Сыртқы қоршаулардың жылутехникалық есебі
Жылу техникасында жылу таратудың үш түрі болады: сәулелік, конвективтік, жылу өткізгіштік. Қоршаушы құрылымдар арқылы ішкі және сыртқы ауаның ·қатынасы қарастырылады. Мұнда жылу таратудың жылу өткізгіштік түрі мол және ол жылу жоғалуына тең болып есептелінеді. Сондықтан ғимараттың барлық бөлмелерінің қоршаушы құрылымдарыны арқылы жоғалатын жылуды анықтау қажет.
ҚР аумағының схемалық картасы бойынша, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыстық жылу техникасы. [3, 18 бет] көрсетілген, құрылысты ауданының ылғалдылық зонасы қабылданады, А және Б бөлмесі бір қалыпты режимде 2-ші қосымшада шарттар арқылы қоршаушы конструкцияларда анықталады.
2.1.1. Сыртқы қабырғаның конструкциясы қаланған қыштан, ішкі және сыртқы 0,02 м қалыңдықтағы сылақтан тұрады (күрделі әкті-цементті-құмды қоспа). Қыш қалау қалыңдығының жобаланған өлшемі 2.1 кестеде келтірілген.
2.1 – кесте
Қышпен және метрмен қалау қалыңдығы | Температуралық шектер (өте салқын бес күннің температурасы) 0С |
1 ½ (0,38) | -20 |
2 (0,51) | -20-дан -25-ке дейін |
2,5 (0,64) | -25-тен -30-ға дейін |
3 (0,77) | -30-дан -40-қа дейін |
3,5 (0,9) | -40 |
Қыш қалау қалыңдығының алдын-ала өлшемі керекті термиялық кедергі бойынша тексеріледі, мына өрнекпен анықталады [3, 4 б].
Ғимараттың қоршаушы құрылымдарның жылу техникалық есебінде санитарлы-гигиеналық және жайлылық шарттарына сәйкес жылу таратуға керекті кедергісі анықталады:
R˳= , м²°С/Вт (2.1)
немесе
Rᵣ= , м²°С/Вт(2.1а)
Мұнда n – сыртқы ауаға қарағанда қоршаушы құрылымдардың сыртқы беттерінің орнына байланысты ескертетін коэффициент, қабылданады (3); tᵢ=t₁ - бөлменің ішкі ауаның есептік температурасы, ҚНжЕ П-Л. І -2000 «Тұрғын үйлер» жобалаудың мөлшері бойынша алынады °С; tᵨ=t˳ - сыртқы ауаның есептік температурасы, °С; αᵢ=αᵸ қоршаудың ішкі беттерінің жылу беру коэффициенті, Вт/м²°С, қабылданады (3); Δtᵸ - ішкі ауа температурасы мен қоршаудың ішкі бетіндегі температуралар арасындағы нормаланатын температуралық құлама, қабылданады(1) [ 10-кесте,21б]..
tн – сыртқы ауаның қысқы есептік температурасы, 2.2– кесте бойынша алынады.
2.2.-кесте
Массивтілігі бойынша қоршаудың сипаттамасы | Жылыту дәрежесінің массивтілік көрсеткіші | Сыртқы ауаның есептік (қысқы) температурасы, 0С |
1 | 2 | 3 |
Инерциясыз | £ 1,5 | tmin |
Кіші инерциялы | 1,5:4 | t1 |
Орташа инерциялы | 4:7 | t3 |
Үлкен инерциялы | ³ 7 | t5 |
tmin – сыртқы ауаның абсолюттік минимальды температурасы;
t1 – сыртқы ауаның ең суық орташа қыстық тәуліктік температурасы;
t3 – сыртқы ауаның ең суық орташа үш тәуліктік температурасы; мұндағы t3=(t1+t5)/2
t5 – сыртқы ауаның ең суық орташа бес күндік температурасы;
tн –қоршаудың ішкі бетінің температурасы мен ішкі ауа температура арасындағы мөлшерленетін температураның түсуі, тұрғын ғимараттардың қабырғасы үшін ∆tn=6˚C [3; 5 бет, 2- кесте.]
αв- жылу қабылдау коэффициенті, Вт/м2К αв=8.7 Вт/м2К, [3; 5 бет, 4- кесте.]
