Кәсіпорын аймағын таңдауға және жоспарлауға қойылатын талаптар

Еңбектің санитариялық-гигиеналық жағдайларын реттейтін негізгі нормативтік құжат – «Өнеркәсіп мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары».

Санитарлық нормалармен кәсіпорын орналасатын алаңды таңдауға қойылатын негізгі талаптар анықталған. Құрылыс жасау алаңын, суды жинау, тазалау, зарарсыздандыру және пайдаланған суды ағызу орындары. Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарымен және басқа мекемелермен орнатылған ретте келісімдестіреді.

Осы мәселелерді шешумен бірге тұрғынды үйлерді салу үшін учаскелерді таңдайды (желдердің басты бағыттарын есепке ала отырып). Кәсіпорынның іс-әрекет сипатына ерекше назар аудару керек (өндіріс түрлері, технологиялық үрдістер және т.б.).

Өндірісте көптеген технологиялық процестер улы заттарды қолдану арқылы орындалады немесе оларды жүргізу барысында әртүрлі зиянды заттар пайда болып, ауаны ластайды. Мұндай ауамен дем алғанда организмде химиялық өзгерістер болады, сырқат құбылыс пайда болады (кәсіби улану). Өндірісте жұмыскерлермен еңбек барысында әрқашан кездесіп тұратын зиянды заттарды өндіріс улары деп атайды. Олар күйіне қарай қатқыл (қорғасын, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.) және газ немесе бу (көміртек тотығы, күкіртті газ, хлор, азот тотықтары, ацетилен т.б.) түрлерінде болады.

Зияндылықтардың жіктелуі. Еңбек ету кезінде адамға уақытша немесе ұзақ мерзім бойы зиянды факторлар әсер етеді. Осындай факторлар өндірістік зияндылықтар деп атайды. Олардың әсер ету нәтижесінде кәсіби аурудың пайда болуы мүмкін. Өндірістік зияндылықтардың пайда болуы еңбек үрдістерінің дұрыс ұйымдастырылмауымен немесе қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларымен байланысты болады. Әртүрлі кәсіптерге, әртүрлі зияндылықтар және де оларға сәйкес келетін аурулар сипатты болады.

Өндірістік зияндылықтар адам ағзасына бірдей әсер етулерімен сипатталатын ірі топтарға біріктіріледі: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Еңбек жағдайлары деп қызмет барысында адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін өндіріс факторлерінің жиынтығын айтады. Еңбек жағдайлары өндіріс технологиясы, еңбек процестері және айналадағы санитарлық-гигиеналық орта арқылы қалыптасады.

Әр еңбек процесі адам мен сыртқы ортаның өз ара әрекеттілігі болып табылады. Онда әрқашан энергия жұмсалып отырады. Сол жұмсалатын ой және физикалық энергияның мөлшерін еңбек өнімділігі деп атайды. Ол адамның жұмысқа қабілеттілігіне тәуелді болады. Мұнда адамның жұмысқа ең жоғарғы қабылеттілігі жұмыс орында қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалғанда ғана жүзеге асырылады, яғни жақсы микроклимат, жұмыс зонасында өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар жол, шамадан тыс ой және физикалық жүктемелер болмауы және т.б.

Егер еңбек жағдайлары қолайсыз болса, жұмыскерлерде тез шаруашылық пайда болады. Ол үздіксіз түрде болып тұрса, адамды әбден қажуға әкеліп соғады. Қажыған адамның жұмысқа қабілеттілігі азайып, денсаулығы төмендеп, жарақаттану мен кәсіби аурулардың пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен дірілдер және т.б.

Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.

Биологиялық факторлар – аура туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.

Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психикалық және эмоциялық қажу т.б.

Өндірістік травматизм мен кәсіби аурулар еңбек жағдайларының кешірілмейтін нәтижесі болып есептеледі. Жағымсыз еңбек жағдайлары тіпті ауыр салдары болмағанның өзінде де адам денесіне зиянды әсерін тигізеді. Ешқандай техника құралдарын, қандай жаңа болмасын, пайдалану барысында адам денсаулығына қауіп туғызатын болса, оларды әбден жетілген, сенімді деп есептеуге болмайды. Сондықтан керекті шараларды қолданып, жұмыс орындарында қолайлы жағдайларды жасау үшін травматизм мен кәсіби ауруларды әрқашан зерттеп, талдап отыру керек.

