Жарақаттың өлімге себеп болуы.

Денесінде жарақаты бар мәйітті тексерғен кезде өлім себебін анықтау қажет. Жарақат алғаннан кейінгі өлімнің себебі сан түрлі болуы мүмкін. Жарақаттары бар мәйіттерде өлімнің себебі жарақаттардан емес жүрек жетіспеушілігінен, ми тамырларының ауру әсерінен жарыльш субарохноидальді қан кетуден болуы да мүмкін.

Жарақаттану кезінде мына жағдайлар өлімге себеп бола алады:

1. Дене түтастығының дөрекі түрде бұзылуы, яғни өмір сүру
м үмкіндіг інің жойылуы.

2. Жедел қан кету - ірі қан тамырлары жарақаттанған кезде болады. Бұл кезде мәйітгің ішкі ағзаларында қан азайған көріністерін көруге- болады. Бірақ қансырау мен тез арада қан кетуді ажырата білу керек. Қансырау-қан баяу аққан жағдайда дамиды. Қансырау кезінде ағзалар-бөзғылт түсті, мәйіт дақтары айқын емес болады. Жүрек жиырылған түрінде тығыз, сол қарыншаның эндокард астына субэндокардиалды қан ұю байқалады. /Минаков дағы/.

3.3-4 дәрежелі шок дамуы. Шок - дегеніміз арнайы симптомдардан тұратын клиникалық ұғым, шок кезінде қан айналымының, тыныс алудың, заг алмасу процесстерінің реттелуі күрт өзгереді. Шок 3 топқа бөлінеді:

• Ауру сезімінен туған шок /механикалық әсерден дамыған шок, күйіктік шок, операциялық әрекетерден дамыған шок/.

• Эндогенді ауру сезімінен болған шок /кардногенді, нефрогенді ж.т.б./.

Гуморальді шок /организмге жат немесе денатурленген белок қуылған кездегі шок, гемолитикалық, инсулинді гистаминді, адреналинді, анафилактикалық, токсинді шок/.

4.Шок және қансырау қатар болған жағдайда.

5.Жүректің рефлекторлытоқтауы. Рефлексогенді зоналарға зақым тигенде байқалады. Жүрек тұсынынан ұру, мойының ойнап қысу, денесін сілкілегенде немесе кенеттен суықтың ыстықтың электр тогының әсер етуі.

6. Майлы эмболия және ауа эмболиясы.

7.Мұрынның, бас сүйегінің түбінің жарақаты кезінде қанға тұншығу.

8.Қан ұйындысымен ағзалалардық сығылуы: жүрек тампонадасы, эпикардиалды гематома.

9.Орталық нерв жүйесінің бұзылыстары.

10.Тромбоз және тромбоэмболия.

11. Травмалық токсикоз.

12. Инфекциялық және инфекциялық есес асқынулар.

13.Жарақаттан кейін дамитын аурулар: жүрек акаулары, тамыр аневризмасы, қатерлі ісіктер.

Жарақаттық адам тірі кезінде алынғандығының белгілері. Адам тірі кезінде алынған жарақатгың негізгі белгісі қан кету больш табылады. Қалынты жағдайда капиллярларда қысым сынап бағанасы бойынша 20-40 мм, ші артерияларда - 110-150 мм, сондықтан жарақатың

айналасында қан шашырандылары болады.

Тірі кездегі жарақатгар анық қанталаулармен көрінеді. Диаметрі 1 см-гедейінгі қанталау өлі денеде де пайда болады. Жарақатың адам тірікезінде алынғандығының микроскопиялық белгілері: қан кету ощағының жайылмалы болуы, эритроциттердің сан түрлілігі және эозинмен айқын боялуы, жарақат аймағында лсйкоцитгердің көптеп табылуы, артериялар тромбозы.

Сонымен қатар адамның жарақат алған кезде тірі болғандығына қан жұту,өкпеде және жүректе майлы эмболия, ауа эмболиясы дамуы жатады.

Ауыр жарақат алған адамның өлім дамығанға дейінгі іс-қимыл жасау мүмкіншіліктері жарақат сипаты бойынша анықталады. Сот медициналық оқулықтарда- бас жарақаты кезінде егер мидыц бағаны немесесопақша ми көлемді болып жарақаттанса іс-қимыл жасау мүмкін емесдеп көрсетіледі.

5. Бақылау сұрақтары:

1. Морфологиялық жарақаттар

2.Өткір заттармен алынатын жарақаттар.

3 3. Жарақаттың өлімге себеп болуы

6.Тақырыпқа байланысты СӨЖ-ге тапсырма:Студент өздігінен тақырыпқа байланысты сұрақтарға дайындалып, келесі тақырыпқа сұрақтарды дайындауы қажет.

7.Ұсынылған әдебиеттер:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» Қ.Қаракөбенов. Алматы. «Жеті жарғы» 1996ж.

2. «Сот медицинасы» Ю.И.Пиголкин. М.Медицина. 2003ж.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» В.Н.Крюков. М.Медицина. 1998ж.

2.«Сот медицинасы» И.В.Виноградов, В.В.Томилин,«Заңгерлік журнал»1991ж.

3. «Сот медицинасы» В.В.Томилин, ИНФРА-тобы баспасы. М.1996ж.

4. «Сот медицинасы» А.А.Матышев, А.Р.Деньковский, Л. «Медицина» 1985ж.

5. «Сот медицинасы» С.С.Самищенко, «Құқық және заң» 1996ж.

6. «Сот медицинасынан тәжірибелік нұсқау және тесттік бақылау» В.Н.Крюкова, И.В.Буромский. М.Медицина 1998ж.

Дәріскер Жуманазаров Н.А.

Наши рекомендации