АҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау.

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: «Құрылыста қолданылатын ағаштар»

ГОСТ 16483 - /0I3I/ - 78 – 81

Жұмыстың мақсаты: Ағаштың басты қасиеттерін анықтау

Кіріспе

Құрылыста шырша, қарағай, балқарағай, самырсын сияқты қылқан жапырақты ағаштар кеңінен қолданылады.

Ал жапырақта ағаштардан қайың, шамшат, жөке ағашы, қандыағаш, көктерек, бәйтерек қолданылады.

Қылқан жапырақты ағаштарды өндірісте, қоғамдық құрылыс конструкцияларын және тұрақты немесе уақытша тағайындалған үйлерге қолданылады.

Жапырақты ағаштар ­ бетон және темір бетон конструкцияларының қалыбына, ішкі есіктер үшін, терезелердің жақтауына есік пен терезе қорабына, кенереге /еден мен ірге арасындағы саңылауды жалғайтын тақтай/плинтус/, іщкі тіреуге /стойка/, шатырдың кереге кқз ағаштарына /обрешетка/ өолданылады.

Жапырақта ағаштар,қылқан жапырақты ағаштар мен салыстырғанда тез шіриді. Кейбір түрлері /қайың, жөке ағашы / суланғаннан кейін тез шытынап, бүрісіп қалады, сондықтан оларды ылғалдылығы аз, бір қалыпты ылғалды температурада қолдану қажет.

Ағаштардың бақылау сапасын – сыртқы белгілерінен, микроскопиялық құрылысынан немесе таза ақауы жоқ стандарттық үлгілерді беріктікке сынау арқылы анықтайды.

Ағаштың механикалық беріктілігінің жеткіліксізділігін – сыртқы түсінің қзгеруіне, тығыздығының аздығына, жаңқаларының серпімділігінің жоқтығына қарап анықтаймыз.

I. Ағаштың құрылысы мен ақауларын анықтау

Керекті материалдар: әр түрлі ақауы бар ағаштардың үлгілері.

Ағаш – тамырдан, бағаннан және ағаштың ұшынан тұрады.

Ағаштың құрылысын – макроструктура деп, ал микроскоппен үлкейтіп қарағанда көрінетін құрылысын микроструктура деп атайды.

Ағаштың макроструктурасын, бағанның үш

бөлімінен:1.көлденең, 2.тік,3. патенциалдық тігінен /хордамен/ анықтайды.

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru

Кесілген ағаштың көлденең және тігінен қарағанда: қабығын, шел қабығын, талшығын /луб/, өзегін көреміз.

Жұмысты орындау үшін лекция конспектісі қажетті плакаттар және ағаштың басты қасиеттерін сипаттайтың оқулықтар қажет.

Дәптерге ағаш кесіндісінің әр бөлімінің суретін салып, олардың қылқан жапырақты немесе жапырақты ағаштарға тән өзгешеліктеріне сипаттама беру қажет.

Ағаштың механикалық қасиеттеріне оның ақаулары үлкен әсерін тигізеді.

Ағаштардың ақауы деп, оның құрылысының дұрыс еместігін, бүлінген жерлерін және ағаш ауруларынан қалған іздерді айтады.

Ақауы бар ағаштың құрылысқа жарамдылығын ағаштың зақымданған мөлшеріне, түріне, тағайындалған жеріне байланысты анықтайды.

Бұл жаттығулы орындау үшін студенттерге әр түрлі ақаулары бар ағаштың ағағтың үлгілері беріледі. Оқулықтармен лекцияларды қолдана отырып студенттерге берілген үлгілердің төменде көрсетілген сипаттама бойынша конспектіге түсіреді:

1.Ағаш ақауларының түрі мен өлшемдерін анықтау

/құрылысының дұрыс еместігі, бұтақтары т.б./

2.Ағаш ақауының суретін конспектіге түсіру

3.Ағаш ақауының пайда болу себебін анықтау

4.Берілген ағаш үлгісінің №1,2 таблицаларда берілген

бөрене мен кесілген материалдарға сәйкестігін анықтау

Берілген ағаш үлгісінің құрылыста қай жерде қолдануға болатыны туралы қорытынды жасау.