Жеке қорғаныс құралдары, оларды беру және сақтау реті.

Кәсіби аурулардың пайда болуының алдын алу үшін және де зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету үшін өндірісте арнайы киім және ЖҚҚ берілді.

Арнайы киім – адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау үшін арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғаптар.

Жеке қорғаныс құралдары – жұмыскерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау үшін арналған құралдар.

Ұжымдық қорғаныс құралдары – зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен екі не одан да көп жұмыскерді бір уақытта қорғау үшін арналған техникалық құралдар.

Жұмыс беруші өз арқасында жұмыс берушіні арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, ЖҚҚ-мен орналған мерзім ішінде қамтамасыз етуіне міндетті, олардың дұрыс пайдалануын бақылап жүру керек.

Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да ЖҚҚ-ны киіп пайдалану мерзімі орнатылып, берілген күндерінен бастап есептеледі.

Жұмыскерлерге респираторлар, газтұтқыштар, сақтандырғыш белдеулері сияқты ЖҚҚ берілгенде, кәсіпорын әкімшілігі жұмыскерлерге сол құралдары пайдалану және қалай тексеру бойынша нұсқау беру керек.

Арнайы киімді тазалауды, жууды, жөндеуді, дегазациялауды, зарарсыздандыруды жұмыс беруші өз есебінен орнатылған мерзім ішінде орындайды (жұмыскерлер жұмыстан бас уақыттарында).

Арнайы киім арнайы жабдықталған бөлмелерде сақталады. Резина матадан тігілген киім және резина етік қараңғы бөлмелерде салыстырмалы ылғалдылығы 50-70%, температурасы +5оС - +20оС аралығындағы жағдайларда сақтау керек (жылыту жүйелерінен 1 метрден кем емес қашықтықта).

Жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайларды жасау және организммен сыртқы ортаның арасында жылулық теңдікті сақтау үшін көптеген шаралар қолданылады.

А. Дене қызуына қарсы шаралар.

Адам денесі жұмыс кезінде шамадан тыс қызбау үшін жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар жасау керек. Ол үшін мынадай шараларды қолдануға болады.

Жылу шығатын көздерді оңашалау.

Жылудың келу жолына қорғаныш қалқан (су, ауа, тағы басқа бүркеу) қою.

Технологиялық процестерді механикалау және автоматтау.

Жылу шығаратын процестерді және аппараттарды алыстан басқару.

Өндіріс бөлмелерінде жалпы және жергілікті вентиляция орнату.

Ыстық цехтарда ұнамды микроклиматта аз уақыт дем алатын орын ұйымдастыру.

Жұмыскерлерді жылудан қорғайтын киімдер және дербес құралдармен жабдықтау.

Жұмыс орындарына әрқашан метеорологиялық факторларды бақылау.

Б. Дене тонуына қарсы шаралар.

Адам денесі шектен тыс тоңбау үшін мынадай шараларды қолдану керек:

Жұмыскерлерді тиімді жылы киімдермен жабдықтау.

Өндіріс бөлмелерінде жылу жүйесін орнату.

Жылу ауадан бүркеу жасау.

Бөлмелердің терезелерінде қос әйнек орнату.

Жұмыс орындарына жылы ауа жіберу.

Суық мезгілде дала жұмысында жылынуға арналған бөлме ұйымдастыру.

Қатты аязда далада істелінетін жұмыстарды мүлде тоқтату.

Зиянды заттармен уланудың екі түрі бар: ауыр түрі және созылмалы түрі. Егер адам организіміне кенеттен зиянды заттар (газ, бу, шаң) көп мөлшерде кірсе, улану ауыр түрде өтеді, улану белгілері тез арада білінеді (бас айналу, лоқсу, құсу, естен тану т.б.). Ал егер организмге біртіндеп үнемі ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде зиянды заттар кіретін болса, уланудың созылма түрі пайда болады. Бұл жағдайда улану тұрақты, көп уақытқа созылған ауруға айналады.

Зиянды заттар адам организіміне тигізетін әсерінің өзгешелігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Тітіркендіргіш (қоздырғыш) заттар – қышқылдар, сілтілер, хлор, аммияк т.б. Олар теріге, тыныс жолдары мен көздің шырышты қабықтарына әсерін тигізеді.

