Топырақтың қасиеттері?

Аналық тау жыныстары

Топырақ пайда болатын тау жыныстары топырақ құраушы немесе аналық тау жынысы деп аталады. Топырақ құраушы тау жыныстары топырақтың материалдық негізі. Оның механикалық, минералдық, химиялық құрамы және физикалық, химиялық қасиеттері топыраққа тарайды. Топырақ түзілуі, дамуы кезінде ол қасиеттер біртіндеп өзгерістерге ілігеді. Топырақ құраушы тау жыныстары пайда болу тегіне, құрамына, құрылысына және қасиеттеріне байланысты әр түрлі болады. Негізінен топырақ құраушы тау жыныстары қатарына шөгінді тау жыныстары жатады. Олардың кеңінен тараған түрлерінің келесідей сипаттамасы бар.

Элювий – негізгі тау жыныстарының үгілуінен жаратылып орнында қалған шөгінді. Таулы өлкелерде, көтеріңкі жазықтарда құралады. Элювий шөгінділерінің құрамы астында жатқан тау жынысының құрамымен тығыз байланысты, ұқсас болып келеді. Ол біртіндеп ұсақталған күйден тығыз тау жынысына барып тіреледі.

Делювий–тау етегінде жауын-шашын, қар суымен шайылып жиналған шөгінділер. Делювий су ағыны әсерінен қатпарлар түзіп, іріктелініп шөгеді. Тау бөктерінде орналасқан аймақ топырақтарын құрауға қатысады.

Аллювий-өзен тасығанда су ағынымен келіп өзен жайылмасына жиналған шөгінділер. Ағын судың арыны мен бағытына байланысты аллювий шөгінділер іріктелініп, қатпар түзіп орналасады. Оның құрамында органикалық заттарда болады. Минералды бөлшектердің пішіні жұмырланған болып келеді. Өзен арнасында орналасқан аллювий ірі, кесек жыныстардан, әр мөлшерлі құмдардан құралады. Өзен жайылмасында майда аллювий шөгеді. Олар саздақты, балшықты болып келеді. Сондықтан өзен жайылмасында құнарлы топырақтар түзіледі.

Лөсс және лөсстерге ұқсас саздаќтар әр түрлі жағдайда пайда болады. Лөсстердің негізгі белгілері мыналар: түсі ашық-сарғыш, сарғыш, карбонатты, шаңды-саздақты механикалық құрамды, кеуекті борпылдақ, майда түйірлі, су өткізгіштігі жақсы. Химиялық және физикалық қасиеттері жақсы болғандықтан лөсс құнарлы топырақтар пайда болуына оң әсерін тигізеді. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда лөсс шөгінділерінде боз топырақтар түзіледі.

Лөсске ұқсас саздақтардың құрамында карбонаттар аздау, кейде карбонатсыз болады, механикалық құрамы ірілеу, кеуектілігі шамалы. Лесске ұқсас саздақтар Қазақстанның далалық, және қуаң далалық аймақтарында тараған. Қазақстанның таулы өлкелерінің жазықтары мен тау аңғарларында түзілген топырақтардың да аналық тау жынысы лөсске ұқсаған саздақ.

Эол шөгінділері–жел әсерінен қалыптасқан борпылдақ, тау жынысы. Негізінен шөл аймағында қалыптасқан (Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм). Эол шөгінділеріне эолдық құмды және құмбалшықты (құмдақты) жыныстар жатады. Олардың құрамы жарықшақты, қуыс, түсі қүңгірт келеді, механикалық құрамы ұсақ түйірлі құмнан тұрады.

Топырақ құраушы тау жынысының қасиеті, құрамы топырақ түзілу үрдісіне, пайда болған топырақтың химиялық, физикалық қасиеттеріне үлкен әсер етеді. Мысалы, Қазақстанның қуаң дала аймағында қоңыр топырақ қалыптасады. Ал егерде осы аймақта кейбір жерде топырақ түзуші тау жынысы натрий тұздарына бай болып келсе, онда осы жерде кебір топырақ пайда болады.

