Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері

Бөлшектердің бұзылуының түрлерін сыныптау.Көптеген бөлшектер динамикалық және статикалық күштер әсеріне, сондай-ақ, қарқынды тозу мен даттануға ұшырайды, күрделі жағдайларда жұмыс істейді (қоршаған ортаның температурасы Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru 500С, ұңғыдағы температура 200-3000С болуы мүмкін). Құрылымдары және жасалған материалдары әртүрлі бөлшектердің істен шығу себептері де әртүрлі. Бөлшектердің шыдам мерзімін арттыру үшін бұзылуға әкеліп соғатын себептерді талдау керек.

Бөлшектердің бұзылуың келесі топтарға бөледі:

1) деформация және сыну;

2) тозу;

3) химиялық-жылулық зақымдану.

Деформация мен сынулар ағымдық шегі мен беріктік шегінен асатын кернеулердің салдарлары болып табылады. Тозу үйкелісуші денелердің өзара әсерлерінің нәтижесі. Химиялық-жылулық зақымдану – жылулық факторлардың үлесі көптеу әсерлер кешенінің нәтижесі.

Деформация және сыну.Деформация күшсалмақ түсіру нәтижесінде болады және пішіні мен өлшемдерінің өзгеруімен бейнеленеді. Пішінінің өзгеруі уақытша (серпімді деформация) немесе қалдық (пластикалық деформация) болуы мүмкін. Майысу мен ойылу динамикалық күшсалмақ түсуі нәтижесі, бұратылу - айнаудырушы моменттің әсерінің нәтижесі.

Сыну әсіре күшсалмақ түсіру нәтижесінде болады және бөлшектің бүлінуімен бейнеленеді. Сипатына қарай сыну: статикалық, динамикалық, шаршаулық болып бөлінеді.

Статикалық сыну жергілікті күшсалмақ нәтижесі. Сынудың бұл түрі көбіне шойындарда болады.

Динамикалық сыну өте күшті беттік соққылар нәтижесі және олар көбіне құйылған бөлшектерде байқалады.

Күш түсу жылдамдығы мен материалының бастапқы құрылысына қарай сынулар морт сыну және тұтқыр сыну болып бөлінеді. Морт сынғанда майысу шамасы жоқ немесе азғантай. Тұтқыр сынуда макропластикалық майысу бар. Ол статикалық күшсалмақтың күрт өсуі нәтижесі.

Шаршаулық сынулар ағымдық шектен және беріктік шектен аспайтын айнымалы немесе айнымалы таңбалы циклдік күшсалмақтар әсері нәтижесі. Материалдардың шаршаулық сынуға карсысалу қабілеті қасиеттерін төзімділік деп атайды.

Тозу.Үйкеліс денелердің жанасушы беттерінің өзара орыналасуы кезінде пайда болатын кедергі. Кинематикалық белгілеріне байланысты үйкеліс сырғанау үйкелісі және тербелу үйкелісі болып бөлінеді. Үйкелістер үйкелісетін беттердің жағдайына қарай : құрғақ үйкеліс, сұйықтық үйкеліс және шекаралық үйкеліс болып бөлінеді. Құрғақ үйкеліс енгізілген майлау материалдары жоқ кездегі екі қатты дененің үйкелісі. Сұйықтық үйкеліс көлемдік қасиеттері байқалатын сқйық қабатымен бөлінген екі дененің арасында пайда болатын салыстырмалы қозғалыстарына кедергі құбылыс. Шекаралық үйкеліс үйкелісетін беттерде көлемдік қасиеттернен басқа қасиеттері байқалатын сұйық қабаты бар кездегі екі қатты дененің үйкелісі.

Үйкелу процесіне механикалық, физикалық, химиялық, жылулық және электрлік факторлар әсер етеді. Олардың әртүрлі қосылымдары қажалудың әртүрлі түрлеріне әкеліп соғады. Қажалу үйкеліс кезінде материалдың үйкелесетін беттерінінен бөлінулер және (немесе) оның қалдық майысуы түрінде білінітен дененің өлшемінің біртіндеп өзгеру процесі. Тозу материалдың бөлінуі немесе қалдық майысуы түрінде білінетін қажалудың нәтижесі.

Сұйықтық үйкеліс заңын келесі формуламен көрсетуге болады:

F= Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru *Q* Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru , (3.1)

Бұл жерде, F - үйкеліске кедергі, кгс;

Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru - майдын абсолюттік тұтқырлығы, Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru ;

Q- үйкелуші беттердің ауданы, м2;

v- сырғанаудың салыстырмалы жылдамдығы, м/с;

h - майлау қабатының қалындығы, м.

