Табандар өлшемдері туралы қосалқы мәліметтер
Табанның биіктік бойынша өлшемдерінің оның ұзындығы және ені мен байланысы. Табанның габариттік бөліктерінің (39 с.) биіктік өлшемдері және ұзындығы арасында шамалы байланыс байқалады. Биіктік өлшемдер мен табан енінің араларындағы байланыс анықтау байқалады (гху>0,5). Бұл байланыс бос мүшесінің мағынасы шамалы болып регрессия теңдігімен сипатталады. Яғни, биіктік өлшемдер және табан енінің арасындағы байланыс пропорционалды деуге болады.
Антропометрлік Пропорционалдық
белгі коэффициент
Биіктік
үлкен башпайдың ең биік нүктесіне
(тырнақтың) дейін, Һ2 0,13
өкшенің тірегінің ортасы деңгейіндегі
габариттік нүктеге дейін:
сыртқы жағынан Һ5 0,15
ішкі жағынан Һ6 0,15
қайықша тәрізді сүйектің дөңестігіне
дейін Һ7 0,46
Бұдан басқа, үлкен башпайдың ең биік нүктесіне дейінгі қашықтық Һ2=0,1Д тең деуге болады.
Өкшенің ең шығыңқы Һ4 нүктесі оның ені Шп және табан Д ұзындығы мен мына теңдіктермен сипатталады:
һ4=0,65Шп-22;
һ4=0,17Д+6,6.
Адам бойы және табан ұзындығы арасындағы байланыс. Табан ұзындығы Д адамның Р бойы мен тығыз корреляциялық байланысты (гху=0,75...0,85) болады.
Бұл байланыс келесі регрессия теңдіктерімен сипатталады:
Н4=0,65Шп-2 Н4=0,17Д+6,6.
Адам бойы және табан ұзындығы арасындағы байланыс. Табан ұзындығы Д адамның Р бойы мен тығыз корреля-циялық байланысты (rху=0,75...0,85) болады.
Бұл байланыс келесі регрессия теңдіктері мен сbпатталады:
- ерлер үшін Д=0,14Р+29;
- әйелдер үшін Д=0,14Р+22.
Ерлердің табандарының ұзындығы шамамен бойдың 15,8%, ал әйелдердің – 15,5% тең деп есептеледі.
Оң және сол табандарының өлшемдерінің симметриясы туралы. Табандарды зерттеулер нәтижесінде адамдардың едәуір бөлігінің оң және сол табандарының өлшемдері әр түрлі екені байқалған. Оң және сол табандарының арасындағы айырмашылық үлкен кезде, ыңғайлы аяқ киім таңдау қиындыққа әкеп соғады. Табан өлшемдерінің айырмасы 1-3 мм дейін кезде, аяқ киімді табанға ыңғайландыру байқалмайды, себебі, аяқ киімнің шектес өлшемдері арасындағы интервал ∆N=5 мм. Мұндай табандар бірдей деп есептеленеді.
Кейбір адамдарда оң және сол табандардың өлшемдері айырмасы 10-12 мм жетеді.
К.И. Ченцованың мәліметтері бойынша қаралған 200 әйелдердің 60% табандары ассиметриялы, оның ішінде 41% сол табандары оң табандарынан үлкен болады деп табылған. Ерлердің табандарының ассиметриялығы аяқ киім таңдау кезінде аса байқайлмайды, себебі ерлер аяқ киімі табанда ыңғайлы ұстатылады.
Үлкен ұжымның оң және сол табандарының ұзындықтарының айырмасының ∆Д=Дп-Дл таралуы нормальды таралу заңына бағынады деп табылған (2 кесте).
2 кесте
Оң және сол табандардың өлшемдерінің айырмасы
Жыныс тобы | ∆Д=Дп-Дл, мм | ||||||||||
12,5 | -10 | -7,5 | -5 | -2,5 | 2, 5 | 7,5 | 12,5 | ||||
Ерлер Әйелдер | 61 60 | 134 125 | 210 186 | 133 123 | 55 62 | 17 19 |
Табан және қолбасы өлшемдері арасындағы байланыс.Жұдырықтың айналым өлшемі Ожуд және табан ұзындығы Д арасындағы әжептәуір тығыз корреляциялық байланыс бар (rху=0,6).
Бұл байланыс регрессия теңдігімен сипатталады:
Д=0,65 Окуд +86.
