Адам қаңқасы мен қызметтері

Ересек адамның омыртқа жотасы 4 жерден иіледі. Ол денеге серпімділік, мықтылық қасиет беріп, адам кенет тез қимылдағанда, жүгіргенде, иілімдер серпіліп, соққыны бәсеңдетеді.

Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасқан бөлек – бөлек сүйектерден тұрады. Адамның қаңқасында 200-ден аса сүйектер бар. Олардың 85-і сыңарлы, ал 36-сыңарсыз. Ерлер сүйектері дененің жалпы салмағынан 18%-на, әйелдердікі – 16%, нәрестелердікі – 14% тең. Сүйектер омыртқа жотасын, кеуде қуысын, бас сүйек, иық, жамбас белдеулерін аяқ – қол сүйектерін құрайды. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қолдан тұрады. Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты өзара берік және қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады.

Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағанасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. Он екі қабырғалардың дөңес басы арқа омыртқаларының ойысына бекіп, екінші жағынан шеміршекті төстікке жалғасады да, кеуде қуысын құрайды. Төстікке жетпеген екі жұп қабырға қысқа күйінде тұрады. Бұларды аралық қабырға деп те атайды.

Қабырға ұзын, тұтас, жалпақ сүйектерге жатады. Сүйектердің шеміршек арқалы қозғалмалы жалғасуын буын деп атайды.

Иық белдеуі иық және қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі арқылы қол сүйектері денемен байланысады. Бұғана мен жауырын бірігіп, иық, белдеуін құрайды. Бұғананың бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады. Кеуденің сыртқы жағына орналасқан жалпақ, үшбұрыш сүйекті жауырын деп атайды. Қол сүйектері екі ұзын сүйектен: тоқпан жілік пен кәрі жіліктен (шынтақ сүйек, шыбық сүйек) тұрады. Білезік сүйек және саусақ сүйектері қол басы сүйектері болып саналады.

Жамбас белдеуі жамбастан және аяқ жіліктері мен табан сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуі жалпақ жамбас сүйегінен, ортан жіліктен, тізе, асықты жіліктен, өкше сүйектерімен (толарсақ, табан сүйектері мен башпай сүйектерінен) құрылады.

Сүйек құрылысы.Адам қанқасындағы сүйектердің үлкен-кішілігі мен пішіні әр түрлі. Сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ та болуы мүмкін,

Ұзын сүйектерді жілік деп атайды. Бұл сүйек тығыз заттан тұрады. Олардың іші қуыс, жілік қуысында майы көп, дәнекер ұлпасы - жілік майы болады. Жіліктің екі басы сүйек кемігінен түзіледі. Жіліктің басы шеміршек арқылы бөлініп тұрады. Ұзын сүйектер осындай құрылысы арқасында берік әрі жеңіл болады. Металдан немесе пластмассадан жасалған іші қуыс түтіктердің ұзындығы мен диаметрі дәл сондай, сол материалдан жасалған тұтас біліктің беріктігіндей болатыны мәлім. Сүйек ұлпасының қабатшалары сүйектің көбірек созылатын немесе сығылатын бағытына қарай айқасып орналасады. Сүйектің берік әрі жеңіл болуы сүйек кемігінің осындай құрылысына байланысты. Сүйек қабатшаларының аралығы кемік майға толық болады, ол қан жасайтын мүше.

Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады. Қысқа сүйектер негізінен кеміктен құрылады. Олар: омыртқа, табан мен қол сүйектері.

Жалпақ сүйектер жұқа болады. Бұларға бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет және жақ сүйектері жатады. Сүйектің қуыс кеңістігі мен оның кемігіне сүйек майы толы болады.

Сүйектің сырты сүйек қабығымен қапталады. Бұл жұқа, бірақ сүйектен бірігіп өскен дәнекер ұлпаның тығыз қабаты. Сүйек қабығы арқылы қантамырлары мен жүйкелері өтеді. Сүйектің шеміршекті ұшында сүйек қабығы болмайды.

