Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар

Билет

1 Камералық муфелі механикалық электрпештер.

Камералы пеш - металлургиялық өндірістік пештерінің бір тобының жалпылама аты. Бұл пештердің ерекшелігі- қыздыру кезеңінде ішіне салынған бұйымдар пешке қатысты қозғалмай бүкіл қыздыру кезеңінде бірыңғай температуралық режимінде жылжымай қыздырылады.

Камералы пеш металл дайындамаларды прокаттау және шыңдау алдында қыздыру, металл бұйымдарды термиялық өңдеу, керамикалық және боялған бұйымдарды күйдіру, т.б мақсаттарда пайдаланады.

Қыздыру әдісіне сәйкес камералы пештің температурасын бірқалыпты ұстауға немесе өзгертіп отыруға да болады.

Камералы пешке қатты тозаңданған, газ тәрізді және сұйық отындар жағылады. Оны электр тогымен қыздыруға да болады.

Термиялық камералық электр пештер - металды термиялық өңдеуге арналған арнайы аспап. 1250 Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru максималды температураға дейін металдарды температуралық өңдеу үшін қолданады. Камералық пештердің көмегімен іске асырылады:

- әр түрлі бұйымдар мен бөлшектерді шынықтыру мен күйдіру;

- берілген температураға дейін қыздыру;

- температурамен өңдеудің басқа да амалдарын орындау.

Камералық электрпештер машина жасау, электротехника және аспаптық өнеркәсіпте пайдаланылады

Электр пеш екі режимде - қолмен және автоматты түрде жұмыс жасай алады. Жұмысты орындау басқару шкафының көмегімен іске асырылады.

Камералық электр пешінің бір жүйелілігі:

- электр пеш;

- басқару шкафы;

- қосымша бөлшектердің жиыны.

Шартты белгінің құрылымы : мысалы, "СНО(З) - Ш.Г.В/10И3". С - қарсыласумен қыздыру; Н- камералық; О- жұмыс аймағында қышқылдандыру ортасы; З- қорғаушы атмосфера ( қорғаушы газдар: азот, эндогаз, экзогаз, сутек); Ш- жұмыс аумағының ұзындығы; Г- тереңдік; В- биіктігі; 10- жұмыс температурасы; ИЗ- орындаудың рет саны.

1- кесте

Камералы электр пештерінің техникалық ерекшеліктері

Параметрлер атауы СН3/СНО 3.6.2/10ИЗ СН3/СНО 4.8.2/.510ИЗ СН3/СНО 6.12.4/10ИЗ
Қуаты , кВт 14,6
Максималды температура, Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru
Кернеу ,В 380-220 380-220 380-220
Қорғаушы газдың шығыны, м3/сағ СНЗ үшін
Жұмыс аймағының өлшемі (ШхДхВ) 3х6х2 4х8х2,5 6х12х4
Жұмыс аумағының көлемі
Габаритті өлшемдер, мм      
В
Н
L
Камералық пештің салмағы, кг

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru камералы электрпештер

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар

Пеш-ванналар өңдеудің түрлі операцияларын – шынықтыруды, тұрақтандыруды, жұмсартуды, жасытуды, циандауды, көміртектендіруді, нитрокөміртектендіруді, сондай-ақ сатылы және изотермиялық шынықтыруды жүзеге асыруда қолданылады. Пеш-ванналар термиялық цехтарда және өндірістік барлық дерлік салаларының бөлімшелерінде қолданылады. Олар құрал-жабдық өндірісінің негізгі жабдығы болып табылады. Қыздыру құралы ретінде тұздар мен сілтілердің түрлі құрамы кеңінен қолданыста. Ректификатор ретіне MgF2, ферросилиций, бура немесе Na2B4O7 қолданылады. Төмен жасыту және ескіру кезінде қыздыру үшін май ванналарын («Вапор» майы, «Вискозин» №10 және т.б.) пайдаланылады.

Отын пеш-ванналары ыстыққа төзімді тигельдің осалдығы себепті кең тарамаған. Жылыту тәсілі бойынша сырттан, іштен жылытылатын және электродты ванналар болып бөлінетін электр пеш-ванналары кеңінен пайдаланылады.

Сырттан жылытылатын СВГ сериялы ванналардың қыздыру температурасы жоғары – 300-ден 850ºС жетеді. Мұндай ванналардың қуаты 10-нан 30кВт-қа дейін, өнімділігі 30-дан 130кг/сағатқа дейін жетеді.

Іштен жылытылатын ванналар түтік тәрізді элементтермен (ТЭН) жылытылады және тез әрі бірқалыпты қызу үшін механикалық араластырғыштармен жабдықталған.

Электродты пеш-ванналардың әдетте, металл тигелі болмайды. Оларды қышқаққты алюминий тотығы бар кірпішпен шегендейді. Тұз токтың тікелей ваннадан өтуінен қызады, яғни тұздың өзі электр кедергісінің ролін атқарады. Электродтарға ток төмендеген трансформатордан шиналардың көмегімен беріледі.

СП -сериялы (СП-35/15, СП60/20, Сп-100/40) өнімділігі жоғары, тұзды электр магнитті араластырғышы бар, электродты қайта жібере алады, пайдалану мерзімі ұзақ.

СВС сериялы , тұзды электр магнитті араластырғышы бар, бұлар детальдардың бір тегіс қызуын қамтамасыз етеді.

С-20, С-25, С-75, С-50, С-100, С-45 сериялы пештерде бар, олардың конструкциясы ескі.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

электродты пеш ванна

3 Термиялық газды пештермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Термиялық цехтардағы техника қауіпсіздігінің және өрт қауіпсіздігінің ережесі тиісті нұсқаулар мен қаулыларда және т.б. жасалып, ұсынылған.

Термиялық электр пештерінде жұмыс істеу кезінде техникалық пайдалану және қауіпсіздік ережелері сақталуы керек. Термиялық электр пештердің үстіңгі температурасы мен үйдегі ауаның температурасының әртүрлілігі 30-40ºС аспауы керек. Пешті басқарудың және қызмет көрсетудің барлық механизмдері жұмысшыға жоғары температура мен зиянды газдардың әсері ықпал етпейтіндей етіп орнатылуы керек. Есіктің пештің корпусына тығыз жабылуы үшін еңкейтіп салу ұсынылады. Жоғары температуралы пештерде жылу шашыратуды азайту үшін пештің алдында слюда терезесі бар асбесті қорғаныш экраны орнатылуы мүмкін.

