Созылмалы тамыр жайған периодонтит.

Көбіне тісте жағымсыз, кейде әлсіз ауру сезімі болады (тісте кернеу, ыңғайсыздық, ауырлық сезімі), тістескенде шамалы ауру сезімі болып, жыланкөз ашылып, ауру тоқтайды да басылып кетеді.

Қарап тексергенде ауырған тіс тұсында қызыл иекте қызару, зондтың топас ұшымен тіс проекциясын басып көргенде шұңқыр пайда болады. Қысым түсірген құралды алғаннан кейін, біраз уақытқа дейін шұңқыр қалады. Жылан-көздерді анық көруіміз де мүмкін, не одан тыртық қалады. Сипап қарағанда қызыл иекте ауру, не жағымсыз сезім болады.

Қағып қарағанда емделмеген тісте сезімталдықтың артуын, ал кейде ауру болуы да мүмкін. Көбінесе аймақтық лимфа түйіндері ісі-ніп, сипағанда ауырады.

Рентген суретінде тіс түбірі ұшында сүйекте шекарасы анық болмаған сүйектің сиреу ошағын көреміз, сонымен бірге түбір ұшын-да цемент пен дентиннің деструкциясы анықталады

Созылмалы түйірлі (гранульденген) периодонтит.

Көбіне аурудың белгілері болмайды, кейде науқас тістескенде шамалы пайда болатын ауру сезіміне шағымдануы мүмкін.

Сұрап білу кезінде алдын периодонта зақымдану болғанын не-месе ұлпа қабынуы болғаны анықталады. Гранулема тіс түбірлерінде болғанда, тістің ұрт беткейінде сүйек тіндерінің ісінгендігіне шағым-данады.

Қарап тексергенде себепші тісте тіс жегі қуыс бар. Тістің түсі өзгерген болады. Тіс қуысында және арнада өлеттенген тіндер бола-ды. Кейде тістер бұрынырақ сапасыз емделген болуы мүмкін. Қағып қарағанда әлсіз ауру сезімі байқалады, сипап қарағанда, өтпелі қат-парда, түбір ұшы проекциясында ауыратын ісік болуы мүмкін.

Рентген тексеруінде шекаралары анық болған дөңгелек остео-пороз ошағы көрінеді. Дұрыс қолданылған ем нәтижесінде ол созыл-малы талшықты түрге өтеді, егер дұрыс емделмесе түйір (гранулема) – сарысулы түйірге (кистагранулема) айналады.

Созылмалы периодонтиттің асқынуы – көбіне тамыр жайған созылмалы периодонтит және созылмалы түйірлі периодонтит, кемірек талшықты созылмалы периодонтиттің асқынуынан келіп шығады.

Ауру сезімі жедел ұштық периодонтиттердегідей күшті болмай-ды, бірақ тұрақты ауру сезімі, жұмсақ тіндердің ісігі, лимфа түйін-дерінің ауырып, ұлғаюы байқалады.

Қарап тексергенде - шұқып көргенде ауырмайды, қағып қара-ғанда қатты ауырады. Тіс емделген, не пломбаланған болуы мүмкін. Тістің түсі өзгерген, қозғалмалы болады. Сонымен бірге қарап тексеру кезінде ісіну мен қызару тек өтпелі қатпарда емес, тері де қы-заруы мүмкін. Сипап қарағанда ауырады. Термиялық тітіркендір-гіштен тіс ауырмайды. Рентгенде остеопороз ошағы кішірейгенмен жаңа ошақтар пайда болады. ЭОМ-да периодонтиттердің барлық тү-ріне 100 мкА дан жоғары болады немесе жауап болмайды.

Тақырып. Периодонтиттердің емі.

Наши рекомендации