Сүйектің құрамы. Сүйек денекер ұлпасының бір түрі. Ол өте тығыз ұлпа. Сүйекті жасушалары мен олардың өсінділерінен, жасуша аралық сұйықтық толған өте ұсақ өзекшелер қоршап жатады. Осы сұйықтық арқылы сүйек жасушалары қоректенеді және тыныс алады. Сүйек жасушаларының өзегі арқылы қан тамырлары мен жүйкелері өтеді.

Сүйектің 30-% органикалық және 60-% бейорганикалық заттардан тұрады. Оның құрамында не бары 10% су болады. Органикалық және бейорганикалық заттар сүйекке иілгіштік, серпімділік және мықтылық қасиет береді. Сүйектің қаттылығы негізінен бейорганикалық заттарға байланысты. Ал сүйектің иілгіштігі мен серпімділігі органикалық қосылыстарға байланысты.

Бейорганикалық заттардың қаттылығы мен органикалық қосылыстар серпімділігінің үйлесуінен сүйек берік болады.

Жас балалардың сүйегінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар көп, бұл оған иілімділік және серпімділік қасиет береді, сондықтан да ол өте сирек сынады. Адамның жасы ұлғайған сайын бейорганикалық заттар көбейеді, сүйек сынғыш болады. Бұл әсіресе кәрі адамдарда жиі байқалады. Бұл деректерді аяқ киім өңдегенде ескерген жөн.

Сүйектің химиялық құрамына ішкі секреция бездері әсерін тигізеді. Қалқанша безінің қасындағы бездердің гармоны сүйектің органикалық және бейорганикалық заттар құрамын реттейді.

Сүйектерді жіктеу.Анатомия сүйектерді пішіні (құрылысы), қызметі және дамуына қарай жіктейді. Осы негіздерге орай сүйектерді ұзын, қысқа түтікше, қысқа, ұзын, сесам тәрізді (кеуекті), бассүйек, жамбас, иық белдеулерінің жалпақ және аралас түрлеріне бөледі.

Ұзын түтікше сүйектерге иық, шынтақ, шыбық, ортан жілік, асық жілік (жіліншік) жатады. Олар тығыз және кеуекті (кемік) заттардан құралған. Әр түтікше сүйектің екі басы эпифиз және орта бөлігі (диафиз) бар. Бұл сүйектер таяныш, қимыл-қозғалыс, қорғаныш қызметтерін атқарады.

Қысқа түтікше сүйектер қатарына алақан, саусақ табан, башпай сүйектері жатады. Олар ұзын түтікше сүйектер сияқты да, қимыл-қозғалыстың біршама қысқа тетігі болып есептеледі.

Ұзын кеуекті (кемікті) сүйектерге қабырға және төстік жатады. Олар негізінде кемік заттан құралып, тығыз затпен қапталған. Бұл сүйектер таяныш, қорғаныш қызметін атқарады.

Қысқа кеуекті сүйектерге омыртқа, білезік, толарсақ сүйектері жатады. Олар негізінде таяныш қызметін атқарады.

Сесам тәрізді сүйектерге тобық, тізе қақпағы, бұршақ тәрізді қолбасының және табанның сесам тәрізді сүйектері жатады. Олар буындардың жанында орналасады да, құрылуына және қимыл-қозғалысына септеседі. Бірақ қаңқа сүйектері мен тіке байланыспайды.

Жалпақ сүйектерге қорғаныш қызметін атқаратын бассүйектері мен белдеулердің таяныш және қорғаныш қызметтерін атқаратын жауырын, жамбас сүйектері жатады. Жалпақ сүйектердің ортасы кемік, ал сырты тығыз заттан құралған.

Аралас сүйектерге бассүйектің төменгі жағының бірнеше бөліктен қосылып біткен самай, шүйде сүйектері жатады. Бөліктердің пішіні мен құрылысы әр түрлі болуы мүмкін.

Қаңқаның дамуы.Қаңқаның бас және бет сүйектерінің дамуы екі кезеңнен тұрады: жарғақ және сүйек кезеңдері. Ал басқа сүйектер дамуы үш кезеңнен тұрады. Оларға жарғақ, шеміршек және сүйек дамуы кезеңдері жатады.

Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек ұлпасы жасушаларының бөлінуі есебінен және сүйек ұлпарына айналып отыруына байланысты.

Ұзын түтікше сүйектер ұзаруы екі басының шеміршектерінің өзгеруіне байланысты. Қысқа түтікше сүйектер ұзаруы тек қана бір басының шеміршегінің өзгеруіне байланысты.

Адам қаңқасы 22-25 жаста қалыптасады.

Адам қаңқасының көп сүйектері бірнеше сүйектен құралып дамиды. Даму арқасында олар қосылып бір тұтас сүйек құрайды. Мысалы, жамбас сүйегі үш ірі сүйектен құралған. Сүйек өсуіне ішкі секреция бездері әсер етеді. Гипофиз гормоны жетіспегенде немесе жоқ болғанда шеміршек жасушалардың көлемі үлкейеді, кұрамында бейорганикалық заттар азаяды. Сүйектің өсуі мен жуандауының жылдамдығы қалқанша без гормонының арқасында болады. Сүйек өсуінің жылдамдығы және өлшемдері механикалық күштер мен де байланысты.

Дене шыкықтыру арқылы сүйектердің механикалық қасиеттерін нығайтуға болады. Мысалы, сүйектің сындыруға, июге, қысуға, созуға, бұрмалауға кедергісін ұлғайту. Күштің әсері көбірек түсетін тұста тығыз заттың қалындығы ұлғаяды да, сүйек қабатшаларының құрылысы мен бағыты өзгереді. Ал сүйектің кемік затының кеуектері үлкейеді.

Соңғы мәліметтер бойынша механикалық күш ырғақты және орнықты болғаны жөн. Егер, механикалық күш артық әлде жеткілікті болмаса, сүйек өсуінің жылдамдығы төмендейді.

Сүйектің өзара байланысы.Сүйектердің бір-бірімен дәнекер болып немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді.

Үзіліссіз жалғасуларға синдесмоз, синхондроз және синостоз жатады (1 сурет). Қызметіне қарай бұлар шамалы қозғалмалы немесе қозғалмайтын буындар.

Адам қаңқасы мен қызметтері - student2.ru Адам қаңқасы мен қызметтері - student2.ru

Сурет 1. Сүйектердің үзілісіз жапғасуы: 1 – сүйек қабығы; 2 – сүйек;

3 – талшықты тығыз байланыс ұлпасы; 4 – шеміршек

Синдесмоз – сүйектердің ұлпа арқылы тығыз байланыс ұлпа арқылы жалғасуы. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады.

Синхондроз – екі сүйектің шеміршек арқылы жалғасуы.

Синостоз – сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы жалғасуы немесе сүйектердің жіктеліп қатаюы. Бұл сүйектердің ерекше байланысу түрі сирек кездеседі,

Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара өте тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.

Адам қаңқасы мен қызметтері - student2.ru Сүйектің қозғалмалы байланысын буын дейді. Буын(үзілісті байланыс) денедегі сүйектердің көпшілігін байланыстырып, олардың алуан түрлі қозғалыс жасап, қимылдауына мүмкіндік береді. Әрбір буын күрделі құрылысты, ол екі немесе бірнеше сүйектерді байланыстырады. Буынның сыртын буын қалтасы қаптайды. Буын шеміршектен, сүйек бөлшектерінен, қоймалжың сұйықтық толы куыстан, май ұлпасынан тұрады. Буын қалтасы екі қабаттан тұрады; сыртқы-талшықты, ал ішкі қабаты буын сұыйықтығы деп аталады. Талшықты қабат дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол өте мықты қабат. Буын аралық сұйықтықты бөлетін қабат эпителей ұлпасының ерекше түрінен құрылған. Осы ұлпа буын аралық сұйықтықты қажалаудан сақтап, қозға-лысын оңайтады.

Буында (2 сурет) – сүйектердің буынды беттерін, оларды қоршайтын буын қалтасы және буын қуысын ажыратады.

