Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі.

Организнің қартаюына байланысты шеміршек тініндегі протеогликандардың концентрациясы азаяды және соған байланысты гидрофильділігі төмендейді. Хондробласттар мен жас хондроциттердің бөліну құбылыстары нашарлайды. Бұл жасушалардың цитоплазмасындағы Гольджи аппаратының, түйіршікті эндоплазмалық тордың, митохондриялардың көлемі азаяды және ферменттерінің белсенділігі төмендейді.

Жасуша аралық заттар мен жасушалардың дистрофиялық өзгерістерінің резорбциясына хондрокласттар қатысады, олар морфологиялық құрылысы бойынша остеоклаттармен бірдей. Хондроциттердің өлімінен кейін лакуналар аморфты заттар мен коллаген жіпшелеріне толады. Жасуша аралық заттың кейбір бөліктерінде кальций тұздарының шөгінділері пайда болып, шеміршек лайланып, мөлдірлігі жоғалып, түсі өзгереді; қатайып, тез сынғыш болады. Аталған өзгерістерге байланысты шеміршекке қантамырлары өтіп, шеміршек сүйекке айналуы мүмкін.
Шеміршек тінінің регенерациясы.

Шеміршектің регенерациясы шеміршек қабындағы аз маманданған жасушалары және шеміршектегі прехондробласттар мен хондробласттардың бөлінуі мен дифференциациясына байланысты жүреді. Бірақ бұл құбылыс өте баяу өтеді. Буындық емес шеміршек тіні жарақатының регенерациясы шеміршек қабының қатысуымен жүреді.

Буындық шеміршектің жарақатының регенерациясы оның тереңдігіне байланысты әр түрлі болады. Егер жарақат терең болмаса, регенерация тек изогенді топтардың көбеюіне байланысты болады. Ал егер шеміршек терең жарақатталса, онда регенерацияға субхондриальді сүйек тінінің камбиальді жасушалары да қатысады.

Кез келген жағдайда тікелей жарақат аймағында дистрофикалық құбылыстар орын алады, кейіннен көбеюші хондроциттер орналасады.

Жарақат алғаннан кейін алғашқы 1-2 айларда жас фибробласттардан тұратын тін пайда болады, ол протеогликандар мен коллаген талшықтарын белсенді түрде синтездейтін шеміршек тәріздес тінмен алмастырылады. 3-6 айдан кейін регенерат гиалинді-фиброзды тінге ұқсас жас шеміршекке айналады.
Шеміршек тіндері метаболизмінің реттелу факторлары.

Шеміршек тіндерінің реттелуі механикалық күшке, гормондық және жүйкелік факторларға байланысты болады. Шеміршек тініне күш түсу мен оның әлсіреуі суда еріген қоректік заттар, метаболизм өнімдері, шеміршек қабы капиллярларының гормондық-гуморальдық реттеушілері үшін үнемі қызмет атқаратын факторлар болып табылады. Сонымен қатар хондроциттердің қандағы бірқатар гормондарға (СТГ, тироксин, инсулин, т.б.) арналған циторецепторлары бар.

Гипофиз гормондары – соматотропин мен пролактин – шеміршек тіндерінің өсуіне ықпалын тигізеді, бірақ олардың дамуына ісер етпейді. Қалқанша безінің гормондары – тироксин мен трийодтиронин – хондроциттердің дифференциалдануын жылдамдатады, бірақ шеміршектегі өсу процесін баяулатады. Қалқанша безінің және қалқанша маңы безінің гормондары – кальцитонин мен паратгормон – өсу процесін стимулдайды. Ұйқы безінің эндокринді гормоны – инсулин мезенхиманың дифференциалдануын тездетеді. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормондары – глюкокортикоидтар және жыныс гормондары эстрогендер – хондроциттердегі коллаген мен гликозамингликандардың синтезделуін тежейді, концентрациясы жоғары болса, шеміршектің қартаюына әкеледі. Жыныс гормоны – тестестерон – шеміршектің дамуының тежелуіне әкеліп соғатын сульфатталмаған гликозамингликандардың синтезделуіне қатысады. Шеміршек тінінің дамуындағы, метаболизіміндегі гормондардың орны үлкен болғанымен, хондроциттердің қызметтері ағзаның эндокринді жағдайына және хондроциттердің құрылымдық жағдайына байланысты екенін айта кеткен жөн.

Сүйек тіні.

Сүйек тіні – дәнекер тінінің жоғары маманданған, жасуша аралық заты минералданған түрі. Жасуша аралық затының 70%-ы бейорганикалық қосылыстардан, негізінен кальций фосфаттарынан тұрады. Бұдан басқа сүйек тіні құрамында организмдегі метаболизм процестерінде аса маңызды орын алатын 30-дан астам микроэлементтер бар:мыс, мырыш, барий, магний және т.б.

