Базалар мен тіректі нүктелер
Цилиндрлі беттерді қаралтым өңдеу.
Қаралтым өңдеудежоғары жылдамдықпен үлкен қиманың қабығы алынады, нәтижесінде кесудің үлкен күші пайда болады. Сондықтан кескіш пен қайындаманы бекіту берік болуы керек және қаралтым өңдеу кезінде жоспарлы бұрышы 90о, өтпелі қатты кескіштер қолданылады. Ол жұмыс кезінде дірілді азайтады. Қатты емес бөлшектерді кеуге қатты кескіштер қолданылады. Шойын мен болатты өңдеуге арналған өтпелі кескіштер тез кескіш Р9, Р18 болаттардан жасалынады. Кесу теріңдігі аз болаттан жасалған дайындамаларды өңдеу және біркелкі әдіптерге қатысты Т15К6, Т15К6Т, Т14К8 құймаларынан жасалынған кескіштермен орындалады.
Тазалап өңдеу –дайындаманы бекіту жұмыс кезінде араласу болдырмау үшін қатты болу керек. Өздігінен центрлеуші патрондар қоланылады. Тазалап өңдеу кезіндегі кескіштер таза бет берулері керек, осыған байланысты олардың пішінін таңдап алады.
Аз жону кезінде – кесу берілісі қолданылады:
α=12º болатты өңдеу кезінде;
α=10º шойынды өңдеу кезінде.
Үлкен берілісті жону кезінді қалақшалы кескіштерді қолданады.
Цилиндрлі беттерді жонудың екі әдісі бар:
1) рациональді беріліс әдісі;
2) ұзындықты беріліс әдісі.
Цилцндрлі беттер екі немесе бірнеше өтімдерде жонылады, алдымен әдіптің диаметрі 6мм дейінгі үлкен бөлігін, сонаң соң қалған бөлігін 7мм дейін шешеді.
Цилиндрлердің сыртқы беттерін лимба және көшіріп жону бойынша іске асырады. Қазіргі кездегі токар станоктары көлденең және ұзындықты беріліске реттелі үшін лимбамен шығарылады. Лимбаларды қолданып өңдеу 8-9 квалитет дәлдігі бойынша қамтамасыз етеді.
Ұсақ сериялы өндірістерде еңбек өнімділігін арттыру үшін сатылы біліктерді көшірме шаблондардың көмегімен өңдейді. Көшірме – пышақтарымен жұмысшы бетткебекітіледі. Жұмысшы беттің қимасы өңделуші бөлшектің қимасына сәйкес келеді. Көшірместаноктардың бірнеше түрлері бар, мысалға көп кескіші бар 1713 көшірме жартылай автоматы.
Жағылатын-салқындатқыш сүйықтар (ЖСС) жүйесін қолдану қабықшаларды, эмульсияны, майлы заттарды бөліп алуды жеңілдетеді, жону кезінде салқындатады, кескіштің жоғары беріктігін, қаттылығын сақтайды, өңделуші бөлшек бетінің тазалығына және дәлдігіне эмульсия мен сульфофролдың әсерінен болатын тозуды азайтады.
Шойындарды өңдеу кезінде ЖСС жүйесі қолданылмайды. Қола мен алюминиді өңдеу кезінде де ЖСС қолданылмайды немесе керосин, эмульсия қолданылады.
Базалар мен тіректі нүктелер
Әр бір дайын бұйымның (машинаның) дұрыс жұмыс істеуі үшін олардың тораптары мен бөлшектерін өзара анықталған жағдаймен қамтамасыз ету керек. Бөлшектерді станоктарда өңдеу кезінде дайындама станоктың өңдеуші аспаптарының беріліс жылдамдығын анықтаушы, станоктың механизмдері мен тораптарына қатысты дұрыс дәлденген болуы керек (бағыттаушы суппорттар, фрезерлі және кескіш ұштар, көшіргіш құрылғылар). Өңделуші дайындамалардың өлшемдері мен пішіндерінің ауытқулары, кескіштердің орнынан ауытқуымен және дайындамалардың берілген пішін үлгісінен қозғалуымен анықтайды.
Дайындамаларды станоктарда жасау кезіндегі және машиналарды бөлшектер мен жинақты бірліктерді жинау кезіндегі олардың өзара дәлдену есебі базалау арқылы шығарылады. Технологиялық операцияларды орындау үшін өңделетін бөлшектерді базалауды іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өңдеу процессінің ағымында және дайындамалардың қалыпты дәлдігін сақтап қалу үшін, өңдеудің барлық кезеңінде жабдықтарға қатысты оның қозғалмауын қамтамасыз ету керек.
Қатты дененің кеңістікте қозғалуын толық жою үшін оның босау дәрежесінен айыру қажет:
1) координат өсіне қатысты үштік түсу орналасуы;
2) көрсетілген өсінен үш айналым жасау.
Бұл тығыз байланысуға жеткізеді. Машина жасауда базалау және база деген негізгі анықталған ұғымдар бар. Осыған байланысты дайындамаларды аспаптарға орнату кезінде екі есеп қарастырылады: базалаумен іске асырылатын дәлдеу және дайындаманы бекітуге апаратын қозғалмауды жасау.
Осы есептердің айырмашылығына қарамастан, олар теория жүзінде бірдей әдіспен шығарылады, яғни дайындаманы кеңістікте орналастыру мүмкіндігіне (механикалық жүйеде) белгілі кедергілердің болуы (байланыста).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1нег.: 80-86 бет.;
2нег.: 131-137 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. ЖСС дегеніміз не?
2. Қаралтым өңдеу кезінде қандай қимада қабықша алынады.
3. Тазалап өңдеу кезінде қандай қимада қабықша алынады.
4. Тазалап өңдеу кезінде дайындаманы бекіту қандай болуы керек.
5. Қандай базалау мен нүктелі тіректер болады.