Ядроның массасы мен байланыс энергиясы
Дәл өлшеулер бойынша ядроның массасы ондағы нуклондардың массаларының қосындысынан әрқашанда кіші болатыны шығады
. (15.2)
Ядродағы нуклондардың массаларының қосындысынан оның массасының айырымы массалық ақау деп аталады. Массалық ақау ядродағы нуклондардың байланыс энергиясын сипаттайды. Байланыс энергиясы – ядроның оны құрайтын нуклондарға ыдыратуға кететін минимал энергия. Байланыс энергиясы ядроның беріктігін сипаттайтын негізгі шамалардың бірі. Ядроның байланыс энергиясын біле отырып, кез келген ыдырау және ядролардың өзара түрлену процесстері үшін энергетикалық шығыстарды есептеуге болады
. (15.3)
Практикалық есептеулерде төмендегі формуланы қолдану ыңғайлы
, (15.4)
мұндағы – атом массасы;
– сутегі атомының массасы.
Байланыс энерсиясының А толық нуклондар санына қатынасы меншікті байланыс энергиясы деп аталады. Меншікті байланыс энергиясымен массалық санның тәуелділік сызбасы (15.2 суретке қараңыз) тұрақты ядролар үшін ядролардың қасиеттері және ядролық күштердің сипаты туралы қызықты мәліметтер береді.
15.2 сурет
|
|
Массалық санның артуына байланысты меншікті байланыс энергиясы да -ге дейн артады. Яғни, ядродағы жеке нуклонды бірнеше нуклондарға тартылса оның байланысы күшейетінін білдіреді. А>60 болатын элементтерде меншікті байланыс энергиясы біртіндеп кемиді. Ол ядролық тартылу күші жақыннан әсер етуші күш екенін білдіреді. Әсерлесу қашықтығы шамамен бір нуклонның өлшемімен шамалас. Күшті байланысқан нуклондар массалық саны 50 мен 60 аралығындағы ядролар (бұл ядролардың меншікті байланыс энергиялары шамамен 8,7 МэВ/нуклон-ға дейін жетеді).
Ядролық реакторлардың, атом бомбаларының жұмыс істеу принциптері уран немесе плутон ядросының нейтрондарды қармап алу арқылы ыдырау процесіне негізделген.
Жеңіл ядролардың синтезделу процесі (ядролардың бірігуі) өте жоғары температурада жүреді (термоядролық реакция). Олар Күн немесе жұлдыздар қойнауларында кездеседі. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде басқарылатын термоядролық синтездің әдістерін қарастыруда.
Ядролық күштер
Ядродағы нуклондардың орасан зор байланыс энергиясы, нуклондар арасында, күшті кулондық тебу күшіне қарамастан, нуклондарды өте аз қашықтықта ұстап тұратын, өте қарқынды әсерлесу бар екенін көрсетеді. Нуклондардың ядролық әсерлесуі күшті әсерлесуге жатады.
Ядролық күштердің негізгі ерекшеліктерін қарастырамыз.
Жақыннан әсер етуші. Ядролық күштердің әсер ету қашықтығы шамамен ~ 10–15 м. Егер, әсер ету қашықтығы 10–15 м қашықтықтан айтарлықтай аз болса, нуклондардың тартылуы тебілуге ауысады.
Ядролық күштердің зарядтық тәуелсіздігі. Күшті әсерлесу нуклондардың зарядтарына тәуелсіз, яғни протон мен протон, нейтрон мен нейтрон, протон мен нейтрон арасындағы өзара тартылу күштері бірдей болады.
Ядеролық күштер нуклондардың спиндерінің өзара бағдарлануына тәуелді. Мысалы, ауыр сутегі ядросы (дейтрон), ондағы протон мен нейтрон спиндері параллель болса ғана, түзіле алады.
Ядеролық күштер центрлі күш емес. Оларды әсерлесуші нуклондардың центрлерін қосатын сызық бойымен бағытталған деп елестетуге болмайды.
Ядеролық күштер қанығу қасиетіне ие. Әрбір нуклон басқа нуклондардың белгілі бір шектелген санымен ғана әсерлеседі. Себебі ядродағы нуклондар саны артқанымен олардың меншікті байланыс энергиясы тұрақты болып қалады.
Ядеролық күштер нуклондардың салыстырмалы жылдамдығына тәуелді.
Ядеролық күштердің алмасу сипаты. Қазіргі заманғы түсінік бойынша күшті әсерлесунуклондардың пи-мезондар деп аталатын бөлшектермен виртуалды алмасауы арқылы жүзеге асады. Оларды көбнесе пиондар деп атайды.
Пиондардың екі зарядтық күйі бар, оң және теріс заряд. Бұл бөлшектер тұрақты емес және спиндері болмайды. Пиондардың негізгі қасиеттері 15.2 кестеде көрсетілген.
15.2 к е с т е – Пиондардың сипаттамалары
Пионның белгіленуі | Массасы, МэВ | Электр заряды, е | Өмір сүру уақыты, с |
Нуклондар арасындағы алмасу әсерлесуін қарастырамыз. Егер нуклон энергиясының анықталмағандығы шамасынан кем болмаса ол пион шығара алады. Бұл жағдайда энергияның сақталу заңының бұзылуы байқалмайды. Энергия-уақыт анықталмағандықтар қатынасы бойынша шығарылған пиондар уақыттай өмір сүріп, сол нуклондарға немесе басқа нуклондарға қайта жұтылады.
Бөлшектермен алмасу тек күшті әсерлесуде ғана емес, басқа да барлық әсерлесулер негізінде жатыр және табиғаттың фундаменталды кванттық қасиеті болып саналады. Әсерлесулерді жүзеге асыратын, шығарылатын және жұтылатын бөлшектер – виртуалды бөлшектер деп аталады.
Виртуалды процестер нәтижесі:
, , , .
Жеке нуклон ядро өрісін құрайтын, виртуалды -мезондар бұлтымен (мезонды тон) қоршалған.
Сонымен нуклондар арасындағы күшті әсерлесу, олардың өзара виртуалды пиондармен алмасуы арқылы жүзеге асады екен. Күшті әсерлесудің бірнеше схемасы төменде келтірілген.
, , .
Ядролық күштердің алмасу сипаты нейтронның магниттік моментінің бар екенін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Айта кететін жағдай, нуклондардың пиондармен алмасу арқылы әсерлесуінің айтарлықтай сапалы теориясы құрылған жоқ. Оны құру кезінде күрделі математикалық қиыншылықтар кездеседі, оның басты себебі ядролық күштердің өте қуатты болуы.
Дебиеттер тізімі
1. Искаков Ж.И., Сыздықова Р.Н., Кенжебекова А.И. Физика 1. Дәрістер конспектісі – Алматы: АЭжБИ, 2009. – 54 б.
2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы.- М.: Наука, 1989. - т. 2, 3.
3. Детлаф А.А. , Яворский Б.М. Курс физики. -М. : Высш. шк., 2002.
4. Трофимова Т.И. Физика курсы. - М. : Высш. шк., 2004.
5. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы. –А.: Ана тілі, 1991.