1 – таблица

Ағаштан жасалған салмақ көтеретін конструкция

элементтерінің категориялары

кат-я Элементтің атқаратын міндеті
Конструкцияның созылу және созылу иілу функциясын атқаратын элементтер
Созылған және иілетін, сонымен қатар салмақ көтеретін тақтайлар
Тақтай, төсем, шатырға қолданылатын көз ағаштар

2 – таблица

Ақаулар Элемент категориялары
Шірудің барлық түрі I II III
Насекомдардан пайда болған зақымдар Қолдануға болмайды  
Үгілмелі емес бұтақтың күлтесі Бұтақтың күлтесі 50 см-ден аспаса 30-ден аспаса  
Үгілмелі және шіріген бұтақ күлтелері Қолдануға болмайды  
Ағаштың қисық өскен қабаттары 1 метр ұзындықта 10см-ден15см-ден аспаса аспаса Қолдануға болмайды    
Ағаштың жару жазықтығындағы жарықтар   Қолдануға болмайды
Ағаштың өзегі Қалыңдығы 6 см-ден аз тақтайларда қолдануға болмайды
         

II.Ағаштың стандарттық 12% ылғалдылықтағы тығыздығы мен ылғалдылығын анықтау

/ГОСТ16483.I-84,ГОСТ 16483. 7-71/

Керекті материалдар: геометриялық дұрыс формада әр текті ағаштың үлгілері, психрометр, психрометр таблицасы, профессор Н.Н.Чулицкиийдің диаграммасы

Ағаштың ауадағы пар тәрізді суды сіңіріп алу қасиетін ылғал тартқыш /гигроскопия/ деп атайды. Қоршаған ортадағы ауаның ылғалдылығы мен температурасына байланысты ағаштың көп ылғал тартып алуы, оның басқа да көрсеткіштеріне, массасына беріктігіне көп әсерін тигізеді:

Сондықтан қайсы сынауды да өткізу үшін ағаштың ылғалдылығын білу қажет.

Ағаштың ылғалдылық дәрежесіне байланысты: ылғалды -/100% көп/ жаңадан кесілген /ылғалдылығы 35%-тен жоғары/, ауаның құрғақтығындай /ылғ. 15-20%/ және бөлменің құрғақтығындай түрлерге бөлінеді. Стандарттық ылғаодық 12% тең.

Ағаштың ылғалдылығы деп оның абсолютті құрғақ кезіндегі массасына қатынасын айтамыз.

Ағаштың ылғалдылығы 103 ±2°С температурада үдгіні тұрақты массаға жеткенге дейін құрғатып, үлкен дәлдікпен анықтауға болады.

Парафиндені ваннаға қайнату арқылы тез, бірақ онша дәл емес мөлшерде анықтауға болады.

Егер ағаш үлгісі ұзақ уақыт бойы өте аз өзгеретін бір қалыпты ылғалды ­ температуралық жерде тұрса, ол тұрақты бір қалыпты ылғалдылыққа келеді. Ол ылғалдылықты температура мен салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты проф. Н.Н.Чулицкийдің диаграммасын анықтауға болады.

Жұмыс жүргізу тәртібі

1.Берілген ағаш үлгісінің көлемін 0,1см³ дейінгі дәлдікпен өлшейді.

2.Үлгінің салмағын 0,1г /m/ дәлдікке дейін өлшеп алып, оның тығыздығын сынау кезіндегі ылғалдылығымен 0,01г/см³ дәлдікпен мына формула арқылы есептеп шығарады:

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru

Барлық нәтижелерді №3 таблицаға түсіреді.

Ағаштың тегі Өлшемі /см/ Көлемі /см³/ Массасы /г/ Меншікті тығ./г/см³/
         

3.Психрометрдің құрылысымен оқып, танысады. Психрометрдің схемасын конспектіге түсіреді.

4.Психрометр бойынша:

а) Құрғақ термометрдің температурасын

б) Ылғалды термомердің температурасын

в) Құрғақ және ылғалды термомертлердің айырмашылығын анықтайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы психрометр таблицасы арқылы анықталады.

5.Ағаштың бір қалыпты ылғалдылығы номограммамен /проф. Н.Н.Чулицкийдің диаграммасымен/ танысып, берілген температурасымен, салыстырмалы ылғалдылықты ІҒқолдана отырып, ағаш үлгісінің ылғалдығын анықтайды /W/ анықтайды.

6.Табылған ылғалдылықпен /W/ ағаштың стандарттық 12% ылғалдылықтағы тығыздығын мына формуланы қолдана отырып табады

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru

Мұнда ρ=12% ылғалдылықтағы тығыздық, г/см³; ρ – сынау кезіндегі ылғалдылықтағы үлгінің тығыздығы, г/см³, k0 – көлемдік құрғау коэффициенті /қайын,шамшат,қарағай үшін k=0.55 басқа текті ағаштарға k=0.5 /W- Н.Н Чулинкидің диаграммасы бойынша,тығыздығын анықтау кезіндегі ылғалдылық, %.

