Р еңбек кодексі туралы

ҚР еңбек кодексі 2008 жылдың 1 қаңтарында бекітілетін жеке баптардың кейбір пункттерінен басқасы 2007 жылдың 15 мамырында бекітіліп, ал 1-ші маусымнан іске кіргізілді.

Осы кодекс іске кіргізілгеннен кейін, «ҚР еңбек заңы», «ұжымдық келісім туралы», «қауіпсіздік және еңбек қорғау» заңдары күштерін жойды.

Еңбек кодексі 341 баптан тұратын 40 бөлімнен тұрады, еңбек қатынасы жөнінен көптеген арнайы бөлім мен баптарға жаңалықтар енгізілген.

Кейбір новация мазмұнын тереңірек қарастырайық.

Еңбек заңдылықтарының негізгі принциптеріне белгілі принциптерден басқа, жұмыскердің кәсіптік қызметі нәтижесіне, денсаулығы мен өмір сүру артықшылығы және жұмыскерлер өкілдерінің еңбек заңдылығын сақтауды бақылау құқығын арттыру қарастырылған.

Еңбек кодексінің, бұрынғы еңбек қорғау заңынан ерекшелігі, тек қана еңбек қатынасы, онымен байланысты еңбек қатынастарын реттеп қоймай, әлеуметтік серіктікпен қауіпсіздік және еңбек қорғау қатынасын да реттейді.

Бірінші рет азаматтың қызметкерлеріне мемлекеттік қызметкерлеріне, шағын іскерлік субъектілердің, қоса атқару жұмыскерлеріне және басқа категориядағы толық тәртіптеу берілген.

Азаматтық қызметкер – қазыналық кәсіпорында, мемлекеттік мекемеде штаттық лауазымда отырған адам, яғни педагог және тәрбиешілер ауылдық жерде істейтін денсаулық сақтау, әлеуметті қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спортта істейтін азаматтық қызметкерлерге, қалада істейтіндермен салыстырғанда 25% артық лауазымды еңбекақы, тарифтік мөлшер бекітіледі.

Еңбек кодексінің 20 бабы, жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынасы тек еңбек келісімі негізінде ғана пайда болатынын қатаң анықтайды.

Еңбек кодексінің 26 бабының 1-ші тармақшасында шетелдіктермен, азаматтығы жоқ, ҚР аумағында тұратын, жергілікті орындау органдары шетел жұмыс күшін іске асыруға рұқсат еткенше, еңбектік шарт жасалмайтыны анық көрсетілген.

Еңбек кодексінің 31 бабында жұмыс беруші еңбек шартың жасау үшін жұмыскерден көбейтуге болмайтын келесі құжаттар тізімі көрсетілген:

Барлықтарына міндетті.

1. Жеке куәлік, не төлқұжат, не тууы туралы куәлік;

2. Еңбек стажын растайтын құжат;

3. СТН және ӘЖК көшірмесі.

Керек болса:

1. Тұру түрі немесе азаматтығы жоқ жеке куәлік (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар).

2. Білімі, саралау, арнайы білімі туралы немесе мамандық дайындығы туралы төл құжат.

3. Әскери есеп құжаты.

4. Медициналық куәландыруды өткендігі туралы құжат.

Жұмыскер талабы бойынша келісімді бұзу тәртібіне өзгерістер енгізілген.

Еңбек кодексінің 57 бабының 4-ші тармағында жұмыскерге, жұмыс берушіге жазба түрінде еңбек шартын орындай алмайтынын ескертеді, егер де 7 күн ішінде жұмыс беруші еңбек келісімінің шартын орындамаса, еңбек шарты бұзылып, 3 күн ішінде жазбаша жұмыс беруші ескертіледі. Сонан басқа, көрсетілген баптың 5-ші тармағында ескертілген уақыт ішінде жұмыскер, еңбек шартын бұзу туралы өтінішін қайтып ала алады.

Еңбек кодексінің 240 бабында, ҚР бекіткен зейнетақы заңыбойынша зейнеткерлік жасқа жеткен – азаматтық қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату туралы қосымша негіз енгізілген.

Еңбек кодексінің 69 бабында жұмыскерлер өкілі бекіткен уақыты ішінде жұмыс уақыты дем алу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету шарты және басқа да еңбек қатынасын реттейтін жұмыс күн тәртібі ережесі міндетті түрде болу керек.

Еңбек кодексінің 80 бабының 3-ші тармақшасында, толық емес жұмыс күні жағдайы, жыл сайынғы демалыс күні ұзақтығына әсер етпейтіні алғашқы рет анық көрсетілген.

Дем алу және ас ішу уақытының ең аз уақытта, бұрынғы еңбек заңына қарағанда бір сағаттан жарты сағатқа дейін қысқартылған, бірақ жыл сайынғы еңбек демалысы 18-ден 24 календарлық күнге дейін ұзартылған. Демалыс уақыты, еңбек демалысына келетін мейрам күнсіз есептелінеді.

