Пісіру бастиегі; 8- түзеуші механизм
Сурет. Пісіру тракторы ТС-17М
Жылжыту қондырғысының құрылымына байланысты автоматтарды төмендегідей жіктейді: өздігінен жүретін пісіру тракторлары, өздігінен жүретін және аспалы бастиектер, сондай‑ақ пісіру қондырғылары.
Бұл автоматтардың көпшілігі түйіс жалғастарды пісіруге арналған. Кейбір автоматтарды түйіс және бұрыштық жалғастарды пісіру үшін әмбебабты орындалған түрінде шығарады. Мұндай автоматтарды әртүрлі жағдайға баптау үшін, ұзындығы әртүрлі ауыспалы мүштіктері мен тиісті көшірме қондырғылары бар.
Автоматтарды электродтар санымен де жіктейді: бір‑, екі‑ және көп электродты. Бұл автоматтарды электрод сымына арналған атанақтардың тиісті санымен жабдықтайды.
Екі‑ және көп электродты пісіру бірмезгілде екі және одан да көп электродтармен, пісіру тоғын жалпы келтірумен орындалады.
Флюс астында автоматты доғалы пісіру бір‑ және көп доғалы болады, мұнда пісіру процесіне бір мезгілде бір доғадан көп доғалар қатысады, олар тоқпен жекелеп нәрлендіріледі.
Әмбебап пісіру автоматтары (32‑сурет)
Бұл топтың автоматтары түйіс, бұрыштық және айқас жалғастарды, ең төменгі диаметрі 1200 мм сақиналы жіктерді, қорғаушы газда және флюс астында балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған.
Бұл автоматтардың құрылғылық ерекшеліктеріне доға кернеуіне электрод сымын беру жылдамдығының тәуелсіздігі және электрод сымының жылдамдығын мен пісіру ережесін сатылы реттеу жатады
Балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар.
Мұндай автоматтарға жіктерді еріксіз қалыптастыратын автоматтар жатады.
Осы топтағы автоматтар басқаларынан төмендегілердің болуымен ерекшеленеді:
Пісіру ваннасын тік немесе көлбеу жазықтықта ұстап тұруға арналған қондырғы, ол пісіру ваннасымен жанасатын беттерден жылуды қарқынды алып кетуді қамтамасыз етеді
Пісіру ваннасының, қалыптастырушы айлабұйымға қатысты, қалпына байланысты автоматтың жік бойымен жылжу жылдамдығын автоматты немесе қолмен реттеуге арналған қондырғысының болуы.
Арнайыландырылғанға сондай‑ақ көп доғалы және көп электродты пісіруге арналған автоматтар жатады.
Құрылғылық жағынан олар жалпы траверсте жиналған бірнеше пісіру бастиектерінің кешені болып табылады.
1-флюске арналған шанақ; 2- электрод сымын беру механизмі;
3-пісіру бастиегі; 4-мүштік; 5-жүріс механизмі; 6-басқару пульті;
7-электрод сымына арналған кассета
38 –сурет. Әмбебап пісіру тракторы ТС-35.
Пісіру тракторы АДФ-1250 (33‑сурет) төменкөміртекті болаттардан жасалған бұйымдарды пісіру және электрод сымымен балқытып қаптастыру үшін арналады.
АДФ-1250 тракторы ол өздігінен жүретін қондырғы, мұнда пісіру сымын беру, жылжыту және доғаны қорғау белгілі бағдарламамен автоматты түрде орындалады.
Пісіру тұрақты тоқпен болатты электрод сымымен орындалады.
Трактор түйіс жалғастарды жиектерін өңдеумен және өңдеусіз, бұрыштық жіктерді көлбеу электродпен, сондай‑ақ айқас жіктерді пісіреді. Жіктер түзу сызықты және сақиналы болады.
Жұмыс процесінде трактор бұйыммен немесе онда жасалған бағыттауышпен жылжиды.