Бақылау сұрақтары

Конспект - 1

КІРІСПЕ

Механиканың құрылымы мен негізгі анықтамалары

механика– материя қозғалысының ең қарапайым түрі - механикалық қозғалыстың болу, өзгеру себептерін және қозғалыс заңдылықтарын зерттейтін ілім.

механикалық қозғалыс- уақыт өтуімен денелердің немесе бір дененің бөліктерінің кеңістікте бір-біріне қатысты орны өзгеруі.

классикалық механика (галилей -ньютон механикасы)– жылдамдығы вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығымен салыстырғанда анағұр-лым аз макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

релятивистік механика– жылдамдықтары вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығымен шамалас макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдылықтарын зерттейді (а.эйнштейн тұжырымдаған арнаулы салыстырмалылық теориясына негізделген).

кванттық механика– микроскопиялық денелердің (жеке атомдардың, элементар бөлшектердің, т.б.) қозғалыс заңдарын зерттейді.

механиканың бөлімдері:

кинематика–денелердің қозғалыс заңдарын қозғалыстың болу және өзгеру себептеріне байланыссыз зерттейді;

динамика– денелердің өзара әсерлесуінің олардың механикалық қозғалысына ықпалын, қозғалыс заңдарын қозғалыстың пайда болу және өзгеру себептерімен байланыстырып зерттейді;

статика–денелер жүйесінің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейді. егер дененің қозғалыс заңы белгілі болса, одан дененің тепе-теңдікте болу заңы мен шарттарын анықтауға болады.

механикада денелер қозғалысын суреттеу үшін нақты есеп шартына байланысты әртүрлі физикалық модельдер қолданылады:

материалдық нүкте– берілген есеп шартында өлшемдері ескерілмейтін массасы бар дене;

материалдық нүктелер жүйесі– әрқайсысы материалдық нүкте деп қарастырылатын өзара әсерлесуде болатын денелердің немесе кез келген макроскопиялық дененің бөліктерінің жиыны. механикада алдымен жеке материалдық нүктенің қозғалысы қарастырылып, зерттеу нәтижесі нүктелер жиынының қозғалысына қолданылады.

абсолют қатты дене–ешқандай жағдайда деформацияланбайтын, барлық уақытта шартты алынған екі нүктесінің ара қашықтығы тұрақты болатын дене. өзара қатаң байланыстағы материалдық нүктелер жүйесін абсолют қатты дене ретінде қарастыруға болады.

абсолют серпімсіз дене– сыртқы күштердің денеге әсері тоқтағанда (жойылғанда) деформацияланған күйі толығымен сақталатын дене;

абсолют серпімді дене– сыртқы күш әсері тоқтағанда бұрынғы пішіні мен өлшемдері толығымен қалпына келетін дене. осындай шартта денелердің деформациясы гук заңымен сипатталады.

Кинематика

кеңістікте қозғалыстағы немесе тыныштық күйдегі денелердің орнын анықтауда таңдап алынған салыстыру денесі санақ денесідеп аталады.

Санақ денесімен байланысты жүйе (қара-пайым жағдайда тікбұрышты декарттық координаттар жүйесіxyz) координаттар жүйесіболып табылады. Өзара сәйкесті-рілген сағат пен координаттар жүйесінің жиынтығы санақ жүйесін құрайды. Коор-динаттардың бас нүктесінен берілген материалдық нүктеге жүргізілген бақылау сұрақтары - student2.ru вектор радиус-вектор деп аталады.

бақылау сұрақтары - student2.ru

1-сурет

материалдық нүктенің орны координаттардың декарттық жүйесінде x, y, z координаттармен немесе бақылау сұрақтары - student2.ru радиус-вектормен анықталады (1-сурет): бақылау сұрақтары - student2.ru

қозғалыстағы материалдық нүктенің координаттары уақыт өтуімен өзгеріп отырады. жалпы жағдайда, нүктенің қозғалысы

x=x(t), y=y(t), z=z(t), (1)

скалярлық теңдеулер жүйесімен, немесе оған балама

бақылау сұрақтары - student2.ru (2)

векторлық теңдеумен анықталады. (1) және (2) теңдеулер материалдық

нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеуі деп аталады.

Траекторияның ұзындығы нүктенің нақты бақылау сұрақтары - student2.ru уақыт арасында жүргенжолы бақылау сұрақтары - student2.rus деп аталады. Жол –уақыт-тың скаляр функциясы: бақылау сұрақтары - student2.ru Қозғалыстағы нүктенің бастапқы орнынан берілген уақыт сәтіндегі орнына жүргізілген бақылау сұрақтары - student2.ru вектор орын ауыстыру деп аталады (2-сурет). Түзу сызықты қозғалыста орын ауыстыру векторы траек-торияның сәйкес бөлігіне сай келеді, модулі нүктенің жүрген жолына тең: бақылау сұрақтары - student2.ru .    

қозғалыстағы материалдық нүктенің (немесе дененің) берілген санақ жүйесінде сызған ізі – траектория. траекторияның пішініне қарай дененің қозғалысын түзу сызықты және қисық сызықты деп бөледі. дененің кез келген екі нүктесін қосатын түзу қозғалыс кезінде өзінің бастапқы жағдайына параллель орын ауыстырса, дененің қозғалысыілгерілемелідеп аталады.