Термиялық электр пештерінің есік ашылған кезде токты автоматты түрде ажырататын блоктау жүйесі болуы керек. Пештің ток жүретін бөліктері оқшауландырылуы немесе қоршалуы тиіс. Қоршау және басқа ток жүретін металл бөліктері жерге қосылуы керек.

Пешті жаққанда көзәйнек киіп алу керек және пештің есігінен аулақта тұру қажет.

Термиялық өңдеудің әр түрінде қолданылатын газдар –табиғи, экзо- және эндотермиялық және т.б. жанатын құрамымен, яғни сутегі, метан, көміртегі тотығы. Сондықтан бұл жанғыз газдардың өзі емес олардың оттегі бар ауамен қосындысы қауіпті болып табылады. Жарылыс – оттың таралу жылдамдығы 1000 м/с болатын жанудың бір сәттік үрдісі.

Газқұбырларынцехтақабырғаға еденнен бірнеше метр биіктікте шамалы еңістеу етіп жүргізеді. Кейде магистральдан пешке қарай шағын қашықтыққа газ құбырын жүргізген кезде туннельге немесе каналға салады.

Қауіпті газ қоспасын түзілмеуін және жарылыс болуы мүмкіндігін болдырмау үшін келесі жалпы ережелерді сақтау керек:

1. Жабдықтың жай-күйін, газдың ағун болдырмау үшін газөткізгіштер мен тиек арматурасын мұқият бақылау.

2. Бақылау-өлшеу аппаратының дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

3. газдың жинақталуы мүмкін жерлерде жылудың немесе темекінің ашық көздерін болдырмау

4. Электрқондырғыларды (қозғалтқыштар, сөндіргіштер т.б.) тек ұшқынға қауіпсіз жерлерде қолдану

Пешті жаққанда көзәйнек киіп алу керек және оттықтан, пештің есігінен аулақта тұру қажет. Оттықтың жануы тоқтаған кезде қайта тұтатар алдында пешке ауа үрленуі керек. Газдың берілуі тоқтаған кезде оттықтар өшіріледі. Кейде жалын оттықтың ішіне түсіп кетуі мүмкін мұндай жағдайда да оттықты өшіріп тастайды. Оттықтар суып, дұрыс жанбаудың себебі анықталып, кемшіліктері жойылғаннан кейін барып қайтадан жағуға болады. Мазутты пештерді жағардың алдында да пешті ауамен үрлеп алуға кеңес беріледі. Пешті жағу үшін форсунканың алдыңғы от жағындағы кеңістікке тұтандырып алған факлді жақындатады. Алдымен ауаны жібереді, сосын біртіндеп мазутты вентильді ашады. Қоспа жанғаннан кейін факелді алып тастайды да жануды реттейді. Термиялық цехтарда да өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Цехта өрт шыққан жағдайда оттықтар немесе форсункалар дереу өшірілуі керек, яғни пештін газ, мазут, вентильдері мен ауа шиберлері жабылуы керек.

Билет.

1Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар

Индукциялық графитті қыздырғыштарымен тұзды ванналар : тигельді және электродты тұзды ванналардың бірқатар кемшіліктері бар -пайдалануга баяу жіберу, қыздыру жылдамдығының жеткіліксіздігі, жоғары температуралары ванналарда тез кесетін болаттан істелген құралдың көміртегінің кемуі мүмкін. осы кемшіліктерді жлю мақсатында соңғы жылдары графитті қыздырғышы бар ИСВ типті индукциялық тұзлы ванналар жасалды. Олар өнеркәсіптік типтегі ТВЧ қондырғысына қосылады және бұйымды шынықтыру, қалпына келтіру, жылдамдатып жұмсарту, алиттеу және т.б кезінде тотықтырмай қыздыруға арналған. ИСВ-де қыздыру тұзды балқымамен жылу алмасудың және тікелей индукциялық қыздырудың есебінен-құрастырмалы болып табылады. Бұл болат бұйымдарды қыздыру жылдамдығын арттыруға және оның ұзақтығын әдеттегі электродты ванналармен салыстырғанда 30-40 пайызға кемітуге мүмкіндік береді.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

2Пеш-ванналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Ванна пештерде желдеткіш бүркенішінің ойығын асбест пердемен жабу керек.

Пеш-ванналар термиялық цехтарда және өндірістік барлық дерлік салаларының бөлімшелерінде қолданылады. Олар құрал-жабдық өндірісінің негізгі жабдығы болып табылады. Пешті жаққанда көзәйнек киіп алу керек және оттықтан, пештің есігінен аулақта тұру қажет. Оттықтың жануы тоқтаған кезде қайта тұтатар алдында пешке ауа үрленуі керек. Газдың берілуі тоқтаған кезде оттықтар өшіріледі. Кейде жалын оттықтың ішіне түсіп кетуі мүмкін мұндай жағдайда да оттықты өшіріп тастайды. Оттықтар суып, дұрыс жанбаудың себебі анықталып, кемшіліктері жойылғаннан кейін барып қайтадан жағуға болады. Мазутты пештерді жағардың алдында да пешті ауамен үрлеп алуға кеңес беріледі. Пешті жағу үшін форсунканың алдыңғы от жағындағы кеңістікке тұтандырып алған факлді жақындатады. Алдымен ауаны жібереді, сосын біртіндеп мазутты вентильді ашады. Қоспа жанғаннан кейін факелді алып тастайды да жануды реттейді. Термиялық цехтарда да өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Цехта өрт шыққан жағдайда оттықтар немесе форсункалар дереу өшірілуі керек, яғни пештін газ, мазут, вентильдері мен ауа шиберлері жабылуы керек. Термиялық электр пештердің үстіңгі температурасы мен үйдегі ауаның температурасының әртүрлілігі 30-40ºС аспауы керек. Пешті басқарудың және қызмет көрсетудің барлық механизмдері жұмысшыға жоғары температура мен зиянды газдардың әсері ықпал етпейтіндей етіп орнатылуы керек. Есіктің пештің корпусына тығыз жабылуы үшін еңкейтіп салу ұсынылады. Жоғары температуралы пештерде жылу шашыратуды азайту үшін пештің алдында слюда терезесі бар асбесті қорғаныш экраны орнатылуы мүмкін.

