Жамбас белдеуінің қаңқасы

Адам денені тік ұстауына байланысты оның жамбас белдеуі өте кең және шұңғыл келеді. Ол құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерде тірек қызметін атқарады. Дененің бар салмағы аяққа түсетіндіктен, аяқ сүйектеріне қарағанда, жуан әрі берік болады. Адам табаны жерге тегіс тимей, көтеріңкі болады да, жүргенде, жүгіргенде, секіргенде серіппе тәрізденіп, соққыны бәсеңдетеді.

Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктерімен табан сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, қақпақ суйегінен, асықты жіліктен, өкше сүйектен (толарсақ), табан сүйектері мен башпай сүйектерінен қ.ұрылады. Жамбас сүйегі артқы жағынан сегізкөзбен берік тұтасып,алдыңғы жағынан өзара байланысады.

Әрбір жамбас (10 сурет) сүйектің ойығына ортан жіліктің ұршық басы кіріп, буынға бос орналасады.

Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru

Сурет 10. Жанбас сүйегі

Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru Аяқтың құрылысы. Аяқ ортан жіліктен, тізеден, асықты және садақ жіліктері мен табан сүйектерінен тұрады.

Ортан жілік (11 сурет) – ең мықты ұзын түтікше сүйек. Оның денесі цилиндр тәрізді болып алға қарай иілген. Ол өте берік, бойлық бағытта оны қысқанда, 15000 Н дейінгі күшке шыдайды. Ортан жілік пен асық жілік тізе буыны арқалы қосылады.

Тізе қақпақ сүйегі асықты сүйектің дистальды эпифизының алдында орналасады. Бұл ең үлкен сесам тәрізді сүйек. Ол санның төрт басты бұлшық етінің күш иығын ұлғайтады да, оның сіңірлерінің арасында орналасады. Тізе қақпағы тізе буынын жарақаттанудан сақтайды.

Асықты жілік. 7 (12 сурет). Ұзын түтікше сүйектерге жатады да, сирақтың ішкі жағында (табанның үлкен саусақ жағында) орналасады. Оның проксимальды шеті кеңейіп, екі айдаршық құрайды: медиальды 4 және латеральды 12.

Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru

Сурет 12. Асықты және садақ жіліктері

Айдаршақтардың буын беттері 3 ортан жіліктің айдаршықтарымен байланысу қызметін атқарады. Олардың арасында айдаршық аралық көтеріңкі жер 11 орналасқан. Латеральды айдаршықтың буын беті садақ сүйегінің басымен байланысу қызметін атқарады.

Асықты жіліктің денесі үш қырлы және үш бетті болады: медиальды, латеральды және артқы. Медиальды бетті латеральды беттен 6 қабырға бөліп тұрады. Артқы және латеральды беттер бұлшық еттермен қапталған.

Садақ жілік – 1 балтырдың латеральдық жағында орналасқан ұзын түтікше сүйек. Оның проксимальды шеті баспен 2 аяқталады. Бас асықты жілікпен жалғасады. Садақ жіліктің дистальды шеті латеральды тобықты 10 құрайды. Латеральды тобықтың медиальды жағында асық тепкі сүйекпен байланыстыратын буын беті 13 орналасқан.

Шартты түрде табанды үш бөлімге толарсақ сүйектеріне I, табан сүйектеріне II және бақай сүйектеріне III бөледі (13 сурет).

Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru

Сурет 13. Табан сүйектері

Толарсақ жеті: асық немесе тепкі 2, өкше 1, қайық 3, текше тәріздес 10 және үш сына тәріздес 4 (табанның ішкі жиегінен сыртқа қарай бірінші, екінші, үшінші) сүйектен құралады.

Тепкі - балтыр сүйегімен өкше сүйегінің арасында оның барлық беті көршілес жатқан сүйектермен: жоғарғы және ішкі беті балтыр сүйегімен (ішкі ойық жағында), үстіңгі беті (сыртқы ойық жағында) балтыр сүйектерімен, ал төменгі беті өкше сүйегімен буындасқан. Тобықтың басы алға қарай шығыңқы болып, қайық тәріздес сүйекке буындасқан.