Орта ұзындықты табандарға Д=Ожуд
Табан ұзындығы ортадан үлкен кезде, жұдырықтың айналым өлшемі табан ұзындығының әр сантиметріне 3,5 мм үлкен,ал кіші кезде, керісінше сол мөлшерге.
Балалар жасы және табан ұзындықтары арасындағы байланыс. Балалардың жасы жетілген сайын табан ұзындығы және өсу қатынасы өзгеріп тұрады. Басында бұл қатынас 16-17%, ал жас өскен сайын біртіндеп ересек адамдарға көрсетілген мағыналарға дейін төмендейді. Балалардың В жасы мен Д табан ұзындығы арасында Д=кВп+с типті байланыс бар деп табылған. Бұл байланыстың а,R және с параметрлері әр зерттеушіде әр түрлі мағыналы. Балалар және жасөспірімдердің табандарының ұзындығының өсуіне акселерация ерекше үлкен әсер етеді. Оған қарамастан 12 жасқа дейін балалар және қыздардың табандары бірдей дамиды: қыздардың табандарының ұзындығы балалардікінен 1-2 мм қысқа болады. Табандардың арасындағы мұндай айырмасы аяқ киәм таңдауға әсер етеді. Ал 12-13 жастан бастап қыздар және балалардың табандары әр түрлі болып дами бастайды. Балалардікі сол екпінімен өсе берсе, қыздардың табандарының өсу қарқыны төмендей бастайды. Қыздардың табандарының өсуі 15-16 тоқтайды, ал 15-16 жастағы балалардың табандарының өсу қарқыны төмендей бастайды да 18-20 жаста тоқтайды.
Статикалық деформациялары бар табандар туралы.Жоғарыда келтірілген барлық мәліметтер, ақаулары жоқ табандарға қатысты еді.Себебеі, зерттеулерге табандарының потологиялық ауытқулары бар адамдарды қоспайтын. Бірақ, мұндай адамдар саны жеткілікті [7].
Мысалы, 2113 әйелдердің табандарын зерттеу барысында, табандардың 62,6% ауытқулары бар екендігі анықталған, олардың 39,4% шамалы байқалатын статикалық деформацияланғандарға жатады. Жасы үлкейген сайын табандарының деформациялары айқын байқалатын әйелдер саны көбейе бастайды. Адам мамандығының табанның ауытқу пайда болуына тигізетін әсері байқалмайды. М ұны адам еңбек ету барысында бірнеше мамандықты ауыстыру және әйелдердің үйде орындайтын жұмысының табанға тигізер қосалқы жүгі мен түсіндіруте болады. Бірақ, табан шаршауы әйелдердің қызметі түрі мен тіке байланысты. Мысалы, жұмысты отырып істейтін айелдер, табанның ауыруына жұмысты тұрып атқаратын әйелдерден екі есе аз жалынады.
Көпшілікке арналған және ортопедиялық аяқ киімдерге деген суранымын анықтау максаты мен Н.А. Колесникова аяқ киім конструктивтік ерекшеліктеріне әсер тигізетін ең типтік патологиялық ауытқуларын анықтады.
Әйелдердің табандарын бойлык, және көлденең жалпақ табандығы орын алуы (немесе алмауы) мен әр түрлі байқалу дәрежесіне қарай он топқа бөледі [16].
Бірінші топқа жатқызылған әйелдердің шамамен 40% статикалық деформациялары жоқ.
Екінші және үшінші топқа табандарының шамалы және орта деңгейлі деформациялы, яғни түзетпе элементтері бар медициналық аяқ киім қажет ететін әйелдерді жатқызады. Мұндай әйелдер шамамен 50% құрайды.
Әйелдердің 10% табандарының үлкен деформациялары бар болып шықты (төртінші-оныншы топтар). Бұл адамдар ортопедиялық аяқ киім қажет етеді.
Өлшеу меліметтер екінші және үшінші топтарға жатқызылған әйелдерге арналған аяқ киімдерді үлкен көлемде шығарылу қажеттілігін айқындайды.
Табандардың өлшемдік типологиясын салу. Өлшемдік белгілердің нормальдық таралу заңын пайдаланып әр ауданның халқына табандарының орта өлшемдері типтік болатын барлық табандарды топтарға бөлуге және топтардың сандық арақатыстарын анықтауға болады.
Табандардың типтік өлшемдерін және қосалқы түрлерін бөліп шығару үшін бастапқы материал болып олардың екі белгілері бойынша таралуы, яғни корреляциялық кестелер табылады.