2. Тұншықтырғыш заттар – көміртек тотығы, күкіртті сутек, циан сутегі т.б. Олар адамның тыныс органдарына әсерін тигізеді.

3. Наркотиктік заттар – эфир, бензин, спирт, ацетон, бензол т.б. Олар нерв жүйесіне әсерін тигізеді.

4. Соматикалық заттар – қорғасын, сынап т.б. Олар барлық денеге жалпы әсерін тигізеді немесе әр жеке органдарға зиян келтіреді.

Кейбір зиянды заттар барлық организмге жалпы әсерін тигізсе, кейбіреулері тек дененің әртүрлі мүшелеріне ғана зияның келтіреді. Бірақ зиянды заттардың жергілікті әсері кейіннен дененің жалпы ауруына айналып кетуі мүмкін.

Зиянды заттар организмге мынандай жолдармен кіруі мүмкін: тыныс органдары, ас қорыту органдары, тері. Осы жолдардың ең қауіптісі тыныс органдары болып есептеледі, өйткені дем алғанда жұтқан ауадағы зиянды заттар өкпеде қанға тез түсіп, организмді лезде уландырады.

Зиянды заттармен улану ауырлығы бірнеше факторлармен байланысты болады. Ол факторлар: удың организмге кіру жолдары, концентрациясы, химиялық структурасы, ерігіштігі, әсер ету ұзақтығы, ауаның температурасы, организмнің сезімталдығы мен физикалық күйі т.б.

Жұмыс зонасының ауасында әр зиянды заттың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мг/м3). АШК деп күнделік жұмыс кезінде және көп жыл бойы адам организімінде ешқандай зиянды өзгерістер туғызбайтын заттардың концентрациясын айтады.

Адам организіміне қауіптілігіне қарай зиянды заттар 4 класқа бөлінеді:

1 класс – төтенше қауіпті (АШК < 0,1мг/м3)

2 класс - өте қауіпті (АШК = 0,1-1,0мг/м3)

3 класс – орташа қауіпті (АШК = 1,1-1,0мг/м3)

4 класс – аз қауіпті (АШК > 1,0мг/м3)

Жұмыс зонасында зиянды заттың нақты мөлшері оның АШК-ның аспау керек, яғни

Кәсіпорын аймағын таңдауға және жоспарлауға қойылатын талаптар - student2.ru

Егер жұмыс зонасының ауасында бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттар болса, онда олардың жалпы концентрациясы бірден аспау керек, яғни

Кәсіпорын аймағын таңдауға және жоспарлауға қойылатын талаптар - student2.ru

Мұнда С1, С2, ... Сn - әр зиянды заттың нақтылығы концентрациясы, мг/м3.

АШК1, АШК2, ... АШКn - әр зиянды заттың шекті концентрациясы, мг/м3.

Санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес тұрған аймақ өнеркәсіптік мекемеден санитарлық-қорғаныс зонамен белгіленген болу керек, оны кәсіпорын объектілері қоршаған әуе бассейніне шығаратын зиянды заттардың құрамы мен көлеміне сәйкес орнатылады. Өндірістік зиянды заттар шығаратын барлық кәсіпорындар сәйкес санитарлық-қорғаныс зоналар келетін келесі кластарға бөлінеді: I класс үшін – 2000 м, II класс үшін – 1000 м, III класс үшін – 500 м.

Кәсіпорын аймағын таңдауға және жоспарлауға қойылатын талаптар - student2.ru

3.1-сурет. Оператордың жұмыс аймағы размері: а) «отыру» кезіндегі тік жазықтық; б) «тұру» кезіндегі тік жазықтық. 1-ұсақ, дәлдік жұмыстағы қолайлы аймақ; 2,5-оң және сол қолға жақсы жететін аймақ; 4-қиын жететін аймақ; 6-тек оң қолмен жететін аймақ; 7-оптималды жұмыс аймағы; 8-аяқтың тұрақты күйіндегі қол жету аймағы.

Санитарлық-қорғаныс зонаның талап етілетін ені кәсіпорын бөлетін зиянды заттардың атмосферада шашылуын есептеу арқылы анықталады. Сонымен қатар басқа мекемелермен, көлікпен жасалатын әуе ортасының аялық ластануы да есепке алынады. Атмосфераның төменгі қабатындағы ауаның қосынды есептеме ластануы ақырғы шеткі шоғырланудан аспау керек.

Наши рекомендации