Алмаз дөңгелектермен өңдеу.

Абразивті аспаптармен өңдеу.

Абразивті аспаптармен өңдеу,әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Тегістеу өңдеудің соңғы әдісі ретінде қолданылады. Сыдырып тазалау, бір рет өңдеу әдісі ретінде жазық базалық беттерді қажетті жазықтықпен қамтамасыз ету үшін, әдетте өлшемдерді ұстаусыз қолданылады.

Сыдырып тазалау кезінде түйіршіктігі 80-125, жиілігі 50-80, 5-6 сынып беттік тазалығының беттік кедір-бұдырлығы Rz= 20-10 сегментті дөңгелектер қолданылады.

Алдын ала тазалау жазық беттерде лезвиялы аспаппен өңделгеннен кейін дөңгелектің шетімен немесе тескіш құралмен іске асырады. Бірінші кезекте түйіршіктігі 40-50, ал екіншісінде 50-80 (болаттар мен шойындар үшін) қолданылады.

Таза тазалау үшінтүйіршіктігі 12-40, нәзік тазалауда 6-10 дөңгелектер қолданылады.

Жазық тазалауалдын ала тазалау кезінде тескіш дөңгелек 5-6 сыныбының Rz= 20-10, тазада 7-8 сыныбының Rz=6,3-3,2 және нәзікте 8-9 сыныбының беттік тазалығы Rz= 3,2-1,6 береді. Тескіш дөңгелекпен жылдам жазық тазалау беттің тазалығын 1-сыныпқа дейін көтереді. Дөңгелектің шетімен жазық тазалауда алдын ала тазалау кезінде 5-7 сыныптың Rz= 20 –6,3, тазада 7-8 сыныбының беттік кедір-бұдырлығы Rz= 6,3-3,2 береді.

Айналудың ішкі беттерін өңдеукезінде алдын ала, таза және нәзік тазалаулар қолданылады.

Айналудың ішкі беттерін бір рет тазалаужонудан кеәін термиялық өңдеуге ұшырамайтын дайындамалар үшін қолданылады.

Тесіктерді өңдеукезінде алдын ала, таза немесе бір рет тазалаулар қолданылады.

Нәзік тазалаутесіктерді өңдеу кезінде қолданылмайды, егер жоғары дәлдік пен тазалық сыныбы талап етілсе, онда дөңгелектермен тазалаудың орнына басқа әдістер қолданылады. Нәзік жону, нәзік айналдыру және хонингтеу, үкелеу жиі қолданылады.

Алмаз дөңгелектермен өңдеу.

Алмаз дөңгелектер конструкциясы жағынан корпустан және құрамына алмаз бен байланыс кіретін (металл және органикалық) алмаз сақинадан тұрады. Алмаз дөңгелектер 25-50 және 100% концентрациядан жасалынады. Дөңгелектің концентрациясы бір миллиграмм алмаздың құрамындағы 1мм3 0,879 шаршы.м алмазбен немесе 0,00439 каратпен анықталады. Түйіршектікті таңдау өңделуші беттің тазалығына қойылатын талаптармен анықталады. Түйіршігінің өлшемі үлкен дөңгелектермен тегістеу меншікті шығыны азайып, өнімділігі артады.

Металл байланыстағы дөңгелектер қатты балқыма дайындамаларды алдын ала тегістеу, керамика мен әйнектерді тегістеу үшін, органикалық байланыстағы дөңгелектер жоғары беріктікті және морт металлдардан алынған бөлшектерді толықтыру үшін ұсынылады. Тегістеу 1-2 л/мин мөлшеріндегі салқындатқыш сұйықты үздіксіз беріп отырумен жүргізіледі. Соңғы уақыттарда, беріктігі, өнімділігі жоғары және беттік кедір-бұдырлығы Rz= 0,4-0,2, бор нитридінен алынған тегістеу дөгелегі қолдау табуда.

3) Хонингтеуарнайы басына білеу бекітілген аспаппен іске асырылады. Аспап бір мезгілде айналдыру және кері-қайту қозғалыстарын іске асырады. Нәтижесінде өңделуші бетте жағылған сұйықты жақсы ұстаушы, абразивті түйіршіктерден ұсақ торлар пайда болады. Хонингтеу арқылы өңделуші материалдың тесік диаметріне және өңдеу түріне байланысты 0,01-0,02 мм аралығындағы қабаты алынады. Диаметрі 400 мм дейінгі және одан жоғары тесіктерді хонингтейді (компрессорлар цилиндрлері және басқа да машиналар). Хонингтеу арқылы тесіктің конустығы және эллипсиялығы жойылады. Тесіктің соңғы жағының диаметрінің кішіреюінен сақтану үшін білеу тесіктің біршама ұзындығына кіруі керек. Хонингтеубілеулердің әр түрлі түйіршіктерін сипаттайтын, бір-екі, кейде үш өтімді орындайды. Алдын ала хонингтеу үшін түйіршіктігі 4-8, таза үшін 3 қолданылады. ЖСС ретінде керосин немесе 10-20% машина майы мен керосин қоспасы алынады. Хонингтеу 5-20 мкм аралығындағы өңдеу дәлдігі мен 8-10 сыныптарының кедір-бұдырлығынқамтамасыз етеді. Алдын ала өңдеу: айналдыру, жұқа жону, тегістеу.

