңінен қолдануда.

Жұқа қабатты төсемдер – бұл лактар және полимерлі жабысқақ жүйесі. Лактарды қайта қалпына қелтіру стоматологиясында органикалық еріткіште ерітілген полимерлі шайырлар деп атайды. Лакты тісжегі қуысына енгізгеннен кейін ерітінді булануға ұшырайды және тісжегі қуысының қабырғалары мен табанына жұқа қабық ретінде жауып тұратын шайыр түзейді.

Лайнерлердің құрамында гидроксид кальций, фторид натрий немесе мырыш тотығы сияқты емдік қоспалар болады. Лайнерлерден кальций, фтор иондары цементтермен салыстырғанда, әсіресе қатаймайтын қойыртпақтарға қарағанда көп бөлінбейді.

Лактарды және лайнерлерді екі қабаттап жағады. Қазіргі кезде стоматологияда тіс тіндеріне биологиялық үйлесімділігі мен жабысуы өте жоғары болуына байланысты шыныполиалкенатты цементтерді және жабысқақ жүйені кеңінен қолданады. Сондықтан лактар мен лайнерлер өте аз қолданылады. Амальгама пломбасының астына аралық төсем ретінде цинк фосфаттың цементті қою кезінде оның құрамындағы ортофосфорлы қышқылының ұлпаға зиянды әсер етуінен қорғау үшін, «Air Flow» ауалы –абразивті аспаппен тістерді тісжегі қақтарынан тазалау кезінде пайда болатын жоғары сезімталдықтың алдын алу үшін алдыменен қуысқа немесе тіс мойындарына арнайы аралық лактар жағылуы керек.

Бүгінде аралық лактар ретінде «Cavalite»,«Amalgam Liner», «Silcot», Pupidor» материалдары кеңінен қолданыс тапқан..

Полимерлі жабысқақ жүйені аралық төсем ретінде қолдану, әсіресе қайта қалпына келтіру стоматологиясында бүгінгі таңда кеңінен қолдану ― классикалық аралық төсемдердің маңызы мен оның орнын қайта қарау керектігін тудырып отыр.

Шыны толықтырылған жабысқақтық жүйе дентин түтікшелерін және майда саңылауларды толықтай, тығыз жаба отырып, ұлпаға зиянды әсер ететін факторлардың және микроорганизмдердің енуіне жол бермейді.

Сондықтан заманауи жабысқақтық жүйе егеп- тазалаудан кейін тіс ұлпасында пайда болатын сезімталдықты және қайта дамитын тісжегінің дамуын жояды.

3.12.3. МИНЕРАЛДЫ ЦЕМЕНТТЕР.

Цементтер — сумен немесе сулы ерітінділермен араластырылатын ұнтақ қоспалар.

Цинк --фосфатты цемент. Стоматологияда бұл цементтің қолданылу тарихы әріде жатыр. 1880 жылы Ward ұнтағы 81% цинк тотығынан және 19% алюмосиликаттан тұратын, судағы фосфорлы қышқылдың ерітіндісін ұсынған. Бұндай цемент құрамына натрий фосфаты кіреді. Заманауи цинк фосфат цементінің ұнтағының құрамы 80-90 % цинк тотығынан, 10 % магний тотығынан, 5 %-ға дейін кремний тотығынан, 1% -алюминий тотығынан тұрады.

Сұйықтығы 52–60% ортофосфор қышқылы (Н3РО4) мен алюминий мен цинк тотығы гидратын құрайтын қоспадан тұрады. Сұйықтықтың қалған бөлігі судан тұрады.

Цинк –-фосфатты цементтен аралық төсем қояр алдында егеп-дайындалған тісжегі қуысын дентин үгінділерінен жуып, ауамен кептіріп алады. Шынының тегіс бетінде ұнтақ пен сұйықты 3:1 қатынасында (бір тамшы сұйыққа 0,15 г. ұнтақ) хром-никельді құймамен (қоспамен) көмкерілген қалақшамен қоюлау қамыр консистенциясына дейін араластырады да, бөлшектеп тісжегі қуысына апарып табанына , қабырғаларына кіреуке-дентин шекарасына дейін нығыздағышпен (штопфермен) нығыздай отырып, жұқалап және жаймалап төсейді. Аралық төсемнің қалыңдығы ― 0,5-1 мм аспау керек.

