I класты тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері.

1. Жансыздандыру

2. Тістің қатты тіндерін егеп- тазалау кезінде Блек ұсынған алдын алу үшін кеңейту ережесін сақтамаса болады. Егеп- тазалау кезінде тек зақымданған фиссураларын бір –біріне қосады. Тісжегі қуысының тереңдігі 2,5 мм, ал қабырғалары аздап тегіс болуы керек. Қабырғалары және табаны арасындағы бұрыштарын қуыстың қабырғаларының сынуынан сақтау үшін аздап тегістеу етіп қалыптастырады. Көлденең және тік беттердің бір-біріне өтетін беттерін тегістеу етіп қалыптастыру арқылы пломбаға түсетін қысымды азайтуға болады. Кіреукенің жиектеріне қиық жасауға болмайды. Себебі, шайнау қысымының әсерінен материал тісжегі қуысынан шыға бастайды да пломба мен қуыс қабырғалары арасында салдарлық тісжегі дамиды. Өкінішке қарай көптеген авторлар бұл Халықаралық стоматологтар қоғамының ұсыныстарын ұстанбайды.

I класты тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. - student2.ru

3.14-.сурет.Амальгаманы тасымалдауға арналған пистолеттер

I класты тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. - student2.ru

3.15-. сурет.Жылтыратқыш жүйе

Тісжегімен зақымданған тіндерді толық алғаннан кейін тісжегі қуысының барлық қабырғаларын және жиектерін арнайы алмазды финирлік борлармен жоғары жылдамдықта тегістейді.

Финирлерде қызыл және сары сақиналы белгілер бар. Егеп- тазалау үшін доғалданған және алмұрт тәрізді борларды қолданады. Финирлер алмазды борлар сияқты болуы керек.

•Аралық төсем қою. Аралық төсем ретінде шыныполиалкенатты немесе цинк –фосфатты цементтерді қолданады.

•Амальгаманы қуысқа енгізіп қою және нығыздау. Алдыменен амальгаманы кішігірім порцияда қояды да мұқият қабырғаларына қарай үйкелей отырып нығыздайды. Содан кейін амальгаманың мөлшерін көбейтеді.

•Окклюзиялық бетін мүсіндеу. Мүсіндегіш аспаптың үшкір жағымен көлденең орналасқан фиссуралар мен тұйық тесіктерді, ал содан кейін шайнау бетіндегі негізгі фиссураларды мүсіндейді. (3.16-сурет).

I класты тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. - student2.ru

3.16.- сурет. Амальгамадан қойылған пломба

•Пломбаны тегістеу және жылтыратуды пломба қойылғаннан кейін 24 сағаттан соң жүргізеді. ( 3.17-сурет). Пломбаны тегістеу кезінде қызып кетпеуін қадағалау керек.

I класты тісжегі қуысын амальгамамен пломбылау кезеңдері. - student2.ru

3.17.-сурет. Амальгамадан қойылған пломба, жылтыратудан кейін.

Амальгамадан қойылған пломбаның бір кемшілігі ― пломба қойылғаннан кейін тістің бір қабырғасының сынуы болып табылады.

Мұндай жағдайлар амальгамадан пломба қойылған тістерде басқа пломбалық материалдарға қарағанда жиі кездеседі. Бұл көрініс тістің қатты тіндері мен амальгаманың жылудан кеңеюі коэффицентінің арасында үлкен айырмашылық болуынан туындайды. Міне, сондықтан тісжегі қуысының қабырғаларын егеп- тазалау кезінде қабырғаларды өте көп жұқартуға болмайды.

Амальгамадан қойылған пломбаның тағы бір кемшілігі ― сынап буын бөліп шығару. Көптеген тексерулер нәтижесі пломбадан бөлінетін сынаптың өте өз бөлінетінін және оның организмнің улануына әсер етпейтінін дәлелдеді.

Сынаптың бұл дозасы күнделікті ауамен, тамақпен, әсіресе тамақ рационында балықты көп қолданудағы дозадан әлдеқайда аз. ДДСҰ ұсынысы бойынша апта сайын қабылданатын тағамдар құрамында сынаптың 350 мкг, ал соның ішінде органикалық сынаптың мөлшері 200 мкг аспауы керек.

Бұл сандық көрсеткіш эмпириялық жолмен шешілген. Сынаптың мұндай мөлшері организмнің созылмалы немесе жедел улануына әсер етпейді. Сынаптың жиналуы бүйректе және мидың кейбір аймақтарында жүреді. Жиналған HgO иондық түрде (Hg+) жартылай экскременттермен бүйрек арқылы 60 күнде азая отырып шығарылады.

E. H. Greener et al. (1998) амальгамадан қойылған пломбасы бар пациенттердің қан және зәр анализдеріне талдау жасағанда онда сынаптың жоқ екенін дәлелдеді. Пломба қойылғаннан кейін амальгамалық пломбалар 30 минуттан кейін шайнау қысымына төтеп береді. Сондықтан бүгінгі

кезде АП балалар стоматологиясында кеңінен қолданылады.

КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАР

Наши рекомендации