Дизель жанармайды сапа көрсеткіштері арқылы кешенді бағалау
2.1 Жұмыстың мақсаты
Дизель жанармайының негізгі маркалары жайлы білімдерді орнықтыру.
Дизель жанармайының сапасы бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен танысу (сапа көрсеткіштері МЕСТ және оларды анықтау тәсілдері).
Жанармайдың тығыздығын, тұтқырлығын және қату температурасын анықтау тәсілдерімен танысу.
Дизель жанармайының сапасын бағалау бойынша дағды алу.
Жұмыс ұзақтығы - 4 сағат
2.2. Тапсырма
Механикалық қоспалар мен судың бар-жоғын анықтау (сапалық).
200С кезінде дизель жанармайының тығыздығын анықтау.
200С кезінде кинематикалық тұтқырлығын анықтау.
Лайлану және қату температураларын анықтау.
Алынған үлгінің автомобиль двигательдері үшін жарамдылығы жайлы қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
2.3. Теориялық бөлім
2.3.1. Механикалық қоспалар мен судың бар-жоғын анықтау
Практикумның №1 зертханалық жұмысында (1.3 қара) баяндалған материалдарға сәйкеседі.
2.3.2.Дизель жанармайының тығыздығын өлшеу
Практикумның №1 зертханалық жұмысында (1.3 қара) баяндалған материалдарға сәйкеседі.
2.3.3. 200С кезінде кинематикалық тұтқырлықты анықтау
Тұтқырлық деп сұйықтың өз қабаттары сырғанағанда немесе жылжығанда кедергі жасау қабілетін айтады.
Қабаттар қозғалысына кедергіні молекула аралық тартылыс күштері жасайды. Тұтқырлық сырттай қозғалғыштық дәрежесімен де білінеді: тұтқырлық аз болған сайын сұйық қозғалғыш және керісінше. Тұтқырлық мөлшерін динамикалық немесе кинематикалық тұтқырлық бірліктерінде көрсетеді.
2.1. - суретінде динамикалық тұтқырлық ұғымын көрсететін схема көрсетілген. Суреттен көретініміз ауданы 1м2 сұйықтың қабаттары 1м ара қашықтықта және бір біріне салыстырмалы қарағанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалады да 1Н күшпен кедергі көрсетеді. Мұндай кедергі 1 Па· с немесе 1Н· с/м2 динамикалық тұтқырлыққа сәйкеседі.
Әдетте, іс жүзінде, кинематикалық тұтқырлық пайдаланылады. Ол жанармай мен майлардың пайдалану қасиеттерін температураға байланысты сиппатайды және мұнай өнімдерінің берілген двигательге жарамдылығы мен оның жұмысының болуы мүмкін барлық пайдалану режимдерінде сенімділігі жайлы сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Кинематикалық тұтқырлықты 33-2000 МЕСТ-ы бойынша капиллярлы вискозиметрде (2.2.- сурет) белгілі бір сұйықтың көлемінің берілген температурада ауырлық күші әсерінен (А белгісінен Б белгісіне дейін) ағып түсу уақыты бойынша анықтайды. Сұйықтықтың капилляр арқылы ағып түсу уақыты көп болған сайын оның тұтқырлығы жоғары. Кинематикалық тұтқырлық , , мм2/с, төменгі формула бойынша есептеледі:
, (2.1)
мұндағы с – вискозиметрдің калибрлеу тұрақты саны, мм2/с2, τ- сұйықтықтың ағып өту уақыты, с.
2.1. - сурет. Тұтқырлықты анықтау кезіндегі сұйық қабаттарының бір-бірімен ауысу сүлбесі
2.2.- сурет. Вискозиметрді сұйықпен толтырылуы: а-ВПЖ-2 типті; б-Пинкевич типті; 1-кең буыны; 2-тар буыны; 3,4,6-кеңейтілген сиымдылықтары; 5-капилляр; 7-резеңкелі түтік; А-жоғарғы белгі; Б-төменгі белгі.
Кинематикалық тұтқырлық пен динамикалық тұтқырлық арасындағы байланыс төменгі формуламен өрнектеледі
, (2.2)
мұндағы, η – сұйықтықтың динамикалық тұтқырлығы,МПа· с;
– сұйықтың тығыздығы, кг/м3.
- анықталған температурадағы кинематикалық тұтқырлық.
Мұнай өнімдерінің тұтқырлығын анықтау үшін ВПЖ-2, ВПЖТ-2 типті немесе Пинкевич типті (ВПЖ-4,ВПЖТ-4) вискозиметрлері пайдаланылады. ВПЖ-2, ВПЖТ-2 типті вискозиметрлері тұтқырлығы 0,6-дан 30000мм2/с дейінгі мөлдір мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығын анықтау, ал ВПЖ-4, ВПЖТ-4 типті вискозиметрлері тұтқырлығы 0,6-10000 мм2/с аралығындағы сұйықтарға пайдаланылады. Кинематикалық тұтқырлықтың әр диапазоны бірқатар вискозиметрлерді қажет етеді.