Осы заң және тәжірибелер қатары негізінде цапфаның қалқуын қамтамасыз ететін шартты қалыптастырматын формула алынған:

hmin = Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері - student2.ru , (3.2)

бұл жерде, hmin – ең жұқа майлау қабатының қалыңдығы, мм;

n – біліктің айналу жиілігі, айн./мин.;

d – цапфаның диаметрі, мм;

l – цапфаның ұзындығы, мм;

S – тыныштық жағдайындағы ең үлкен саңылау, мм;

P - білікке түсетін өзіндік күшсалмақ, кгс/м2.

Қажалу түрлерінің сыныптамасы.Қажалудың түрлері:

- механикалық;

- молекулалық-механикалық;

- коррозиялық-механикалық.

Механикалық қажалу – механикалық әсерлер нәтижесінде қажалу. Механикалық қажалудың түрлері:

- абразивтік;

- гидро-абразивтік;

- газабразивтік;

- эрозиялық;

- кавитациялық.

Абразивтік қажалу қатты денелердің немесе бөліктердің кесу немесе тырнау қимылдары нәтижесінде қажалу.

Абразивтік эрозия, гидро және газтәрізді қажалулар – сұйыктар немесе газдардың ағынымен ілесіп кететін қатты денелердің немесе бөліктердің әсерлері нәтижесі.

Шашаулық қажалу – көп қайтара қайтаналатың айнымалы таңбалы күшсалмақтар нәтижесі.

Беттердін кавитациялық қажалуы қатты дененің сұйықта кавитация жағдайында салыстырмалы қозғалуы кезінде болады. Гидравликалық машинаның жұмыс істеу режимін дұрыс емес таңдағанда сұйық ағыныңда қарқынды гидравликалыққ соққы жасай жойылатын булар мен газдар көпіршектері пайда болуы мүмкін.

Молекулалық-механикалық қажалу молекулалық немесе атомдық күштер мен механикалық әсерлердің бір мезгілде әсер етуі нәтижесі.

Коррозиялық- механикалық қажалуда бөлшектердің үйкелісетін беттеріне қоршаған орта олардың материалдарымен химиялық әсерлеседі. Егер бөлшек қозғалатың болса, онда беттен коррозия өнімдері алынып қалады да бөлшектін жаңа тазарған қабаты бет түзейді. Бұл процесс бөлшек қозғалып тоқтаған сайын қайталана береді.

Бұл қажалу екіге бөлінеді:

- тотығулық;

- фреттинг- коррозиялық.

Тотығулық қажалу материалдың бетінде оның оттегімен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатын қабаты бар кезінде жүреді. Бұл ең көп тараған және қауіпсіз қажалу болып табылады. Оның қарқыны үлкен емес (0,05 мкм/сағ.)

Фреттинг-жегілік қажалу кейбір жағдайларда бөлшектер жүйесі дірілдің әсерінен азғантай ғана қозғалып, жұмыс істейді (тістегершіктің, шынжырлық дөңгелектердің, тербеліс мойынтіректерінің төлке-ролик шынжырларының бөлшектерінің отырғызу беттері ). Яғни бұл жанасатын беттердің азғантай тербелмелі қозғалысы кезінде пайда болатын жегілік-механикалық қажалу.

Бөлшектердің тозуына әсер етуші факторлар.Бұл факторларды екіге бөлуге болады:

1) бөлшектердің тозуға төзімділігіне әсер етуші факторлар;

2) бөлшектердің тозғыштығына әсер етуші факторлар.

Бірінші факторларға мыналар жатады: материалдың сапасы және жұмысшы беттерінің сапасы.

Екіншілерге жататындар: жанасқан беттердің үйкелестерінің түрі, үйкелуші беттерге түсетін өзіндік күшсалмақтардың сипаттамалары мен шамалары, үйкелісуші беттердің қозғалысының салыстырмалы жылдамдығы, жанасушы беттер арасыңдағы саңылаудың пішіні мен өлшемі, үйкелісуші беттердің майлану жағдайы, абразивтің болуы мен пішіні, оның физика- химиялық қасиеттері.

Әдебиеттер: 1 нег. [20-29], 3 нег. [30-57], 7 қос. [28-30]

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи тозудың қандай себептері бар?

2. Үйкелістің қандай түрлері бар?

3. Шаршаулық сыну дегеніміз не?

4. Қажалудың қандай себептерін білесіздер?

Наши рекомендации