Шудан қорғану әдістері

Шуды төмендету техникалық құралдармен, құрылыс-акустикалық шараларымен, алыстан басқару құралдары, ұйымдастыру шаралары, жеке қорғау құралдары арқылы жүреді.

85 дБ·А деңгейден жоғары аймақ қауіпсіздік белгісімен белгіленеді. Оларда ЖҚҚ болу керек. Егер дыбыс қысымы 135 дБ-ден жоғары болса, ол жерге мүлдем баруға болмайды. Қорғау құралдарымен әдістері қорғау объектісіне байланысты құралдар, коллективті қорғау әдісі және ЖҚҚ болып бөлінеді.

Коллективті қорғау құралы: дыбыс оқшауламасы, дыбыс тартқыш, аз шулы машиналар, жұмыс орны мен құралдарды рацоиналды орналастыру. ЖҚҚ – шуға қарсы құлақшын, төстеме, шлем, каска, костюм.

Шуды шектеу әртүрлі әдістермен жүреді. ЭС кезекші инженерлері істейтін панажай фундаменті. Қазан-турбина цехы фундаменті бірге болмауы керек. Сыртқы шу көздері одан алыста болуы қажет.

Көп энергетика кәсіпорындарында діріл рұқсат деңгейінен аспайды. Турбинаның +3,5, +8, +9 м. Отын беру галереясы, генератор, көмір үгіту диірмені, Қазан-турбина цехының жоғары кернеу құралдары.

Өндірісте адам организміне шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу үшін санитарлық нормаға сәйкес олардың шекті мөлшерлері белгіленген. Ол жөнінде арнайы нормативтік документтер қабылданған.

Шуды туу кездерінде азайту шаралары:

1. Шулы құралдары шусыз құралдармен, металл бөлшектерді басқа түрлі бөлшектермен, тозған детальдарды жаңа детальдармен, тісті және шынжыр берілісті басқа түрімен айырбастау.

2. Машиналардың айналатын бөлшектерін дұрыс теңгеру (балансирлау).

3. Қажалатын бөлшектерді уақытында майлап отыру.

4. механизм бөлшектерін жасауда дәлдік класын жоғарылату.

5. Бөлшектердің қосылыс жерлерінде серпімді төсем заттарды қолдану.

Шуды таралу жолдарында азайту шаралары:

1. Дыбыс сіңіру – бұл дыбыс толқындары ауада таралған кезде жолында кездескенде заттар оның біршама энергиясын сіңіріп алады. Материалдардың дыбыс сіңіру қабілеті олардың дыбыс сіңіру коэффициенті арқылы сипатталады. Бұл коэффициент материал сіңірген дыбыс энергиясы мен сол материалға түскен энергиясының қатынасына тең болады. Дыбыс сіңіргіш материалдарға коэффициенті 0,2 артық заттар жатады. Ең үлкен дыбыс сіңіру коэффициенті болбыр, жұмсақ, кеуекті заттарда болады. Сондықтан шудың деңгейін азайту үшін бөлменің төбесін, қабырғаларын дыбыс сіңіргіш заттармен өндеу немесе арнайы дыбыс сорғыштары ауамен таралған.

2. Дыбысты экрандау – бұл дыбыс толқындары ауамен таралған кезде жолына қойылған бөгетке (қалғанға) шағылысып, кейін қарай ағады. Сондықтан дыбыс энергиясы көп тойтарылуы үшін экранның беті тегіс, өзі қатты заттан жасалуы керек.

3. Дыбыс оңашалау (бөлектеу) – бұл шулы агрегаттарды бөлек бөлмелерде, кабинада, кожухта тағы басқаша оңашалау арқылы орындалады.

Шудан қорғану әдістері - student2.ru

3.13-сурет. Адамға діріл әсері.

Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru Шудан қорғану әдістері - student2.ru

3.14-сурет. Техникалық әдістер мен құралдарды дірілден қорғаудың жіктелуі.

4. Шу басатын құралдардың шуын басуға пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген шараларды пайдалану нәтижесі аз болып, шудың деңгейін төмендетуге мүмкіндік болмаған жағдайларда дербес (жеке) қорғану құралдарын қолдану қажет болады. Бұл құралдарға мыналар жатады: құлақтың тесігін жабатын мақтадан, резеңкеден, жарғағын жабатын құлақшы (наушник), басқа киетін каскалар, шлемдер.

Р түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Өкпеге жасанды желдету және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері

Наши рекомендации