Егер аралық төсем кіреуке-дентин шекарасынан жоғары төселсе, ол тұрақты пломбының жиектік жабысуын төмендетеді және аралық төсемнің ауыз сұйығында оңай еруіне байланысты пломбының төңірігінде саңылау пайда болады. Аралық төсем қойылып жатқан кезде қуысқа сілекей құйылмау керек, ол төсемнің жабысуын және сапасын нашарлатады.

Цинк-фосфатты цемент араластырылғаннан кейін цинк тотығының фосфор қышқылымен араласуы кезінде фосфат цинктің түзілуі нәтижесінде қатаяды.

рН бейтараптық мәнін алу үшін біршама уақыт қажет. Цементтің сұйық консистенциясы бейтараптану үшін біраз уақыт керек болады, ал бұл ұлпаға тітіркендіргіш және улы әсер етеді. Цементті араластыру оның сапасына және қасиетіне әсер етеді. Сұйық цемент шпателмен 1 см бірге созылып барып үзілетін болса, онда бұл араластырылған цементтерді жасанды сауыттарды бекітуге қолданады. Одан қоюырақ араластырылған цементтерді аралық төсем ретінде немесе уақытша пломба ретінде қолданады.

Цинк –-фосфатты цементтерге бактерицидтік қасиет беру үшін олардың құрамына металлдар және тұздар қосады: құрамында күміс бар фосфат-цемент, бактерицидті фосцин, Аргил, Диоксивисфат, Висфат-цемент. Классикалық фосфат цементтер тобына DeTrey Zink, Adhesor, Harvard Cement жатады..

Цинк-эвгенолды цемент. Мұндай цементтерді қолданар алдында жасайды немесе даяр түріндегі цементтер болады. Уақытша пломба ретінде және көпір тәрізді протездерді, жасанды сауыттарды бекіту үшін қолданады.

Эвгенолдың антимикробтық және аздап тітіркендіргіштік әсер етеуі ұлпадағы репаративті үдерістерді жақсартады. Құрамында эвгенол бар материалдарды композиттік материалдарды қолдану кезінде қолдануға болмайды. Себебі, эвгенол органикалық матрицаның қатаюын тежейді. Эвгенол тотығады, сондықтан оны тығыз, жақсы жабылатын, түсі күңгірт арнайы шыны құтыда сақтау қажет. Эвгенолдың түсі ақшыл –сары түсті.

Эвгенолдың түсінің өзгеруі (қоңыр түске) оның тотықтануының, яғни тотығуының белгісі болып табылады. Цинк-эвгенолды цементке Kalsogen Plus, Cavitec жатады..

Силикатты цемент. Бұл топтағы цементтердің ұнтағының құрамында 47% дейін кремний оксиді, 35% дейін алюминий оксиді, 15% фторлы натрий, 3-15% кальций оксиді, 0,2-1,5% магний оксиді кіреді. Сұйығы – мырш тотығы және алюминий су тотықтармен жартылай бейтараптандырылған орто-мета-пирофосфор қышқылдарының судағы ертіндісі. Силикатты-цементтің өкілдері: силицин, силицин-2, алюфритекс, силикап, модент. Құрмында кремний тотығының басым болуына байланысты силикатты-цемент тіс кіреукесіне түсі жағынан жақындау. Сондықтан басқа пломбылық материалдар болмаған жағдайда (ауылды жерлерде немесе қаражат жетіспеушілігі кезінде) оны III, IV, және V класты тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Ұлпаға зиянды әсері болғандықтан, пломбының астына міндетті түрде аралық төсем салынады.

Силикофосфатты цемент. Бұл цементтер силикатты және фосфатты цементтердің ұнтақтарын араластыру арқылы алынады. Аралас ұнтақтың 80% силикатты цементтің, 20% фосфатты цементтің ұнтағынан тұрады. Сұйығы – фосфор қышқылдарының (орта-мета және пирофосфор қышқылдарының) қоспасы (жартылай бейтараптандырылған) силикаттыфосфаттты цементтердің қолдану аялары тар. Соңғы кезде шығарылып жатқан композиттік материалдар бола бермейтін ауылдық жерлерде, қаражат тапшылығын көп тартатын адамдардың бұзылған тістеріндегі I, II және III класты (ерін жақ бетінде кіреуке сақталған жағдайда) тісжегі қуыстарын және жасанды сауыттармен жабылатын тістердегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Бұл цементтердің өкілдері: силидонт, силидонт-2, люмикон, лактодонт және инфантид (сүт тістері үшін).