бақылау сұрақтары - student2.ru


2-сурет

нүктенің берілген уақыт сәтіндегі қозғалыс шапшаңдығы мен бағыты жылдамдықпенсипатталады. материалдық нүктенің радиус–векторы өсімшесінің бақылау сұрақтары - student2.ru осы өзгеріс болған бақылау сұрақтары - student2.ru уақыт аралығына қатынасы орташа жылдамдық деп аталады: бақылау сұрақтары - student2.ru (3)

берілген нүктесіндегі жылдамдық – лездік жылдамдық– қозғалыстағы материалдық нүктенің радиус-векто-рының уақыт бойынша бірінші туын-дысына тең және қозғалыс бағытына сәйкес траекторияға жанама бойымен бағытталады: бақылау сұрақтары - student2.ru (4)

орташа жылдамдық векторы орын ауыстыру векторымен бағыттас болады (3-cурет). уақыттың берілген сәтіндегі немесе траекторияның

 
  бақылау сұрақтары - student2.ru


3-сурет

лездік жылдамдықтың модулі жолдың уақыт бойынша алынған бірінші туындысымен анықталады:

бақылау сұрақтары - student2.ru (5)

айнымалы қозғалыстағы дене жылдамдығының модулі мен бағыты-ның қаншалықты тез өзгеретінін сипаттайтын шама – үдеу.жылдамдық өзгерісінің сол өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасымен анықталатын векторлық шама орташа үдеудеп аталады:

бақылау сұрақтары - student2.ru (6)

Үдеудің тангенциал құраушысы бақылау сұрақтары - student2.ru дене жылдамдығының модулінің өзгерісін (бағыты траекторияға жанама бойымен), ал нормаль құраушысы бақылау сұрақтары - student2.ru жылдамдықтың бағыты бойынша өзгерісін сипаттайды (бағыты траекторияның қисықтық центріне қарай). Қисық сызықты қозғалыстағы нүктенің
 
  бақылау сұрақтары - student2.ru


материалдық нүктенің берілген t уақыт мезетіндегі лездік үдеуі орташа үдеудің шегіне тең: бақылау сұрақтары - student2.ru (7)

4-сурет

толық үдеуі тангенциал және үдеуі нормаль үдеулердің геометриялық қосындысына тең:

бақылау сұрақтары - student2.ru бақылау сұрақтары - student2.ru бақылау сұрақтары - student2.ru (8)

материалдық нүктенің t1 -ден t2-ге дейінгі уақыт аралығында жүрген жолын анықтау үшін бақылау сұрақтары - student2.ru функциясын білу керек:

бақылау сұрақтары - student2.ru (9)

бірқалыпты қозғалған нүктенің t уақытта жүрген жолы:

бақылау сұрақтары - student2.ru

бірқалыпты үдемелі қозғалған нүктенің t уақытта жүрген жолы:

бақылау сұрақтары - student2.ru

ауыстыру элементар бақылау сұрақтары - student2.ru бұрылулар (шексіз өте аз) векторы ретінде қарастырылады. Осы вектордың модулі радиустың бұрылу бұрышына тең, ал бағыты нүктенің айналуына сәйкес бұралатын бұранда ұшының ілгеріле-мелі қозғалыс бағытымен (оң бұранда ережесібойынша)анықталады. Айналыстың бұрыштық жылдамдығы бұрыштық бақылау сұрақтары - student2.ru орын ауыстырудың  
 
  бақылау сұрақтары - student2.ru


материалдықнүктенің қозғалмайтын оське қатысты радиусы r шеңбер бойымен айналмалы қозғалысында (5-сурет) бұрыштық орын

5-сурет

 
  бақылау сұрақтары - student2.ru


уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама:

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтардың модульдерінің арасындағы байланыс 6-суретте көрсетілгендей:   бақылау сұрақтары - student2.ru (11)

бақылау сұрақтары - student2.ru . (10)

6-сурет

нүктенің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары векторларының арасындағы байланыс:

бақылау сұрақтары - student2.ru . (12)

   
 
бақылау сұрақтары - student2.ru
 
  бақылау сұрақтары - student2.ru



7-сурет 8-cурет

қозғалмайтын айналу осі маңайында айналып тұрған нүктенің орнын ось бойындағы кез келген о нүктесіне қатысты бақылау сұрақтары - student2.ru радиус-вектормен анықтағанда (7-cурет), оның сызықтық жылдамдығының модулі:

бақылау сұрақтары - student2.ru

бұрыштық үдеу бұрыштық жылдамдықтың уақыт бойынша бірінші туындысына тең векторлық шама: бақылау сұрақтары - student2.ru (13)

үдемелі айналмалы қозғалыста бұрыштық үдеу векторы бақылау сұрақтары - student2.ru бұрыштық

жылдамдық бақылау сұрақтары - student2.ru векторымен бағыттас, кемімелі қозғалыста оған қарама-қарсы болады (8-сурет).

сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланыс:

бақылау сұрақтары - student2.ru ; бақылау сұрақтары - student2.ru . (14)

бақылау сұрақтары - student2.ru ; бақылау сұрақтары - student2.ru . (15)

мұндағы:

бақылау сұрақтары - student2.ru шеңбер радиусы; бақылау сұрақтары - student2.ru сызықтық жылдамдық; бақылау сұрақтары - student2.ru тангенциал үдеу; бақылау сұрақтары - student2.ru нормаль үдеу; бақылау сұрақтары - student2.ru бұрыштық жылдамдық.

бақылау сұрақтары

1. материалдық нүкте деген не? санақ жүйесі деген не?

2. жол, траектория, орын ауыстыру деген не?

3. ілгерілемелі қозғалыс, айналмалы қозғалыс деген не?

4. лездік жылдамдық деген не? оның бағыты қалай анықталады?

5. үдеудің тангенциал және нормаль құраушылары нені анықтайды?

6. бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу деген не? олардың бағыттары қалай анықталады?

7. сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланыс.

2-тақырып. материалдық нүкте мен қатты дененің

Наши рекомендации