Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы.

Өзара салыстырмалы қозғалыста болуларын қамтамасыз ететін жанасқан екі звеноның қозғалмалы қосылысы кинематикалық жұп деп аталады. Қысқаша, қозғала отырып екі звеноның жұптасуын кинематикалық жұп дейді. Звенолар кинематикалық жұп құру барысында кинематикалық жұп элементтері деп аталатын беттер, сызық және нүкте арқылы өзара жанасады. Осы жанасу элементтерінің түрлеріне байланысты кинематикалық жұптар жоғарғы және төменгі жұптарға бөлінеді. Кинематикалық жұптардың жанасу элементтері сызық немесе нүкте болатын болса жоғарғы, ал звенолар әртүрлі беттер арқылы жанасатын болса төменгі жұп деп аталады.

Сондай-ақ, кинематикалық жұпқа бірігу барысында звенолардың қосылу тәсіліне байланысты звенолар жұбының әрбір звеносының салыстырмалы қозғалыстарына шектеулер жасалады. Осы шектеулерді кинематикалық жұптардағы байланыстар деп атаймыз. Кинематикалық жұптар, тікелей звенолар қосылысынан туындайтын еркіндік дәреже, не қозғалғыштық санымен немесе жұптардың қосылатын звенолар салыстырмалы қозғалысына жасайтын байланыс санымен классификацияланады.

Барлық кинематикалық жұптар өздерін құрайтын звенолардың салыстырмалы қозғалысына шектеулер жасайтын байланыс санына сәйкес кластарға бөлінеді. Байланыс саны S-пен белгіленіп, бүтін сан болады және бірден беске дейінгі аралықта болады, яғни 1≤S≤5. Байланыс саны кинематикалық жұптағы бір-біріне қатысты қозғалып жатқан звенолардың еркіндік дәреже санымен мынадай тәуелділікте болады: H=6–S6, не H+S=6.

Соңғы теңдіктен байқайтынымыз, звенолардың да еркіндік дәреже саны 1-ден 5-ке дейін өзгеретіндігі. Себебі, кеңістіктегі еркін қозғалатын қатты дене 6 қозғалыс, 3 айналмалы 3 ілгермелі қозғалыс жасай отырып, 6 еркіндік дәреже санына ие болады. Онда байланыс саны S=0 болса, H=6 болады да звенолар жанаспайды, яғни жұп құрамайды. Ал егер S=6 болса, онда звенолар қатаң қосылысқа ұшырайды, сөйтіп бір звеноға айналып кетеді.

Осы айтылғандарды қорыта келе кинематикалық жұптар байланыс саны бойынша 5 класқа бөлінетіндігін және звеноларды кинематикалық жұптардың көмегімен жалғастыру барысында олардың еркіндік дәреже санының кемитіндігін тұжырымдаймыз. Және осы айтылғандарды 2-ші кестедегі мысалдармен толық түсіндіруге болады. Ол кестеде I класты жұп, бір байланыс шартын жасай отырып, бес қозғалмалы жұп болады екен. II класты жұп – төрт қозғалмалы жұп, III класты жұп – үш қозғалмалы, IV класты жұп – екі қозғалмалы жұп, ең соңында V класты жұп – бір қозғалмалы жұп болады екен.

Механизм құрамына енетін кинематикалық жұптар жазық және кеңістік болып келеді. Егер кинематикалық жұптағы кез келген звено нүктесінің траекториялары жазық қисық болса, онда жазық жұп деп, ал егер кеңістік қисық болса, кеңістік жұп деп аталады.

Қолданылған әдебиеттер:

негізгі:

1. СНиП II-89-80* «Генеральные планы промышленных предприятий», Астана, 1992г.

2. СНиП РК 3.02-09-2010 «Производственные здания», Астана, 2011г.

3. Б.Я. Орловский, В.К. Абрамов, П.П. Сербинович «Архитектурное проектирование промышленных зданий», М., Высшая школа, 1982г.

4. М.Н. Болотова, Д.К. Лейнина, В.А. Рыгалов «Благоустройство промышленных предприятий», М., Стройиздат, 1980г.

қосымша:

5. СНиП РК 2.02-05-2009* «Пожарная безопасность зданий и сооружений», Астана, 2009г.

6. СНиП РК 3.01-01-2008* «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских населенных пунктов», Астана, 2009г.

7. С.В. Дятков «Архитектура промышленных зданий», М.,АВС, 2005г.

Бақылау сұрақтары:

1. Механизм звеносы және олардың шартты белгілері?

2. Кинематикалық жұптардың классификациясы қандай?

3. Звено деген не?

4. Шатун неден құралған?

ДӘРІС 3

Тақырыбы:Механизмнің негізгі түрлері, олардың айырмашылықтары

Мақсаты:Механизмнің негізгі түрлері, олардың айырмашылықтарын анықтау.

Дәріс тезистері:

1. Жазық рычагты механизм.

