Термопластикалық оқшаулаудың даярлау технологиясы
Асфальт – битум байланыстырып тұратын компаундталған термоплас -
тикалық изоляция оқтаушаларды (стержень) асфальттық лакпен жабыстырылған микаленталармен үздіксіз оқшаулайтын әдісімен жасалынады. Осы процестің мәні былай пресспланкалардағы секциялардың түзу жерлерін ысытып престелген әдісін компаундатумен алмастырады, яғни қазандықтарда секцияларды алдымен вакуумда кептіріп сонан соң алып гидростатика әдісімен престейді.
Компаундаталған ораманың даярлау технологиялық процесі келесі ретпен жүреді:
1. Өрілген оқтаушаны дайындап және бейнелеп алғаннан кейін паз
бөлімі оқтаушаның керекті қимасын жеткізу үшін планканың ішінде престелінеді.
2. Рамамен мықтыланған оқтаушалар қазандық ішіне енгізіледі, сонан
соң қыздырып кептіріледі. Вакуумда кептіру 150 – 1600 С температурасында өтеді. Компаунд сіңдірудің алдындағы кептіру сымдардың изоляциясы мен олардың арасындағы максималды мөлшердегі ылғалдық және ауаны жою үшін істелінеді. Кептірудің сапасы қазандық вакуумның дәрежесімен анықталады, ол 15 - 20 мм. рт. ст. болу керек. Вакуумда 4 сағат ұсталынады, кептірудің аяғында оқтаушаның (стержень) температурасы сіңдірілетін компаундтың температурасына тең болу керек, әйтпесе оқтаушалардың температурасы компаундты құйғанда өзгеріп кетуі мүмкін, ол оқтаушалардың геометриясын бұзады.
3. Сонан соң компаундтаудың сіңдірілуін өткізеді. Қазандыққа
оқтаушалар түгел батқанша сұйық компаундты құйып, қысымдығын 6–7 ати – ға шейін көтереді. 150 -1650 С тұрақты температурада оқтаушаларды 4 сағат мерзімінде ұстайды.
4. Қазандықтан раманы шығарады. Оқтаушаларды компаундтың
артығынан тазалайды және қолмен немесе арнайы станоктармен оқшауламалауды бастайды. Оқшаулама қабаттарының саны арнайы таблицаға сәйкес жұмыс кернеуімен анықталады.
5. Әрбір компаундтау престелуін алдында оқтаушалар кептіріледі.
Сіңдірудің алдындағы кептіруден бастап, соңғы компаундтау пресстелуге шейін барлық процесс 76 сағат ішінде өтеді.
Оқшауламалардың барлық типтерінің негізгі кем –кетіктері мыналар:
- микалентада, микафолийда слюданың жапырағынан қағаз астарға
жабыстырылған композиция болып келеді. Біріншіден, бұл заттардың майысқақтығы және созылуға беріктігі нашар, сондықтан оқшаулайтын оқтаушаға тығыз орауға онша келмейді;
- екіншіден, температураның әсерінен қағаз астар құрайды да, оқшаула -
маның беріктігін бұзады, жұмыс уақытын қысқартады;
- мыспен асфальт жәнешеллак лактарының жылулық ұлғаю
коэффициенттері әртүрлі болғандықтан, температура циклдері өзгерген сайын механикалық байланыстары бұзылады;
- диэлектрлік шығын температура мен кернеуге тәуелдігі өте зор;
қыздырылған кезде әсіресе паздағы токтың мөлшері өте жоғары болған кезде механикалық беріктігі нашар болады.
Термореактивті изоляцияны даярлау технологиясы
Қазіргі уақытта жоғары вольтты орамалардың термореактивті оқшауламалардың даярлау технологиясының үш негізгі әдістері белгілі.
1. Оқтаушаның маңдай жағының формасы мен геометриясы өзгермеу
үшін эпоксидті лакпен мықтап қатырады, сонан кейін тұтқырлығы жоғары термореактивті лакпен сіңдірілген слюдинит таспаларымен оқтаушаны орайды. Оқшауланған оқтауша 30 мин ішінде, атмосфералық қысымда 700 С –да кептіріліп, вакуумда 4 сағат мерзімінде ұсталынады. Сонан соң 2 сағат ішінде 150 -1600 С температура да ыстық прессформаларда престелінеді (қысылады). Бұл әдіс оқшаулауды қосымша лакпен сіңдірілуге талап етпейді.
2. Оқтауша бірінші пунктта (п.1.) көрсетілгендей мықталады, сонан
кейін растворительсіз, (еріткішсіз) жапсыратын мөлшері аз затпен сіңдірілген таспамен оралады, сонан соң оқтауша тұтқырлығы төмен термореактивті шайырмен вакуумның ішінде 150 – 1600 С- да, 4 – 6 сағат ішінде сіңдіріледі. Бір рет қана сіңдірудің өзінде байланыстыратын шайыр оқшаулаудың түгел бойына сіңеді.
3. Үшінші әдісте стеклослюдиниттен жасалынған гильзаларды
оқтаушаның паз жағына кигізеді. Гильзаны жан – жағынан қысып, сонан соң п.1 көрсетілгендей ыстықтай престелінеді.