Регреесия теңдіктері арқылы анықталған табан өлшемдерін ортатипті деп атайды. Олардың арасында бұл ұүжымның орта ұзындықты Мд және орта көлденеңді өлшемді: айналым өлшемді М0, ені Мш, биіктік Мв табандар бар. Осындай өлшемді табандарды ортаорташалар деп атайды.
Нормальды таралу заңы бойынша ұжымда мұндай табандар саны ең көп болады. Ортаорташа табандар өлшемдері серияның ішіндегі орта өлшемді қалыптар мен аяқ киімдерді салуға пайдаланады.
Ортатиптік табандар ортаорташаларға қарағанда өлшемдері бойынша үлкен немесе кіші болып келеді. Оларды ең алдымен ұзындықтары бойынша ажыратады. Шектес типтік өлшемді табанның ұзындық аяқ киім нөмірлеу жүйесіне тәуелді.
Метрлік нөмірлеу жүйесі бойынша аяқ киімнің шектес типтік өлшемдері ұзындық бойынша 5 мм ажырылады. Демек, ортаорташалардан ±2,5 мм ауытқуы бар табандар типтілерге жатпайды, бірақ, типтік табанға арналып дайындалған аяқ киім, осындай өлшемді адамдарға ыңғайлы болады.
Аяқ киім және қалыптардың өлшемдерін жинақтайды (260; 265; 270 және т.б.), ортаорташа өлшемге де нақты еместі (өлшеулер арқылы алынған) қабылдайды. Мысалы, Мд=264 мм орнына, оған жақын 260мм келтіреді.
Ортатиптік табанның ұзындығы үлкейген сайын оның көлденең өлшемдері де өзгеріп тұрады. Бұл өлшемдерді де регрессия теңдігі арқылы анықтайды.
Регрессия теңдігі арқылы, мысалы мынаны байқауға болады: ортатиптік табанның ұзындығы 10 мм өзгергенде оның тілерсек бақай буынындағы айналым өлшемі 6 мм өзгереді. Демек, ұзындық 5 мм өзгерсе айналым өлшем 3 мм өзгереді.
Қалған белгілердің регрессия коэффициенттерін біле отырып, ортатипті табандардың барлық қималары бойынша өлшемдерін анықтайды.
Бірақ, орта орташа және ортатиптік табандардан басқа, ұжымда табан ұзындықтары сондай, бірақ көлденең өлшемдері орталардан едәуір ауытқитын табанды адамдар кездеседі. Осыған орай, көлденең өлшемдер бойынша табандардың қосалқы типтерін бөліп шығару қажет.
Қосалқы типтердің арасындағы интервалдарды анықтау үшін S "парықсыз интервал" ұғымын Ю.П. Зыбин енгізді.
S - аяқ киім өлшемдерінің арасындағы айырмасын тұтынушы сезбейтін аралық. Оны тек қана экспериментальдық жолмен анықтауға болады.
Табандары белгілі ұзындықты және көлденең өлшемдері парықсыз интервалдағы, адамдарға осы интервалдағы ортатипті табанға дайындалған аяқ киім ыңғайлы болады S-өлшемі әлі де дәлме дәл табылмаған. Оны табу үшін өте күрделі эксперименттер жүргізу қажет. Күрделілік адамның сезімдігі мен байланысты.
Бірақ, бұл мәселеге қатысты кейбір төтенше мәліметтер бар.
Біріншіден, зерттеулер көрсеткеніндей табанды таспамен қысқанда оның айналым өлшемі 4-5 мм кішірейгенде, бұл айналым өлшемнінің кішіреуінің Қ бөлігін қамтиды да табан ауырғаны сезіле бастайды.
Екіншіден, тәжірибе бойынша аяқ киімнің айналым өлшемінің 3-5 мм үлкеюін немесе кішіреюін тұтынушы байқамайды. Оған қоса, тұтынушы бір немесе екі жұп нәски киіп бір жұп аяқ аяқ киімді ыңғайсыздықты сезбей пайдаланып жүре береді. Бұл, айналым 2-4 мм үлкейгені (екінші нәскидің қалыңдығының әсерінен) адаммен сезілсе де зиян етпейді. Мемлекеттік стандартта күнделікті аяқ киімнің шектес толықтықтардың интервалы 8 мм, ал сәнділердікі 6 мм тең деп бекілген.