Жылу массивтілік дәрежесі мына формула бойынша анықталады:
D= δ i Si/ λ + ...+ δ nSn/λn (2.1б)
Мұндағы
δ – конструкцияның бөлек қабаттарының қалыңдығы, м;
λ – материалдардың жылуөткізгіштік коэффициенті, Вт/м К
[ҚНжЕ- ІІ-3-2001 3-ші қосымшасында көрсетілген, 19 бет]
S–қоршау конструкциялардың жеке қабаттар материалдарының жылу сіңіру коэффициенті, Вт/м2К (24 с. мерзім арасында. ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыстық жылу техникасы. 19 бетіндегі 3-ші қосымшаның 9,10 графаларын қара)
Қажетті термиялық кедергінің (Rқ0) мөлшері термиялық кедергінің нақты мәнінен (5- пайызға дейін) үлкен болуы керек. Жалпы термиялық кедергі мына формуламен анықталады:
Көп қабатты қоршаушы құрылымының жалпы жылулық кедергісі:
R˳=Rₐ +Rₑ +Rᵢ , м²°С/Вт (2 .2)
Мұнда Rₐ= - қоршаудың ішкі беттерінің жылулық кедергісі, м²°С/Вт; αₐ-қоршаудың ішкі беттерінің жылу беру коэффициенті, αₐ=8,7 Вт/м²°С;
R˳= Rₐ + Rₑ + Rᵢ - көп қабатты сыртқы қоршаудың жалпы жылулық кедергісі, м²°С/Вт;
= ; = ; = – әр қабатының жылулық кедергісі, м²°С/Вт;
Rᵸ= - қоршаудың сыртқы бетінің жылулық кедергісі, м²°С/Вт;
αᵢ - қоршаудың сыртқы бетінің жылу беру коэффициенті, αᵸ=21 Вт/м²°С.
(2,1) Және (2.2) өрнектерін қолданып есеп өткізу кезінде қажетті көрсеткіштерді ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыстық жылу техникасы. қабылдауға болады немесе төменде сол мемлекеттік нормативтен 2.3 және 2.4 кестелері де келтірілген.
Нормативтік температуралық құлама
2.3 кесте
Ғимараттар | Нормаланатын температуралық құлама Δtᵸ,°C | ||
Сыртқы қабырғалар, шатырлық жабындар үшін | Төбе жабындар үшін | Өтетін жерлер, төбемен үйасты үстіндегі аражабындар үшін | |
Тұрғын үй, емдеу-профилактикалық және балалар мекемелері, мектептер, интернаттар | 4,0 | 3,0 | 2,0 |
Сыртқы қоршаулардың жылу тарату кедергісін энергия үнемдеу шарттарын ескерумен анықтауға болады, ол үшін жылыту мезгілінің градус тәуелділігі анықталады
ЖМГТ=(tᵢ-t)·n˳ (1.3)
Мұнда t – жылыту мезгіліндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, °С;
n˳ - жылыту мезгілінің ұзақтығы, тәулік.
2.4 кесте
Қоршаушы құрылымдардың коэффициенттері
Қоршаушы құрылымдар | n коэффициент |
1. Сыртқы қабырғалар мен төбежабындар (соның ішінде сыртқы ауамен желдетілген), шатырлық аражабындар (дана материалдардан жабынмен) және өтетін жерлер үстіндегі аражабындар. Солтүстік құрылыстық-климаттық аймағындағы салқын еден асты үстіндегі (қоршаушы қабырғалары жоқ) аражабындар | |
2. Сыртқы ауамен қатынасы бар салқын үйасты қабаттары үстіндегі аражабындар (оралмалы материалдардан жабынмен) солтүстік құрылыстық климаттық аймағындағы салқын еден асты мен салқын қабаттар үстіндегі аражабындар | 0,9 |
3. Қабырғалардағы жарықтық ойықтары бар жылытылмайтын үйасты қабаттары үстіндегі аражабындар 4. Жер деңгейінен жоғары тұрған қабырғлардағы жарықтық ойықтары жоқ жылытылмайтын үйасты қабаттары үстіндегі аражабындар 5. Жер деңгейінен төмен орналасқан жылытылмайтын техникалық үйасты қабаттары үстіндегі аражабындар | 0,7 0,6 0,4 |
ЖМГТ мәні бойынша (2) сыртқы қоршаулардың жылу таратуға келтірілген кедергілері (R˳) анықталады.