Поликарбоксилатты цементтер. Поликарбоксилатты цементтер (ПКЦ) өткен ғасырдың 60-шы жылдарында шығарылған. Ұнтағы – магний тотығы қосылған мырыш тотығы (фосфатты-цементке ұқсас). Ал сұйығы – полиакрил қышқылының 30 -50% судағы ертіндісі. Физикалық-механикалық қасиеті жағынан цинкфосфатты-цементтерге ұқсас, тіс тіндеріне жақсы жабысады, сұйықта аз ериді, биологиялық сиымдылығы жоғары, тіс тіндерімен химиялық байланысқа түсе алады, ұлпаға зиянды әсері жоқ.

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 3 страница - student2.ru Қолданар алдында ұнтақ пен сұйықты шыны бетінде бірден араластыруға кіріседі. Дұрыс араластырылған цемент қою және аздап созылғыш, беті жылтыр болады. Тісжегі қуысына бір бөлікпен ғана апарылып, қуыс қабырғасына жаймалана жабыстырылады. Араластыруға және қуысқа қою уақыты – 3 минөттен аспауы керек, жіпше созыла бастаған цементті пайдалануға болмайды. Қатайған цементтің артық бөлігін аршығыштың көмегімен алып тастайды.

Поликарбоксилаттық цементтер аралық төсемнен басқа ортопедиялық және ортодонтиялық конструкцияларды бекіту үшін, сүт тістерін және жасанды сауыттармен жабылатын тістерді пломбылау үшін қолданылады.

Шетелдік өкілдері: « Carboxylate Cement » , « Durelon », « Harvard CC », « Carboco ».

Кейінгі кезде суға араластырылатын түрлері де шығарылуда. Мұндай цементтерде лиофилденген полиакрил қышқылы ұнтақтың құрамына кіреді. Цементті суға араластырған кезде қышқыл ериді де, гель-матрица құра отырып, химиялық реакцияға қатынасады. Суға араластыратын цементтің өкілдері: “Poly-F-Plus”, “Aqualox”.

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 3 страница - student2.ru Шыныполиалкенатты цементтер. Шыны иономерлі цементтер (ШИЦ) өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады, қазіргі кезде тұрақты реставрациялаушы материалдар шығару мақсатында олардың құрамдары жетілдіріліп, түрлендірілуде. Шыны иономерлі цементті 1971 жылы алғаш ойлап тапқан Wilson. Ұнтағы құрамында әртүрлі қатынастағы кремний: алюминий және фтор: алюминий бар ұсақталған алюмосиликатты шыны. Сұйығы үшін қолдану мақсатына байланысты бірде дистилденген су немесе полиакрил қышқылының 50% судағы ертіндісі пайдаланылады. Иономерлі цементтер дентинге биологиялық ұқсастығына байланысты, тіс тіндеріне зиянды әсер көрсетпейді және ұлпаны пломбылық материалдардың зиянды ықпалынан сақтайды. Алғашқы шыны иономерлі цементті 1970 жылдары АҚШ тың «De Trey» фирмасы «ASPA-IV» деген атаумен шығарды.

Осыдан бастап стоматологияда 80 жылдай басымдылық танытып келген силикатты цементтерді шыныполиалкенатты цементтермен алмастыра бастады.

Иономерлі цемент тіс тіндерінің жақсы тазаланған және табиғи ылғалды бетіне жақсы жабысады. Цементтің дентинге жақсы жабысу қасиетін коллаген талшықты органикалық негізбен кальцийдің иондық бірігуінің (қосылысының) нәтижесі деуге болады. Пломбылық материалдың қатаю уақыты – 4 минут, көлемінің кішірею мөлшері 0,1 % (көбіне араластыру сапасына байланысты). Иономерлі цементтердің құрамындағы фтор тіс тіндеріне толассыз бөлініп тұратындықтан, екіншілік немесе салдарлық, яғни қайталама тісжегінің даму мүмкіндігі азаяды. Иономерлі цементтердің құрамына барий шынысын немесе металлдарды қосу олараға рентгенконтрастылық береді.