Климат

Ауа райының жергілікті жерде қалыптасқан көпжылдық сипаттамасын климат деп атаймыз. Топырақ құралуына климат үлкен ыќпал жасайды. Топыраќтың қалыптасуына, дамуына әсіресе жылудың және ылғал мөлшерінің әсері қарқынды. Топырақтың жылулығын қамтамасыз ететін күн нұры, ал оның ылғалдылығын анықтайтын атмосферадан түсетін жауын-шашын.

Климаттың континентальдылығы, жауын-шашынның жыл мезгілдері ішінде түсуінің ауытқуы, ауаның ылғалдылығы, желдің шапшаңдығы топырақтың құралуына, онда өтіп жатқан құбылыстарға, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауына үлкен ықпал жасайды.

Климаттың топырақ құралуына тікелей және жанама ықпалы бар. Климат элементтері–ылғалдылықтың, топырақтың жылуы мен салқындалуының әсері топырақ түзілуіне тікелей әсер етеді. Ал жанама әсер әуелі климаттың өсімдіктер және жануарлар дүниесіне әсері арқылы, содан кейін олардың топыраққа ықпал жасауынан байқалады. Сөйтіп, климат біріншіден, топырақтағы биологиялық, биогеохимиялық процестерге әсер етеді. Өсімдіктер дүниесі, органикалық заттардың құралуы және ыдырауы, топырақ микроағзалары мен фаунасы мµлшері, олардың тіршілік қимыл әрекеттері белсенділігі климат ерекшелігіне байланысты. Екіншіден, атмосфера климаты топырақтың ауа, ылғалдылық, жылулыќ және тотығу-тотықсыздану режиміне үлкен ықпал жасайды. Үшіншіден, топырақтағы минералды заттардың өзгерістерге ілігуі климат жағдайларына тәуелді. Төртіншіден, климат топырақтың жел және су эрозиясына ұшырауына үлкен әсер тигізеді.

Топырақтың қасиеттері?

Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.

Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.

Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады.

Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.

Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см,-ден 1,80 г/см –ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см –ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы 2,37 г/см. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы үлкен әсер етеді.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы , ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқақтығы, физикалық «пісуі» жатады.

Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі, топырақ пенг атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.

Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.

Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін топырақтың шөгуі деп атайды.

Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның байланыстылығы дейді.

Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақатығы деп атайды.

Топырақтың физикалық «пісіп-жетілуі» деп оның өңдеуге дайын болған кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді, құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.

Топырақтың ауа қасиеттері.Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар тіршілігінде топырақ ауасы маңызды рөл атқарады. Ол өсімдіктер үшін көмірқышқыл газының негізгі көзі, фитосинтез жүру үшін қажетті. Сонымен қатар, оттегіні өсімдіктердің тамыр жүйесі, микроағзалар және топырақта тіршілік ететін жәндіктер пайдаланады.