Капилляры вискозиметр үш жерде кеңейтілген бөліктері бар жіңішке мойнына капилляр дәнекерленген U-тәріздес түтік. Вискозиметрлер капилляр диаметрлері әр түрлі (0,4;0,6;0,8;1,0;1,2; 4мм-ге дейін) болып шығарылады.
Капилляр үстінде екі жерде кеңейтілген бөлік бар, олардың арасында және капиллярдың жоғарғы бөлігінде сақиналы белгілері бар.
Төменгі кеңейтілген бөлік тұтқырлықты анықтау кезінде сұйықтың ағып жиналтын ыдыс қызметін атқарады. Ол ағынға әсер ететін сұйықтың бағана биіктігі жобамен тұрақты қалуын қамтамасыз ету мақсатында осылай жасалынған.
Биік иіннің жоғарғы бөлігінде сорғы резинасын жалғау үшін түтік бар. Жоғарғы кеңейтілген бөліктерінде вискозиметрдің нөмірі және капиллярдің номиналды диаметрі көрсетілген. Вискозиметр әр қайсысында вискозиметрдің мм2/с2 көрсетілген тұрақты саны «С» берілген паспорты болуы керек.
Вискозиметрді жанармаймен толтыру үшін бүйіріндегі шығар аузына сорғы резина бөлікке кигізіліп, 1800-қа төңкеріледі және жіңішке иін бөлігі саналатын жанармай құйылған стақанға батырылады. Кең иінді бөлігінің тесігін саусақпен жауып, сорғы резина бөліктің көмегімен вискозиметрдің жіңішке иінді бөлігіне капилляр мен кенейтілген бөлігі аралығындағы белгіге дейін жанармай сорылады.
Осыдан соң вискозиметрді аударып қалыпты жағдайға келтіреді және жіңішке иінін жанармайдан мұқият тазартып сүртеді.
Қолданыстағы вискозиетрлер өте нәзік және қымбат аспаптар болып табылады. Соңдықтан да олармен жұмыс істеу кезінде ұқыпты болып, ұстап бекіткенде бір-ақ жерінен ұстаған дұрыс. Көбіне вискозиметрлердің істен шығуы резина түтікті кигізгенде және ағытқанда болады, сондықтан осы операцияны орындау кезінде резина түтік кигізілетін немесе ажырататын иінді ғана ұстау керек.
Вискозиметрдің ішкі жағы су тисе немесе оның буы барса да ол жұмысқа жарамсыз болатынын ескеру қажет.
2.3.-сурет. Мұнай өнімдерінің тұтқырлығын анықтайтын аспап: 1-термометр; 2-араластырғыш; 3,4,6 - вискозиметрдің кеңейтілген сиымдылықтары; 5-вискозиметрдің капилляр түтікшесі; 7-термостат; 8-электро қыздырғыш
Содан соң вискозиметрдің шаригі термостат сұйығына толық бататындай қылып термостатқа орналастырылады (2.3.-сурет). Вискозиметрді термостатта 200С температурада кемінде 15 минут ұстайды. Вискозиметрді толтыру және ұстау кезінде онда ауа көпіршіктері мен үзілулер болмауы керек. Содан кейін вискозиметрді термостаттан алмастан сорғы резинаның көмегімен түтіктің 7 ауасын сорып (2.2.- сурет қараңыз) шарикті 3 жанармайдағы А белгісінен (Б кеңейтілген бөліктен) біршама биікке көтереміз.
Жанармайды А белгісінен жоғары көтергеннен кейін сорғы резинаны ағытады да, жанармайдың капилляр 5 және кеңейтілген бөлік 6 арқылы ағуын бақылайды. Жанармай деңгейі А белгісіне жеткен уақытта секундомер қосылады, ал Б белгісі деңгейін өткен кезде оны тоқтатады. Уақыт өлшемі 0,1с дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.
Осы жанармаймен сынақты бірнеше рет қайталайды жанармай ағуы уақытының бес нәтижесін алу қажет, олардың араларындағы алшақтық бірінің абсолюттік мәнінен 1%-дан аспаса болғаны.
Термостатты толтыруға келесі сұйықтықтар қолданылады: 1000С температурада-мөлдір мұнай майы немесе глицерин, 500С температурада-су, 0 0С-мұз аралас су, одан төмен температураларда – қатты көмір қышқылды этил спирті.