Ұнтақтар көлемінің әртүрлі болуы олардың қолдануына тікелей байланысты. Қайта қалпына қелтіруге арналған полимерлі цементтер ұнтағының көлемі 40 мкм, ал ортопедиялық қондырғыларды бекітуге арналған ұнтақ көлемі 25 мкм болса, аралық төсем ретінде қолданатын полимерлі цементтердің ұнтағының көлемі 5мкм болып келеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің негізгі қасиеттері. Полиалкенатты цементтердің қасиеті материалдың химиялық құрамымен анықталады және оның кемшіліктері мен артықшылығын сипаттайды.

Шыныполиалкенатты цементтердің тістің қатты тіндерімен жабысуы қосымша механикалық пломбалық ретенциясыз өте нашар болып келеді.

Материалдың тістің қатты тіндерімен химиялық байланысы материалдың тіндермен тек тығыз байланысуында ғана емес, оның тіс тіндерімен байланыса отырып тығыз жанасуын қамтамасыз етуі болып табылады.

Шыныполиалкенатты цементтің кіреукемен байланысы 7МПа, ал дентинмен байланысы -1МПа құрайды. Мұндай химиялық жабысу байланысы тістің қатты тіндеріндегі эрозиялық зақымдануды қалпына келтіруге, сына тәрізді ақауларды, III және V класс тісжегі қуыстарын, тіс түбіріндегі тісжегі қуыстарын пломбылауға, сандвич техника кезінде [w45] базалық төсем ретінде қолдануда мүмкіндік туғызады. Осы мәселелерді шешу үшін екі компонентті эстетикалық шыныполиалкенатты цементтерді қолданған дұрыс болады. Бұл цементтер құрамына арнайы дисперсілі шынылар қосылып, құрамындағы кремний тотығы көбейтілген. Міне, осыған байланысты олардың эстетикалық қасиеті жақсарды, бірақ қатаю уақыты жоғарылап, беріктігі төмендеді.

Нығайтылған шыныполиалкенатты цементтер құрамында (күміс амальгамасының ұнтағы) беріктілігін нығайтатын әртүрлі қоспалар болады.

Нығайтылған цементтердің қолдану көрсеткіштері:

1. Сүт тістердегі I–II класты тісжегі қуысын пломбылауға;

2. Тұрақты тістердегі өте үлкен емес I класты тісжегі қуысын пломбылауға.

3. Азутістедегі түбір тісжегі қуысын пломбылауға.

4. 1 жылға дейін уақытша пломба ретінде қоюға.

5. Протездеу алдында тістің бөлігін қалпына келтіру үшін.

6. Бүйір тістерді егеп- тазалаусыз ART тәсілін қолдана отырып емдеуде.

7. Сандвич техника кезінде базалық төсем ретінде қолдануда.

Бүгінгі кезде стоматологиялық нарықта тұрақты бүйір тістерді және сүт тістерді пломбылауға, тіс сауыттарының тұқылын жасанды сауыт кигізу алдында қалпына келтіруге арналған беріктілігі жоғары нығыздалған және шыңдалған шыныполиалкенатты цементтер пайда болды.

Өздігінен қатаятын классикалық шыныполиалкенатты цементтер деп құрамында минералды реактивті ұнтақ және полиакрил қышқылы негізінде жасалған сұйықтық бар цементтерді атайды. Олар:Fuji I,Lonobond, Ketak-Cem, Дентис.

Отандық Дентис цементінің беріктігі жақсы, қышқылдық эрозияға берік, жұмыс істеуге қолайлы материал. Зерттеу нәтижелері «Дентис» материалын ешқандай қорғаныс жабындысыз қолдануға болатынын дәлелдеді.

Шыныполиалкенатты цементтерді жетілдіре отырып буданды үштік қатаю технологиясы бар «Vitremer» материалы қолданысқа ұсынылды.

•Полимерлі матрицаның сәулемен қатаюы полимеризатормен қатайту кезінде жүреді.

• Полимерлі матрицаның химиялық қатаюын шағын капсуладағы ұнтақтағы патенттелген катализдік жүйе қамтамасыз етеді. Ұнтақты сұйықтықпен араластыру кезінде катализатордың белсенділігі артады.

