Рылыс конструкцияларының от төзімділігі бойынша топтасуы

Үйлер мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі олардың конструкцияларының от төзімділігімен байланысты болады. Құрылыс кострукцияларының от төзімділігі деп өрт кезінде жоғары температураның әсеріне қарсыласып, өзінің пайдалану міндетін атқару қабілеттілігін айтады. От төзімділік конструкциялардың басты сипаттамаларының бірі болып есептеліп, СНиП нормаларымен белгіленеді. Оның көрсеткіші ретінде от төзімділік шегі қолданылады. Ол көбіне эксперименттік әдістермен анықталады, бірақ оны есеппен де табуға болады.

Құрылыс конструкцияларының от төзімділік шегі деп сынау кезінде олардың жоғары температураның әсерінен өзінің көтергіш және қорғауыш қабілеттілігін жоғалту уақыт мерзімін айтады (сағатпен). Әр конструкцияның от төзімділік шегі мынандай көрсеткіштермен анықталады:

1. Конструкцияны тесіп өткен жарық немесе саңылау пайда болуы.

2. Конструкцияның екінші бетінде температурада алғашқы температурадан 160оС-қа, ал сол беттің қай нүктесінде болмасын 180оС-қа артуы немесе алғашқы температураға байланыссыз температурасы 220оС-тан асуы.

3. Конструкция көтергіш қабілеттілігінен айырылу, яғни оның қирауы.

Әр құрылыс конструкциясының от төзімділік шегі оның өлшемі және материалының физикалы-механикалық қасиеттерімен байланысты болады.

Үйлер мен басқа құрылыстардың от төзімділік дәрежесі олардың басты конструкциялық элементтерінің от төзімділігімен анықталады. СНиП 2.01.02-85 сәйкес үйлердің от төзімділігінің бес дәрежесі белгіленген: I, II, III, IIIа, IIIб, IV, IVа, V.

Әр үйдің от төзімділік дәрежесі оның этаждылығы және өрт қауіпті категориясы бойынша анықталады. Салынатын үйдің қандай от төзімділік дәрежесіне жатқызу үшін оның барлық конструкциялық элементтерінің жанғыштығы және от төзімділік шегі сол дәрежеге белгіленген нормалардан кем болмау керек.

Бірнеше элементтердің от төзімділік шегін жоғарлату бүкіл үйді жоғары от төзімділік дәрежеге көтеруге мүмкіндік бермейді. Ал тіпті бір элементтің от төзімділік шегін төмендету не оның жанғыштығын өзгерту бүтіндей үйдің от төзімділік дәрежесін төмендетеді.

Эксперименттік әдістермен және есеп арқылы анықталған конструкциялардың от төзімділік шектері нақтылы көрсеткіштер болады (Пн). Ал СНиП 2.01.02-85 нормаларына сәйкес өрт қауіптілік категориясы және этаждылығы бойынша жобаланатын үйдің қажетті от төзімділік дәрежесі анықталып, содан кейін оның басты конструкцияларының керекті минимальді от төзімділік шектері табылады (Пк, СНиП 2.01.02-89).

Өрт кезінде үйдің белгіленген уақыт ішінде сақталуын қамтамасыз ету үшін оның конструкцияларының нақтылы от төзімдік шектері керекті от төзімділік шектерінен кем болмауы қажет (Пн³Пк).

Үй құрылысында әртүрлі конструкциялар пайдаланылады: темір бетон, тас, металл, ағаш, полимер тағы басқалар. Олардың әртүрлі от төзімділігі болады. Бұл конструкциялардың от төзімділік дәрежесін жоғарлату үшін оларды от төзімді заттармен қаптау (гипс, керамзит-бетон, керамика, асбест-цемент, бояу, кірпіш т.б.), өлшемін үлкейту, дене қуыстығын азайту тағы басқа шараларды қолдану керек.

Құрылыс конструкцияларының негізгі қасиеттерінің бірі олардың от (жалын) жайылу шегі болып есептеледі. Бұл көрсеткіш конструкциясының бойымен от жайылуына (таралуына) оның қарсыласу қабілеттілігін сипаттайды.

От жайылу шегі сантиметрмен өлшеніп, сынау кезінде бақылау зонасында 15 мин ішінде конструкцияның бүлінген жерінің шамасымен анықталады. Бүлінген деп материалдың жанған не көмірленген жерін айтады.

Конструкциялардың нақтылы от жайылу шегі арнайы методика арқылы эксперименттік әдіспен анықталады, ал олардың максимальды от жайылу шегі нормативтік документтермен белгіленген.

Құрылыс конструкциялары от жайылу дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді:

а) бірінші топта – нөлдік от жайылу шегі бар конструкциялар;

б) екінші топта – от жайылуын белгіленген шектен асырмайтын конструкциялар;

в) үшінші топта – от жайылуын белгіленген шектен асыратын конструкциялар.

Рттен қорғану шаралары

Наши рекомендации