Физика – 9. Сақталу заңдары.

І-нұсқа.

1. Дене импульсінің өзгерісі

A) Қуатқа тең.

B) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең.

C) Күш импульсына тең.

D) Жұмысқа тең.

E) Кинетикалық энергия өзгерісіне тең.

2. Қайсысы гравитациялық күшке жатады?

A) Жіптің тартылу күші.

B) Ауырлық күші.

C) Тіреудің реакция күші.

D) Дөңгелеу үйкеліс күші.

E) Сырғанау үйкеліс күші.

3. Массасы 160 г шайбаның импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайбаның жылдамдығын анықтаңыз

A) 30 м/с. B) 96 м/с. C) 20 м/с. D) 1280 м/с.

E) 2,13 м/с.

4. Дененің массасымен қозалыс жылдамдығының көбейтіндісін не дейді?

A) инерция

B) потенциалдық энергия

C) кинетикалық энергия

D) күш импульсі

E) импульс.

5. F*Δt - бұл ненің формуласы?

A) дене импульсі

B) потенциалдық

C) кинетикалық

D) күш импульсі

E) инерцияның формуласы.

6. Қайсысы реактивті қозғалысқа жатады??

A) тікұшақтың қозғалысы.

B) сүңгүр қайықтың қозғалысы

C) үрленген резеңке шардың қозғалысы

D) ұшақтың қозғалысы

E) акуланың қозғалысы

7. Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін не деп атайды?

A) энергия

B) импульс

C) инерттілік

D) потенциалдық эенергия

E) күш импульсі

8. Тік жоғары көтеріліп келе жатқан дененің салмағын қай формуламен есептейді?

A) P=mg

B) P=mga

C) P = m(g+a)

D) P = m(g-a).

E) F=mg

9. Лифті 3 м/с2 үдеумен тік төмен түсіп келеді. Лифтіде тұрған массасы 60 кг адамның салмағы қанша? (g = 10м/с2)

A) P= 180Н

B) P= 400Н

C) P = 420Н

D) P = 2400Н

E) F= 600Н

10. Массасы 10кг, жылдамдығы 18км/сағ болатын дененің кинетикалық энергиясы қандай?

A) 180 Дж

B) 12,5 кДж

C) 1620

D) 125 Дж

E) 1,8 кДж

11. Жер бетінен 80м биіктікте қалқып тұрған, массасы 100кг ауа шарының потенциалдық энергиясы қанша? (g=10 м/c2)

A) 80000 Н

B) 3600 Дж

C) 8 Дж

D) 8000Дж

E) 80 кДж

12. Жер бетінен 980м биіктікте көлденең ұшып бара жатқан массасы 650 кг, жылдамдығы 400 м/с спорт ұшағының толық механикалық энергиясы қанша? (g=10 м/c2)

A) 5837000Дж

B) 500Н

C) 58370000 Н

D) 58,4 МДж

E) 5837кДж

13. 60Н күш денеге 0,6 м/с2 уде береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу береді?

A) 150 Н

B) 48Н

C) 120Н

D) 1500Н

E) 200 Н

14. Дененің биіктіктегі потенциалдық энергиясы 600Дж еді. Біршама төмен тұскен соң, оның потенциалдық энергиясы 250 Дж болған кезде, кинетикалық энергиясы қанша болады?

A) 350 Н. B) 350 Дж. C) 330 Н.

D) 2,4 кДж. E) 150кДж.

15. Шудан Қордай, Мойынқұм, Мерке қалаларына дейінгі қашықтықтар бірдей 120 км-ден. Шудан шыққан, жылдамдығы 60 км/сағ автобус 2 сағатта қай қалада болады?

A) Меркеде.

B) Мойынқұмда.

C) Қордайда.

D) дұрыс жауап жоқ.

E) олар қала емес ешқайсысына бармайды..

16. Дене бөліктерінің арасындағы энергия қалай аталады?

A) кинетикалық энергия

B) дене энрегиясы

C) жылу энергиясы

D) кинетикалық энергия

E) потенциалдық энергия

17. Ойыншық пистолеттің серіппесін 3см-ге жиырған кезде 20 Н күш жұмсалды. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясы қанша?

A) 60 Дж

B) 6 Дж

C) 0,3 Дж

D) 600Дж

E) 0,3Н

18. Сөйлемді математикалық өрнек түрінде жазыңыз: Массасы m1 бала V1 жылдамдықпен жүгіріп келіп, массасы m2 , жылдымдығы V2 шанаға секіріп мінді.

A) m1V1= m2V2

B) m2V2= (m1+ m2)V3.

C) m2V2

D) m1V1+ m2V2= (m1+ m2)V3

E) (m1+ m2)V3.

19. Физикалық шамалар мен олардың халықаралық өлшем бірліктерін сәйкестендіріңіз:

А импульс Дж
В масса Дж
С жұмыс м
Д энергия Кг
Е орын ауыстыру Кг*м/с

20. Ғалымдардың есімдерін олардың тұжырымдарымен сәйкестендіріңіз:

А Дене импульсі =FΔt
В Импульстің сақталу заңы Физика – 9. Сақталу заңдары. - student2.ru
С Кинетикалық энергия =mgh
D Потенциалдық энергия = m*V
E Энергияның сақталу заңы Физика – 9. Сақталу заңдары. - student2.ru
F Күш импульсі Физика – 9. Сақталу заңдары. - student2.ru

ІІ-нұсқа.

Наши рекомендации