Полимерлі матрицаның химиялық қатаю механизмі пломбаның барлық аймақтарының сәулесіз толық қатаюын қамтамасыз етеді. Міне, сондықтан материалды қабаттап салуды қажет етпейді және уақытты үнемдейді.

•Классикалық шыныполиалкенатты қатаю реакциясы барлық шыныполиалкенатты цементтерге тән және қатаю үдерісі тәулік бойы созылады. Ұнтақ және сұйықтықтың жоғарғы қатынасы Vitremer материалының беріктіліктігін арттырып, оның шытынап сынуынан қорғайды.

Жұмыс істеу уақытының ұзаруы, материалдың арнайы капсулада болуы материалды қуысқа енгізуге және пломбаға тіс пішінін беруге мүмкіндік туындатады. Материал 40 сек қатаяды.

Шыныполиалкенатты жүйедегі буданды Vitrimer материалын қолдану көрсеткіштері:

•Ересектерде III–V класты тісжегі қуысын эстетикалық пломбылауға арналған.

•Тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа зақымдану, эрозия, сына тәрізді ақауларын пломбылау:

•Сүт тістердегі барлық кластар бойынша орналасқан қуыстарды.

•Геронтостоматологияда тістерді пломбылауға..

•Тіс сауыттарын қалпына келтіруге.

• Сандвич техника кезінде базалық төсем ретінде қолдануда.

«Vitremer» цементі басқа шыныполиалкенатты цементтер сияқты ауыз қуысы гигиенасы нашар пациенттерде тіс түбірлерінің ақауларын пломбылауға, тісжегінің жоғары деңгейде қайталануы кезінде қолдануға болады.

Vitremer» цементінде негізгі алты түсі (А3, А4, В2, В3, С2, С4) және сүт тістерді пломбылауға арналған ақшыл реңкі түс Р (Pedo), жасанды сауыт астына тұқыл жасауға арналған көкшіл түсі В (Blue) бар.

Барлық шыныполиалкенатты цементтер композиттік материалдармен хелатты және сутекті байланыс жасау қабілеті арқылы жабысуды жақсы қамтамасыз етеді.

Шыныполиалкентты цементтердің негізгі қасиеті фтортәуелді тісжегі статикалық әсер. Бұл әсердің негізі пломбылау және материалдардың қатаюы кезінде өзінен фторды бөлуі және тіс тіндері мен пломбалық материал арасында фторқұрамдас апатиттер қабатының түзілуі болып табылады.

Фтор иондарының бөлінуі бірінші фаза - еру фазасында басталады. Ұнтақ және сұйықтықты араластыру кезінде ұнтақтың фторқұрамдас бөлшектері ери бастайды. Фтордың бөлінуі иондар тасымалдануының барлық кезеңдерінде жүреді және 24 - 48 сағатқа дейін созылады, ал 72 сағаттан кейін оның бөлінуі азая бастайды. Міне, сондықтан қатайған цементте 1 ай ішінде азайған көлемде фторидтің қоры құрылады. Содан кейін 1 айдай фторидтің құрамы өте төмен, аз көлемде сақталады. Кейінірек келе қатайған материал құрамындағы фтор тұздары «қорының» еруі нәтижесінде фторидтер құрылады. Пломба көлемінің кішіреюі ауыз сұйықтығы әсерінен шайылып кетуден, ас қабылдау және тістерді тазалау кезіндегі қажалудан болатынын естен шығармау керек. Барлық осы механизмдер материал құрамындағы фтор ионының бөлінуіне ықпал етеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің ең бір қызықты сипаттамасы ― фтор иондарының адсорбциялануы болып келеді. Шыныполиалкенатты цементтер құрамында фтор бар материалдармен жанасу кезінде фтор иондарымен қанығатыны туралы мәліметтер бар. Фтордың бөлінуі фторқұрамдас материалдың көлеміне тікелей байланысты. Міне, сондықтан аралық төсем ретінде жұқа қабатпен төселген материалдарда фтор ионының өте аз болуы осылай түсіндіріледі.

Шыныполиалкенатты цементтердің бактерияға қарсы қасиеті бар. Бұл пломбадан фтордың бөлінуіне байланысты. Шыныполиалкенатты цементтен қойылған пломбаның бетінде цинк фосфаттан қойылған пломбаға қарағанда микробтардың аз болуы ― бұған дәлел.

