Ақпараттық өлшеуіш техникасы» пәні

В071800 – Электр энергетикасы» мамандығы бойынша

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.

2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.

3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Ақпараттық өлшеуіш техникасы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:

Мазмұны Тапсырмалар саны
Басты мағлұматтар және ақпараттық өлшеуіш техниканың анықтамасы. Энергетикадағы өлшеу және физикалық шамалар. Өлшеулерді жіктеу: статикалық, динамикалық, тікелей, жанамалық, біркелкілік, абсолюттік,салыстырмалық. Өлшеу құралдары (ӨҚ) және олардың метрологиялық сипаттамалары. ӨҚ-ны жіктеу: бірлігі, өлщеуіш түрлендіргіштер, аспаптар, өлшеуіш жүйелер және жабдықтар. Өлшеуіш аспаптардың қателіктері және оларды нормалау және белгілеу: абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген, аддитивтік және мультипликативтік. Дәлдік класстары.
Ток пен кернеудің масштабтық түрлендіргіштері. Шунттар мен қосымша кедергілер: арналуы, құрылысы және параметрлері, дәлдік класстары. Кернеуді бөлгіштер: резистивтік, сыйымдылықпен, индуктивтік (арналуы, бөлу және түрлендіру коэффициенттері). Токты және кернеуді өлшеуіш трансформаторлар. Олардың арналуы, басты метрологиялық параметрлері. Тоқтық , кернеулік және бұрыштық қателіктері. Дәлдік класстары.
Аналогтық аспаптар. Электромеханикалық тоқтағы аналогтық аспаптар: магнитэлектрлік, электромагниттік, электродинамикалық, индукциялық және ферромагниттік жүйелердегі аспаптар. Жұмыс істеу принципі, арналуы. Шкаласының теңдеуі, оларды қосу схемалары. Гальвонометрмен логометрлардың конструкциялараның өзгешелігі. Токты түрлендіргіші бар аналогты аспаптар. Токты және кернеуді өлшейтін түзеткіші бар аспаптар. Құрылысы арналуы және аспаптың баптауының теңдеуі. Синусоидалдық емес формасы токты термоэлетрлік аспаптар. Тұрақты және айнымалы токты өлшейтін электрондық ампарметрлермен вольтметрлер. Құрамалық аспаптарды – мультиметрлер. Айнымалы токты тұрақты кернеуді, токты түрлендіргіштер.
Цифорлық аспаптар. Цифорлық аспаптың оңайлатылған блок - схемасы. Аналог-цифорлық түрлендіргіштер және олардың арналуы. Аналогтық мәнді кодқа түрлендіру тәсілдері негізінде жасалған аналог-цифорлық түрлендіргіштер. Уақыт-жиілік-импульстік түрлендіргіштер олардың жұмыс істеу принципі және метралогиялық сипаттамалары.
Уақыттың электрлік параметлерін қарастыру және өлшеу. Электрондық осциллограф (ЭО). Сызықтық, үздіксіз, күту және синусоидалдық бұрмалаулар, кескін алу принципі, олардың арналуы. ЭО-ның түрлері: екі сәулелі жылдамдықпен, стробоскопиялық, және естесақтау. ЭЕМн жасалған виртуалдық осцилографтар.
Электрлік мәндерді өлшеудің әдістері мен аспаптары. Кедергіні, өткізгіштікті, сыйымдылықты және индуктивтілікті өлшеу. Кіші және үлкен кедергілерді өлшеудің өзгешіліктері. Омметрлердің схемасы, және оларың шкаласының теңдеуі. Дәлдік кластары және өлшеу қателіктерін табу. Тұрақты токтың өпірлік схемасы. Даралық және қос көпір схемалары. Тепе-теңдік теңдеуі. Гальвонометрлік көпірлік схемаларының келісу.
Тұрақты және айнымалы тізбектегі қуатты өлшеу. Тұрақты токты тізбектегі қуатты өлшеу. Ферродинамилық және электродинамикалық өлшеу механизімі базасындағы ваттметрлер. Тізбектегі бірфазалы және үшфазалы қуатты өлшеу ерекшеліктері. Бір, екі, үш ватметр тәсілі. 1000 В-тен жоғары кернеу мен ток желідегі ватметрді қосу сұлбалары. Реактивті қуатты өлшеу ерекшеліктері. Цифорлық ватметрлер. Кернеу мен токтың мәнін көбейту тәсілдері.
Электр энергиясын шығынын өлшеу. Индукциондық санағыштың жұмыс істеу принципі мен құрылысы. Санағыштың түрлері және сипаттамалары, дәлдік кластары. Жоғары және төменгі кернеулерде өлшеудегі индукциалдық аспаптарды қосу схемасы.
Жиілікті және ығысу фазасын өлшеу. Частотомерлер мен фазометрлер арқасында бірфазалық және үшфазалық тізбектердегі параметрлерді өлшеу. Электродинамикалық логометрлік өлшеуіш механизімдр арқасында аспаптар жасау. Электрондық- санақ әдісінің негізінде жасалған цифорлық частотометрлер (периодометрлер) және фазометрлер.
Ақпаратты өлшеу жүйелері (АӨЖ ). Анықтау және жіктеу : арналуы (бақылау, диагностикалау, өлшеу, оюъектілерді болжамдау,), ақпараттарды жинау әдісімен (біркелкі, параллельдік және аралас түрі, пассивтік және активтік, орталықсыз және орталықпен). Өлшеуіш интерфейстер, интерфейстің сипаттамалары: функционалдық блоктарың қосылу құрылымы, берілген бірліктің ауысу режімі. Ақпаратты жинау және өңдеудің виртуалдық ортасы - HP VEE және LabWiew.
  Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ақпараттық өлшеу техникасы пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Наши рекомендации