Термиялық электр пештерінің есік ашылған кезде токты автоматты түрде ажырататын блоктау жүйесі болуы керек. Пештің ток жүретін бөліктері оқшауландырылуы немесе қоршалуы тиіс. Қоршау және басқа ток жүретін металл бөліктері жерге қосылуы керек.

3Шахталық пештер.

Шахталық пеш — жұмыстықкеңістігідөңгелек не тікбұрыштыбиік шахта түріндежасалған өнеркәсіптік пеш. Өңделетін материал (шихта) Шахталықпештіңүстіңгіжағынансалынады, ал дайынөнімтөменгібөлігіненалынады. Отынныңжануынанбөлінген газ тектесзаттар пешке салынғанматериалғақарама-қарсыүрленеді. Шахталық пеш негізіненкендіқорытып металл алу (ватержакетті пеш, домна пеші), металдыбалқыту (вагранка), отқатөзімдішикізаттыкүйдіруүшінпайдаланылады. Сондай-ақ металл бұйымдардытермиялықөңдеуүшінэлектрлікшахталық пеш қолданылады. Шахталық пеш — үздіксізжұмысістейтінқондырғы; дайынөнімалынғансайын пешке шихта салыныпотырылады.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

ПШЦ 8.25/9,5 Шахталы электрлі пеші

ПШЦ 8.25/9,5 Шахталы электрлі пешіцементация үшін, сонымен қатар металдарды термиялық және химия –термиялық өңдеу үшін арналған. Цементация сұйық карбюризатор немесе цементациялық газ қолданумен өткізіледі. Электрлі пештер 10°С– дан 35°С дейін қоршаған ауа температурасында және 80 % ылғалдылық қатысында 25°С жұмыс жасауға негізделген. Талшықты және микрокеуекті материалдардағы жылуоқшаулағыш, температураны қыздыру санды индикациясын электронды басқару, температуралық режимді тіркейтін техүрдісті көрсететін графикалық диаграмма, пеш көлеміндегі температураның біріңғайлығы және т.б артықшылықтары бар. Цементация бұйымның беткі қабатының жұмсақ өзегінің жоғары қаттылығын болатты тетікбөлшектерді жоғары температурада сыртқы ортадан диффузия арқылы көміртекпен қанықтандыруарқылы алады, яғни бұйымның тозуға төзімділігін арттырады.Цементация ауыспалы жүктеме және жанаспалы тозу жағдайында жұмыс істейтін аз көміртекті болаттан жасалған тетікбөлшектерге жасалады. Жұмыс кеңістігінде ағын тудырушы экранды герметикалық муфель және газ ағынын циркуляциялайтын ортадан тепкіш вентилятор, сонымен қатар цифрлі индикациялы температураны бақылағыштарды қолдану ±5°С нақтылығында біркелкі температураны және біртекті газды атмосфераны пештің бар көлеміне таралуын қамтамасыз етеді. Муфель қақпағының герметикалық жабыны фланец ойығына төселген және құмды бөгеттелген асбестті ШАОН O10 мм маркалы бауымен қамтамасыз етілген. Пеш қақпағы ( 1 – сурет) көтеруге және түсіруге арналған электр жетегімен жабдықталған. Көтерілген қақпақ қолмен айналдыра бұрылып тіреуіш бағанға тірелді.

ПШЦ 8.25/9,5 шахталық пешінің (2-сурет) техникалық сипаттамалары:

Жұмыс температурасының диапазоны, 100 – 950°С.

Жұмыс аймағының өлшемі (диам/биіктік), мм : 800 /2500.

Пештердің габариттік өлшемі (диам/биіктік), мм: 1890/4400.

Қуаттылығы / кернеу, кВт/В: 140/380.

Пештің массасы, кг: 5000.

СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пеші

СШЦ-6.6/9,5-И1 щахталық электрлі пеші төмен легірленген болаттарды цементациялауға арналған жабдық. Электрлі пеш сонымен қатар нитроцементациялау кезінде де қолданылады.

СШЦ-6.6/9,5-И1 шартты белгілерінің құрылымы:

Ø С – қарсылықты қыздыру (нагрев сопротивлением);

Ø Ш – щахталық;

Ø Ц – Цементтендіретін (газды);

Ø 6 – жұмыс аймағының диаметрі, дм;

Ø 6 - жұмыс аймағының биіктігі, дм;

Ø 9,5 – жұмыс аймағының температурасы, жүздік үлеспен °С;

Ø И – орындалуы;

Ø 1 – орындалуреті

УХЛ4 – климаттықорындалужәне МЕСТ15150 - 69бойыншаорналастырукатегориясы.

СШЦ-6.6/9,5-И1 электрліпешініңжалпыкөрінісіжәнегабариттіөлшемдегіқұрамаэлементтері

Электрліпештіңқыздырукамерасықаптамадан, футерлеуден, электржылытқыштардан, қақпақтан, қаздырукамерасынжапқыштантұрады.

Өзініңфланецініңкөмегіменқақпаққаұсталыптұратын муфель орнатылады. Қақпақжәне муфель фланецтері АС маркалынығыздағышпеннығыздалады.

Қаптама (кожух) профильдіқақталғанжәнетабақшалыпісірмеліметаллконструкцияменұсынылады. Қаптаманыңжоғарғыбөлігі фланец түріндеаяқталған, төменгібөлігітереңтүпкеие. Қаптаманыфутерлепболғансоң оны конустықақпақпенжауып, кейінненбұрандамаларменбекітіледі.

Қаптамағаэлектрқыздырғыш пен термотүрлендіргіштердіңарматураларыдәнекерленген, оғантермоэлектрлітүрлендіргішбақылаушысыорнатылады. Оғанқоса, қаптамаға көтеру және бұру механизімін іске асыратын мойынтірек корпустары дәнекерленген.