Шыныполиалкенатты цементтерде жоғары биологиялық үйлесімдік бар.

Міне, сондықтан оларды аралық төсемсіз немесе аралық төсем ретінде қолдануға болады. Бастапқыда араласқан цементте жоғары қышқылдықтың сақталуына байланысты ұлпаны аз мөлшерде болса да тітіркендіру болатындықтан, терең тісжегіні емдеу кезінде кальций құрамдас материалдардан емдік төсем қоя отырып пломба қоюды ұмытпау керек.

Температуралық кеңею және жылу өткізігштігі тістің қатты тіндерінің температуралық кеңеюі коэффицентіне сәйкес, ал шыныполиалкенатты цементтің жылу өткізгіштік коэффиценті дентиннің жылуөткізгіштігіне сәйкес келеді.

Шыныполиалкенатты цементтердің кемшіліктері:

•Жетілмеген цементтердің алғашқы 24 сағ толық қатаюы кезінде суда еріп кетеді;.

•Цементтердің қажалуы төмен болуына байланысты жоғары окклюзиялық салмақ түсетін аймақтарда қолдануға болмайды.

•Шыныполиалкенатты цементтердің эстетикалық сипаттамасы композиттерге қарағанда нашарлау. Цементтердің жоғары жылтырлығы болуына байланысты материал мен тіс тіндері арасындағы оптикалық шекараны жою қиынға түседі.

•Пломба беті дұрыс тегістелмейді және тіс түсіне сәйкестендірілуі қиын. Т

•Қатаю кезеңі кезінде ылғалға өте сезімтал. Пломбыланатын қуысты қатты кептіру ― шыныполиалкенатты цементтердің гигроскопиялық кеңеюін төмендетеді және материалдың тістің қатты тіндеріне жабысуын нашарлатады.

•Жұмыс мерзімінің қысқа болуына қарай толық қатаю мерзімінің ұзақ болуы.

Материалдың толық қатаю мерзімі 1,5-3 минут. Цементтің толық қатаюы ― 24 сағат. Сондықтан қайта қалпына келтіруден кейін материалдың тек артығын ғана алып тастау керек. Жылтырату және тегістеу келесі күнге қалдырылады.

ШЫНЫПОЛИАЛКЕНАТТЫ ЦЕМЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

•Классикалық немесе суда қатаятын шыныполиалкенатты цементтер барысында тісжегі қуысының қабырғаларын цементтің тіс тіндерімен химиялық жабысуын жақсарту үшін алдын ала кондиционерлеу керек. Бұл үшін 10–25% полиакрил қышқылының судағы ерітіндісін қолдану керек (conditio ner). Кондиционерді тісжегі қуысының қабырғаларына арнайы аппликатормен жағып, 30 секундтан кейін пистолеттегі сумен жуып кептіреді. Қуысты қатты кептіріп алмау керек. Тісжегі қуысын кондиционермен өңдеу арқылы дентин бетін майланған қабаттан тазалайды және бұл кезде кіреуке және дентиннің минералсыздануы болмайды.

Буданды шыныполиалкенатты цементті арнайы құрамында гидрофилді полимерлі компоненті бар жабысқақ жүйемен қоса қолданады.

•Цементті араластыру кезінде пломбалық масса қойыртпақ тәрізді болуы керек. Даяр болған пломбалық массаның беті жылтыр болуы цементті тіс тіндерімен химиялық жабысумен қамтамасыз ететін бос радикалдардың түзілуі болып табылады. Егер массаның бетінде жылтырлық болмаса ондай массаны қолдануға болмайды.

•Пломбаның қатаюы дентиннің аздап ылғалды жағдайында және сырттан ешқандай ылғал түспеу жағдайында жүргізіледі, материалдың борпылдақтығын азайтады.

•Цементтің резіңке тәрізді консистенцияға жетуі кезінде барлық мүсіндеу жұмысын доғару керек. Егер осы жағдайда мүсіндеуді жалғастыратын болса ― пломба түсіп қалады.

•Біріншілік өңдеуді және мүсіндеуді 5 минуттан кейін өткір скальпельмен (қандауырмен) немесе кіреуке пышағын қолдана отырып жүргізеді. Кейбір жағдайларда ғана цементтің күйіп кетпеуін қадағалай отырып алмазды борлармен жүргізеді.

Наши рекомендации