Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру.

Энергетика кәсіпорындарында арнайы техникалық қауіпсіздік қызметі бар. Ол типтік жағдайға сәйкес жұмыс істейді. ҚТ қызметі жұмыскерлердің қауіпсіз, сау жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, өндірісте алдын – ала бақытсыз жағдайлар және кәсіптік аурулар болдырмауын қатамасыз етеді. Бұл қызмет кәсіпорынның бас инженері не басшысына бағынады. ҚТ қызметі өндірістік зақымдану, кәсіптік аурулардың себептерін, жағдайын талдайды, өндірістің өзіне сәйкес қызметтермен бірге кәсіптік аураларды, өндірістік зақымдану алдын – ала болдырмау әдістерін жасап, оны өндіріске ендіруді ұйымдастырады; жоспарды орындау жағдайын жақсартып, еңбекті қорғау және санитарлық – техникалық жағдайларын тексеруге, бақытсыз жағдайларды тексеруге қатысады.

Бұл қызмет еңбек қорғау шарттарының, нормаларының орындалуын тексереді, еңбек қорғау нұсқауларын, еңбек қорғау саласында жұмыс істейтін жұмыскерлердің білімін тексеріп, оқытуды және аттестациядан өтуін тексереді. Бұл қызмет еңбек қорғау жағдайын тексеріп, оның міндетті түрде жою шараларын жасауға (егер ол жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп туғызса) тиым сала алады. Бұл қызметкерлер өнеркәсіптің барлық панажайлардың кедергісіз қарап, еңбек қорғау құжаттарымен танысуға хұқы бар.

Еңбек қорғау техникалық қызметкерлердің міндеті мен құқы.

Энергетикалық өндірісте Еңбек қорғау жұмысы бірінші басшыға жүктеледі. Бас инженер ҚТ жұмысын ұйымдастырып, еңбектің қауіпсіз жағдайын туғызады, осы жұмысты қауіпсіздік техникасы инспекторымен, инженерлер тобымен (қ.т. қызметіндегі) ұйымдастырады. Энергетика өнеркәсібінің бөлімшелерінде бұл жұмыс бөлімше басшыларына, мастерлерге, сменабасшыларына жүктеледі. Олар қауіпсіз жұмыс күйін жасайтын техникалық ұйымдастыру шараларын жасауға қызметкерлерді оқытып, нұсқаунама беріп, қ.т. ережелерінің орындалуын тексеруге міндетті.

«Электр станциялары мен жүйе пайдаланудағы техникалық ережелеріне» сәйкес әрбір жұмыскер қ.т. радиация ережелерін біліп, міндетті түрде орындалуы керек. Бұл ережелер сақталмаса, адамға қауіпті құралдардың, әбзелдердің ақаулары байқалса жоғары басшыларға тез хабарлау керек.

Қызметкерлермен жұмыс: мынандай негізгі шараларды қарастырады, жаңа кадрларды дайындау, мамандықты жоғарлату, э.с. мен жүйелердің техикалық пайдалану ережелерін білуін тексеру, қ.т. ережелері, өрт қауіпсіздік ережелері, өндірістік нұсқаулар, қызметкерлерді жаттықтыру, басшылардың жұмыс орнын қарап тексеруі, қ.т. күнін өткізу, еңбектің алдыңғы тәжірибесін зерттеп оны енгізу, мезгілмен медициналық тексеріс жүргізу, жас мамандармен жұмыс жүргізу.

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруға керекті негізгі құжаттар: энергетикалық өнеркәсіппен кәсіпорындардағы қызметкерлермен жұмыс ұйымдастыру. Басшылық нұсқаулар, өндірісте жұмыскерлерді мамандыққа үйрететін типтік жағдайлар. ЕҚ үйретуді ұйымдастыру. Жұмысқа алғанда, практикаға келеген бетте кіріспелік нұсқаунама жүргізіледі. Өздік жұмысқа кірмес бұрын кезекші, оперативті қызметкер теориялық дайындықтан өтеді, ол жұмыс орнында оқытылады, осы жұмысқа сәйкес ЕҚ ережелері нұсқаунамасы меңгереді. Оқу біткеннен кейін, арнайы комиссия қызметкердің білімін тексереді. Одан өткеннен кейін қызметкер өз мамандығына байланысты жұмысқа үйренеді (стажировка). Бұл кезде ол дублер ретінде басшының немесе негізгі кезекшінің қоластында істейді. Өздік жұмысқа немесе стажировкаға ену өндіріс бойынша бұйрықпен бекітіледі.

Жұмыс кезінде қызметкер әр мезгіл өндірістік оқу, оның ішінде қауіпсіз жұмыс әдісіне үйренеді. Кезекші оперативті – техника қызметкерлеріне келесі оқу түрлері кіргізілген: жұмыс орнындағы нұсқаунама айына 1 рет, аварияға қарсы жаттығу кварталына 1 рет, жұмыс уақытынан кейін немесе жұмыстан қол үзе оқитын курстар (3-6 ай).

Қайталама нұсқаунамалардың маңызы зор: олар жоспар бойынша, кезексіз және өз уақытында жүргізіледі, нұсқаунама мақсаты: қызметкерлердің өндірістік мамандақ білімін кеңейтіп, белгілі деңгейде ұстап, құрал – саймандарды жөндеу әдістерін жетіктендіру. Жыл бойында барлық мамандық қызметкерлері нұсқаулануы керек.

ҚТ білімі жүйелі тексеріледі. Жаңа жұмысқа кіретіндер, барлық жұмыскер үздіксіз ережелерді нұсқауланады. Білімді арнайы, 3 кісіден кем емес, комиссия тексереді. Комиссия төрағасы – цех басшысы не оның көмекшісі. Тексеру нәтижесі журналға жазылып, тексерістен өткендерге (журнал негізінде) белгілі бір мерзімге дейін құжат беріледі, бұл мезгілден кейін ол жарамсыз.

Барлық тексеріс пен бақылаудан басқа энергетикалық кәсіпорындарда ай сайын ҚТ күні өткізіліп, үш сатылы тексеріс жүргізіледі. Директордың немесе бас инженер басшылығымен жүреді.

Бірінші сатысы – телім басшысы, ЕҚ қоғамдық инспекторы күнде жұмыс алдында жүргізеді. Екінші саты – цех басшысы, ЕҚ бас қоғамдық инспекторымен айына 2 рет. Үшінші саты – басшы не бас инженер, кәсіподақ төрағасы бар комиссиямен кварталда 1 рет.

Наши рекомендации