Өкше сүйегі – толарсақ сүйектеріндегі ірісі, ол тепкі сүйегінің астыңғы жағында орналасқан. Ол тұтас бөлікке және шығыңқы болып бұдырлы өкше тепшігіне ажыратылады. Бөліктің буынды беті топаймен, ал алдыңғы беті текше тәріздес сүйекпен байланысады.

Текше тәріздес сүйек - артқы бетпен ұстасатын өкше сүйегінің алдында, табанның сыртқы шетіне орналасады. Ол алдыңғы бетімен табанның төртінші және бесінші сүйегімен байланысады.

Қайық тәріздес сүйек тепкі басының бетімен ұстасып, табанның ішкі жиегі бойында орналасады. Оның алдыңғы бетінің ұшы сына тәріздес сүйекпен байланысатын үш буын беттері болады.

Сына тәріздес сүйек қайық тәріздес сүйектің алдында орналасады. Оның біріншісі (ең үлкені) табан сүйегінің біріншісінің негізімен, екіншісі (ең қысқасьі) табан сүйегінің екіншісінің негізімен, үшіншісі (екіншімен салыстырғанда ұзындауы) үшінші табан сүйегімен байланысқан.

Табан сүйегінің қаңқасы табанның ішкі жиегінен сыртына қарай түтік тәрізді бес қысқа сүйектен құрылган. Бұл сүйектердің ішінде бірінші табан сүйек, қысқа, әрі жуан екінші табан сүйегі ең ұзыны болып келеді. Әрбір табан сүйегінің негізі, ұзын денесі және басы болып, тиісті бақайлармен жалғасады. Бесінші табан сүйегінің сыртында сезілетін бұдыры болады.

Башпай қаңқасы – бақайлар. Башпайлардың үш-үштен бақайлары (негізгі, ортаңғы, тырнақтық) болып, бас башпай екі бақайдан (негізгі, тырнақтық) тұрады.

Табанда да қол басы сияқты сесам тәрізді сүйектері бар. Олар бірінші және бесінші табан сүйектері мен проксимальды бақайлар байланыс орталығында орналасқан. Сесам тәрізді сүйектер табанның алдыңғы бөлігінің көлденең күмбезін ұлғайтады.

Жамбас белдеудің буындары. Олардың қатарына жамбас, тізе және балтыр-табан буындары жатады.

Жамбас белдеуінің қаңқасы - student2.ru Жамбас буыны жамбас сүйегінің ұршық ойығымен және ортан жіліктің басымен құралады. Ұршық ойығының терендігі буын еріні арқылы ұлғаяды. Ол ұршық ойығының жиегіне бекітіледі. Жамбас буынының қапшығы өте берік және мықты қысқа сіңірлермен қоршалған. Жамбас буыны жай немесе қарапайым буындарға жатып, үш айналу: көлденең осі бойынша 100°-қа сан иілуі (артқа қарай қозғалыс) және 15° жазылу (артқа қарай қозғалыс), алғы-артқы осі бойынша 40-60° сыртқа және 15-30° ішке, ал тік ось бойынша 15-40° супинация және пронация қимыл-қозғалыстары өтеді. Бұлардан басқа жамбас буынында айналу қозғалысы да болуы мүмкін.

Тізе буыны (14 сурет) ортан жіліктің айдаршықтарымен асықты жіліктің буын беттерімен және тізе қақпағымен құрылады.

Бұл күрделі буын. Ол блок-шар тәрізді пішінділерге жатады. Жазық түрде ол блок тәрізді буындар сияқты қызмет атқарады. Иілген сайын, демек, ортан жіліктің айдаршықтарының буын беттерінің радиусы кішірейген сайын, бұл буында шамалы айналу қозғалысы болуы мүмкін. Буын ішінде екі медиальды 4 және латеральды 8 менисктер бар. Мениск - жарты ай тәрізді, ораққа ұқсас шеміршек. Олар жүргендегі, жүгіргендегі, секіргендегі қозғалыстар арқылы пайда болған соққыларды бәсеңдетеді де, ортан жіліктің асықты жілікке түсіретін қысымын тең таралуына септеседі.

