Бұлшықеттердің жіктелуі
ММУ Ф 4/3-04/03
Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.
АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Анатомия кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: Жалпы миология. Бұлшықет мүше ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің көмекші аппараттары. Бұлшықеттердің биомеханикасы..
Пәні: Анатомия - 1
Мамандығы:5В130100 « Жалпы медицина»
Курсы: І
Уақыт (ұзақтығы): 50 минут
Қарағанды 2014 ж
Тақырыбы: Жалпы миология. Бұлшықет мүше ретінде. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің көмекші аппараттары. Бұлшықеттердің биомеханикасы.
Мақсаты: студенттерді бұлшықеттердің жіктелуімен, құрылысымен және қызметтерімен таныстыру; бұлшықеттердің дамуы туралы және бас бұлшықеттерінің қызметтік анатомиясы мен топографиясы туралы жалпы деректер беру және олардың іс жүзіндегі маңызын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Бұлшықеттердің жалпы сипаттамасы.
2. Бұлшық еттердің таралу заңдылықтары
3. Бұлшықеттердің жіктелуі.
4. Бұлшықеттердің биомеханикасы
5. Бұлшықеттердің көмекші аппараттары.
Организмнің немесе оның бөлігінің пішінінің өзгеруін, сондай-ақ қозғалысқа қабілеттілігін, маманданған бұлшықет ұлпасы іске асырады. Бұлшықет ұлрасы жоғары дамыған жиырылғыштық қызметі бар маманданған жасушалардан немесе талщықтардан тұрады. Микроскопиялық құрылысының айырмашылығының негізінде бұлшықеттердің үш түрін ажыратады: жазық салалы, олар әдетте қуыс мүшелердің, өзектердің және қан тамырларының қабырғаларында орналасқан; жүрек бұлшықеті және қаңқалық немесе көлденең жолақты бұлшықеттері, атына сәйкес олар дененің сүйек негізіне бекіп, оларды қозғалысқа келтіру қызметін атқарады.
Бұлшықет ұлпасының негізгі қасиеті, оның жұмысының негізіне жататын, жиырылғыштық болып табылады. Жиырылғыштық қасиет тек жануарлар дүниемінде ғана емес, сондай-ақ бірқатар өсімдіктерде (мимозада, жәндіктерді ұстап алады), микроорганизмдерде және біржасушалыларда байқалады (амебаның қозғалысы, жіпшелердің тербелісі). Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде жиырылғыштық маманданған бұлшықет ұлпасымен ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ жекелеген жасушалар мен олардың бөліктерімен де орындалады, мысалы, митохондриялармен, ядролармен, цитоплазмамен және басқа да субмикроскопиялық құрылыстармен. Бұлшықет жиырылудың мәні тек қана қозғалуда тұрған жоқ, сонымен қатар жиырылған элементтердегі АТФ химиялық энергиясының мехханикалық жұмысқа өте тиімді айналуында.
Сонымен, қозғалыс – құрылысы әр түрлі деңгейдегі организмдердің тіршілік әрекетінің негізі болып табылады.
Күрделі қозғалыс процесіне тек бұлшықеттер ғана қатысып қоймайды, сондай-ақ адамның барлық мүшелері қатысады, әйтсе де қозғалысты тікелей орындаушы, сүйектермен, буындармен, нервтермен және тамырлармен байланысқан, бұлщықеттер болып табылады.
Көлденең жолақты бұлшықет талшықтары алғаш рет басаяқты моллюскаларда пайда болып, жануарлардың барлық кластрында тірек қозғалыс аппаратымен байланысқан соматикалық көлденең жолақты бұлшықеттерді және қан тамырлары мен ішкі мүшелердің бұлшықет қабығын құруға қатысатын висцеральды (жазық салалы) бұлшықеттерді бөлуге мүмкіндік берді. Осы бөлу принципі жоғарғы сатыда тұрған түрлерде де сақталады. Бұлшықет талшықтарының екі түрінің нервтенуі де ереке. Бұл байланыс бұлшықет элеменььері жекелегенде бірден орнайды да, бұлшықет соңғы атққарушы мүше болып табылатын, функциональдық нерв – бұлшықет бірлестігі – нейротом түрінде сақталады. Нерв – бұлшықет байланыстарының арқасында жекелеген бұлшықеттердің орын ауыстыруы мен дамуын бақылауға болады.
Бұлшықет мүше ретінде. Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының шоғырларынан тұрады. Бір-біріне параллель жатқан талшықтар борпылдақ дәнекер ұлпамен бірігіп бірінші реттегі шоғырларды түзеді. Бірнеше осындай шоғырлар бірігіп екінші реттегі шоғырларды және тағысын тағылар түзеді. Бұлшықет шоғырлары бүтіндей дәнекер ұлпалық қабықпен бірігіп, бұлшықеттің қарын құрсағын құрайды. Бұлщықет шоғырларының арасындағы дәнекер ұлпалық жұқа қабаттар бұлшықет құрсағының ұштарында бұлшықеттің сіңірлік бөлігіне айналады.