Буындар пішіні.Буындардың қозғалыс дәрежесі оның құрылысы мен әсіресе сүйектердің буындық беттерінің пішінімен байланысты. Буынды пішіндеріне қарай жіктейді.

Сүйектердің буын беттерін пішіндеріне қарай әр түрлі геометрия айналу денелерінің бөліктерімен салыстыруға болады.

Адам қаңқасы мен қызметтері - student2.ru

Сурет 3. Буындардың әр түрлі пішіндері (желі): 1-шар тәрізді; 2- эллипс тәрізді;

3-ер тәрізді; 4-жалпақ; 5-блок шығыр тәрізді; 6-цилиндр тәрізді.

Айтылғанға сай буындарды: шар тәрізді, элипс тәрізді, ер тәрізді, жалпақ, (блок) шығыр тәрізді, цилиндр тәрізді түрлерге бөледі.

Сүйектердің буын беттерінің пішіндерін, қимылдың бағыты мен көлемін үш перпендикулярлы өстерге қарап анықтайды.

Шар тәрізді буындар. Ең қозғалмалы деп есептелінеді. Олар сансыз айналу өсті. Өстер сүйек басының ортасынан өтеді. Бұл өстердің арасынан үш өзара перпендикулярлы: көлденең, алғы-артқы және тік немесе вертикальды өстер кіреді.

Шар тәрізді буындарға иық буыны жатады. Кейбір шар тәрізді буындардың қозғалыстары үш өзара перпендикулярлы өстермен шектелмейді. Мысалы, алақан саусақ буындарының қозғалысы тек кана көлденең және алғы-артқы өстер айналасында өтеді. Ал тік өсь айналасында белсенді қозғалысқа буындарды нығайтатын сіңірлердің кедергілері әсер тигізеді.

Элипс тәрізді буындар.Екі айналу өсті (көлденең және алғы-артқы өстері). Бұл буындарда иілу-жазылу, жан-жаққа бұрылу және айналма қозғалыс болуы мүмкін. Элипс тәрізді буындарға білезік буынын жатқызуға болады.

Ер тәрізді буындарды екі өстіктерге жатады. Бұл буынның сүйектерінің буын беттері ер пішініне ұқсас болып келеді. Бұл буындарда да иілу-жазылу, жан-жаққа бұрылу және айналма қозғалыстар болуы мүмкін. Ер тәрізді буындарға бас бармақтың алақанды білезік буыны жатады. Осы буындарға келгенде "иілу" және "жазу" атауларының орнына "қарсы тұру" және "қайта қою" атаулары қолданады. Екі өсті буындарға тізе буыны жатады.

Блок және цилиндр тәрізді буындарды бір өсті буындар қатарына жатқызады. Блок тәрізді буындар саусақтардың бақай аралықтарында кездеседі. Олардың бір фронталь айналуларының өсі бар. Бұл өсь арқылы иілу-жазылу қозғалыстары өтеді.

Цилиндр тәрізді буындардың сүйектерінің буын беттері цилиндр бөлігіне ұқсас келеді. Бұл буындарда тік өсь айналымында бұрылыс қозғалысы болуы мүмкін. Мысал ретінде тоқпан жілік, шынтақ буынын келтіруге болады.

Жалпақ буындар үлкен радиусты домалақ немесе шамалы қисықтықты буын беттерімен сипатталады. Бұл буындардың қозғалысы шамалы. Тек қана мүшеленген беттер өзара әр түрлі бағытта жылжуы немесе сырғанауы мүмкін. Мысал ретінде білезік немесе толарсақтың көлденең буындарын келтіруге болады.

Кейбір буындар әр түрлі анатомиялық жерлерде орналасып тұрып, жұмысты бір мезгілде істеуі мүмкін. Бұл буындарды құрастырылған дейді. Олардың қатарына тоқпан жілік - шынтақ буыны жатады. Екі сүйектен құралған буындарды - жай, ал үш және одан көп сүйектерден құралғандарды күрделі деп атайды.

Наши рекомендации