Металды созу арқылы сынау

Созу үшін өлшемдері стандарттық, арнайы цилиндр пішіндес немесе белгілі пішіндегі жазық үлгілерді қолданады. Үлгіні созу арқылы сынау механикалық немесе гидравликалық қозғауы бар арнаулы үзу машинасының көмегімен жүргізіледі. Үлгіге түсірілген күш пен оның созылу шамасын (деформациясын) автоматты түрде машинаның өзі үздіксіз график түрінде жазып отырады. Күштің созылу шамасына тәуелділігін көрсететін графикті созылу диаграммасы деп атайды. Ординаталар осінде күшті Металды созу арқылы сынау - student2.ru (кгс), ал абциссалар осінде үлгінің абсолюттік ұзаруын көрсетсе, диаграмманың сипатына әрине үлгінің өлшемдері әсер етеді. Осы фактордан құтылу үшін, диаграммада кернеудің Металды созу арқылы сынау - student2.ru (кгс/мм2) салыстырмалы ұзаруға Металды созу арқылы сынау - student2.ru (%) тәуелділігін көрсетеді (1.10 суретті қара).

Кернеу деп үлгінің жұмыс қимасының бірлік ауданына әсер ететін күшті айтады. Салыстырмалы ұзару үлгінің абсолюттік ұзаруының оның жұмыс бөлігінің бастапқы ұзындығына қатынасымен анықталады.

Металды созу арқылы сынау - student2.ru

а) ( Металды созу арқылы сынау - student2.ru ) координаталарындағы шартты диаграмма

б) Кернеулердің шартты диаграммасы және нақты кернеулер диаграммасы

1.10 сурет - Созылу диаграммасы

Металды созу арқылы сынағанда оның механикалық қасиеттерінің келесі сипаттамалары анықталады: кернеудің пропроционалдық шегі, серпімділік шегі, аққыштық шегі, беріктік шегі, салыстырмалы ұзаруы және салыстырмалы жіңішкеруі.

Пропорционалдық шек кернеуі σпц деп диаграммадағы тәуелділік қисығына түсірілген жанаманың көлбеулік бұрышының тангенсі бастапқы шамасынан 25 немесе 50 % -ға өсетіндей кернеудің мәнін айтады:

Металды созу арқылы сынау - student2.ru (1.3)

мұндағы Рпц - пропорционалдық шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.

Серпімділік шегіне сәйкес кернеуде үлгінің қалдық ұзаруы оның ұзындығының 0,05% құрайды және кернеудің серпімділк шегі мына формуламен анықталады

Металды созу арқылы сынау - student2.ru , (1.4)

мұндағы Р0,05 - серпімділік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.

Кернеудің аққыштық шегі деп үлгінің оған түсірілген күштің тұрақты-лығына қарамастан ұзара беретіндей мәнін айтады. Үлгінің қалдық ұзаруы оның ұзындығының 0,2% - ын құрайды. Аққыштық шегіне сәйкес кернеу мына формуламен анықталады

Металды созу арқылы сынау - student2.ru , (1.5)

мұндағы Р0,2 - серпімділік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.

Кернеудің беріктік шегі деп ең үлкен күшке сәйкес келетін және үлгінің үзілуіне әкеп соғатын кернеуді айтады

Металды созу арқылы сынау - student2.ru , (1.6)

мұндағы Рв - беріктік шекке сәйкес күштің (жүктеменің) шартты мәні.

Салыстырмалы ұзару деп үлгінің абсолюттік ұзаруының, яғни үзілгеннен кейінгі ұзындығының өсімінің Металды созу арқылы сынау - student2.ru Металды созу арқылы сынау - student2.ru , оның бастапқы ұзындығына қатынасын айтады

Металды созу арқылы сынау - student2.ru , (1.7)

мұндағы Металды созу арқылы сынау - student2.ru - үлгінің бастапқы есептелген ұзындығы, Металды созу арқылы сынау - student2.ru - соңғы ұзындығы.

Салыстырмалы жіңішкеруі деп үлгінің жұмыс қимасының сынау барысында абсолюттік жіңішкеруінің Металды созу арқылы сынау - student2.ru , сол қиманың бастапқы ауданына қатынасын айтады

Металды созу арқылы сынау - student2.ru , (1.8)

мұндағы Металды созу арқылы сынау - student2.ru - деформацияға дейінгі жұмыс қимасының ауданы, Металды созу арқылы сынау - student2.ru - жұмыс қимасының деформациядан кейінгі ауданы.

Салыстырмалы ұзару мен жіңішкеру металдың пластикалылығын сипаттайды.

Наши рекомендации