Кернеу трансформаторын монтаждау

Кернеу трансформаторын монтаждау алдында келесі ережелерді орындау қажет:

Трансформаторды екі бұрыштыққа орнатарда түсірілетін кранға қол жетімді болу үшін, алдыңғы бұрыштық бүйірімен төмен қаратылуы керек;

Май жіберетін кран мен майдың мөлшер көрсетуіші қызмет көрсетілетін дәлізге қарап орналасуы тиіс. Ауа кіретін саңылау қақпақтарындағы төселгіштерді алып тастау қажет;

Оқшаулағыш қалпақшаларының аралықтарындағы изоляциялық ара қашықтық және солар мен фаза остерінің ара қашықтығы жобалық сызбаларға сай орындалуы қажет;

Қалыпты суыту орындалу үшін трансформатор кожухтарының аралықтары 100 мм-ден кем болмауы керек;

НТМК және НТМИ сериялы үшфазалы кернеу трансформаторларына жоғары кернеулі шиналар келесідей жалғанған жөн: сары фаза А шығысына, жасыл-В шығысына, қызыл түсті – С шығысына жалғанады(Х шығысы жермен қосылады); НОМ сериялы бір фазалы трансформатордың жоғары кернеулі А әрпі жазылған шығысы ЖК шинаның кез-келгеніне жалғанады (егер бір фазалы үш трансформаторды орнатсақ, онда Х әрпімен белгіленген барлық шығыстары ортақ шинамен жалғанып, жерлестіріледі);

Бір және үш фазалы кернеу трансформаторларының корпустары жермен қосу магистралына жеке шиналармен қосылуы керек. Бірінші және екінші ретті орамалар шығыстарда қысқа жалғанып, монтаж кезінде жермен дұрыс қосылуы қажет.

Кернеу трансформаторын тексерістен өткізу ток трансформаторының тексерісі негізінде жүргізіледі.

Монтаж алдындағы трансформатор тексерісі.Кернеу трансформаторын іштей қарағанда, фарфор шығыстары мен олардың бекітілуінің дұрыстығын, бактың жарамдылығын, бак пен қақпақтың арасында немесе шығыстардың фланцтарында майдың ақпауын мұқият тексеру қажет. Сонымен қатар, майдың мөлшерін, май өлшемінің көрсеткішін, паспортты тақтайшаның дұрыстығын тексереміз.

Кернеу трансформаторын электрлік сынақтан өткізу ток трансформаторының электрлік сынағына ұқсас, және орама оқшаулағыштарының кедергісін, жоғары және төменгі кернеулі шығыстарының полярлығы мен трансформация коэффицентін өлшеумен қорытындылайды. Сонымен қоса, кернеу трансформаторлары май толтырылатын аппарат болғандықтан, май сынамасын электрлік беріктілігі мен химиялық анализге тексереді.

Кернеу трансформаторының оқшаулағышын 1000...2500 В кернеудегі мегоометрмен тексереді. Корпус пен корпус арасында жоғары және төменгі кернеулі орамалардың оқшаулағыш кедергілерін тексереді.

Кернеу трансформаторының оқшаулағыштарына қойылатын талаптар ток тарнсформатор оқшаулағышының талаптарындай.

Ораманың орам аралық оқшаулағыштарын жалпы бағалауда номинал кернеудегі бос жүріс тогы мен кернеуді номинал кернеуден 1,3 есе арттырып барып өндірістік жиіліктегі токпен сынайды. Кернеуді екінші ретті орамаға түсіреді. Жоғары кернеуде трансформаторды 1 мин сынақтан өткізеді. Алынған шамаларды зауыттық сынамалармен немесе ұқсас трансформаторларды тәжірибелік сынақтан өткізгендегі шама мәндерімен салыстырады.

Тексерістің шешімдерімен қанағаттанбаған жағдайда, орамаларды жылу кептіргіштерде 900 С температурада немесе токпен кептіреді. Бұл жағдайда бірінші орамаға берілетін кернеуді қысқа тұйықталған екінші орама тізбегінде кебуге айналатын трансформаторда жіберілетін токтың 80...85 % құрайтын ток өтетіндей шамада алады. Екінші ретті ораманың ток күшін амперметрмен бақылайды. Кептіру кезінде кернеу трансформаторының шығыстары өзара тұйықталып жермен қосылуы керек.

Шығыстардың полярлығын ток трансформаторындағы полярлығындағыдай тексереді. Тұрақты токты ЖК орамаға жіберсе, ал гальванометрді ТК орамаға қосады. Үшфазалы кернеу трансформаторлардың орамаларының полярлығын тексергенде ток көзін кезектестіріп ЖК қысқыштарына – А және В, В және С, С және А қосып, ал өлшеуіш аспаптарын сәйкесінше, ТК қысқыштарға – а және б, б және с, с және а қосады, барлық үш жағдайда аспап меңзері оң жаққа ауытқыса, маркировканың дұрыстығын көрсетеді. Кері жағдайда қысқыштарды қайтадан маркировкадан өткізу керек.

Кернеу трансформаторын орнату.Монтаж өзіне үш негізгі операцияны қосады:

Тірек конструкциясын орнату;

Жұмыс орнын әзірлеу мен кернеу трансформаторын орнату;

Жермен қосу.