Бұлшықеттің жиырылуы орталық нерв жүйксінен келеін импульспен қоздырылатынн болғандықтан әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: «бұлшықет сезімін» өткізетін – афференттік және бұлшықетке нерв қозуын әкелетін – эфференттік нервтермен. Бұдан басқа бұлшықетке симпатикалық нервтер келеді. Олардың арқасында тірі организмдегі бұлшықеттер тонус деп аталатын біршама жиырылу жағдайында болады. Бұлшықеттерде өте қарқынды зат алмасу прцесі жүреді, осыған байланысты олар тамырлармен бай қамтамасыз етілген. Тамырлар бұлшықеттерге оның ішкі жағынан, бұлшықеттің қақпасы деп аталатын бірнеше жерден келіп кіреді. Бұлшықет қақпасына тамырлармен қатар нервтер де кіріп, ет шоғырларына сәйкес тармақтанады.
Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлгі – құрсағын және жиырылмайтын бөлігі – сіңірін ажыратады.
Сонымен, қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан емес, сондай-ақ дәнекер ұлпаның әр түрінен, нерв ұлпасынан, эндотелийден және жазық бұлшықет талшықтарынан (тамырларда) тұрады. Алайда, бұлшықеттің қызметін – жиырылу мүшесі ретінде, анықтайтын негізгі қасиеті жиырылғыштық болып табылатын көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы басым болады. әрбір бұлшықет жеке мүше болып табылады, яғни өзінің белгілі, өзіне ғана тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмде орны бар тұтас құрылым.
Бұлшықеттің жұмысы (биомеханика элементтері). Бұлшықет ұлпасына бұлшықеттің жұмысы негізделген, негізгі қасиеті, жоғарыда айтылғандай, оның жиырылғыштығы болып табылады.
Бұлшықет жиырылғанда ол бекіген екі нүкте, оның қысқаруының нәтижесінде, бір-біріне жақындайды. Бұл екі нүктенің жылжымалысы, қозғалыссыз нүктеге қарай, тартыладды да, нәтижесінде дененің берілген бөлігі қозғалысқа келеді.
Осылай әсер етіп, бұлшықет елгілі күшпен тарту туғызады және жүкті (мысалы, сүйекті) орнынан қозғап, механикалық жұмыс атқарады. Бұлшықеттің күші оның құрамына кіретін бұлшықет талшықтарының санына байланысты болады да, физиологиялық көлденеінің ауданымен анықталады, яғни бұлшықеттің барлық талшықтары өтетін жердің көлденең кесіндісінің ауданымен анықталады.
Қозғалыс қарама-қарсы екі бағытта болғандықтан (бүгу-жазу, ішке тарту - сыртқа тарту т.б), қандай да бір бөліктің айналасындағы қозғалыс үшін кем дегеннде қарама-қарсы беттерде орналасқан екі бұлшықет қажет. өзара қарама-қарсы бағыттарда әсер ететін бұлшықеттерді антагонистер – деп атайды. әрбір бүгуде тек бүгуші ғана әсер етпейді, сонымен қатар, міндетті түрде, бүгушіге біртіндеп жол беретін және оны шамадан тыс жиырылудын сақтайтын жазғыш бұлшықет те жиырылады. Сондықтан бұлшықеттердің антогонизмі қозғалыстың байсалдылығы мен мөлшерлілігін қамтамасыз етеді.
Антогонистерден өзгеше, тең әсерлі күштері бір бағытта өтетін бұлшықеттер синергистер (агонистер) – деп аталады.
Бұлшықеттердің таралу заңдылықтары.
1. Дененің екі жақты симмметрия принципі бойынша құралуына сәйкес бұлшықеттер жұп болады немесе 2 симметриялық жартылардан тұрады
2. Сегменттік құрылысты тұлғадаа көпшілік бұлшықеттер сегментті түрде орналасқан (қабырғааралық, омыртқалардың қысқа ббұлшықеттері), немесе сегменттік іздері сақталған Құрсақтың жалпақ бұлшықеттеі қабырғаларының жойылып кетуініің нәтижесіінде қабырғааралық еттердің бірігуінен пайда болған.
3. Бұлшықет тудыратын қозғалыс екі нүктенің арасындағы ең қысқа қашықтық болып саналатын түзудің бойымен іскее асатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы екі нүктенің арасында ең қысқа қашықтықтың бойында орналасады. Сондықтан, бұлшықеттің бекитін нүктелерін, сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда қозғалмалы нүкте қозғалыссыз нүктеге қарай тартылатынын біле отырып,, қай жаққа қарай қлзғалыс болатынын және бұлшықеттің қызметін күні бұрын айтып анықтауға болады.
4. Бұлшықеттер бунды аттап өтіп, олардың айналу біліктеріне белгілі бір қатыста болады да, олардың қызметі қамтамасыз етілді.