Қоршаушы құрылымдардың жылу таратуға келтірілген кедергілері қабылданғаннан кейін (1,3 кесте), олардың жылу өткізгіштік коэффициенттері анықталады.
k , Вт/м²°С (1.4)
Ғимараттың жалпы жоғалтатын жылуын анықтау үшін қоршаушы құрылымдар ретінде сыртқы қабырғалар, терезелер, балкон есіктері, шатырлық жабындар, едендер, сыртқы кіретін есіктер қарастырылады.
1.3 кесте
Қоршаушы құрылымдардың келтірілген кедергілері
Ғимараттар мен бөлмелер | Жылыту мезгілінің градус тәулігі, °С·тәул. | Қоршаушы құрылымдардың жылу таратуға келтірілген кедергілері, R˳,дар м²·°С/Вт | |||
Қабыр-ғалардың | Өтететін жерлер үстіндегі жабындар мен аражабындар-дың | Шатырлық, салқын еденасты мен үйасты қабаты жабындары-ның | Терезелердің және бөлме есіктерінің | ||
Тұрғын үй, емдеу-профилактикалық және балалар мекемелері, мектептер, интернаттар | 2,1 2,8 3,5 4,2 4,9 5,6 | 3,2 4,2 5,2 6,2 7,2 8,2 | 2,8 3,7 4,6 5,5 6,4 7,3 | 0,30 0,40 0,60 0,70 0,75 0,80 |
2.1.2. Шатыр жабынының термиялық кедергісін, оның жылу беру коэффициентін термиялық кедергінің талап етілетін мәнінің шамасынан отырып анықтайды. Мөлшерленген жылудың түсуін 40С тең етіп қабылдайды. Шатыр жабынының конструкциясын шамамен орташа инерцияланған деп қабылдайды.
Төселінетін қалыңдық мына формуламен анықталады:
δус= λус [R тро – (Rв+ + R0 )] , (1.5)
Мұндағы:
λ- жылуөткізгіш коэффициенті;
- конструкциялы шатырлы жабынның қалындығының саны.
2.1.3. Жарық тесіктерінің жылу беру коэффициенті (терезелер, балкон есіктері) [3] бойынша есептеледі. Температуралар айырымы табылып, СНиП П-3-2001 9-кестеге қарап, терезе блоктарындағы әйнек саны анықталады. 6-шы қосымшадан жарық тесіктерінің Rфакт мәні табылады.
2.1.4.Сыртқы есіктің жылу беру кэффициенті ғимарат қабырғалары үшін R тро байланысты алынады:
Кдв = 1 / 0.6 * R тро , (1.6)
2.1.5. Лакпен қапталған едендердің жылу шығыны аймақтарға бөлініп, есептеледі. Әрбір аймақтың жылу беру коэффициенті былай табылады :
К = ——————————— , (1.7)
1.18(R н.п + δус/ λус + Rв.п)
мұндағы : R н.п – жылытылмаған едендердің әрбір аймағына арналған жылу берудің термиялық кедергісі (1-кесте, 5-қосымша, 76-бет, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыстық жылу техникасы, 4-ә келтірілген)
δус – жылыту қабатының қалыңдығы;
λус – жылыту қабатының жылуөткізгіштігі;
Rв.п – ауа қабатының термиялық кедергісі (4-қосымша, 33-бет, ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 Құрылыстық жылу техникасы)
Аймақтар ретін анықтау және есептеу үлгісі оқулықта келтірілген [1, 41-46 беттер].
2.1.6. Қоршаулардың (сыртқы қабырға мен жабындар) ішкі беттерінің су буларының конденсациясы жоқтығын тексеру әрбір қоршауға ретімен орындалып отырады.
Қоршаудың ішкі бетіндегі температура :
К
τ в =tв - —— * (tв – tн)
αв
мұндағы:
τ в – қоршаудың ішкі бетінің температурасы;
tн - ең суық бес күндіктің қыстық есептік температурасы;
«Шық нүктесінің» температурасы Q температура t=18 С ; ауа ылғалдылығы 60% болғандағы і-d – диаграммасы арқылы табылады (түсіндірме қағазында осы схеманы көрсету қажет. Диаграмма [1] әдебиетте көрсетілген.)
Егер екі температураны салыстырғанда τ в>Q болса, конденсация болмайды, ал τ в<Q болған жағдайда , қабырға қалыңдығын қыштың ең аз өлшеміндей үлкейту қажет.