Термодинамиканың бірінші заңы. Идеал газдың жылусыйымдылығы.

Термодинамикалық жүйеге қатысты энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бірінші заңы (бастамасы) деп аталады. Жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жүйенің жұмыс істеуіне жұмсалады:

немесе , (10.3)

δ таңба жылу мен жұмыс күйдің функциясы емес екендігін, сондықтан олардың толық дифференциалы болмайтындығын көрсетеді. Термодинамиканың бірінші заңыжылу мен жұмыстың арасында эквиваленттік байланыс бар екендігін көрсетеді. 1842 жылы Майер термодинамиканың бірінші заңын тірі организмге қолданып, биоэнергетиканың негізін қалады. Тірі организм ішіндегі тотығу процесі кезінде бөлініп шығатын энергия жылуға және механикалық жұмыс істеуге кетеді.Массалары әртүрлі және әртүрлі материалды денеге берілген бірдей жылу оларды әртүрлі деңгейде қыздыратындығын тәжірибе көрсетеді. Соған байланысты термодинамикада жылусыйымдылық деген ұғым енгізіледі.

Жылусыйымдылық деп термодинамикалық процесте денеге берілген dQ жылудың дененің температурасының өзгеруіне dT қатынасына тең физикалық шаманы айтады:

Жүйенің жылусыйымдылығы жүйені қыздыру әдісіне байланысты әр түрлі мәнге ие болады, яғни күйдің функциясы болмай процестің функциясы болады. Жылусыйымдылық дененің химиялық құрамына, массасына, күйіне және термодинамикалық процеске байланысты. Жылусыйымдылықтың екі түрі болады.

Меншікті жылусыйымдылық деп 1 кг затты 1 К-ге қыздыруға қажетті жылу мөлшерін айтады:

(10.5) .

Молярлық жылусыйымдылық деп бір моль затты 1 К-ге қыздыруға қажетті жылу мөлшерін айтады:

Молярлық жылусыйымдылық молярлық масса мен меншікті жылусыйымдылық көбейтіндісіне тең болады:

17. Майер теңдеуі. Термодинамиканың бірінші заңын идеал газда өтеін әр түрлі процестер үшін қарастыру. Адиабаттық процесс.Термодинамикалың бірінші заңы. Термодинамикалық жүйеге қатысты энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бірінші заңы (бастамасы) деп аталады. Жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жүйенің жұмыс істеуіне жұмсалады: δQ = dU δA

мұндағы δ таңба жылу мен жұмыс күйдің функциясы емес екендігін, сондықтан олардың толық дифференциалы болмайтындығын көрсетеді. Термодинамиканың бірінші заңы жылу мен жұмыстың арасында эквиваленттік байланыс бар екендігін көрсетеді. 1842 жылы Майер термодинамиканың бірінші заңын тірі организмге қолданып, биоэнергетиканың негізін қалады. Тірі организм ішіндегі тотығу процесі кезінде бөлініп шығатын энергия жылуға және механикалық жұмыс істеуге кетеді.

Электростатикалық өріс. Электр зарядының өзара әсерлесуі. Кулон заңы.

Наши рекомендации