Билет

1Термиялық цехтардың қосымша жабдықтары.

Термиялық цехтардың қосымша құрал –жабдықтарына бақыланатын атмосфера өндірісне арналған қондырғы немесе станция жатады.Болаттар мен қорытпаларды сериялық өндірісте термиялық өңдеу үшін гелий,аргон,азот сияқты инертті атмосфералар сирек қолданылады,сондықтан өңдірісте кеңінен қолданылатын азот сутекті атмосфераға ,сондай- ақ көміртекті легірленген болаттарды тотықтындырмай,көміртекті кемітпей және көміртектендіріп қыздыруға арналған экзо және эндотермиялық атмосфераларға тоқталуға болады.

Экзо және эндотермиялық атмосфералар диссоциаланған аммиак,техникалық азотты оттегі мен ылғалды тазарту жолымен азот сутекті атмосфера,сондай –ақ

Көтеру-көлік құралдары

Бұйымды бір операциядан екіншісіне беру үшін цех ішінде бөлімшелер,қоймалар,агрегаттар мен жұмыс орындары арасында көтеру көлік және аласа механизмдер пайдаланылады.

Көпірлі крандарды ірі бұйымдарды өңдегенде,газды көміртектіндіру кезінде қақпақты және муфельді пештерге қызмет көрсеткен кезде,жөндеу және монтаждау операциялары кезінде қолданылады.Бір көпірлі кран ұзындығы 60 м дейін жететін аралыққа қызмет көрсетеді.Жүк көтергіштігі 5,10,15,20,30,50 т,аралағы 12-ден 30 м болатын крандар неғұрлым көп қолдпнылады.

Арқалық кран (бірарқалықты крандар)салмағы 0,25-тен 3 тоннаға дейінгі бұйымды көтеріп,ауыстырғанға арналған.Арқалық кранның ұзындығы 3 метрден 12метрге дейін болады.Арқалық кран қолмен немесе төменнен түймелі құрылғымен басқарылатын электр двигательмен қозғалысқа келтіріледі.Жүкті қол немесе жүк көтергіштің көмегімен көтеріп түсіреді.

Монорельстерді шахталық пештерге қызмет көрсетуге,детальдар мен табандықты бір пештен келесі пешке,пештен шынықтыру багіне беруге қолданады.Монорельс дегеніміз екі таңбалы арқалық,оның төменгі аралағында электр тельфер жылжып жүреді.Жүк көтеру жылдамдығы 6-8 м\мин,қозғалу жылдамдығы 60-120 м\мин,ең аз дөңгелену радиусы-3м.

Консальды крандар пештер тобына оқшау қызмет көрсетуге,деталбдарды көрші аралыққа беруге арналған.Консальды қол крандары жүк көтергіштігі 1 т дейін жіне 360 градус айналатын болуы мүмкін.

Майды салқындатуға арналған құралдар

Қазіргі кезде майдың температурасын салқындататын және реттейтін автономды жүйеде жылу алмастырғыш су толтырылған ашық ыдыс түрінде кезедеседі.Суға қырлы радиаторлар пакеті салынады,сол арқылы май С шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Майдың температурасын реттейтін мұндай жүйе ВАЗ да бар.Цехтың барлық шынықтыру бактарын маймен жабдықтаудың және ағызудың орталық цехтық жүйесіне қосады.

2Термиялық және химия-термиялық өңдеуге арналған агрегаттар.

3Азоттауға арналған шахталық пештер.

Азоттауға арналған США типті муфельді шахталық пештер - анағұрлым кең тараған пеш түріне жатады. Олар бір стационарлы немесе екі ауыспалы муфельден дайындалады. Азоттаудың құны салқындату жылдамдығына байланысты болғандықтан , ауыспалы муфелі бар пештер неғұрлым үнемді болып табылады. (әдетте қыздыру уақыты салқындату уақытына қарағанда 5-8 есе кем болады)

Ауыспалы муфелі бар пештерде жартылай үздіксіз цикл жүзеге асырылады- бір муфель қызғаннан кейін және ұстап болғаннан кейін муфельді алады, суыту камерасына ауыстырады немесе цехта ауада суытады, ал шахтаға бұйымның жаңа салындысы бар дайындалған басқа муфельді салады.

Егер пештің Бір стационарлы муфелі болатын болса, онда ол беруші коллектордан пеш арқылы өтіп, жиынтықты коллектор арқылы шығатын жылдамдатып сығылған ауамен салқындатылады. США-8.24/6-Л3 пештерінің жаңа конструкциясында салқындату үшін ауа желдеткішпен шибер мен канал арқылы пешке беріледі де , бұрылма құбыр арқылы шығады. Шахтаның мойын тұсында төрт құбыр жалпы бір коллекторға біріктірілген, одан қызған ауа пештен шығарылады.

ОКБ-3174 пешінде жылдамдатып салқындату үшін ауаны беріп және жіберіп отыруға арналған құрылғыдан басқа екі қақпақ көзделген. сыртқы жылу оқшаулағыш қақпақ пештің шахтасына қыздыру және ұстау кезеңінде орнатылады. Металл табақша тәрізді ішкі қақпақ муфелдьің саңылаусыз болуын қамтамасыз етеді және детальдарды іліп қою үшін керек. Ол ілулі тұрған детальдарды көтеруге және аустыруға арналған бейімдегіштермен жабдықталған. салқындату кезінде жоғарғы қақпағын алып, пешті ауамен үрлейді. Екі қақпағы бар конструкция неғұрлым тезірек салқындатылуын қамтамасыз етеді.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

Билет

Вакуумды пештер.

Вакуумды пештер- вакуумда немесе қышқылсыз атмоферада термиялық өңдеу жүргізуге арналған пештер. Вакуумды пеш кез-келген термиялық өңдеу: цементация, босату, жасыту,газдық шынықтыру,карбонитраттау, нитроцементация, құю кезіндегі дегазация, керамиканы дәнекерлеу, вакуумдік пайка, металл ұнтақтарын дәнекерлеу сияқты барлық процесстерді өткізуге болатын универсалды құрылғы. Вакуумда термиялық өңдеу жүргізудің ең басты ерекшеліктері болып мыналар табылады:

- ең төменгі тот басу мен өлшемдернің өзгерісі,

- Термиялық өңдеудің тұрақты сапасын алу,

- бөлімдері бойынша қасиеттердің біртектілігі,

- нәтижелердің бақылауы және алдын ала анықталуы

- оптимальды қаттылықтың алынуы

- бұйымның таза және жылтыр беткі қабатының алынуы.