Кернеу трансформаторының тірек конструкциялары әр түрлі мақсатта жасалады. Трансформаторды блок немесе кожух арқылы ұстап көтереді, бірақ оқшаулағыштарынан ұстап көтеруге болмайды. Оны қондырғандабірінші ретті тізбек (ЖК) қысқыштары қысқа жалғанып, жермен қосылуы керек, ал екінші ретті (ТК) тізбектің өткізгіштерін ағытып тасталады, себебі кездейсоқ қосылған жарықтандыру мен күштік желі өткізгіштері трансформатордың бірінші орамасында жоғары кернеудің тууы мүмкін.

Кернеу трансформаторының екінші ретті орамаларын екінші ретті тізбек өткізгіштеріне монтаж жұмысы аяқталған соң ғана қосады, яғни жөндеу жұмыстарының алдында немесе қызмет көрсетуші персоналдың тарату құрылғысының аумағынан шығуынан кейін. Бұл тарату құрылғысының шинасына кері трансформация болған жағдайда жоғары кернеуді жібермеу үшін қажет. Аппараттарды орнатқанда, май ағылатын кран мен май мөлшерін көрсеткіштің қызмет көрсету дәлізіне қарап тұруын қадағалау керек. Үшфазалы кернеу трансформаторын қондыруда жалғанған шиналардың фазаларының алмасу ережесін сақтау қажет. Бірфазалы трансформатордың Х белгісі бар шығыстарын жермен қосамыз. Егер үш бірфазалы Х белгісі бар барлық шығыстарын бір шинаға жалғап жермен қосады.

Екі кернеу трансформаторын орнатқанда ашық үшбұрышқа жинайды, егер жобада көрсетілсе, жұмыс істеп тұрған ТК фазасын жермен қосады. Әр трансформатордың корпусын жерлестіру қондырғысына жеке шиналар арқылы қосады.

Трансформаторды кернеуге қосар алдында, жұмыс істеу кезінде еркін ауа кіруін қамтамасыз ету мақсатында, май құйылатын саңылау болтының астындағы картон шайбаны алып тастайды.

Кіріспе

2.1 Электромагниттік релені сынақтан өткізу

Жұмыстың мазмұны:

1. Электромагниттік реленің құрылымын анықтау және танысу (тоқтық, кернеуі, уақыты, арақашықтық, көрсеткіштік).

2. Реленің әр типінің техникалық сипатымен танысу.

3. Орнықтыру реттеулер әдістерін біліп анықтау және реле шкалаларын тексеру.

4. Анықтау: жұмыс тоғы, жұмыс кернеуі және қайыру коэффициенті.

Жалпы анықтамалар

Электромагниттік принцип, реле орамына тоқ берілгенде, электромагнит полюсіне, қозғалмалы ферромагниттік якорьдің тартылу күшейтпелілігін пайдалануға негізделген.

Якорьдің қозғалу түріне байланысты электромагнитті реле, негізгі үш топқа бөлінеді:

реле тартылмалы якорьмен;

реле бұрылмасы якорьмен;

реле қиылыспалы қозғалыстап якорьмен.

Реле жұмыс істеу үшін, орамнан тоқ өткенде магниттелген күш қимыл кезеңін жағдайлауы ең жиімді кезең Fn пружинасының қарсыласуы, үйкеліс және якорь салмағы. Әр түрлі құрыоымдағы реле үшін жұмыс істеу магниттелген күштің маңызы әр түрлі дегенмен магниттін жүйені реттеуді өзгертпегенде және магниттік күштік қарсы әсер ететін құрылымы қалыпты үлкендігі болып есептеледі, берілген реле орамына қатысы болмайды.

Контактының тұйықталу кезені реленің жұмыс істеуі деп аталады. Әр қондырғыдағы реле жұмыс істеу тоғымен IС.Р., кері қайырылған тоғымен IВ.Р. сипатталады және олардың IВ.Р./IС.Р. қатынасы КВ ге тең, ол керіқайыру коэффициенті деп аталады. Реленің жұмыс істеу тоғына ең аз мөлшердегі тоқ қабылданады, реле жұмыс істеп тұрғанда (тұйықталудан шыққан контактыларын тұйықтайды). Кері қайыру тоғына көп мөлшерлі тоқ жатады, реленің қимыл жүйесі бастапқы қалпына қайта келеді. Бір қондырылымда реле жұмыс істеу тоғының шашындыларын ала алады.

РТ-40 типті электромагниттік реленің кері қайыру коэффициенті максималды реле үшін КВ = 0,8 – 0,85 болады, минимальді реле үшін КВ = 1,1 – 1,2 болады.

РТ типті реле үшін жұмыс істеу тоғының шашрауы 5% аспайды.

Реленің жұмыс істеу тоғын азайтуға немесе пружинаға жалғасқан ілгішті шкаламен жайлап жылжыта отырып екі есе көбейтуге болады. Сонымен бірге жолақшаға орналасқан жартылай орамша кезекпен немесе қосарлай шкаланың шегін сол сияқты 2 ретке өзгереді. Осылай екі тәсілді де қолдана отырып реленің орналасуын 4 рет өзгертуге болады.

Қажетті шекпен реле жоқ болғанда қондырғы орамды қайта орайды. Реленің керекті қондырғысын алу үшін витоктардың қажетті саны магнитті қозғалыс күш Fс.р. болу керек, ол реленің жұмыс істеуіне жеткілікті яғни: Fс.р. = Wрасч. . Iуст.макс

Реленің қарсы тұруын пайдаланылған күш бойынша анықтауға болады, яғни: Zр = S/I2.

Кернеулі реленің құрылымы берілген катушкадағы орамды тоқ релесінен және оның қарсыласуынан өзгеше.

Наши рекомендации