BaSO4суспензиясындажарықтың шашырауы

3) Жарық шашыраған кезде түссіз коллоидтық жүйе көгілдір тартады. Сондықтан да жарықтың шашырауын басқаша опалесценция деп атайды.(opalys- сарғыш-көгілдір түсті минералдың латынша аты).

Ір мен λ4 кері пропорционал болғандықтан, жарықты күлгін түсті сәуле көбірек шашыратады. Аспанның және теңіз суларының көк болуы жарықтың шашырау құбылысына байланысты.

Жарықтың шашырауының толқын ұзындығына байланыстылығы практикада қызыл жарықты сигнализация т.б. қолданылады.Егер самолеттерді байқатпау керек болса жасыл жарық қолданылады.

4) ҮМҚ ерітіндісіне қарағанда зольдердің опалесценциясы күштірек. Олай болуы зольдердің тығыздығының, соған сәйкес сыну көрсеткіштерінің мәні үлкен шама.

5) Шын ерітінділерде жарықтың шашырауы өте нашар. Оның себебі V2 өрнегі өте аз шама. Алайда егер шын ерітінді арқылы қысқа толқынды сәуле өтсе (мысалы, рентген сәулесі) онда да опалесценцияны байқауға болады.

Опалесценция және флуоресценция

Опалесценция деп коллоидтық жүйелердің жарықты шашыратуын айтады. Сырт жағынан опалесценцияға ұқсас флуоресценция деген құбылыс бар.Флуоресценция кейбір шынерітінділерде,мысалы, флуоресцейн, эозин ерітінділерінде байқалады.

Сырт жағынан ұқсас деп отырғанымыз, опалесценцияда да, флуоресценцияда да Фарадей-Тиндаль конусын байқауға болады. Алайда, бұл құбылыстардың табиғаты әрқалай. Флуоресценция-кейбір заттардың жарық толқындарын таңдамалы түрде жұтуына байланысты болатын ішкі молекулалық құбылыс. Жарық затпен жұтылады да, басқа жиілікпен тербелетін болғандықтан трансформацияланады. Флуореценция беретін заттардан шыққан кезде сәуленің толқын ұзындығы әрқашанда түскен сәуленің толқын ұзындығынан ұзын болады.

Мысалы, ақ жарық фотонын hy десек, оның бірнеше спектрлердің жиынтығы екенін ескеріп, мынадай өрнек жазуға болады:

hν=hν1 + hν2 + hν3 + ….. (1)

Бұл теңдеуден:

ν= ν1 + ν2 + ν3 + .... (2)

болатыны көрініп тұр.

Ендеше: ; ;

(3) және с.с. Жарықтың толқын ұзындығы (λ) мен жиелігі ( ) бір-біріне кері пропорционал болғандықтан

(ν= ) (3)

(3) теңсіздіктерін төмендегідей етіп жазуға болады:

λ<λ1 ; λ<λ2 ; λ<λ3 және с.с. (4)

Егер опалесценцияны, кез-келген ұзындықтағы жарық сәулесі беретін болса, флуоресценцияныфлорестейтін затта тән белгілі бір толқын ұзындығындағы жарық сәулесі береді. Осыған байланысты опалесценцияныфлуоресценциядан жарық жолына жарық сүзгілерін қою арқылы ажыратуға болады. Көбінде флуоресценцияны толқын ұзындығы кіші болатын сәуленің спектрлері беретін болғандықтан, егер сәуле жолына қызыл жарық фильтрін (жарықсүзгіш) қойсақ, онда флуоресценция болмауға тиіс, ендеше жарқылдайтын конусты көре алмаймыз. Керісінше опалесценциядаФарадей- Тиндаль эффектісін байқауға болады

Наши рекомендации