Диабет ауруында ең маңызды құрал-глюкометр.
Пациентті оқыту
Орындаған:Қасым Айнур
2016 -2017жыл
Ант диабеті
Диабет — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.
Қант диабетінің пайда болу себептері:
Инсулинді өндіріп шығарушы асқазан асты бездерінің клеткаларын бұзатын вирусты жұқпалар. Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық,вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит және тағы басқалар.
Тұқымқуалаушылық ықпал. Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.
Артық салмақтық;
Холестериннің шамадан тыс деңгейі;
Қан қысымының жоғарылығы;
Дұрыс тамақтанбау;
Күйзеліс пен уайым.
Қант диабетінің белгілері:
Қатты шөлдеу;
Бөлінетін зәр мөлшерінің көбеюі;
Жоғары терлегіштік;
Салмақты жоғалту және т.б.
Қант диабетінің асқынуы:
Жіті асқынулар
диабеттік кома; гипогликемия.
Созылмалы асқынулар жүрек пен қан тамырларын зақымдау; көзді зақымдау; аяқты зақымдау.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ЕКІ ТҮРІ БАР:
Инсулинге тәуелді – ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды.Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзуге қабілетсіз.
Инсулинге тәуелсіз – ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің екінші түрі - семіздікпен қиналатын, жасы 40-тан асқан адамдардың арасындағы тұқымқуалаушы ауру.
Пациентке глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеруге үйрету.
Әрбір диабеті бар науқас қандағы глюкозаны өздігінен анықтай білуі керек.
Андағы глюкозаны анықтау маңызды.
Саусақтан қан алынады. Саусақ ұшын арнайы қазіргі заманғы ланцетпен автоматтандырылған тескіш көмегімен тесіп, тамшы қан алынады. Саусақ ұшының ортасынан емес, жанынан тесудің мәні бар, ауырмайды, онда нерв ұштары азырақ.
Глюкометр жолақшасына қан тамшысы түсумен, есеп құралы қандағы қант деңгейін көрсетеді.
Диабет ауруында ең маңызды құрал-глюкометр.
Глюкометр қандағы қант мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Глюкометрді қолдану ережесі:
1.Қолыңызды жылы сабынды сумен жуып,кептіріңіз;
2.Тексеруге құралдарды дайындаңыз (глюкометр,иучка-скарификатор, тест-жолақтары, 70%спирт, мақта шариктері );
3.Тест-жолсғын глюктметрге қосыңыз;
4.Саусақ ұшын спиртті мақтамен өңбеңіз;
5.Саусақ ұшын ручка-скарификатормен тесіңіз;
6.Анализ нəтижесін күтіңіз (15 секундта экранда көрсетіледі);
7.Анализ нəтижесін күнделікке тіркеңіз.
Глюкометрді қолдану жиілігі біліңіз:
- Қант диабетінің бірінші типінде-күніне 2 рет;
- Қант диабетінің II типінде –күніне 2 рет;
- Егер қандағы қант мөлшері қалпына келмей жатса күніне 8 тексеру жүргіху керек (тамаққа дейін,тамақтан 2 сағаттан кейін,тамақтан 5 сағаттан соң, ашқарынға таңертең, кешке, физикалық күш түскенде, ауырғанда).
Анализ нəтіжесінің дұрыс көрсетпеуінің себептері:
- қанды дұрыс мөлшерде алмау;
- Тест-жолақтарын дұрыс сақтамау(қараңғы құрғақ жерде сақтау керек);
- Глюкометр таза сақтамау.
Глюкометр жұмысының дұрыстығын қалай тексереміз?
- Глюкометрмен тез арада 3 рет өлшеу керек;
- Глюкозаға клиникада анализ жасатыңыз жəне глюкометрмен 3 рет өлшеңіз;
Инсулинмен емдеу – жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сырттан енгізу. Инсулин препаратының әсер ету ұзақтығы байланысты 3 түрі бар: а) қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, суинсулин (шошқа инсулин), актрапид, инсулрап, хоморап т.б. әсер ету ұзақтығы 8 сағат; б) ұзартылған әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин аморфты немесе инсулин семиленте, инсулин В, инсулонг, хомофан т.б. - әрекет ұзақтығы – 10-14 сағат;в) ұзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин кристалды (ультраленте), ультралонг, ультратартд - әрекет ұзақтығы 24-36 сағат.
Пациентке инсулинлі шприц- қаламсапты қолдануды үйретеміз:
- Футлярды ашамыз,қаламсапты аламыз,қақпағын ашамыз;
- Инесін саламыз;
- Инсулин араласуы үшін қаламсапты жоғары – төмен қозғаймыз;
- Инеде ауа қалмас үшін 2 БР дозаға келтіріп жібереміз;
- Керекті дозаға келтіріп, иыққа немесе іш аймағына (кіндік айналасы), сан аймағына егеміз; Мән береміз: егу барысында бас бармақ және сұқ саусақ көмегімен иньекция орнын қысамыз.
- Бас бармақ және сұқ саусақты босатып 7- 10секунд күтеміз.
- Инені алып, қақпағын жауып футлярға саламыз.
Липодистрофия (Lipodystrophia - май алмасуының бұзылуы) - Тері асты май шел қабатының көлемінің азаюы (Липодистрофия атрофиялық түрі) немесе көлемінің ұлғаюы (Липодистрофия гипертрофиялық түрі), жалпы немесе шектелген болып бөлінеді.
Диетотерапия