Вакуумды пештер турбиналық курек заводтарында ,аспаптық-құрылыс, радиотехникалық, электртехникалық өндрісте қолданылады.

Вакуумды пештер элеваторлық(СЭВ), камералық (СНВ), табаны жылжымалы камералық ,шахталық (СШВ) болып бөлінеді.

СЭВ типті элеваторлы электр пеші қыздыру пешімен ,салқындату камерасынан, салындыны пешке тиеуге арналған көтеру арбасынан, вакуумды жүйеден және электр жабдықтарынан тұрады.

Вакуумды пештің маңызды элементі ретінде қыздыру камерасы болып табылады. Вакуумды пештер конструкциялық тұрғыдан ретортты болуы мүмкін, онда қыздыру элементтері мен термоизоляция камераның сыртында орналасады ; және де классикалық вакуумды камералық пеш болуы мүмкін, онда қыздыру элементтері мен термоизоляция және басқа барлық механизмдер қыздыру камерасының ішінде қос сумен суытатын қабырғалармен орналасқан. Мұндай вакуумды пештің классикалық компонентінде 2500 С және одан жоғары кезде ең жоғары температура мен терең вакуумға жетеді.

Ең көп тараған вакуумды пештерге : камералық вакуумды пештер, шахталық ваккумды пештер, қоңыраулы вакуумды пештер типі жатады.

Шахталық вакуумды пештер тігінен бағытталған камерага ие, онда отыру жүктемесі үстінен орындалады. Қоныраулы вакуумды пештер де тігінен бағытталған камераға ие, оның астыңғы қақпағы үстелше болады және отыру жүктемесі астынан жүргізіледі.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

Вакуумды пештерді авиакосмостық салады, медицинада, машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібінде, электронды өнеркәсіпте, металдық ұнтақтарды және керамиканы дәнекерлеу үшін пайдаланады. Жоғары температурадағы майда шынықтырылған вакуумды пештер - В5-ТН, В6-ТН; төменгі температурадағы вакуумды пеш- ВА5,; жоғары температурадағы газбен суытылған вакуумды пеш- В8-Т, В5-Т.

2 Газды көміртектендіруге арналған агрегаттар.

Газды өнеркәсірте көміртектіндіру үшін Ц сериялы муфельді пештер кеңінен тараған. ОЛардың қуаты 25 кВт-105кВт , жұмыс температурасы 950С: Ц-25, Ц-35, Ц-60, Ц-75, Ц-105, Ц-35-б пештері жатады.

Газдық цементация мен нитроцементация үшін көптеген итермелі агрегаттар жасалып шықты. Бұл агрегаттар массалық және көп сериялы өндіріс үшін арналған. Ең маңызды қолданысын олар машина жасауда, автомобильді, тракторлық, мойынтіректік және бас қа салаларда тапты. Барлық агрегаттарды жылулық энергияны жұмсауына байланысты классификациялауға болады - газдық және электрлік, констукциясы бойынша пештер - муфельді және муфельсіз. Итермелі агрегаттардың ең алғашқы констукциясы газдық жанармайдағы муфелдьі пештер болатын. Агрегат муфельді цементациялық пештен, шынықтыру багынан, жуу машинасынан және босату пешінен тұрады. ТЦПА-160 типті муфельді агрерат бар ,бірақ электропештері бар. Агрегат өлшемдері 300х300х800 мм максимал болатын болаттың бөлшектерін химия-термиялық өңдеуге арналған. Кейінгі газдық цементацияға арналған агрегаттардың дамуы муфельсіз тікелей агрегаттардың пайда болуына алып келді. Бұл агрегатта муфель болмайды, және газдың жануы процесті тездететін радиационды құбырларда жүреді. Агрегат муфельсіз пештен, механизацияланған цилиндрлік шынықтыру багынан, жуу машинасынан, ауаны қадағалайтын бостау пешінен, суыту камерасынан тұрады. Агрегаттың өндірілуі 240-700 кг/сағ жетеді. Цементациялық пештің қызуы қыздыру құбырлары арқылы жүргізіледі. Химия- термиялық өңдеудің ең жоғарғы сапасын газдық цементация немесе нитроцементация процесі кезінде эндотермиялық атмосфераны, табиғи гады және аммиактық пайдаланғанда алуға болады. Газдық цементация мен нитроцементация үшін массалық өндірісте үздіксіз қозғалатын муфельсіз агрегаттар пайдаланылады.

Пештер:

- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш -ПШЦ 6.12/9,5

- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- ПЩЦ 6,9/9,5

- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.13/9,5

- 950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.18/9,5

-950С цементация және нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.25/9,5

- цементация үшін СШЦМ 6.6/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- цементация үшін СШЦМ 6.12/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- цементация үшін СШЦМ 10.25/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- цементация үшін СШЦМ 20.20/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

3 Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтар.

Металды ультрадыбыстық тазалау ластануды тез жоятын кепілді әрі қазіргі замангы тәсіл болып табылады.

Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды өнекәсіптегі түрлі процестердің интенсификациясы үшін пайдаланады.

Ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды қолдану:

- лабораториялар мен цехтарда

- детальдардың аздағын тобын тазарту және эксплуатациялық тазарту

- Металлизацияның алдында беткі тазарту

- флюстерді жою

- трафераттарды тазалау

- гидрогенераторлардың бөлігін эксплуатационды тазалау

- металдық пневмоклапандардың тораптарын тазалау

- комьютерлік қатты дисктің тораптарын тазалау .

Мына өндіріс салаларында ультрадыбысты тазартуға арналған жабдықтарды пайдаланады: машинажасау, медицина, оптика, офтальмология, авиация,космос, электроника.