Органикалық затты – сүйек тіні матриксін – негізінен коллаген ақуыздары мен липидтер түзеді. Шеміршек тінімен салыстырғанда, сүйек тінінде су менхондроитинкүкірт қышқылы аз, бірақ лимон және басқа қышқылдар көп. Олар кальциймен комплекс түзіп, өте мықты сүйек матриксін түзеді.Органикалық және бейорганикалық компоненттердің бір-бірімен үйлесуі механикалық қасиеттерді анықтайды, мысалы созылуға және қысылуға қарсыласу. Барлық дәнекер тіндерінің ішінде тек сүйек тінінің тіректік, механикалық, ішкі мүшелерге қорғаныш қызметтері және кальций, фосфор элементтерінің қоры болуы анық байқалады.

Сүйек тінінің жоғары минералдылығына қарамастан, оның құрамына кіретін заттар үнемі жаңаланып, бұзылып, қызмет етуінің өзгеруіне байланысты адаптациялық процестер жүріп отырады. Сүйек тінінің морфофункционалдық қасиеттері жасқа, бұлшық етке, қоректенуге, ішкі секреция бездерінің қызметіне, нервтендірілуге және т.б. байланысты өзгеріп отырады.

Жіктелуі.Сүйек тінінің негізгі екі түрі бар: ретикулофиброзды(өрескел талшықты) және пластинкалық(қабыршақты). Бұл сүйек тінінің түрлері жасуша аралық заттарының құрылысына байланысты болатын құрылымдық және физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Сүйек тініне жасуша аралық заттарының жоғары минералдығы, тіректік жіне механикалық қызметтеріне байланысты тіс цементі мен дентин де жатады.
^ Сүйек тінінің диффероны мен остеогистогенезі.

Эмбрионның сүйек тінінің дамуы екі тәсілмен жүзеге асады: 1) тура остеогенез – мезенхимадан тікелей даму; 2) тура емес остеогенез – мезенхимадан дамыған шеміршектен даму. Сүйек тінінің постэмбриональды дамуы физиологиялық және регенерациялық репарация кезінде боладыСүйек тінінің дамуы барысында сүйек диффероны пайда болады: бағаналы жасушалар, жартылай бағаналы жасушалар(преостеобласттар), остеобласттар(фибробласттардыңбір түрі), остеоциттер. Қанның бағаналы жасушаларынан дамитын остеокласттар(макрофагтардың бір түрі) екіншілік құрылымдық элементтер болып табылады.

Бағаналы және жартылай бағаналы жасушалар морфологиялық түрде идентифицирленбейді.

Остеобласттар немесе остеобластоциттер – бұл сүйек тінін түзетін жас жасушалар. Қалыптасқан сүйекте олар тек сүйек қабының терең қабаттарында және сүйек тінінің жарақаттан кейінгі регенерация орындарында кездеседі. Олар үздіксіз көбеюге қабілетті. Остеобласттардың пішіндері әр түрлі: куб тәрізді, пирамида тәрізді немесе көпбұрышты. Олардың денелерінің өлшемі шамамен 15-20мкм. Ядросы дөңгелек немесе сопақша болады, цитоплазмада жиі эксцентрлі орналасады, бірнешеу болуы да мүмкін. Цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы, митохондриялары және Гольджи аппараты жақсы дамыған.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі. - student2.ru

Остеобласт құрылысы:


  1. Ядро;

  2. Цитоплазма;

  3. Жетілген эндоплазмалық тор;

  4. Остеоид;

  5. Сүйек тінінің минералданған заты.

Остеоциттер – сүйек тінінің дефинитивті(тұрақты) жасушаларының көп бөлігі. Олар бөліну қабілеттілігін жоғалтқан. Остеоциттердің пішіндері өсінділі және шағын, ядросы салыстырмалы түрде ірі, цитоплазмасы әлсіз базофильді боялады. Органеллалары нашар дамыған. Жасуша орталықтарының болуы анықталмаған.

Сүйек жасушалары остеоциттің пішініндей лакуналарда орналасады. Олардың ұзындықтары 22-55мкм, ал ендері 6-14мкм аралықтарында болады. Лакуналардың каналдары сұйықтыққа толы, каналдар бір-бірімен және сүйектің ішіне кіретін қантамырлармен анастомоз құрады. Остеоциттер мен қан арасындағы заттар алмасуы тіндік сұйықтық арқылы жүзеге асады.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі. - student2.ru

Остеоцит құрылысы:


  1. Остеоцит аралшалары;

  2. Ядро;

  3. Эндоплазмалық тор;

  4. Гольджи аппараты;

  5. Митохондриялар;

  6. Сүйектің остеоидты заты.

