Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №3

Трактор және автокөлік тезегіштерінің жетектері

Жұмыстың мақсаты: тракторлар мен автокөлік тезегіштерінің жетек қызметін, құрылымын, жұмыс принциптерін анықтап, зерттеу\.

Жабдықтары: плакат, қимада, агрегат құрамындағы автокөлік және трактор тежегіштерінің жетегі.

Жұмысты орындау барысы:

1. Трактор тежегіштеріндегі түрлі жетек қызметінің принциптері мен қондырғының құрылымын, атқаратын қызметін зерттеу.

2. Трактор тежегіштерінің түрлі тиімді қызметін қарастыру.

3. Автокөліктегі гидравликалық тежегіш жетегінің қызмет принциптері және жалпы мәліметпен танысу.

4. Негізгі тежегіш жүйелер мен техникалық қызметін зерттеу.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру және орындалған жұмыс туралы есеп тілігін құрастыру.

Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны.

Трактор мен прицеп тежегіштерін, тіркелген трактор тежегіштерін түрлі жетек арқылы басқаруға болады, атап айтсақ механикалық, гидравликалық, пневматикалық.

Механикалық тежегіш жетегін трактор тежегіштерін басқару үшін қолданамыз. Құрылымы қарапайым. Тежегіштерді екі педальмен басқарамыз, яғни әрқайсысы артқы дөңгелекті тежеу үшін арналған. Жақсы жолмен жоғары жылдамдықта көлік қозғалысы кезінде педальдарды тақтайшалармен блоктау қажет, өйткені осы кезде тежегіштер бір уақытта жұмыс атқарғаны дұрыс.

Мұндай тежегіштерді қозғалысқа келтіру үшін аяқпен педальды басып тұру қажет, осы кезде бұл күш беріліс механизмдерінің иінтірек иықтарының қатынастарына байланысты артып отырады, яғни осы кезде тежегіш қалыптары Р/ күшпен тежегіш барабанының қабырғасына жанасады, нәтижесінде трактор тежеледі. Пневматикалық тежегіш жетегін (сур. 3.1, б) прицеп жалғанған трактор тежегіштері үшін қолданады. Басқа жетектерге қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: басқару педальіне тракторшы аз күш жұмсайды, жеткілікті жұмыс сенімділігі болады, прицеп тежегіштерінің қозғалыстары жеңілдейді, сығылмалы ауа басқа мақсаттар үшін де қолдану мүмкіндігі туындайды (трактордың пневматикалық дөңгелектерін үрлеу және т.б).

Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны. - student2.ru

Сур. 3.1. ТРактор прицептері тежегіштерінің жетегі:

а – пневможүйе; б – пневматикалық: в – гидропневматикалық;

1 – компрессор; 2 – қысым реттегіш; 3 – баллон; 4 – манометр;5 – ажыратқыш кран; 6, 17 – ауа өткізгіштер; 7 – тежегіш кран;8 – педаль; 9 – қосқыш бастиек; 10 – қалыптар; 11 – тежеуші камера;12 – иінтірек; 13 – ауа таратушы клапан; 14 –прицеп баллоны;15 – басты тежегіш цилиндр; 16 – пневматикалық алмастырғыш;18 – жұмыс цилиндрі; 19 – поршендер

Мұндай жетекті ауыр дөңгелекті тракторлар үшін қолданылады, демек трактор мен тіркелген прицепті тоқтатып тежеу үшін үлкен күш қажет болады, сонымен қатар универсалды егістік тракторлары мен прицептерін тежеуде кеңінен қолданысқа енген.

Трактор тұтынушыларын сығылмалы ауамен қамту үшін оған пневматикалық жүйе орнатады (сур. 3.1, а).

Қондырғы. Пневматикалық жүйе келесі бөліктерден тұрады: трактор қозғатқышын қозғалысқа келтіретін компрессордан 1, (орташа қуатты ауамен суынатын бір цилиндрлі трактор компрессорлары, ал қуатты тракторларда – сұйықтықпен суынатын екі цилиндрлі); ауа қысымын реттегіш 2; ауаны қысу үшін арналған баллона 3; пневматикалық жүйедегі қысымды бақылауға арналған манометр 4; тежегіш кран 7, ажыратқыш кран 5, яғни сығылмалы ауа трактордан прицепке беріледі, оларда пневматикалық тежегіш жетегі болады; пневматикалық алмастырушысы ар тежегіш камера көмегімен прицеп тежегіштері басқарылады, оларда гидравликалық жетек болады; қосқыш бастиектер 9, арқылы сығылмалы ауа тіркелген прицепке тежегіш жүйесі арқылы беріледі.