4) Суперфинишайналмалы және жазық ішкі беттерді ең соңғы рет әрлеу үшін қолданылады және оны абразивті ұсақ түйіршікті басында білеуі бар арнайы аспаптармен іске асырыды. Процессте абразивті білеулер өңделуші беттке аз ғана күшкен сығылады.

Суперфинишпен тек беттердің тазалығын 9-12 сыныптың Rz= 1,6-0,2 дейін арттырады, алдыңғы өңдеулерден болған қателіктерді түзетпейді (нәзік жону, тегістеу және хонингтеу). Процесс құрамында керосин мен 10-15% веретен майы бар жағылушы-салқындатқыш сұйықты беру арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде білеулер майлы қабаттың жарылған жерлеріндегі микро тегіссіздіктің шоқыларына ғана жанасады. 0,5-1 минуттан кейін процесс автоматты түрде тоқтатылады, өйткені қажетті тазалық сыныбына жеткенде тіректі бет үлкейеді және майлы пленканың жарылуы тоқтатылады.

5) Үйкелеуарқылы өңдеудің жоғарғы дәлдігіне қол жеткізеді (0,1 мкм дейін)және 10-14 сыныптарының беттік тазалығы Rz= 0,025-0,8 береді. Үйкеуші-аспап, өңделуші дайындамаға қарағанда біршама жұмсақ материалдан жасалыныды. Оның беті абразивті ұнтақпен немесе пастамен жағылады.

Үйкелеуге сыртқы, ішкі цилиндрлі беттер, жазықтықтар және басқа да беттер ұшырайды. Оларды арнайы және әмбебап станоктарда орындайды.

Алдын ала үйкелеу арқылы тегістелген беттердің пішінінің геометриялық қателіктерін түзетуге қажетті, әдіптерді жояды. Ең соңғы үйкелеу арқылы беттердің кедір-бұдырлық сыныбын жоғарлатады.

6) Шыңдаужылтыратқыш пастасы жағылған, жұмсақ шыңдағыш дөңгелекпен іске асырылады. Шыңдау арқылы 10-12 сыныптарының беттік тазалығы Rz= 0,8-0,2, ал нәзік шыңдалуда одан да жоғары сыныптар алынады.

Беттерді үйкелеуші, шыңдаушы пасталарды қолданып өңдеу, аспаптың механикалық әсері мен пастаның құрамындағы беттік-активті заттардың химиялық әсерінің бір уақытта болуына негізделген.

7) Абразивті таспалармен тегістеуметалл және металл емес бөлшектер үшін қолданылады. Бұл әдіс таспалардың майысқақтығының арқасында турбиналық қалақшалар, галтелді иінді біліктің мойындары, сонымен бірге құбырлар мен келте құбырлар типіндегі пішінді бөлшектердің қисық сызықты беттерін әрлеу үшін өте қолайлы.

Таспаның жұмысшы беті дөңгелектің жұмысшы бетін жоғарлатады, нәтижесінде тегістеу кезінде пайда болатын жылудың кең таралуы болады.

Бұл әдіс таза өңдеуден кейін қолданылады. ол 11 сыныптың жоғарғы дәлдігі мен беттік тазалығын береді. металлды меншікті қамту минутына 1м таспа еніне 1,2-1,6 мм құрайды. Процесстің өнімділігіне негізінен таспа сығылатын күш және оның жылдамдығы әсер етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

2нег.: 158 - 165 бет.;

Бақылау сұрақтары:

1. Абразивті аспаптармен өңдеудің қандай түрлерінде қолданылады.

2. Алмазды дөңгелектердің қандай конструкциялары болады.

3. Хонингтеу қандай жағдайларда қолданылады.

4. Тегістеу қандай өңдеу түрінен кейін жүргізіліді.

5. Шыңдау қандай жағдайларда қолданылады.

6. Үйкелеуге қандай беттер ұшырайды.

7. Абразививті тасапларды қолдану несімен тиімді.

Наши рекомендации