Адам денесінің өстері мен жазықтықтары

Анатомияда шартты түрде адам денесін тік тұрғызып қолдарын төменге түсіріп, басбармақтарын сыртқа қаратып зерттейді.

Адам денесінен өзара перпендикулярлы шартты жазықтықтарды жүргізеді. Олардың арасында: 1. Денені оңға және солға бөлетін алғы, артқы әлде саггитальды (гр. Sagitta-жебе) жазықтық. Бұл жерде орта саггитальды әлде медиалды жазықтық денені тең екі бөлікке бөледі. 2. Маңдай (лат. frons-маңдай) жазықтығына жарыспалы (параллельді) фронталь және көк жиек сызығына (горизонтқа) жарыспалы жазықтарды.

Фронталь және көлденең жазықтықтары қиылысында пайда болған өсті саггитальды елде алғы-артқы дейді, ал фронталь және саггитальды жазықтықтар қиылысындары өсті-вертикал немесе тік өсь деп атайды. Орта жазықтыққа бағытталған мүшелердің шеттері мен беттердің бөліктерін-медиальды, ал оған қарсы бағытталғандарды.

Дене мүшелерінің сыртқы пішіндері де толық симметриялы емес. Мысалы, оңқайлардың оң қолдары жақсы дамыған. Ол сол қолға қарағанда күштілеу және ұзындау (1 см-ге дейін) болады. Осындай құбылыс, аяқ құрылысында да байқалады.

Адам ағзасы

Адам ағзасы – біртұтас құрылым. Ағза бірнеше деңгейден тұрады: 1. Жасуша; 2. Ұлпа; 3. Мүшелер; 4. Мүшелер жүйесі; 5. Бүкіл дене – тұтас ағза.

Денедегі біртұтастылық оның деңгейлерінде болып тұратын кұбылыстардың реттелуінен байқалады. Мысалы, жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйелерінің қызметі қан құрамында биологиялық пәрменді заттардың болуына байланысты, гуморальды жолмен, яғни қан арқылы реттеледі. Жүйке арқылы реттеу деңгейлердегі құрамдардың бәрін біріктіріп, олардың қызметін тіршілік сақтауға қажетті жағдайға бағыттап, басқарады. Бұл – рефлекстік реттелу. Мұны адам денесінің айналадағы ортаға бейімделуінен байқаймыз. Мысалы, адам ағзасының шөлді жерлерге бейімделуі – жасушылар мен мүшелер жүйесі және ағза қызметінің нәтижесі болып табылады. Ағзаның өзгергіштігі, дамуы, жасы, жынысы, адамның тіршілік. жатырда қызмет, тұрмыс жасау жардайлары әсер етеді. Ағзаның барлық мүшелері адам жасына қарай өзгеріп тұрады. Бірақ, кейбір мүшелер жылдам дамиды, ал басқалары ертерек қартаяды. Жыныс ерекшеліктері мүшелер құрылысының ерекшелігінің кең таралуы, жоғарыда айтылған жағдайлардың ұластыруына байланысты.

Адам ағзасының ұлпадан тұратынын білеміз, ал жасушалар ұлпа түзеді. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы ұлпа деп аталады. Адам ағзасының ұлпаларын негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.

Эпителий ұлпасы дене жамылғысын, бездерді түзіп, ішкі мүшелерлегі қуысты астарлап жатады. Эпителий ұлпасы қорғаныш және ағза мен сыртқы орта аралырында зат алмасу қызметін атқарады. Эпителий ұлпасында жасушалар бір-бірімен тығыз жанасатындықтан, жасушааралықтың заттар өте аз. Осылай орналасуынан эпителий ұлпасының астыңғы жасушалары сыртқы ортаның әсерінен тіршілігін жойып отырады. Бірақ, оның жасушаларының жылдам көбеюіне байланысты тіршілігін жойған жасушалардың орнына жаңа жасуша эпителий ұлпасын түзеді. Тырнақ және шаш та эпителий ұлпасына жатады.

Дәнекер ұлпаларына сүйек, шеміршек ұлпалары, май, сіңір, буынаралық байланыстар жатады. Сүйек, шеміршек ұлпалары тірек қызметін атқарады. Шеміршек нағыз талшықтардан тұратындықтан, сүйек ұлпасы мен омыртқаға мықтылық қасиет береді.

Сүйек ұлпасы әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құралған дәнекер ұлпа.

Талшықты дәнекер ұлпасы барлық мүшелерде кездеседі. Май ұлпасында май өте көп. Қан мен лимфа ұлпалары қоректену және қимыл қызметтерін атқарады, Бұл ұлпалар - сұйық, олардың ішінде жасушалар еркін жүреді. Жасушалар мен ұлпалар мүшелерге әр түрлі заттарды және оттегін жеткізіп, мүшелердің арасын өзара байланыстырады.

Бұлшықет ұлпасы талшықтарынан тұрады. Бұған ұлпаның үш тобы жатады: көлденең салалы, бірыңғай салалы және жүрек бұлшық еті.

Көлденең қаңқа бұлшық ет теріне, тіл, көз, қолқа, өңештің жоғарғы бөлігінің көмей еттері жатады. Адам ағзасының ішкі мүшелерінің (қарын, қуык, ішек және қантамырлары) қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан құралады. Жүрек бұлшықет бір-бірімен тығыз орналасқан ерекше талшықтардан тұрады. Осының әсерінен жүректің қалың бұлшықеті тез жиырылады.

Жүйке жүйесі мидан және дененің барлық бөліміне тармақталып жатқан жүйке ұштары бар жұлыннан құрылады.

Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Кез келген мүше мен жүйке жүйесінің арасындағы байланыстың қандай да бола бұзылуы сол мүшенің қызмет әрекетіне әсерін тигізеді. Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің бір – бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Басқаны былай қойғанда, ағза мен оның айналасындағы үздіксіз тұрақты байланыс жүйке жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асады. Мұндай байланыстар сезім мүшелері, мысалы, тері, көз және есту мүшелері арқылы орындалады.

Наши рекомендации