Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі

Зертханалық жұмыс

ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҮСІРІС ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН

КАМЕРАЛДЫҚ ӨҢДЕУ

6.1. Жұмыстың мақсаты.Тахеометриялық түсіріспен танысу, үйрену.Тахеометриялық түсірістің нәтижелерін камералдық өңдеу.

6.2. Керекті құралдар:теодолит, штатив, рейка,тахеометриялық түсірістің журналы, абрис, тахеометриялық кесте, инженерлік калькулятор, абрисі, топографиялық транспортир, немесе тахограф, сызғыш, калька, план сызатын қағаз.

Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі

Нәтижесінде жергілікті жердегі ситуация (мән-жайы) және жер бедері кескінделген үлкен масштабтағы топографиялық план дайындалатын түсірісті тахеометриялық түсіріс деп атайды.

«Тахеометрия» - «тез өлшеу» деген грек сөзі, яғни жер бетіндегі нүктенің жағдайы, оған орнатылған рейкаға аспаптың дүрбісін бір көздеу арқылы анықталады.

Тахеометриялық түсіріс техникалық теодолиттермен, немесе тахеометрлердің көмегімен орындалады. Тахеметриялық түсіріс кезінде жер бетіндегі нүктелердің кеңістіктегі полярлық координаталары (b - горизонталь бұрыш, n - вертикаль бұрыш, D – аспаптан түсірілетін нүктеге дейінгі қашықтық) анықталып, планға түсіріледі. Түсіріс кезінде бастапқы бағытпен жағдайы анықталатын нүктенің арасындағы горизонталь бұрыш аспаптың горизонталь дөңгелегінің көмегімен, вертикаль бұрыш аспаптың вертикаль дөңгелегінің көмегімен, арақашықтық – аспаптың дүрбісіндегі қашықтық өлшегіштің көмегімен анықталады, яғни нүктелердің пландық жағдайы полярлық тәсілмен (b, d - координаталарымен), ал биікайырымдары – көлбеу көздеу сызығымен орындалатын - тригонометриялық нивелирлеу тәсілімен анықталады.

Төмендегі 6.1 – кестеде келтірілген тахеометриялық журналдағы келтірілген түсірістің нәтижелерін камералдық өңдеу келесі ретпен орындалады:

1.Станциядағы вертикаль дөңгелектің нөл орнын МО анықтау

МО = , (6.1)

мұндағы КП – вертикаль дөңгелектің «оң» жақта тұрған кезіндегі есептеу; КЛ - вертикаль дөңгелектің «сол» жақта

тұрған кезіндегі есептеу.

2. Станциядан пикеттерге дейінгі ұзындықтардың көлбеу бұрыштарын n анықтау

n=КЛ - МО

n=МО - КП (6.2)

КЛ және КП - вертикаль дөңгелектен алынған есептер.

3. (6.3) және (6.4) формулаларына сәйкес жасалған тахеометриялық кесте арқылы ұзындықтардың горизонталь проекциялары – d және биікайырымдары h анықтау

d=L×cos2n ; (6.3)

h=d×tgn , (6.4)

мұндағы L – қыл жіпті қашықтық өлшеуішпен анықталған ұзындықтар. Олар тахеометриялық журналдың 2 графасында жазылған. Анықталған d және h - тың мәндері журналдың 6 және 7 графаларына жазылады (6.1-кесте).

4. Пикеттердің абсолют биіктіктері (6.5) формуласымен анықталады.

Нiст+hi (6.5)

мұндағы Нст - станцияның абсолют биіктігі;

Нi - пикеттің биіктігі;

hi - станция мен пикеттің биікайырымы.

6.4. Тахеометриялық түсірістің планын сызу

Тахеометриялық түсірістің планын сызу келесі ретпен орындалады (6.1 – кесте және 6.1 - сурет).

1) Мөлшері 20х30 см-лік сызба сызатын қағазға 1:1000 масштабта координаталық тор сызылады да I және II пункттер планға түсіріледі.

2) Транспортир және көлденең масштаб, немесе тахеограф арқылы пикеттік нүктелер планға салынып, әрқайсысының жанына нөмірі мен абсолют биіктіктері жазылады.

3) Абристі және ескертулерді пайдалана отырып, планға жергілікті жердегі объектілердің контурлары шартты белгілерге сәйкес салынады.

4) Нүктелер арасын интерполяциялап (қима биіктігі 1 м) горизонтальдар жүргізіледі.

6.1 – кесте

Тахеометриялық түсіріс журналы

Станция - 1 МО = 359°59¢ НС= 850,00 м i= 1,42 м

Пикеттер Рейкадан алынған есеп Горизонталь дөңгелектен алынған есеп Вертикаль дөңгелектен алынған есеп Көлбеу бұрыш, n Горизонталь ұзындықтар, d Биіктік өсімше, h Пикет биіктігі, Hn
91,4 43°10¢ 358°21¢ -1°38¢ 91,4 -2,59 847,41
117,4 79°50¢ 358°11¢ -1°48¢ 117,4 -3,67 846,33
72,0 90°25¢ 357°36¢ -2°23¢ 71,9 -2,99 847,01
57,5 132°10¢ 356°34¢ -3°25¢ 57,4 -3,39 846,62
58,4 208°05¢ 356°20¢ -3°39¢ 58,2 -3,68 846,32
85,5 266°30¢ 357°19¢ -2°40¢ 85,4 -3,95 846,05
120,0 310°00¢ 356°34¢ -3°25¢ 119,8 -7,14 842,86
91,2 334°30¢ 356°06¢ -3°53¢ 90,9 -6,15 843,85

5) Топографиялық план шартты белгілермен безендіріліп, тушпен сызылады.

6.1 – сурет. Тахеометриялық түсірістің планы

6.5. Зертханалық сабақта студенттер төмендегі 6.2 және 6.3 – кестелерде келтірілген мәліметтерді пайдаланып , камералдық өңдеп, түсірістің планын дайындаулары керек

Зертханалық жұмыс бойынша студент тахеометриялық түсірістің камералдық өңделген журналын және планын тапсырады.

6.2 – кесте

Ст.
МО 0°01 0°02 0°03 0°04 0°05 0°06 0°07 0°08 0°09 0°10
НС
i 1,45 1,50 1,55 1,60 1,40 1,45 1,50 1,55 1,50 1,55

6.3 – кесте

Тахеометриялық түсірістің журналы

Станция - 1 МО = ____ НС= ____м i= ____ м

Наши рекомендации