Ультра дыбыстық ванналардың жұмыс істеу принципі сұйық және қатты денелерде таралатын және серпімді толқындарға ие ультрадыбыстық тербелістерге негізделген. Замануи ультрадыбыстық ванналар былай конструкцияланған: мұндағы бастапқы механикалық тербелістер ваннада емес, керісінше шөміштің жиектеріне қатты бекітілген, осыған байланысты ваннаның өзі резонансты дене болып, ал ондағы сұйықтық бірдей қарқынды тербеліске ие болады. Сұйықтық ретінде көбінесе техникалық жуғыш құрал ерітіндісі пайдаланылады.

Ультрадыбыстық ванналардың модельдері: ПСБ -1335-05, ПСБ-22035-05,ПСБ- 4035-05 т.б және ультрадыбыстық генератор УЗГ-50-05 жатқызуға болады.

Ультрадыбыс (УД) тазартуды тездетеді және детальдардың беткі жағын жарқыратын тазартып, бұйымның сапасын жақсартады. Сонымен қатар, ультрадыбыспен тазарту термиялық өңдеудің тасқынды желісіне жеңіл қосылады.

Тазарту кезінде ультрадыбыс кавитациясы құбылысы пайдаланылады. Сұйықтыққа ультрадыбысты жіберген кезде кавитациялық көпіршіктің пайда болуы, өсуі және жабылуы жүреді. Кавитация кезінде көпіршіктің екі типі пайда болады – бүлкілдейтін және жабылып қалатын. Жабылып қалатын көпіршіктер отқабыршақты, майды және т.б. алып тастауға мүмкіндік тудыратын қатты импульсті генерациялайды

УЗА-1 және УЗА-2 агрегаттары. Бұлардағы тазарту кәдімгі ерітінділерде магнитострикациялық өзгерткіштердің көмегімен өтеді, олар қоректі УЗГ-30 немесе УЗГ-10 генераторларынан алады.

УЗА-1 агрегатының бес ваннасы бар, жұмыс циклі автоматты. Детальдар пневматикалық механизмнің көмегімен торға салынып, агрегаттың ішіне орналастырылады да, шетінен тазартылады, шайқалады және кептіріледі. Өзгерткіштер ваннаның түбіне орнатылады. Агрегаттың тиеу механизмі және насос станциясы бар.

Ванналарға УЗГ-10Ц және УЗГ 2-1016 генераторлары және ПМС-6м72 магнитострикациялық өзгерткіштер қызмет көрсетеді. УД есебінен тазару кезінде ваттық шағын 0,59-дан 0,57 Вт/кг дейін кеміді., бұл трансформаторлар көлемін азайтуға және тиісінше болатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ультрадыбыстың әсерімен отқабыршақты түсірудің жыламдығы 2-3 есе артады. Мұны былайша түсіндіруге болады: кәдімгі ерітіндімен өңдеу кезінде сутегінің көпіршіктері отқабыршақтың тесіктерін тығыздап жауып тастайды да, ерітіндінің енуіне кедергі жасайды. УД әсерімен сутегінің бұл көпіршіктері жарылады да, тесікті тазалайды.

Билет

1 Қайнымалы қабаттарда термиялық өңдеуге арналған пештер.

Қайнап жатқан қабатта термиялық өңдеуге арналған пештер әр түрлі конструкцияда болуы мүмкін- камералық, щахталық, ванналық және т.б Өнеркәсіпте ОКБ-1312 шахталық электр пеші кеңінен қолданылады, қайнау қабаты бар бұл пештер шахталық пештердің тұзды және селитралы ванналардың орнына шынықтыруға, жұмсартуға және жасытуға арналған. Пештің көлемі : d=400мм, h=400мм; жұмыс температурасы 900°С, қуаты 140 кВт, өнімділігі 400 кг/сағ.

Қайнау қабаты бар агрегаттар құбырларды, сымдарды, таспаларды және т.б термиялық өңдейтін жалын және муфельді электр пештерінің орнына пайдаланылады.

Агрегатта құбырды термиялық өңдеу қайнау қабаты бар қыздыру камерасы 5-10 муфельмен жабдықталған және оның өз бетінше реттелетін екі зонасы бар. Зонаның ұзындығы мен ені бойынша температураның өзгеруі болмайды десе де болады. Газ бөлу торының 68 қалпағы бар, газ ауамен араласу коллекторында араласады. Пег 850-1100° С температураның аралығында жұмыс істейді. Құбырлар беруші және қабылдаушы роликтердің көмегімен орналастырылады, роликті столдан қалтаға шынжырлы тастағышпен тасталады. Сырты тұнық құбырлар алу үшін муфельге қорғаныш газы беріледі (94-96% N2+ 4-6 % Н2 ). Қайнау қабаты бар пеште құбырды қыздыру уақыты кәдімгі роликті немесе конвейерлі пешке қарағанда 2 есе аз.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

2 Нитрокөміртектендіруге арналған агрегаттар.

Нитрокөміртектендіруге арналған агрегаттар, пештер:

- 950°С нитро цементация үшін шахталық пеш -ПШЦ 6.12/9,5

- 950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- ПЩЦ 6,9/9,5

-950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.13/9,5

- 950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.18/9,5

-950°С нитроцементация үшін шахталық пеш- 8.25/9,5

- нитроцементация үшін СШЦМ 6.6/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- нитроцементация үшін СШЦМ 6.12/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- нитроцементация үшін СШЦМ 10.25/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