2. Жазық жұдырықшалы - рычакты механизм.

3. Иілгіш звенолы жазық механизм.

1. Жазық рычагты механизм. Бұл механизмнің 1,2,3,және 4 звенолары мына шартты қанағаттандырады дейік: AB#CD#EF, BC#AD, CD#DF.

Сонда үш звено бір пассив жасайды (рх=1), ал мұнда артық еркіндік дәрежесі жоқ (рх=0).Механизмде алты қозғалмалы звенолар ( n=6), V кластық

8 айналмалы жұп және Vкластық бір ілгерлемелі жұп бар (р5=9), IV класты кинематикалық жұп жоқ.

 
  Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

Жазық механизмдер үшін жалпыланған формуланы механизмнің еркіндік дәре санын былай анықтауға болады: Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru мұндағы Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru сонда Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

 
  Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

2.Жазық жұдырықшалы - рычакты механизм.

Бұл механизмде 5 қозғалмалы звено (1,2,3,және 5 звенолар) (n=5) бар, ал С осі бойымен роликтің айналуынан 1-ге тең артық еркіндік дәрежесі келіп шығады (рх=1), мұнда пассив байланыстар жоқ (рn=0), V кластық кинематикалық жұп саны 6-ға тең (р5=6). Сонымен қатар жұдырықша 1 және ролик 2 IV кластық жоғарғы кинематикалық B жұбын құрайды(р4=1). Мұнда еркіндік дәреже саны 1-ге тең: Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru
Тісті жазық механизм.

Бұл механизмде 4 қозғалмалы звено (1,2,3,және 4 қозғалмалы звенолар) (n=4), V кластық (А,В,С және Д) төрт айналмалы жұп (рх=4), IV кластық (L,M, жәнеN)үш жоғарғы кинематикалық жұп (рх=3), бар. Пассив байланыстар мен артық еркіндік дәреже (рn=px =0), жоқ..Сонда формула бойынша есептегенде еркіндік дәре саны 1-ге тең болады, яғни Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

 
  Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

4. Иілгіш звенолы жазық механизм. Бұл механизм 3 қозғалмалы звено (1,2 және 3 звенолар) және V кластық екі жұп (А,В) бар (р5=2). Иілгіш 3-звено белдіктің ab және cd участоктарында бірінші және екінші шкивтермен жанаса отырып, IV кластық 2 кинематикалық жұп құрайды (р4=2). Мұнда белдіктің көрсетілген аралықтары 1 және 2 шкивтермен жанаса отырып, сырғанау және домалау қозғалыстарына

қатысады.Мұнда сырғанау артық еркіндік дәрежесі мынандай болады:

Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru .

 
  Кинематикалық жұптар және олардың классификациясы. - student2.ru

5.Кеңістік шасси механизмі. Бұл механизм самолеттерде кездеседі. Сомалеттің бұл кеңістік төрт звенолы механизмінде жылжымалы тиек 2 мен тіреуіш IV кластық ілгерлемелі жұп құрайды, ал звено 4 және тіреуіш 1 V кластық айналмалы

жұп құрайды да, 2 және 3, 3 және 4 звенолар I I I кластық В және С шар жұптарын құрайды.

Звено 3 өзінің бойлық осінің айналасында еркін қозғала алады. Бірақ звеноның бұл қозғалысы механизм қозғалысына әсеретпейді.Сондықтан да артық еркіндік дәрежесі 1-ге тең болады. Сонымен қарастырылып отырған механизм үшін: n=4, p5 =2,p3 =2,px =1 және p4=p2=p1=pn=0 болады.

Қолданылған әдебиеттер:

негізгі:

1. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. - Москва: Высшая школа, 2003.

2. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. - Москва: Высшая школа, 2003.

3. Афанасьев А.А. и др. Технология возведения полносборных зданий. Учебник. -М., АВС, 2000.

косымша:

4. Гофштейн Г.Е., Ким В.Г., Нищев В.Н. и др. Монтаж металлических и железобетонных конструкций. Москва: «Стройиздат», 2001.

5. Кернев А.Д. Организация строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. - Ростов на Дону, «Феникс», 2006. - 520 с.

6. Трушкевич А.И. Организация проектирование строительства. - Минск: «Высшая школа», 2004.

7. Хамзин С.К. Монтаж строительных конструкций. Учеб. пособие. - Астана: Фолиант, 2005.

8. Самойлов В.С. Справочник строителя. Жилищное строительство. М.: Изд. «Аделант», 2006.

9. Тарануха Н.Л. Технология и организация строительных процессов, 2005

10. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. Учебник. - М., 2006.

Бақылау сұрақтары:

1 Тісті жазық механизм неден тұрады?

2 Кеңістік шасси механизмі қайда кездеседі?

ДӘРІС 4

Тақырыбы:Еркіндік дәреже саны. Звенолардың және кинематикалык, жұптардьң шартты кескіндері.

Наши рекомендации