Менисктердің сыртқы жиегі қалың, ал ішкі жағы үшкір болып келеді. Медиальды мениск латеральдыға қарағанда үлкендеу болады. Себебі, асықты жіліктің-медиальды айдаршығы үлкендеу болғаны.

Тізе буыны бірнеше сіңірлі болады. Олардың қатарына асықты жіліктің және садақ жіліктің ортан жіліктің медиальды айдаршығынан асықты жілікке, ал садақ жіліктің сіңірі ортан жіліктің латеральды айдаршығынан садақ жілікке қарай бағытталған. Буын ішінде алдыңғы 2 және артқы 1х (икс) тәрізді сіңірлер орналасқан, Олар буынды нығайтады. Алдыңғы ортан жіліктің артқа, ал артқысы алға қарай тайғанақтауынан сақтайды, тізе буынының алдынан санның төрт қырлы бұлшық етінің сіңірі (тарамысы) өтеді. Ол тізе қақпағына бекітілген. Тарамыс жалғасы болып тізе қақпағының сіңірі 5 саналады. Ол асықты жіліктің бұдырмағына шейін жетеді. Тізе буынының мүшелерінің ең көп жарақаттанатындарына менисктер жатады.

Асықты жілік пен садақ жілік бір-бірімен сүйек, аралық жарғақпен қосылады. Ал садақ жіліктің басы асықты сүйекпен жалпақ тәрізді буынмен байланысқан. Ол алдыңғы және артқы жағынан сіңірлермен нығайтылған.

Табан буындары. Табан сүйектері балтырмен байланысқан тұста өзара буын тәрізді. Сүйектердің байланысқан жері байланыстырғыш берік ұлпалы буын қапшығымен қапталған. Буын астарына қатысты буын қапшығының беті арнайы майлайтын сұйық бөлетін жұқа қабатпен қапталады.

Байланысатын сүйектердің беттері жылтыр, тегіс шеміршекпен қоршалып жатады. Буын қапшығы сүйектермен ұстатылып, сүйектерді өзара тығыз байланыстырады әрі буын қимылын шектейді.

Буындарды негізгі топтарға: балтыр-тепкі, толарсақ-аралық, толарсақ, табан-башпай және бақайаралық деп жіктеуге болады.

Балтыр-тепкі және тепкі үстілік буынның балтыр сүйегі мен тепкі сүйегінен жасалады. Осы буынның төңірегінде тобықтар болады. Ішкі тобық асықты жілікпен, ал сыртқы тобық садақ жілігінен түзіледі.

Балтыр-тепкі буынының бір ғана айналу өсі бар, оның айналасында табанды 65° бұрыш жасап, бүгіп-жазуға болады.

Толарсақаралық буын толарсақ сүйектерінің аралығында жатады. Негізгі буындарда қозғалыс бір мезгілде өтетіндіктен, буынның ортақ тепкі асты деген аты бар. Бұл буындардың қозғалысы ортақ өсі арқылы алғы-артқы бағытында өтеді. Оның айналасында табан ішке және сыртқа бұрыла алады. Буындар қозғалу бұрышы 90°-қа тең болып, бір мезгілде жұмыс істейді.

Толарсақ буындары - толарсақ және табан

сүйектерінің арасында жатады да, ауыр қозғалып табанның қатты негізін құрайды. Бұл буындар жалпақ болады,

Табан-башпай буындары табан сүйектерінің бастармен негізгі бақайлардың жалғасқан жерінде болады. Бұл буын шар тәрізді, бірақ қозғалысы шамалы болады. Оларда қимыл, негізінен, көлденең өстердің айналасында (бүгу, жазу) өтеді.

Бақайаралық буындар жеке бақайлар аралығында болады. Олар блок тәрізді болғандықтан, оларда бүгу және жазу қимылы өтеді. Бірақ, қимыл шамалы болады. Себебі, буынның медиальды және латеральды жақтарында орналасқан сіңірлер кедергі жасайды

Наши рекомендации