- нитроцементация үшін СШЦМ 20.20/9,5- шахталық қарсыласу электр пеші

Газдық цементация мен нитроцементация үшін көптеген итермелі агрегаттар жасалып шықты. Бұл агрегаттар массалық және көп сериялы өндіріс үшін арналған. Ең маңызды қолданысын олар машина жасауда, автомобильді, тракторлық, мойынтіректік және бас қа салаларда тапты. Барлық агрегаттарды жылулық энергияны жұмсауына байланысты классификациялауға болады - газдық және электрлік, констукциясы бойынша пештер - муфельді және муфельсіз. Итермелі агрегаттардың ең алғашқы констукциясы газдық жанармайдағы муфелдьі пештер болатын. Агрегат муфельді цементациялық пештен, шынықтыру багынан, жуу машинасынан және босату пешінен тұрады. ТЦПА-160 типті муфельді агрерат бар ,бірақ электропештері бар. Агрегат өлшемдері 300х300х800 мм максимал болатын болаттың бөлшектерін химия-термиялық өңдеуге арналған. Кейінгі газдық цементацияға арналған агрегаттардың дамуы муфельсіз тікелей агрегаттардың пайда болуына алып келді. Бұл агрегатта муфель болмайды, және газдың жануы процесті тездететін радиационды құбырларда жүреді. Агрегат муфельсіз пештен, механизацияланған цилиндрлік шынықтыру багынан, жуу машинасынан, ауаны қадағалайтын бостау пешінен, суыту камерасынан тұрады. Агрегаттың өндірілуі 240-700 кг/сағ жетеді. Цементациялық пештің қызуы қыздыру құбырлары арқылы жүргізіледі. Химия- термиялық өңдеудің ең жоғарғы сапасын газдық цементация немесе нитроцементация процесі кезінде эндотермиялық атмосфераны, табиғи гады және аммиактық пайдаланғанда алуға болады. Газдық цементация мен нитроцементация үшін массалық өндірісте үздіксіз қозғалатын муфельсіз агрегаттар пайдаланылады.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

3Май мен тұздан тазартуға арналған жабдықтар.

Жуу машиналары. Бұйымдарды немесе бөлшектерді термиялық өңдеуден кейін ластанудан , майдан, тұздан тазалау үшін жуу машиналарын пайдаланады. Бұйымды , жабдықты тұздан, майдан тазарту үшін жуу құралы ретінде оны қызып тұрған сілтінің ерітіндісінде ,3-10% кальцинирленген содада жуады. Ерітіндінің температурасы 80-90 °С тең температураны ұстап тұрады. Осы мақсатта жуу бактары мен машиналарын пайдаланады.

Механикалық және термиялық өңдеуден кейін детальдарды кірден,майдан,тұздан тазартып жуу үшін көбінесе каустикалық соданың көп компоненті сілтілі ерітіндісін, металлсиликат натрийді, натрий фосфаттың және беткі-белсенді заттар қосылған басқа да 6-100г|л мөлшеріндегі концентраттарды қолданады. Шынықтырғаннан кейін сұйық шынының 3-5% ерітіндісімен немесе құрамына 75% индустриалды май, 22% оксидол майы, 1% дейін және 2% спирті бар 10% эмульсол қосылған суда жуған кезде детальдар өте жақсы, сапалы тазартылады. Көбінесе 70-90°C ыстық жуғыш ерітінділер қолданылады. Англияда суық ерітіндіні қолданып, соңынан ыстық ауамен үрлеуді ұсынады, ол елде,әрине, бұлай жасауға болады. Бұл мөлшерде энергия шығынын 4 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

ГАЗ-да 1)кальцийленген соданың (1,5%) және сұйық шынының (1%).2) кальциленген соданың (1-2%) 3)тринатрийфосфаттың сулы ерітіді детальдары үш сатылы жууды қолданады. Детальдарды әрбір ерітіндіде 80-90°C 1,5мин бойы жуады. Ұзақ уақыт бойы сақталатын детальдарды жуып болғаннан кейін концервациялайды. Ол үшін оларды 40-60°C натрий нитридінің 30% тек ерітіндісіне 3-5минут салып қояды. Детальдардың сыртында пайда болған тотықты қорғаныш қабығы олардың қоймада екі жылдан астам сақталуына мүмкіндік береді.Детальдарды тұтқырлығы жоғары майларда шынықтырғаннан соң жууды сондай ак май салқындататын жүйелердің элементтерін құбырларды фильтрлерді, май салқындатқышты түтікті өзекшелерді мен тіліктері тазартуды уайт спиртпен , тринатрийфосфатты 5-6% сулы ерітіндісімен немесе ВНИИНП-102 присадкасының көмегімен жүзеге асырған ыңғайлы болады. Детальдарды өндірістік жуудың түрлі әдістері бар: ваннаға малып алу, ерітіндіні соплодан қысыммен сорғалатып ағызу арқылы тазарту, бумен тазарту. Детальдарды малып алған кезде платформаға салады, ол пневматикалық механизмнің көмегімен жоғары –төмен жылжып , ерітіндінің қажетті айналысына мүмкіндік туғызады. Сорғалатып ағызып жуу әдісі малып алғанмен салыстырғанда уақыттан ұтады. Жуу ерітіндісін қысыммен сопло арқылы 2-12атм-ға дейін береді;шағын өондырғыларда сұйықтық шығыны 250-1000л\мин. Жуғыш құралдарға арналған бактың сыйымдылығы сорғының өнімділігіне 3:1 болуы керек деп саналады. Бұл сұйықтықты асықпай құйып, майдың шөгуін, қолданатын жуғыш құралдардың беріктігін арттыруды, ерітінді неғұрлым біртегіс қыздыруды, сондай-ақ ваннадағы сұйықтықтың деңгейінің тұрақтылығын сақтаулы қамтамасыз ету үшін қажет. Өндірістің көлемі шағын болған кезде ТМД көлемі 0,7х0,7х0,8м, салындының салмағы 10-нан 50кг-ға дейін , жуу ұзақтыығы 3-7мин.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

Билет

1Периодтық қимылмен пештер.

Периодтық қимылымен камералық агрегат-пештер

Периодтық қимылымен камералық агрегат-пештерге тән сипат - әмбебептығы. Өңдеу табандықта жүргізіледі. Агрегаттар бақыланатын атмосферамен және шынықтыру багымен немесе суыту камерасымен жабдықталған. Бұйым ауамен жанаспайды, сондықтан да бұйымның беткі жағы таза, қабыршақсыз (шынығуы немесе күйдірілуі ашық түсті) болып шығады.

Қорғаныш атмосферасын мәжбүрлеп айналдыру үшін желдеткішті пайдаланады.

СНЦ механикаландырылған агрегаты

СНЦ сериясының пештерінде табандық шынжырдың көмегімен роликті бағыттауыш бойынша ауысып отырады. Шынжыр гидроцилиндрден рейкалы механизм арқылы қозғалысқа келтіріледі. Пеш дегеніміз – шегенделген каркас, ол радиациялық құбырлармен жылытылады және желдеткішпен жабдықталған.

