Атом ядросының құрылымы

V тарау. Атом ядросының физикасы

Өздеріңе белгілі атом құрылымы жөнінде ХІХ ғасырдың аяғында екі түрлі болжамдар болды. Ол Томсон және Резерфорд модельдері. 1896 ж. радиоактивті құбылыс анықталғаннан кейін, Резерфорд α-бөлшегімен атомдарды атқылау арқылы тәжірибе жасап, атом-электрон мен ядродан тұратындығын, оның центрінде оң зарядты - ядро орналасқан екендігін дәлелдеді.

Осындай ядро құрылымын, оның түрленуін, басқа ядролармен немесе бөлшектермен әсерлесуін ядролық физика қарастырады.

Сол атом ядросын қарастыратын болсақ, оның өзі де ұсақ бөлшектерге, яғни протон мен нейтронға бөлінетіндігі, оларды ядролық күш біріктіріп тұратындығын алғаш Совет физигі Иваненко ұсынған болатын.

Бұл болжам көптеген тәжірибелер бойынша қарастырылып, атом ядросын құрайтын бөлшектер протон мен нейтрон екендігі дәлелденді. Оларды жалпы нуклондар деп атайды.

Нуклон атомдық сан (А) арқылы сипатталады. Яғни, атомдық сан (А) ядродағы нуклондар санын көрсетеді.

Мысалы:

1Н1, 2Не4, 3Li6, 6С12, 7N14, 8О16 т.б. (ZХА)

Ал, реттік нөмірі (Z) ядродағы протон санын көрсетеді, ол атомдағы электрон санына тең заряды оң бөлшек. Нейтронның заряды жоқ (бейтарап бөлшек). Атом ядросындағы нуклондар саны мынандай түрде сипатталады:

Анук= Zпр+ Nней

Nней = Анук - Zпр(5.1.1)

Атом ядросындағы протондар саны бірдей, ал нейтрондар саны әртүрлі болып келсе, ондай ядролар изотоптардеп аталады. Мысалы:

1Н1, 1Н2, 1Н3, 2Не3, 2Не4

3Li6, 3Li78О16, 8О17, 8О18

92U235, 92U236, 92U238, 92U239, т.б.

Белгілі бір химиялық элементтің барлық изотоптарының электрондық қабаттарының құрылымы бірдей болады. Олай болса химиялық және физикалық қасиеттері электрондық қабаттар арқылы алынады.

Жоғарыда айтылған протон мен нейтронға тоқталайық.

1) Протон. Протонның заряды шама жағынан электрон зарядына тең, бірақ таңбасы оң таңбалы (+р) болады, ал массасы mp= 1,6722*10-27кг (немесе mp= 1,00728 а,б,м). Ядролық физикада масса, энергия бірлігімен өрнектеледі, ол үшін бірлік масса с2 көбейтіледі, сонда mр= 938,28Мэв тең болады.

Ал, электрон массасы mе= 0,511Мэв (mе=9,11∙10-31кг) , протон массасынан 1836 есе кіші

mp=1836∙mе (5.1.2)

Электрон массасын осы теңдікке қою арқылы протон массасы анықталады.

Протонның спині бар ол S=± атом ядросының құрылымы - student2.ru тең, онда оның меншікті магнит моменті болады, ол

атом ядросының құрылымы - student2.ru

атом ядросының құрылымы - student2.ru (5.1.3)

Ядроның магниттік моментінің бірлігі, ядро магнетоны деп аталады да, ол Бор магнетонынан 1836 есе кіші болады. Жоғарыда айтылғандай, Бор магнетоны

атом ядросының құрылымы - student2.ru

атом ядросының құрылымы - student2.ru (5.1.4)

Олай болса протонның меншікті магнит моменті, электронның меншікті магниттік моментінен 660 есе аз болады. атом ядросының құрылымы - student2.ru .

2. Нейтрон. Нейтронды ағылшын физигі Д.Чадвик (1932ж.) ашқан болатын. Оның заряды жоқ. Массасы mn=93,57 Мэв, протон массасына жақын бөлшек (mn-mp=,3Мэв) яғни 2,5me- тең. Заряды жоқ болғанымен спині S=± атом ядросының құрылымы - student2.ru тең, онда оның меншікті магнит моменті бар, ол

атом ядросының құрылымы - student2.ru (5.1.5)

таңбасының (-) теріс болу себебі, оның меншікті механикалық моментімен меншікті магниттік моменті қарама-қарсы бағытталған болады. Протон мен нейтронның меншікті магнит моментінің қатынасы

атом ядросының құрылымы - student2.ru

тең екендігі, эксперимент бойынша өте үлкен дәлдікпен алынған. Нейтрон еркін күйде орнықты емес (радиоактивті), ол өздігінше протонға, электронға ыдырайды және тағы да басқа бір бөлшек бөліп шығарады, ол бөлшек электронды - антинейтрин деп аталады.

атом ядросының құрылымы - student2.ru (5.1.6)

Нейтронның жартылай ыдырау аралығы 12 минут. Антинейтриннің массасы нөлге тең (нейтрон массасымен салыстырғанда өте аз болғандықтан есепке алынбайды). Соңғы формула бойынша нейтрон массасы, оң жағындағы бөлшектер массасының жиынтығынан 1,5me кем болады, ол 0,77 Мэв энергияға сәйкес келеді. Бұл энергия бөлінген бөлшектердің кинетикалық энергиясына айналады.

Наши рекомендации