Қозғалысы. Трактормен жұмыс кезінде компрессор 1 қозғалтқыштың шығарушы құбырларымен ауа тазартқышпен немесе шығарушы коллектордағы таза ауаны сорып, қысым реттегішке береді 2. Реттегіште сүзгілеуші элемент орналасқан, демек ауадан суды, майды, қатты бөлшектерді жыратып алады. тазартудан кейін ауа баллонға келіп түседі 3. Баллондағы ауа қысымы жоғары шегіне жеткенде (0,73 МПа), реттегіш іске қосылып, компрессордағы ауа баллонның орнына 3 ешқандай кері қысымсыз атомосфераға бағытталады. Ауа шығындалған кезде баллондағы қысым 3 төмендейді. Қысым мөлшері төменгі шекке 0,66 ...0,69 Мпа жеткенде, реттегіш ауаны қайта баллонға айдайды, демек ауаға шығып кетпеуін болдырмайды.

Егер сығылған ауаны тежегіш камерасына бағыттасақ 11 (сур. 3.1, б), онда диафрагманы басып, соташық арқылы иінтірек бұрылады 12, осылайша өз кезегінде қыспақшалы жұдырықшалар арқылы қаптамалар тежегіш барабандарына F"күшпен жанасады.

Мұндай құрылымды жетекте тракторист тракторды тежеп тоқтатқан кезде тек ашық кран алынады, демек сығылған ауа тежегіш камерасына келіп түседі. Дегенмен тежегіштерді жеңіл басқару тракторшыға тежелгенді "сезінді" деуге болмайды, сондықтан тежегіш жетегін бірнеше рет арнайы ауырлатады.

Аялдамалы тежегіш (тау-кен). Аялдаған тежегіш ретінде жұмыс тежегіштері қолданылады. 3.2, a суретте осындай тежегіш құрылымы көрсетілген. Осы мақсатта тракторға иінтірек орнатылады 5, яғни өзара оң тежегіш педальі бар тартқышпен қосылған 2. Тартқыштардағы қималар 3 арқылы трактор мен прицеп тежегіштерін басқаруға болады (егер ершікте гидравликалық прицеп жетегі бар тежегіш цилиндрі орналасқан болса), сондықтан трктормен жұмыс кезінде педаль басылады 2.

Аялдамада тракторды тежеу үшін иінтіректі өзіңе қарай тарту қажет, осы кезде тартқыш педальды тартып, трактор тежеледі.

Аялдап тұрған тежелуден тракторды босату үшін баспаны басып, иінтіректі өзіңнен қарай тарту қажет (сурет бойынша оңға қарай). Арнайы аялдама тежегіштерін таспалардан немесе дискілерден жасайды.

Таспалы аялдама тежегіштері тегершіктерден 8 тұрады (сур. 3.2, б), яғни біліктерге орнатылып, айналу моментін жетекші арқалыққа жеткізеді. Тегершік айналасында 8 фрикционды қаптамалары бар, тежегіштің болаттан жасалған таспасы оралған 9. Таспаның бірі ұшы кронштейнге бекітілген, ал екіншісі иінтіректі тартқыштармен қосылған, оларда ілмек болады. Қажетті орындарын қалыптастырады.

Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны. - student2.ru

Сур. 3.2. Стояночные тормоза:

а – аялдама ретіндегі жұмысшы; б – таспалы; в – дискілі; 1 – кнопка; 2 – педаль; 3 – тартқыш; 4 – прицептің тежегіш цилиндрі үшін арналған ершік; 5 – иінтірек; 6 – аялдамалы тежегіш; 7 – жұмыс тежегіші; 8 – тегершік; 9 – тежегіш таспасы.

Дискілі аялдамалы тежегіш 6 (сур. 3.2., б) жұмыс тежегішімен қатар 7 орналасып, ілмегі бар иінтірекпен басқарылады.

Түрлі жетек қызметінің тиімділігі. Сиптталған жетек құрылымдарынан көріп отырғанымыздай педальге берілетін күштің әсерінен барабанға берілген қалып күштері біркелкі болмайды.

Механикалық тежегіш жетегінде аз күш F' болады, өйткені тракторшы аяғының күші иінтірек жүйесімен артып, тежегіш қалыптарына берілетін күштермен артып отырады.

Пневматикалық тежеу жетегі күшті төмендетеді, демек педальге берілген күшті азайтады. Ауа тежегіш камераларына 0,7 ... 0,75 Мпа қысым арқылы беріледі, ал камера дифрагмасының диаметрі жоғары болады, сонда тежегіш барабандарының қалыптарына жанасқан F"' күші жоғары болады.

Гидравликалық тежегіш жетегі арқылы цилиндрлік тежегіштерге 4 ... 6 Мпа қысым береді, нәтижесінде қалыптар F" күшпен барабанға жанасады

Жалпы ережелер мен жұмыстың мазмұны. - student2.ru

Гидропневматикалық жетек күшті болып келеді, өйткені күш пневматикалық және гидравликалық жетек күші F' ретінде беріледі.

Наши рекомендации