Еңбек, ұжым шарттары, үздіксіз жұмыс істегені, күрделі, тығыз жұмыс жасаған Мемлекеттік бюджет есебінен Еңбек кодексінің 239 бабына сәйкес мадақтау ретінде ұзақтығы 30 календарлық күннен кем емес емделуге лауазымдық еңбекақы мөлшерінде жәрдем ақы төленеді.

Еңбек шарты бойынша қосалқы жұмыс істейтін жұмыскерлерге негізгі жұмысында берілген демалыспен қатар, төленетін еңбек демалысы беріледі. Егер де еңбек шартымен жұмыс істейтін қосалқы жердегі демалыс, негізгі жұмыс демалысынан кем болса, жұмыс беруші жұмыскердің тілегі бойынша демалыстар айырмасы күніне еңбекақысы сақталмайтын демалыс күндерін береді.

Бұрынғы қолданылған еңбек заңына қарағанда Еңбек кодексінің 195 бабында бала күтуге еңбек ақысы сақталмайтын 3 жылға дейін жұмыс орны сақталатын, демалысын толығымен немесе бөлектеп алуға болатын демалыс беріледі.

Еңбек кодексінің 111 бабының 3-ші тармағында бірінші рет жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша жұмыс беруші, еңбек ақысы сақталмайтын 5 календарлық күн бере алады, егер:

а) некесі тіркелсе;

б) бала туса;

в) жақын туыстары қайтыс болса;

г) еңбек, ұжым шартына сәйкес, кейбір жағдайларда.

Лауазым қысқартылған кезде, атқару лауазымы саралауы сәйкес келмесе, еңбек шарты өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысын жалғастырғысы келмесе, егер де жұмыскер кәсіби бірлік мүшесі болса, оны шығару кезінде осы кәсіпорынның кәсіби бірлігінің пікірі есептелінеді.

Қайтадан ескертумен қатар қатаң сөгіс, сөгіс беру, еңбек шартын жұмыс беруші тілегімен бұзу тәртіптік жаза ретінде қайта кіргізілген.

Еңбек кодексінің 157 бабы жұмыс беруші, жұмыскер жұмысын жоғалтқада, лауазым қысқаруына байланысты орта еңбек ақы мөлшерінде компенсациялық төлем береді, сонымен қатар жұмыс беруші еңбек шарты жөнінде, еңбек шартын жасағанда дұрыс мәлімет бермесе немесе еңбек заңдылығын, еңбек, ұжым шарты жағдайларын бұзса, жұмыскер талабы бойынша, жұмыс беруші жұмыскерге жұмыс орнын жоғалтқаны үшін, орта еңбекақы мөлшерінде 3 айға еңбекақысындай компенсациялық төлем береді.

Еңбек, ұжым шарттары бойынша, жұмыс орнын жоғалтқанда, бұдан да жоғары компенсациялық төлем қарастырылады. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары, сот қарайды, ал ұжымдық еңбек дауларын – татуластыру комиссиялары қарап, келісімге келмесе, еңбек арбитражы қарайтының Еңбек кодексінде нақты көрсетілген. Еңбек Заңдылығын, қауіпсіздік нормаларын еңбек қорғауды Еңбек кодексі мемлекеттік еңбек инспекторларына, жұмыскердің жалпы жиналысында кәсіби бірлік бекіткен (егер өндірістік ұйымда 50-ден артық жұмыскер болса) ішкі қауіпсіздік еңбек қорғау қызметіне жүктелінеді.

Еңбек кодексімен қатар 2007 жылдың 1 маусымынан бастап, қазіргі Қазақстан заңдарының 57 бабына анықтамалық қосымшалар және өзгерістер енгізілген «Еңбекті реттеудің ҚР заңдылық актысына өзгешелік пен қосымшалар енгізу» заңы іске кірді. Жекеленген ҚР 148 қылмыстық кодекстің екінші бабының бірінші бөлігінің абзацы өзгерген, онда әйел адаммен немесе екіқабаттығына байланысты негізсіз шарт, үш жасқа дейінгі баласы бар, кәмелетке толмаған баламен, оның кәмелетке толмағаны жөнінде мүгедекпен мүгедектігі жөнінде еңбек шарты бұзылса қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Сонымен қатар, жұмыскер өкілдерінің заңды қызметіне бөгет жасаса, лауазымды адамдардың ірі ақшалай штрафтан 3 жылға дейін бас бостандығын айыруға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ҚРҚК 150-1 баппен толтырылған.

Еңбек заңдылығын бұзғаны үшін жұмыс берушіге және лауазымды адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылатын 10-нан 200-ге дейінгі мөлшерінде штраф салынады.

Наши рекомендации