Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары

Сызықты оқшаулама

Әуе электр беріліс желісінің оқшауламасы көбінесе тәрелке тәрізді, штырлық, иіндік болады. Бұл оқшауламалар құрғақ күйде тескіш кернеуінің мәні асқын кернеуден 1.6 есе көп болатындай етіп есептеліп жасалған. Яғни аса жүктеме кезінде істен шығудың алдын алады. 2-ші суретте аспалы тәрелке тәрізді оқшауламаның сызба суреті көрсетілген. Және де сызықты штырлық оқшауламаның суреті көрсетілген.

Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru

2-ші сурет. Штырлық, аспалы сызықты оқшауламалар

Сенімділігін арттыру мақсатында және де разрядтық кернеу шамасын өсіру мақсатында тәрелке тәрізді оқшауламалар тізбектеліп жалғанады. Оқшауламалардың иіні өте мықты фарфорлардан және полимерлік материалдардан жасалады. Фарфорлы оқшауламалардың төзімділігі тәрелке тәрізді оқшауламамен салыстырғанда аз болып келеді. Фарфорлы оқшауламалар созылумен иілуде жұмыс жасайды, ал тәрелке тәрізді оқшаулама сығылуда жұмыс істейді. Полимерден жасалған оқшауламалар доғаға төзімділігі аз болып келеді. Штырлық фарфордан, әйнектен жасалған оқшауламалардың 0,38кВ, 10кВ, 35кВ желілердегі техникалаық сипаттамалары 2- ші кестеде көрсетілген.

Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru
2-ші кесте. Штырлық оқшауламалардың сипаттамалары

Конструкциясына байланысты және орнатылатын жеріне байланысты оқшауламаларды 6 топқа бөлсек болады:

– Ең көп кездесетін аспалы оқшаулама

– Фиксаторлық түйіндерде қолданатын фиксаторлық оқшауламалар

– Консольдық оқшауламалар

– Секциондық оқшауламалардың бұл түрі ерекше болып келеді, секциондық құрылыстарда қолданады.

– Алыс қашықтыққа электр тоғын тасымалдағанда қолданатын штырлық оқшаулама

– Тіректі оқшаулама

Станциондық оқшауламалардың орнына тіректі оқшауламалар қолданады, олардың көбісі иінді, аспалы болып келеді.

Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары

Аспалы тәрелке тәрізді оқшауламалар әуе электр беріліс желісінде көп кездеседі.Тізбектелген оқшауламалардың кернеу шамалары ешқашан тең болмайды, әр оқшауламаға әртүрлі кернеу шамасы сәйкес келеді. Бұл тәж кернеуінің шамасын, асқын кернеуін төмендетеді. Оқшауламалардың бұндай ерекшеліктерін паразиттік сыйымдылықтың болуымен байланыстырса болады. Тізбектелген оқшауламаларда 3 сыйымдылықтын түрі болады:

1. Оқшауламаның өзінің сыйымдылығы С0

2. Темір өзекшенің жермен салыстырғандағы сыйымдылығы С1

3. Сыммен салыстырғандағы сыйымдылық С2

Сыйымдылықтардың өлшемдері мынадай болып келеді: С0 Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru 50пФ, С1 Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru 5пФ, С2 Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru 0,5пФ. Оқшауламалар саны 4-5 еуден көп болған жағдайда ең үлкен кернеу шамасы жоғарыда орналасқан оқшауламаға түседі. Оқшауламалар саны көп болған жағдайда 3-ші оқшауламадан бастап кернеу шамасы аз болады. Мысалға 500кВ –тық электр желісіне 22 оқшаулама қолданады және осы 22 оқшауламаның әрқайсысына түсетін кернеу шамасы 9кВ тан 29кВ қа дейін болады. Төменде 3-суретте әуе электр беріліс желісінің оқшауламасы көрсетілген.

Тізбектелген оқшауламалардың әрқайсысына түсетін кернеу шамалары - student2.ru

3-сурет. Әуе электр беріліс желісінің оқшауламасы

Орытынды

Ауа электр беріліс желісінің оқшауламасы орнатылатын орнына байланысты тіректі, өтпелі, аспалы болып бөлінеді. Ал коструктивті орындалуына байланысты тәрелке тәрізді, иінді және де штырлық болып бөлінеді.

Оқшауламаның негізгі сипаттамаларына номиналдық кернеу, разрядтық кернеу, геометриялық, механикалық сипаттамалары жатады.

Контактілік желілерде оқшауламаның 6 түрі қолданады олар: аспалы фиксалды, консольды, секционды, штырлық және де тіректі болып бөлінеді.

Желідегі кернеу шамасы оқшауламаларға теңдей болып бөлінбейді, ең көп кернеу шамасы сымға жақын тұрған оқшауламады болады.

Кез келген оқшауламалық жүйеде оқшауламаның құрамдас бөлігі ретінде ауа немесе газ қолданылады. Мысалы, әуе электр желілерінің сымдары, тарату құрылғыларының, трансформаторлар мен жоғары вольтті басқа да аппараттардың шиналары бір-бірінен ауа кеңістігі арқылы, ал құралымдық бөліктері бір-бірінен қатты диэлектриктен (электртехникалық фарфор, шыны, целлюлоза өнімдері, пластмасса, т.б.) жасалынған оқшаулатқыштар көмегімен оқшауланады. Сонымен бірге ауа немесе белгілі бір газ көптеген электр жабдықтарының (кабельдердің, конденсаторлардың, трансформаторлардың, т.б.) негізгі оқшауламалаушы материалы ретінде де жиі қолданылады. Соңғы жылдары оқшаулама техникасында электрлік беріктігі (диэлектрикті тесіп өтетін кернеу шамасының электродтардың ара қашықтығына қатынасы) жоғары газдар – элегаз (алты фторлы күкірт – SҒ6) және фреон (дихлордифторметан – ССҚ2Ғ2) кеңінен қолданылуда. Олардың электрлік беріктігі ауамен салыстырғанда 2,4 – 2,6 есе артық. Мұнайдан алынатын және синтет. сұйық диэлектриктер электр жабдықтары мен аппараттарының ток өтер бөліктерін оқшаулау, салқындату мақсаттарында кеңінен қолданылады (трансформатор, конденсатор, кабель майлары, т.б.). Жоғары кернеу техникасының басқа бір маңызды мәселесі – жоғары вольттік қондырғыларда пайда болатын тәждік разряд пен жоғары жиілікті сәуле шығаруды зерттеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Богородицкий И.П., Пасынков В.В., Тараев Б.М. Электротехнические материалы.–Л.: Энергоатомиздат, 1985.–304 с.

2. Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение. Учебное пособие.– А.: Ғылым, 2001.– 257 с.

3. Окадзаки К. Пособие по электротехническим материалам.–М.: Энергия, 1979.– 432 с.

4. Қ.Х. Бекмагамбетова, Р.М. Кузембаева, Ш.Т. Дуйсенова. Электротехникалық материалтану. 5В081200-“Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету” . Алматы: АЭжБУ, 2012.-38 б.

Наши рекомендации