Остеокласттар – бұлар табиғаты жағынан гематогенді жасушалар, известелінген шеміршек пен сүйекті бұзу қабілеттілігі бар. Олардың диаметрі 90мкм-ге дейін жетеді, 3-тен бірнеше ондық ядролары болады. Цитоплазмасы әлсіз базофильді, кейде оксифильді де боялады. Остеокласттар көбінесе сүйек қатпарларында орналасады. Сүйектің патологияға ұшыраған беткейіне қараған остеокласттар цитоплазмалық қатпарларға бай; олар гидролитикалық ферменттерді синтездеп, секрециялайды. Остеокласттардың шеткі бөлігі – жасушалардың сүйек бетіне тығыз жабысқан аймағы. Бұл аймақ ферменттердің әсер ету аймағын шектейді. Цитоплазманың бұл аймағы ашық түсті, органеллалары аз, бірақ актин микрофиламенттері бар.

Остеокласттардың қатпарланған аймағының шетінде көптеген майда көпіршіктер мен ірі вакуольдер орналасқан. Остеокласттар қоршаған ортаға СО2 бөліп, ал карбоангидраза ферменті Н2СО3 түзілуіне қатысып, кальций қосылыстарын ерітеді. Остеокласт митохондрияларға және сүйек тіні матриксінің коллаген талшықтары мен протеогликандарын ерітетін ферменттері бар лизосомаларға бай. Сүйектің остеокластпен жанасқан бөлігінде лакуналар пайда болады. Бір остеокласт сол уақыт аралығында 100 остеоласт түзетін сүйекті жоя алады. Остеобласттар мен остеокласттардың қызметтері бір-бірімен байланысты және гормондармен, витаминдермен, т.б. реттеледі.

Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі. - student2.ru

Остеокласт құрылысы:

Ø Ядро;

Ø Остеокласт жиегі;

Ø Ашық аймақ;

Ø Лизосомалар;

Ø Жасуша аралық зат резорбцияланатын бөлік;

Ø Минералданған зат.

Сүйек тінінің жасуша аралық заты негізгі аморфты зат пен коллаген талшықтарынан тұрады. Коллаген талшықтарының бірінші және төртінші түрлері болады. Бұл талшықтар ретімен орналасса, пластинкалы сүйек тіні; ал ретсіз орналасса ретикулофиброзды сүйек тіні болап саналады.

Сүйектің дамуы.

Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасаушалар – остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасуша аралық заты жасап шығарады. Қаңқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Остеогистогенездің түрлері:


  1. Тура остеогистогенез. Бұндай тәсіл өрескел талшықты сүйек тінінің дамуына тән. Бұл құбылыс көбінесе құрсақта дамудың 1-айында жүреді. I сатысы – болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер тінінің белгілі ірбөлігінде остеобласттардың әрекет нәтижесінде сүйекті заттың аралшықтарының пайда болуы. II сатысында бірінші орталықтан сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет жақтарына қарай үстемелей өсуі(аппозициональді өсу) арқылы сәуле тәрізденіп жан-жаққа таралады. Жабынды сүйек қалыптасатын дәнекер тіннің беткі қабаттары сүйек қабығы түрінде қалады, сүйек қабығы жағынан сүйек қалыңдап өседі. III сатысы – жасуша аралық заттың кальцификациясы.

  2. Тура емес остеогистогенез. Құрсақта дамудың екінші айында алғашқы нүктелер пайда болады, олардан ең көп ауырлық көтеретін сүйектердің негізгі бөліктері, яғни жілік сүйектері дамиды. Перихондралды сүйектену – шеміршек қабығының қатысуымен сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы бетінде жүреді. Болашақ сүйек пішінді мезенхималық бастама шеміршек тінінен тұратын және сүйектің шеміршекті моделі сияқты «сүйекке» айналады. Шеміршекті сыртынан жабатын шеміршек қабығы остеобласттарының әрекеті нәтижесінде оның бетінде, шеміршек қабығының астында сүйек тіні пайда болып, ол бірте-бірте шеміршек тінді ығыстырып, сүйек затын түзеді. Сүйектің шеміршекті моделінің сүйекті моделге ауысымен шеміршек қабығы сүйек қабығына айналып, сүйек тінінің одан әрі қарай өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді. Эндохондралды сүйектену тамырлары бар шеміршек бастамаларының іішінде жүреді. Сүйек түзуші тін тамырларымен бірге шеміршек қабатына ене отырып, алдын ала известелінген шеміршекті бұзып, сүйектің шеміршектің моделінің орталығында сүйектену нүктесін түзеді. Эндохондралды сүйектену үрдісінің орталықтан шетке қарай таралуы кемік сүйек затын түзуге әкеледі. Шеміршек сүйекке тікелей айналмайды, ол бұзылып, жаңа сүйек тінімен алмасады. Сүйектенудің сипаты мен реті организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты.

Наши рекомендации