Топырақ ауасы деп оның қуысының судан бос жерлерін толтыратын газ қосылыстарын айтады. Топырақ ауасы құрамы жағынан атмосфера ауасынан көмірқышқыл газының көптігімен (0,5%-дан – 1,5%-ға дейін ) және оттегінің аздығымен ерекшеленеді. Оттегінің жеткіліксіздігінен (3-9%) тұқымның өнімі баяулайды, тамыр жүйесінің дамуы нашарлайды, топырақтағы микроағзалардың тіршілігі үшін қажетті процестер тежеледі. Топырақтың әр түрлі типінде ауа мөлшері де әр түрлі болады. Ауа мен атмосфера арасында үнемі аэрация деп аталатын газ алмасу процесі жүріп жатады. Бұл топыраққа таза ауаның, яғни оттегінің келуі нәтижесінде өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Топырақтың жылулық қасиеттері. Топырақтағы жылудың негізгі көзі-күн сәулесінің энергиясы. Оның мөлшері жердің географиялық орнына қарай анықталады. Қосымша жылу көзі органикалық қалдықтардың экзотермиялық ыдырау процесінде бөлінетін жылу болып табылады. Топырақтың түріне қарай олардың жылу қасиеті де әр түрлі болады. қара топырақ сұр топыраққа қарағанда тез жылиды, ылғалды топырақ баяу жылиды, баяу суыйды, сазбалшықты топырақтың қызуына көп жылу қажет және жылу процесінің өзі де баяу жүреді. Сондықтан оларды «салқын» топырақ деп атайды. Қиыршық құмды, құмдақ топырақтар тез қызады, олар «жылы» топыраққа жатады. Топырақ жылуы дәннің бөртуі, өсімдіктің өсуі, дамуы және топырақтағы микроағзалардың тіршілігі үшін маңызды фактор болып табылады. Мысалы, бидай, арпа, сұлы тұқымдарының бөртіп өнуі үшін топырақ температурасы12-14 С болуы қажет, ал микроағзалардың тіршілігі белсенді болуы үшін топырақ температурасы 25-30 С аралығында болғаны жөн.

Топырақтың агрохимиялық қасиеттері. Топырақтың химиялық құрамы күрделі, өйткені оған 40-тан аса әр түррлі химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер қоректену үшін оларға макро (көміртегі, оттегі, сутегі, азот, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий, күкірт, фосфор) және микроэлементтер (йод, бром, марганец, молибден және басқалар) керек. Бұл элементтер топырақ құрамында әр түрлі фориада болады және олардың көпшілігі органикалық заттардың немесе минералдардың да құрамына болуы мүмкін. Тек азот пен көміртегі ғана минералдар құрамына кірмейді, олар органикалық және органо-минералдық қосылыстар болып табылады.

Топырақтың көптеген қасиеттерінің ішінен оның құнарлылығын көрсететін және ауылшаруашылық дақылдарының өнімдеріне тікелей ықпал ететін агрохимиялық көрсеткіштерін, яғни топырақтың қышқылдық дәрежесін (рН) , қарашіріктің , азоттың, фосфордың және калийдің қорларын атауға болады.

Топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі-оның қарашірігінің (гумусының) мөлшері. Ол Қазақстан топырағында 1-3 пайыздан (сұр топырақ), 6-8 пайызға (қара топырақ) дейін ауытқиды. Ауыл шаруашылығында жоғары өнім алу үшін үш элементті, яғни, азотты, фосфорды және калийді қолданады. Сондықтан, егіншілікке азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар пайдаланылады.Қазақстан топырағы калийге бай, азотпен орташа қамтамасыз етілген, ал фосфор жеткіліксіз.

Топырақтың биологиялық қасиеті. Топырақ түзілуде өсімдіктермен қатар, микроағзалар мен жануарлардың алатын орны зор. Топырақ микрофлорасы. Аналық тау жынысында бірінші орналасып тіршілік ететін тірі ағзалар микроағзалар болып табылады және олар топырақты құнарлы ететін ағзалар тобына жатады. Олар атмосфера азотын сіңіреді де, оны күрделі ақуыз (белок) денесіне айналдырады, органикалық қалдықтарды ыдыратады және оларды өсімдік сіңіре алатын қарапайым тұз күйіне дейін минералдайды. Сондай –ақ, микроағзалар қарашірік түзуге, көптеген минералдарды синтездеуге, бұзуға қатысады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құрамы

«Кадастр» сөзі латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді, тағы сол сияқты «capitalistrum» сөзі иемдену заттарының тізімі деген мағына береді. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б.э.д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б.э.д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен.

