Сынақты өткізуге арналған қондырғы.

Зертханалық жағдайда қозғалтқышты арнайы қондырғыларда сынайды. Олардың құрамына кіретіндер:

1. Ірге тас пен плитадан тұратын сынау стенді.Оның үстіне тіректерге қозғалтқыш және қозғалтқышді жүктейтін тежегіш құрылғы орнатылған.

2. Қоректендіру,майлау және жұмыс істеп болған газдарды шығаратын жүйелер.

3. Сынақты өткізгенде шамаларды өлшеуге және бақылауға арналған қосымша құрылғылар мен аппаратура.

Іштен жанатын қозғалтқыштарды сынауғанда механикалық, гидравликалық және электрлік тежеуіш стендтер қолданылады. Соның ішінде ең ыңғайлысы электрлік тежеуіш стенді. Өзгермелілігі олардың маңызды қасиеті: генератор режимінде де электроқозғалтқыш режимінде де жұмыс істей алады. Зертханада қозғалтқыштарды сынағанда кең таралған КИ-5540М электр тежеуіш стенді қолданылады.

Параметрлерді өлшеу техникасы (ережелері)

Отын шығыны көлемділік немесе салмақтық әдіспен өлшенеді. Бактан отын үш жүрісті кранға келіп оның тұрған қалыпына байланысты өлшегіш бачокқа («Құю») немесе қозғалтқышқа («Қозғалтқыш») және өлшегіш бачоктан қозғалтқышқа («Өлшеу») берілуі мүмкін.

Отын шығынын өлшеу тәртібі:

а) өлшеу алдында өлшегіш бачокты отын мен толтырады(кран «Құю»қалыпына қойылады;

б) «Тәжірибе басталды»деген белгі берілгеннен кейін үш жүрісті кран «Өлшеу» деген жағдайна қойылады. Сол мезеттен бастап отын таразының үстіне орнатылған өлшегіш бачоктан қозғалтқышқа беріле бастайды;

в) таразының тілі бүтін цифрдің тұсына келгенде секундомерді қосып 50-200г. отын жұмсалғаннан кейін тоқтату керек;

г) үш жүрісті кран «Қозғалтқыш» немесе «Құю» қалыпына қойылады;

д) сынақ хаттамасына жұмсалған отынның массасы және сол отынның жұмсалған уақыты жазылады;

Зертхананың ішіндегі ауаның қысымы барометрлер мен өлшеніп миллиметр сынап бағанасы мен жазылады. Прибор (барометр) сыналатын қозғалтқыштан екі-үш метр қашықтықта орнатылады. Өлшенетін параметрдің түріне, оның абсалюттік мағнасына және өлшеу дәлдігіне байланысты өлшегіш прибор таңдалып алынады. Автотрактор қозғалтқыштарын сынағанда негізгі параметрлерді өлшейтін өлшеуіш приборлардың дәлдігі 0,5% болуы керек. Қозғалтқыштарды сынағанда температураны өлшеу үшін сынап немесе спирт толтырылған әйнек термометрлерді, манометрлік, сәулелі дистанциялық термометрлерді кедергілік термометрлерді және әр түрлі терможұптарды(термопараларды) қолданады. Солардың ішінде кең таралғандары қолайлыз жерлерде температураны кең аралығында (1300 Сынақты өткізуге арналған қондырғы. - student2.ru С-ге дейін) өлшеуге мумкіндік беретін терможұптар, кедергілік және манометрлік термометрлер мен автоматты потенциометрлер.

Қысымды және вакуумды өлшейтін ең қарапайым және сонымен бірге дәл өлшейтін - сұйық құйылған (сынап,су,спирт) U-тәрізді әйнек манометр. Манометрдің бір шеті резенке түтікшенің көмегімен зерттелетін кеңістік пен жалғанады. Бұл манометрлердің кемшілігі олардың еңгезерлігі және өлшеу диапазонының кішкентайлығы (500-1000мм. су. бағ. аспайды). Бул манометрлер енгізу коллекторындағы вакуумды, шығару коллекторындағы қысымды және ауа мен газдардың шығынын өлшегенде дроссельдердегі қысымның ауытқуын өлшеуге қолданылады.

Жоғары қысымдарды өлшегенде мембраналы және серіппелі манометрлерді қолданады. Өтпелі процесстердің қысымын, мысалы индикаторлық диаграмма түсіргенде, пьезокварцты, көмір және кедергілік сезгіштер (тензосезгіштер) қолданылады. Олардан келген сигнал арнайы күшейткіштер арқылы бақылау приборларына беріледі (осциллограф, гальванометр, ж.т.б.).

Газдардың және сұйықтардың шығынын көлемдік немесе жылдамдылық түрдегі арнайы газ счетчиктердің (РС-100, РС-600 ж.т.б.), пневматикалық түтікшелердің сонымен қатар дроссельдік құрылғылардың көмегімен анықтайды.

Ауа қозғалтқыштың ауа тазартқышына диафрагма арқылы, содан соң ресивер арқылы беріледі. Ресивердің атқаратын қызметі - цилиндрлердің ішіне келетін ауа ағыны жылдамдығының іркілуін диафрагмадан өткенде бәсеңдету. Осы қызметті жақсы атқару үшін ресивердің көлемі цилиндрдің жұмыс көлемінен 200 есе артық болуы қажет.

Диафрагма дегеніміз ол трубаның бойындағы жергілікті жіңішкерілуі. Ламинарлы ағын болу үшін диафрагма алдында ұзындығы 10-20 диаметрге тең тіке участогы жасалады. Диафрагма арқылы ауа өткенде қысымның аутқуы байқалады, ол су манометрінің көмегімен өлшенеді (мм.су.бағ.).

Иінді біліктің айналу жиілігін тахометр және тахоскоптың көмегімен өлшеуге болады. Электрлі тахометр сезгіштен және көрсететін прибордан тұрады. Сезгіш магниты статорда орналасқан тұрақты тоқ немесе айнымалы тоқ генераторы болып табылады. Көрсеткіш прибордың қызметін бір минутта айналым санын көрсететін вольтметр немесе жиелік өлшегіш (частотомер) атқарады. Соңғы мезгілде электронды тахометрлер қолданады.

Наши рекомендации