Әдетте бұлшықеттер өздерінің талшықтарымен немесе әсерлі күштеімен буындағы өздері қозғалыс тудыратын біліктермен, шамамен, тік бұрыш жасап қиылысады. Егер фронтальды біілігі бар бір білікті буында (шығыр тәрізді буын) бұлшықет білікке перпендикуляр (вертикальды) және оның бүгілу бетінде жата, онда ол бүгілу тудырады. Егер бұлшықет вертикальды, бірақ жазылу жағында жатса, онда ол жазылуды тудырады.
Буында басқа горизонтальды білік (сагитальды) бар жағдайда екі бұлшықеттің антогонистердің тең жерлі күштері сагитальды білікпен қиылысып, буынның бүйірлерінде орналасуға тиісті (мысалы, кәрі жілік – білезік буыны). Егер бұлшықеттер немесе олардың тең әсерлі күштері сагитальдды білікке перпендикуляр және одан медиальды жатса, онда олар жақындату тудырады да, ал, егер латеральды жатса онда алыстатуды тудырады. Егер буында тағы да вертикальды білік болса, онда бұлшықеттер оны перпендикулыр немесе қиғаш қиып өтіп айналмалы қозғалыс тудырады.
Бұл қозғалыстар аяқ-қолдарда кездеседі. Сонымен, берілген буынның неше білігі бар екенін білее отырып, қызметі бойынша қандай бұлшықеттер болатынын және олар буынның айналасында қалай орналасатынын айтуға болады.
Бұлшықеттердің жіктелуі
Толып жатқан бұлшықеттерді (олар 400-ге дейін) пішшіндері, құрылысы, қызметтері және дамулары әр түрлі:
1) Пішіні бойынша ұзын, қысқа және жалпақ бұлшықеттерді ажыратады. Ұзын бұлшықеттердің пішіні ұршық тәрізді болады да, ортаңы бөлігін құрсақ деп атайды. Бір ұшы бұлшықеттің бастауына сәйкес келеді де басы, деп, екінші ұшы құйрық деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі, енсіз лента тәрізді болады.
Кейбір ұзын бұлшықеттер бірнеше баспен басталып, олардың тірегіін күшейтеді. Екі басты үш басты,және төрт басты, бұлшықеттер кездеседі. Әр текті бұлшықеттер бірігіп кеткен жағдайда немесе бірнеше миотомнан дамыған болса, онда олардың арасындща аралық сіңірлер қалады. Мұндай бұлшықеттер екі немесе көп құрсақтан тұрады. Бұлшықеттер аяқталатын сіңірлердің сандары да әр түрлі болады (4-ке шейін).
Жалпақ бұлшықеттер көбінесе тұлғада орналасып, жалпақ сіңірлі олады. Мұндай сіңірлерді апоневроз деп атайды - .
Бұлшықеттердің басқа да түрлері кездеседі: квадратты ,пирамидальды ,жұмыр және т.б.
2) Талшықтардың бғыты бойынша тік талшықты, қиғаш талшықты көлденең талшықты айналма талшықты еттерді ажыратады. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан бекісе бірқауырсынды, ал екі жағынан бекісе – қос қауырсынды бұлшықеттер пайда болады.
3) Қызметі бойынша бұлшықеттер бүгушілер ал жазушыларға , жақындатушыларға ,алыстаушыларға айналдырушыларға , ішке қарай және сыртқа қарай болып бөлінеді.
4) Буындарға қатысы бойынша бір-, екі- және көпбуынды болып бөлінеді. Көп буынды бұлшықеттер ұзын болғандықтан бір буындылардан беткері орналасады.
5) Орналасуы бойынша беткей және терең, сыртқа және ішкі, латеральды бұлшықеттерді ажыратады.
Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.
Әдебиеттер:
негізгі:
А.А Идрисов.Адам анатомиясы : Атлас Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005
А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана : Адам анатомиясы : Атлас Т.2. : Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008
Адам анатомиясы. Атлас : тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана : Сарыарқа
1 том. – 2011
Адам анатомиясы : Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х
Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.
Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004
Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010
қосымша:
Т. Смит Адам денесі : суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.
Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003
Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007
Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия : Атлас структур, срезов и систем 2008
Адам анатомиясы : Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана : Сарыарқа, 2008.
Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы : Кітап баспасы
Т.3 : Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.
"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы : оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова ; КГМУ. - Қарағанды, 2010.
Бақылау сұрақтары:
- Бұлшықеттің негізгі қызметін атаңыз?
- Бұлшықеттер талшықтарының бағытына байланысты қалай бөлінеді?
- Бұлшықеттер пішініне байланысты қалай бөлінеді?
- Бұлшықеттер қызметіне байланысты қалай бөлінеді?
- Бұлшықеттердің көмекші элементтерін атаңыз?
7. Қандай бастың сүйек – шандырлық және бұлшықеттер аралық кеңістіктерді білесіз?