Жер кадастры туралы жете мәліметтерді Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар б.з.д. Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді. Нилдің өзіндік жерлері табыстың бесінші бөлігін алу мақсатында және жер иелігіне құқықты орнатуда, сапалы және сандық қатынастарында есепке алынды. Мұндай есеп-бағалауды жылына екі рет фараонның арнайы таксаторлар-чиновниктер жүргізді.

Гомера поэма эпохасында (12-8ғ б.з.д.) гректер жер қыртысы және жер ұғымдарын айыра ұғынды, олар жерді космостың элементі, ал жер қыртысын өңделген жердің қасиеті деп қарастырды. Жер сапасын салыстыра бағалау қажеттілігі Ксенофонт шығармаларында және Аристотельдің оқушысы Теофрасттың шығармаларында көрсетілген. Ксенофонт (б.з.д. 430-355ж) «экономика» шығармасында, шаруашылықты дұрыс жүргізу үшін білу қажет, берілген жерде қандай дақылдарды егу керек, ал бұл үшін жер қыртысының сапасын анықтау керек, яғни басқа учаскелердің егісімен танысу керектігін атап көрсетпек. Теофраст (б.з.д. 372-287ж.) жер қыртысының қасиетін есептеу қажеттілігін сыза көрсетуде, әр түрлі жер қыртыстарына және жердің су өткізгіштілігі, химиялық құрамы, жылуға қатынасы, құнарлы қабаттарының тереңдігі, оның құрылымына жете тоқталады.

Ежелгі Римнің жер кадастры жер меншігінің суреттеуін көрсетеді. Арнайы реестрлерге жер учаскелерінің ауданы, оларды өңдеу әдістері, сапасы және жерлердің табыстылығы туралы мағлұматтар енгізілген. Қола кестелерге жерлердің жоспарлары, олардың атаулары, шекаралары және жер иеліктерінің аудандары жазылып отырған. Соның ішіне жерлердің сапасы және шаруашылық туралы мағлұматтар енгізілген. Рим кадастрының принциптері империяның аудандарында және колонияларында кең тарады, тағы сол сияқты басқа мемлекеттерде қолданды.

Ортағасырлық кезеңдерде жер кадастрының дамуы туралы византиялық ауыл шаруашылық энциклопедия-Геопоники куәландырады. Онда жердің сапасын жер қыртысының сыртқы түрінен және өсімдіктері, жер қыртысының дәмі және иісінен анықтауға мүмкін болатыны көрсетілген. Көп көңіл өңір рельефіне, бөктер экспозицияларына, т.с.с. жер қыртысының қасиеттеріне, яғни тығыздылығына, құрамына, түсіне аударылды. Жер қыртысының қасиеттеріне байланысты, оның сапасы және орналасу жағдайы және жер қыртысын өңдеу, дақылдар жинағы, әр түрлі қыртысқа жарамдылығы бойынша ұсыныстар жүргізілді.

Батыс Еуропасындағы ортағасырлық кадастрларға франктардың королі Ұлы Карлдың (742-814ж) жер кадастры Вильгельм Завоеватель (1066-1087ж) кезіндегі ағылшын «Книгу страшного суда», ол кітапта жерлердің саны және сапасы туралы жете мәліметтер келтірілген. Мұнда даттық хат алысу Вольдемар2 (1231ж) кезінде, Фридрихтің2 (1194-1250ж) сицилиялық кадастры, ағылшындық хат алысу Эдуард1 (1239-1307ж) кезінде, Каламбрии (1327ж) кадастры, Дофинел (1369ж) аудандарының кадастры, Бранденбургтың (1375ж) курорюшерлік жерлері бойынша кітабы.

Жер кадастры ары қарай даму және қалыптаса алады, феодалдық өндіріс әдістері, онда феодалдардың жерге жеке меншіктілігін нығайту шарттарындағы арнайы шара ретінде жүргізіледі. Феодализм кезінде жер иеленушілерге және жерлерге салық салу тең емес қатынаста жүргізілді.

Наши рекомендации