Бір мезгілде салындысы 6300кг, қуаты 80 кВт болатын СНЦ-5.10.3,2/10 пеші практикада кең қолданыс тауып отыр. Нитрокөміртектендіру циклінің 4 сағат ұзақтығы кезінде оның өнімділігі 75кг/сағ құрайды.

СНЦ типті пештерге конструкциясы жағынан шынықтыру багы, тиеу және детальдарды конвейердің көмегімен ауыстыру жұмысы механикаландырылған СНЗА агрегаты өте жақын. Пеш газ мойындығымен жылытылады. Салынды (металл массасы) керамикалық цилиндрдің көмегімен муфельденді, оған бақыланатын атмосфера беріледі. Жапқыш пневмоцилиндрмен жабдықталған, процестің ұзақтығы уақыт рельесімен бақыланады.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

2 Қайнымалы қабаттарымен агрегаттар.

Қайнау қабаты бар агрегаттар құбырларды, сымдарды, таспаларды және т.б термиялық өңдейтін жалын және муфельді электр пештерінің орнына пайдаланылады.

Агрегатта құбырды термиялық өңдеу қайнау қабаты бар қыздыру камерасы 5-10 муфельмен жабдықталған және оның өз бетінше реттелетін екі зонасы бар. Зонаның ұзындығы мен ені бойынша температураның өзгеруі болмайды десе де болады. Газ бөлу торының 68 қалпағы бар, газ ауамен араласу коллекторында араласады. Пеш 850-1100° С температураның аралығында жұмыс істейді. Құбырлар беруші және қабылдаушы роликтердің көмегімен орналастырылады, роликті столдан қалтаға шынжырлы тастағышпен тасталады. Сырты тұнық құбырлар алу үшін муфельге қорғаныш газы беріледі (94-96% N2+ 4-6 % Н2 ). Қайнау қабаты бар пеште құбырды қыздыру уақыты кәдімгі роликті немесе конвейерлі пешке қарағанда 2 есе аз.

Қайнап жатқан қабатта термиялық өңдеуге арналған пештер әр түрлі конструкцияда болуы мүмкін- камералық, щахталық, ванналық және т.б Өнеркәсіпте ОКБ-1312 шахталық электр пеші кеңінен қолданылады, қайнау қабаты бар бұл пештер шахталық пештердің тұзды және селитралы ванналардың орнына шынықтыруға, жұмсартуға және жасытуға арналған. Пештің көлемі : d=400мм, h=400мм; жұмыс температурасы 900°С, қуаты 140 кВт, өнімділігі 400 кг/сағ.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

3 Түзетуге арналған жабдықтар

Детальдардың термиялық өңдеуден кейін деформациялануы мен қақырауына жол бермеу өне бойы мүмкін емес. Сондықтан да термиялық цехтарда механикалық түзету үшін , әсіресе ұзын бұйымдарды (бұрғы, білік, ось, үлестіруші біліктер), түрлі құрылымдар мен бейімделген механизмдерді қолданады. Өнімділігі шамалы ұсақ детальдар көлемі 700х1200 немесе 800х1500 мм және қалыңдығы 80-нен 100 мм-ге дейін болатын темір немесе шойын тақтада мыс немесе ағаш балғамен қолмен түзетіледі. Диаметрі 5-тен 10 мм-ге дейін бооатын цилиндр формалы детальдарды механикалық қол пресімен(винтті не рейкалы) түзетеді. детальды тірекке немесе ортаға орналастырады, қалдық деформацияны алып иеді және индикатормен бақылайды. Әдетте деформацияға рұқсатты тиісті ГОСТ -пен, мысалы , сайманға арналған, сәйкес береді . Берілетін қысым рейкалы престе 1-ден 5 тонаға дейін , винтті престе 2-ден 25 тоннаға дейін. Сериялы өндірісте 5 тоннадан 200 тонннаға дейін жететін гидравликалық прессті қолданады. Түзетуді ұзындығы 400-600 мм жекелеген учаскелерде жүргізеді, нәтижесін орталықта индикатормен тексеріп отырады. Жұмыс столының ұзындығын 1100-ден 2200 мм, ені 350-ден 600 мм , сорғының электр -моторының қуатын 3-тен 20 л.с дейін өзгертеді. Ірі детальдар мен дайындамаларды түзету үшін қуаты 2000 т. жететін төрт колонналы престі қоданады. Профильдің ұзына бойынан қақырауын, шыбық темірді және жайманы түзетуді гидравликалық дұрыс-созу машиналарында жүргізеді.Сонымен қатар көпбілікті немесе коөпроликті дұрыс машиналарды да пайдаланады. Жайма немесе берілген профильдегі ұзын өлшемді дайындама шахмат тәртібімен орналасқан біліктердің арасынан өткізіледі. Біліктердің жоғарғы және төменгі қатарларының арасындағы саңылау прокаттың қалыңдығынан аз. Материалдың аққыштық шегінен асып түсетін, кезектесіп көп реткі кернеумен майыстырудың нәтижесінде түзету жүзеге асады. Қалыңдығы 5-тен 100 м/мин болғанда түзетуге жатады.

Жұқа жаймаларды, сақиналарды шынықтыру кезінде тіпті шынықиыру процесінде де қақырауы рұқсат етілген мәнінен асып түседі. Сондықтан көбінесе келесі жасытуды түзетуді қосарластырып, арнаулы преста жүзеге асырады. Престің штамптарының ішінде электр қыздырғыш бар, Диск екі штамптың арасына қысып, 250-300°С дейін қыздыра отырып, берілген уақытқа дейін ұстайды. Жасыту және табақшаны шынықтыру кезінде болған қақырауды жоя отырып бір мезгілде түзету жұмыстары жүреді. Штамптардың біреуі гидроцилиндрдің штогы аркылы қозғалысқа келтіріледі. Престің өнімділігі сағатына 20-30 данаға жетеді.

Электродты пеш-ванналар.Пеш-ванналар - student2.ru

Наши рекомендации