Қосалқы типті табандар санын анықтағанда оның айналым өлшемінің нормальды таралу заңынан бастайды. Бұл кезде, δ орнына Σ қолданады (саптық сигма).
Σ – әрі типтік өлшемнің құбылмалығының көлемін сипаттайды:
Былғары өндірісінің орталық ғылыми-зерттеу институтының (БӨОҒЗИ) мәліметтері бойынша δ және Σ әр түрлі халық топтарына төменде келтірілген мағыналы болады.
Халық тобы δ, мм Σ, мм
Ерлер 11,9 9,3
Әйелдерге 10,5 8,7
Жасы 8-ден 15 дейінгі:
Балалар 10,6 8,9
Қыздар 10,4 7,4
Жасы 3-тен 7 дейінгі:
Балалар 8,4 6,2
Қыздар 7,9 6,2
Ойлағандай, кіші жасты балалардың табандарының айналым өлшемдерінің орталықтардан ауытқуы үлкендердікінен кіші болатыны айқындалды.
Балалар мен үлкен адамдардың өлшемдік типологисын салу принципі бірдей емес. Бұл, балалардың жастық топтары бойынша табан өлшемдерінің өзгеруінің транесрессивті сипат алуы мен байланысты. Яғни, өлшем белгілерінің таралу қисықтарының соңдары шектес жас топтар облысына көшіушен байланысты (39.а сурет). Бұдан басқа, жылдан жылға балалардың туылуы бірдей болмайды да нормальдық таралу қисықтардың формаларының айырылуына әкеп соғады (39.б сурет).
Сурет 39. Балалардың табан ұзындықтараның таралуы
Бұдан басқа, балалар туылуы жылдар бойы бірдей емес, ал бұл жасқа (I) қарай салынған нормальдық таралу және бірнеше балалардың жас топтарының табан өлшем белгілерінің қосынды (2) таралу қисықтарының формаларының өзгеруіне әкеп соғады (39.б сурет).
Шетел елдерінің табан өлшемдері туралы мәліметтер.Соңғыжылдары бірнеше елдерде аяқ киім өндірісінің сұранысын қанағаттандыру үшін табандардың жаппай өлшеулері жүргізілді. Бұл зерттеулер бойынша қорытынды мәліметтерді У.М. Бернард және А. Хуберт келтірілген.
Табандарды жаппай өлшеу қажеттілігі әмбебаб аяқ киім нөмірлеу жүйесін жасау және өлшемдік-толықтық ассортиментін салуға қажетті заңдылықтар мен негізгі параметрлерді анықтау талаптарынан туындады.
У.М. Бернардтың жұмыстарында көп антропометрлік мәліметтер келтірілген, олардың кейбіреулері теменгі кестелерде берілген.
Кесте 3
Әртүрлі елдердің ерлер табандарының тілерсек-бақай буынының айналым өлшемдері және ұзындықтары бойынша ортастатикалық мәліметтер
Ел | Табанның орта ұзындығы, Д, мм | Орта квадраттық ауытқу,δа, мм | Тілерсек-бақай буынындағы айналым, Он.п., мм | Орта квадраттық ауытқу,δ0, мм | Корреляция коэффициенті, г |
Франция АҚШ Испания Швеция | 260,01 264,9 253,2 268,9 | 11,5 11,9 11,9 12,5 | 245,8 246,4 247,9 256,2 | 11,8 11,5 12,2 12,4 | 0,59 0,57 0,53 0,57 |
Орта | 11,8 | 11,7 |
Кесте 4
Табандар өлшемдері арасындағы
байланыстардың теңдеулері
Әйелдер | Ерлер | Корреляция коэффициенті |
Онп=0,60Д+83,45 Ос.г.=1,02Д+66,41 Дн.п.=0,73Д-9,09 Дс.г.=0,38+9,01 Шн.п=0,26Д+28,3 | Он.п.=0,58Д+95,7 Oс.г.=1,16Д+71,8 ДН.П.=0,72Д-0,77 ДС.Г.=0,42Д-0,91 ШН.П.=0.26Д+30,7 ШП=0,20Д+17,6 | 0,59 0.8О 0,93 0,71 - |
Бұл байланыстар, біздің елдің халқының табандарына анықтал-ғандарға өте жақын. Бұданбасқа, табанның бойлық өлшемдері оның ұзындығына пропорциональды деген қорытынды да дәлелденді.