7. Номограммадан,зерттеп отырган үлгіміздің ылғалдығын тауып,сол участкіні және жанынан қатар өтетін екі қисық сызығымен бірге конспектіге түсіреміз.

АҒАШТЫН МЫҚТЫЛЫҒЫНА ЖАЗҒЫ ҚАБАТТЫН ЫҚПАЛ ЕТУІ,ЖАЗҒЫ ҚАБАТТЫН ПРОЦЕНТІН АНЫҚТАУ.

Керекті материалдар: лупа, ағаштың үлгілері.

Камбий ағаштың жұқа қабатты ткані

Көктемде, камбий - көктемгі қабат деп аталатын жұқа қабығы бар клеткалар түзеді. Жазда ағаштың басты бөлімін құрайтын және ағаштың механикалық функцияларын атқаратын қалың қабатты, қатайған клеткалар түзеді. Көктемгі және жазғы қабат жылдық сақина деп аталады.

Ағашта жазғы қабаты қалыңдау болса, кеуекті және әлсіз көктемгі қабат аз болса, демек ағаштың құрылыс материалы есебінде сапасы жоғары болады.

Жазғы қабаттың көктемгі қабаттан айырмашылығы:

А) қылқан жапырақты ағаштардың түсі қанық болады.

Б) жапырақты сақина тамырлы ағаштарда - ірі сақина тамырлар болмайды.

В) жапырақты шашақталған тамырлы ағаштар да- микроскопсыз айырмашылығы білінбейді.

Кейбір ағаштардың кейбір қабатында 20% артық жазғы қабаттың болуы, олардың механикалық қасиеттерінің үстемділігін көрсетеді.

Ағаштың негізгі механикалық қасиетіне оның беріктігі жазады.

Ағаштың беріктігі әсер еткен күштің бағытына, ағаштың тегіне, тығыздығына жазғы қабаттың қалыңдығына және ағаштың ақауына байланысты.

Жұмыс жүргізу тәртібі

1. Ағаштың жылдық сақиналарын анықтау үшін кеспелтек дөңбектің бетіндегі сақиналар үлгісі қолданылады.

2. Зерттелетін үлгілердің тегін олардың сыртқы түріне қарап, өздеріне тән қасиеттеріне қарай зерттейді.

3. Кеспелтек дөңбектің бетіне, жылдық сақиналарға перпендикуляр түзу сызық сызады. Соғынан осы сызық бойындафғы ұзындық /l/ бойынша жылдық сақина саны есептелініп алынады.

4. Берілген үлгідегі түзу сызықты схемасы /үлгісі/ сызылып, суреті салынады, және сол участоктің жазғы қабаттарының енділігін аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru және т.б. белгілейді.

5. Лупаны қолдана отырып, анықтау: а) участоктың жалпы ұзындығындағы түзі сызығы 0.1 мм дәлдікпен; б) ағаштың жазғы қабатындағы ені / аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru ... аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru және тағы т.с./; в) өлшенген участоктегі жылдық қабаттары.

6. Жылдық қабаттар саны n 1 пог.см./ жарты қабаттағы дәлдікке дейін/ мына формуламен анықталады:

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru (2)

Бұл жерде N-өлшенген участоктегі жаздық қабаттар саны; l- жылдық қабаттардың негізгі бағыттағы ұзындығы.

7. Жаздық ағаштың проценттік құрамы /m/ l %-тік дәлдікке дейін мына формуламен есептеледі.

аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru (%) (3)

8. Ағаштың қалыпты механикалық беріктігі – қылқан жапырақты ағаштардың l ұзындық см-дегі /пог, см/ 10-15 жылдық сақина қабатымен анықталады.

Қарағай мен емен ағашының беріктігін анықтау үшін, жазғы қабаттың проценттік құрамын /m/ және стандартты 12%-тік ылғалдылығына сәйкес келесі формуламен анықтауға болады:

Қарағай үшін: аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru (4)

Емен үшін: аҒаштын мыҚтылыҒына жазҒы Қабаттын ыҚпал етуі,жазҒы Қабаттын процентін аныҚтау. - student2.ru (5)

Бұл әдіс, алынған үлгіні сынағанда оны бұзбай, ағаштың беріктігін анықтауға қолданылады.

Наши рекомендации